Негізгі бет > блогер, блогинг > Блогыңыз не жайында?

Блогыңыз не жайында?

Осыдан бір ай бұрын «Блог бастаймын» атты жазбада блогтар көп болғандықтан, оларды басқалардан ерекшелендіретін белгілер: стиль, тақырып, жазу әдісі болуы қажет туралы айтқанмын. Мысалы, тақырыптық (тематикалық) блогтардың белгілі бір оқырман тобы қалыптасады, яғни олардың тұрақты оқырманы болады, және көп жағдайда бұл блогтың оқырманы – бір саланың адамдары.

Блогтарды екі топқа(станделон және тегін хостинг) бөліп, солардың арасынан жақсы идея мен қызықты тақырып таңдаған бірнеше блогты қарастырайық.

Бірінші, тікелей блогшылардың өздеріне арналған станделон блогтар жайында.

«Дмитрий Донченконың блогтар туралы блогы» – блог жүргізу мәселесіне арналған бет. Бұндағы негізгі тақырып: блог дизайны, оның танымалдылығын арттыру жайында және Интернетте ақша табу мәселелері талқыланады. Блог статистикасы, жаңа плагиндер(көбісі Word Press-тікі), бір блог тұғырнамадан басқасына көшу, Уорд Пресстегі блогтың қағазға шығару нұсқасын дайындау, боттардан сақтану, тағы осыған ұқсас ақпаратты осы беттен таба аласыздар.

«Подкастим» мегаподкастер Рахим Дәулетқалиевпен жүргізілетін Болашақ, жаңа бастап жатқан және мегаподкастерлерге арналған блог. Атына сай үнхабар өнеріне/мәселесіне арналған беттен подкастерлер үшін пайдалы кеңестер және басқа да көптеген қызықты ақпарат оқи аласыздар, мысалы, скринкастинг дегеніміз не және оның құралдары қандай, подкаст жасауға арналған дыбыс программалары және арнайы техникалық аппаратура, монтаж, подкаст терминалдар мекені және т.с.с. Үнхабармен шектелмей, Бейнеподкастинг жайында да ақапарат бар. Мысалы, подкастинг жанрлары туралы.

Қазақ блогосферасы жайында айтатын болсақ, Word Pressті жақында мекен еткен екі блогшы туралы айтқым келеді. Әрине, олардың да жеке беттері бір тақырыпқа арналған немесе бір бағытта өрбіген деп айтқан дұрыс. Сонымен, «Арал53-блогы» жантану саласына арналған жеке бет. Практикалық психология, психикаға әсер ететін факторлар және …. тағы көптеген қызықты ақпарат жарияланады деген үміттемін. Екінші қазақ тілді блог бұл «Dnatic’s music blog. All about magic music…». Бұндағы жазбалар музыка әлеміне, оның ішінде транс пен әуендер толқынындағы әсерлерге және осы жанрдағы таспалардың релиздеріне арналған.

Жаңа блогшыларымыздың ісіне сәттілік және барлығымызға қызықты идеялар мен шабыт тілеймін!

Advertisements
  1. dnatic
    Қараша 21, 2008, 15:39

    ООО 🙂 Мен туралы жазад екен))) Рахмет) өте қуаныштымын)

  2. Қараша 22, 2008, 17:19

    Мегаподкастер – 10^6 подкастер.

  3. Қараша 22, 2008, 17:23

    сондай атақ берген ғой (ресми түрде)

  4. Қараша 22, 2008, 17:40

    Онда гига-, тера-, пета-, эксаподкастер атақтарының құнын түсірмей, оларды мегаподкастерлерден онның үш дәрежесіндей деңгейге озып кеткен мега(тьфу)подкастерлерге сыйлайық.
    Миллиподкастерден бір сәлем!

  5. Қараша 22, 2008, 17:49

    ой, кім біліпті, мүмкін ондайлар да боп қалар 3-5 жылдан кейін 😉

  6. Қараша 24, 2008, 10:29

    Қанша жерден бір тақырыпқа арнаймын десем де, әралуан жазбалар блогымды толтырып тастайды. Кейін қарап отырып, осының бәрін кім жазып тастаған деп ойлаймын… Тақырыптық блогқа қарай көшу керек! Бүгін бір семинарда болдым да осындай тоқтамға келдім.

  7. Dennis Bergkamp
    Қараша 24, 2008, 11:36

    Happy Birthday!!!!
    🙂
    wishing you well 🙂
    your blog is awesome, i always read it, i have rss on your blog 🙂

  8. Қараша 24, 2008, 14:52

    Асхат аға, бұл әрине жақсы, бірақ кейде біз ішіміздегі бір оймен немесе бізге қызықты жаңалықпен басқалармен бөліскіміз келеді, ішімізге сыймай барад та 🙂

  9. Қараша 24, 2008, 15:02

    Dear Dennis Bergkamp, thnx ^ ^

  10. dnatic
    Қараша 25, 2008, 16:21

    уОу!!!
    сенің блогыңды Деннис Бергкамп оқиды!!!! :)))))))))))

  11. Қараша 25, 2008, 16:23

    dnatic, енді бостан басқа Арсенал деп жүрмін дейсің ба? 😉

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: