Мұрағат

Archive for 2010 Наурыз

Қазақ интернеті мен оның қоғамдағы әсері

Наурыз 28, 2010 3 пікір

Кеше (27/03/2010) КИМЕП-те коммуникацияларға байланысты конференция өткен болатын. Асхат Еркімбай бұл конференцияда интернеттің қазақ тілді сегменті жайында баяндама жасаған еді. Естеріңізде болса, былтырғы жылдың қараша айында қазақ блогшылары арасында сауалнама жүргізген едік, соның нәтижесі алғаш рет айтылды:

Ішкі шектеулер;

Болжамдар;

Қазнеттің қазақ тілді бөлігі:

– күніне қанша қазақ тілді сайт қарайсыз;

– қазнет қолданушысының келбеті;

– қандай ресурстарға зәруміз;

– іздеу торабының қайсысы сұранысқа ие;

– қазнетті қалай дамытамыз.

Баяндаманың видеосын мына жерден көруге болады.

Наурыз мейрамы

Наурыз 20, 2010 6 пікір

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры сахнасында «Айман-Шолпан» спектаклінен көрініс

Әлеуметтік желілер мен жарнама

Наурыз 15, 2010 3 пікір

Сараптамалық фирма comScore баса айтып көрсеткендей, әлеуметтік желілердің рөлі күннен күнге маңызды болып барады және олардың дамуы белді жарнамаберушілердің назарымен де байланысты. Осыны әлеуметтік желілер мен жарнамаберушілер үшін басты онлайн тұғырнама ретінде танымал Yahoo Inc және Time Warner Inc’s AOL секілді интернет-компаниялар арасында болып жатқан жарыстардан байқауға болады. comScore зерттеуі бойынша, былтырғы жылдың екінші жартысында американдық интернет-хабарландырулардың 21.1 % әлеуметтік желілер арқылы жасалынған, ал соның ішінде көрсетілімнің 80% MySpace пен Facebook еншісінде екен. Бұл желілердің танымалдылығы тегін емес, біріншідіен – бұл сервистерде тіркелген адам саны 300 милионнан асады, екіншіден – осында кәсіби байланыс орнатуға, әріптестерді тауып алуға болады, үшіншіден – танымал брендтер мен компаниялардың ресми аккаунттарына жазылу мүмкіндігі бар.

Қолданушы профильдері арқылы жарнаманы таргеттеудің тамаша мүмкіндігі бар: жынысы, жасы, мамандығы және т.б. арқылы. Осылайша компаниялар пайдаланушыға шынымен де қызықты болатын жарнаманы көрсете алады. Ең бастысы, қолданушы профилінде өзі жайында шынайы ақпарат беруі тиіс.

Әлеуметтік желілерден ақша табудың ең оңай жолы – ақылы сервистер мен функцияларды ұсыну. Ақылы сервиске пайдаланушылардың назарын аудартуға арналған әдістер бар: ақылы функцияларды басында арзан бағамен ұсыну немесе алғашында тегін ұсынып, пайдаланушы оған әбден үйренген кезде ақылы етіп жасау стратегиясы, сонымен қатар, «кедергі» жасайтын функцияларды ақылы төлемдер арқылы өшіру. Ақша табудың тағы бір әдісі – виртуалды сыйлықтар, профиль үшін дауыс беру (пайдаланушының рейтингін көтеру үшін). Мысалы, ресейлік Vkontakte.ru атты әлеуметтік желіде дауыс беру мен виртуалды сыйлықтарды sms немесе webmoney, Яндекс.Ақша, пластикалық карталар т.б. арқылы сатып алуға болады. 10 дауыс – Билайн операторында – 400, Далаком операторында – 353, ал Кселл операторында – 400 теңге тұрады. «Мой мир» әлеуметтік желісінде юзерпикке (пайдаланушының суретіне) графикалық эффектті sms арқылы 2,99 доллар төлеп жасауға болады екен.

Әлеуметтік желілер үшін жарнама да жақсы табыс әкеле алады. Бірақ ол үшін бағытты жарнама және арнайы құралдар болған дұрыс. Интернет-жарнаманың бір артықшылығы – арнайы тұтынушыға арналған тауарды жарнамалау тиімділігі. Бұл телевиденияға да жат емес, мысалы, футбол матчтары кезінде косметика емес, сыра жарнамасы көрсетіледі. Алайда, интернет саласында бұл негізгі шарттардың бірі.

Мұңлы клоунада

Наурыз 11, 2010 2 пікір

– Уақытты бос әңгімеге құртпайық. (Пауза. Сезіммен.) Сәті түсіп жатқасын, бірдеңе жасайық. Біз күнде біреуге қажет бола бермейміз. Әрине, біреуге қажет –  тура біз емес. Басқалар да біз секілді істей алушы еді, тіпті одан да жақсырақ. Біз естіген үндеу бүкіл адамзатқа тасталған еді. Бірақ осы жерде, осы мезетте адамзат – бұл біз, ұнаса да, ұнамаса да. Кеш болмағанша, осыны пайдаланып алайық. Қасірет бізді қоғам азғындарына теңеді, соларды лайықты көрсетейік. Бұл жайында не дейсің? (Эстрагон үндемейді.) Шындықтың мәні – қол қусырып, жоқ пен барды таразылап отырғанымыздың өзі – әлеуметтік жағдайымызға сый-құрмет көрсеткеніміз. Жолбарыс өз тұқымдастарын құтқаруға аттанғанда бір секунд та ойланбайды. Немесе қалың бұтаға қашып құтылады. Бірақ мәселе онда емес. Біз мұнда не істеп жүрміз, міне, өзімізге осындай сұрақ қоюымыз қажет. Білетініміз жақсы болды. Иә, осы үлкен хаоста бір нәрсе ғана анық: біз Годоның келетінін күтіп отырмыз.

Сэмюел Бекеттің «En attendant Godot» пьесасынан Владимирдың репликасы

Фото: Александр Гусов. Лондондық Хеймаркет (Royal Theatre Haymarket) театрындағы пьесадан көрініс.

Сәлем, көктем!

Наурыз 6, 2010 3 пікір

Сәлем, көктем,
Мен қайтадан туылдым,
Көк аспанның күмісімен жуындым.
Көк мұз жапқан шатқалында көкейдің,
Ақ арманның бүрлейтінін ұғындым.

Сәлем, көктем,
Таңғы самал ескенде,
Бұлт гүл болып өскенде,
Дәл мен сынды, көңілмен де, еспен де,
Көк шөппенен жыр жазбаған еш пенде.

Сәлем, көктем,
Өрнек қандай су салған,
Жасыл қырат – жасыл сағым бусанған.
Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың,
Жұпар исін жұта берем жусаннан.

Сәлем, көктем,
Өліп кетпеу үшін мен,
Күннің нұрын жүрегіме түсіргем.
Аспан асты – керемет той, аста-төк,
Ағыл-тегіл жұлдыз нұры ішілген…

Сәлем, көктем,
Өркеш-өркеш томарың…
Сәлем, көктем, қаз-үйректім, қоғалым!..
Қаулап шықты жауқазындар сүт аңқып,
Қауызында сақталса еді обалым!..

Сәлем, көктем!
Кіл еңбекқор, кіл асқақ
Құмырсқалар жағдайымды сұрасқан.
Көңілімнің оркестрін ойнатты,
Тырналардан нота түзген мына аспан!..

Ақберен Елгезек


Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:,