Archive

Archive for 2009 Желтоқсан

Екі нөлі бар Жаңа жыл

Желтоқсан 30, 2009 6 пікір

Жаңа Жыл алдындағы Қарағанды.

Жаңа Жыл алдындағы Стамбул.

Мерекелік демалыстарыңыз тамаша өтсін.

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:

Эстафета. Жылдың қорытындысы.

Желтоқсан 29, 2009 16 пікір

Эстафетаны Кәмшаттан қабылдадым. Сонымен, менің де өте субъективті рейтингім.

Жылдың цитатасы: Алмас Темірбайдың өлеңінен үзінді:

Өмір солай… көзіңді ашып-жұмғанша,
Өте шығар сезім қанша, мұң қанша;
Сен сияқты бақытсыздар жүр қанша,
Мен сияқты ба-ғыт-сыз-дар жүр қанша!

ЖЫЛДЫҢ үздік сервисі: Твиттер емес 😉 Былтыр Твиттер болған да шығар, биыл FriendFeed.

…үздік фото-хостингі: Flickr және Pics.kz

…үздік видео-сервисі: Біздің Қазнетте 2009-да пайда болған Kiwi.kz

…үздік блог/сайттары: Lookatme.ru, Chaskor.ru, Mediapedia.ru және блогымның оң жағындағы тізім 😀

…үздік интернет-дүкені: Flip.kz
…үздік актері: сол баяғы Пенелопа
…үздік кітабы: Ремарктың «Үш досы»

Жылдың телесериалы: TBBT
Жылдың ең үздік танысуы: Дәл 2009 жылы интернеттен (блог пен твиттерден) бұрыннан білетін біраз адаммен таныстым (шынайы өмірде олардың барлығы дерлік одан да керемет болып шықты ;)).

Ең күшті сыйлық: Canon 450D, Лондон мен Куала-Лумпурдағы «Арсенал» ф.к. дүкенінен келген заттар, Алматыдан қағаз хатпен келген білезік.

Осы жылы пайда болған қызығушылық: Микроблогингке қатысты. Осы тақырыпта блог та ашылды, бірақ, шыны керек, жылдың аяғына қарай бұл қызығушылығымнан шаршадым. 🙂 Театрға деген «саналы» сезімдерім пайда болды.

Орындалмаған арман: Европаға барған жоқпын (алайда, Орталық Азияда біраз қыдырдым 😀 )
Орындалған арман: Біразы орындалды, шүкір.
Жылдың ең үздік орны: Жерорта теңізін көрдім!

…үздік дүкені: Kira Plastinina мен Benetton/kid&young/

…үздік аяқ киімі: қазір бүүүкіл қыздар киіп жүрген UGGS. Өте ыңғайлы.

…үздік тағамы: Былтырғыдай «Филадельфия» (Салта, Кәмшат, сәлем!) және тәттілерден – түріктің пишманиесі.

Эстафетаны Жаннаға тапсырдым.

Жанымның жараларынан құралған музей

Желтоқсан 26, 2009 10 пікір

«Өз музейім арқылы адамдарға өмірмен мақтануды үйреткім келеді. Мен көп жүрдім, көп көрдім — әзірге тек европалықтар ғана өздерімен мақтана алады, ал әлемнің басым бөлігі өзінен ұялады. Егер де ұялуға итермелейтіннің бәрі музейде көрсетілсе, олар бірден мақтан тұтарлық нәрсеге айналушы еді».

Орхан Памуктың «Masumiyet Muzesi» романынан үзінді

Роман туралы толығырақ білгіңіз келсе (орыс тілінде)

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:

Әлеуметтік жүйелердің астанасы –

Желтоқсан 24, 2009 Пікір қалдыру

– бұл Digg-тен ұсынылатын сілтемелердің 10 пайызы.
– бұл facebook-тегі ең үлкен желі (network).
– бұл топ Twitter-using city.
– бұл Лондон.

көшірме пастасы

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,

2009

Желтоқсан 21, 2009 Пікір қалдыру

Қазір қай сайтты оқымасаңыз, бәрі де жылдың қорытындысын шығарып жатыр. Биылғы жыл немен есте қалды, сарапшылардың былтырғы болжамдары дұрыс болды ма, трендтер, жаңа түсініктер т.с.с. Күнде осындай ондаған материалды көріп, жалығады екенсің… Төменде бүгін (кеше) оқыған бір сұхбаттан үзінді.

Дағдарыс интернеттегі бизнеске қалай әсер етті?

— Дағдарыс ресейлік те, әлемдік интернетке де «қайырымды» болды. Интернет-компаниялардың көбісі қарызсыз. Олар «алыс-беріс» арқылы дамиды. Екінші бір қуанышты жайт – интернет-жарнаманың қатты төмендемеуі. Кейбір елдерде бұл сектор өсіп те кетті. Негізінде, интернетте дағдарыстық жағдай болған жоқ деп айтуға болады. Әлеуметтік желілерді дағдарыс айналып өтті — жарнама желілердің негізгі табысы емес: микротөлемдер мен ақша табудың басқа да жолдары бар. Меніңше, бүгінде әлеуметтік желілер бүкіл әлемде өрлеу үстінде.

Ал мынау мен мынау – өзіме қызықты болған қорытынды материалдар.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:,

Іздеу жүйесіндегі өзгерістер

Желтоқсан 15, 2009 2 пікір

2010 жылдың қаңтар айынан бастап Mail.Ru Google-дың іздеу технологияларын қолдана бастайды, сонымен қатар, жарнамалық хабарламалар іздеу нәтижесінде AdSense-ты шығаратын болады. Компанияның екеуі де келісім-шартқа отырғанын растады.

«Іздеу технологиялардың сапасы жағынан «Яндекс» пен Google-дың әлділігі бірдей. Алайда, Mail.Ru қолданушыларының 30% (IP-адрестерге қарағанда) Ресейдің тұрғындары емес, сол себепті «Яндекске» қарағанда, Google жүйесіне сұраныс басым. Mail.Ru осындай жағдайда бәсекелестік артықшылыққа ие болады», — деп хабарлайды «Финама» сарапшысы Владислав Кочетков.

Бүгінде «Яндекс» іздеу трафигінің 69% жинаса, Google — 23%, ал Mail.Ru — 10%, қараша айының көрсеткіштеріне қарағанда, осы келісім-шарттан кейін «Яндексте» 59%, ал Google-да 33% болады.

Ақпарат көзі

Санаттары:медиа Кілтсөздері:,

«Балдырған» журналы

Желтоқсан 13, 2009 22 пікір

Бастауыш сынып балаларына арналған әдеби-көркем журнал. 1958 жылы шілде айында алғаш нөмірі жарық көрді. Айына 1 рет шығатын, көлемі 1,5 баспа табақ журнал. «Балдырған» бүлдіршіндерді имандылыққа, еңбек сүйгіштікке, отаншылдық рухқа тәрбиелейтін басылым. Журнал бетінде қазақ халқының тарихына қатысты шағын ақпараттар, балалардың ой-өрісін кеңейтетін, тілін ұстартып, сөздік қорын байытатын өлең-тақпақтар, ертегі-аңыздар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар тұрақты жарияланады.

«Балдырған» журналының бас редакторы – Тұманбай Молдағалиев, таралымы 40 мыңнан асады.