Мұрағат

Archive for 2010 Ақпан

Олимпиада демеушілерінің жарнамасы

Олимпиада – спорт пен саясат әлемі үшін ғана емес, жарнама бизнесі үшін де маңызды оқиға. Ванкувердегі Олимпиаданың интернеттегі жарнама түрлері әрқилы. Әлеуметтік желілер, виджеттер, блогтар арқылы әр бренд өз жарнамасын қызықты етіп жасауға тырысады. Мысалы, Panasonic-тің демеушілігін «One Winter Five Dreams» сайтында көруге болады. Panasonic бренді әр елден келген аты аса белгілі емес бес спортшыны таңдап, сайтында олардың блогтарын ашқызып қойған. Спортшылар блогтарында Олимпиадаға қалай дайындалғанын, қиыншылықтар мен жеңістері жайында жазып тұрады.

Олимпиада демеушілері таңдаған интернет-жарнама әдістері жайында толығырақ.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,

Жарнаманы өлшеу

Ақпан 20, 2010 3 пікір

Жарнаманың ең қымбат арнасы — телевидение. Ол брендтің оңтайлы және визуалды образын жасауға мүмкіндік береді. Аудиторияның көлемі де маңызды. Рейтингі жоғары телеарналар жарнама уақытының 20 секундын мыңдаған долларға сатады. Ал YouTube-та бәрі тегін. Және онда санақ та бар (N рет қаралды). Санақ көрсететін сандар жарнамадағы өнімнің бағалылығын, авторлардың таланттылығын, ал роликтің астындағы пікірлер тұтынушылардың реакциясын нақты көрсетеді. Егер де Youtube-тегі видеоны 100000 рет қараса, біз тұтынушылар кім және олар не деп ойлағанын біле алмаймыз, бірақ роликтің коды неше рет көшірілді, Facebook, Twitter немесе әлеуметтік букмаркс, таңдаулыларға қосу, пікірлер сияқтылар жауап реакциясына арналған.

Толығырақ.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:,

Адамзат

Ақпан 13, 2010 4 пікір

– …Осы адам не үшін өмір сүреді?

– Өмір мәнін түсіну үшін. Тағы сұрақ бар ма?

– Бар. Неліктен әбден ойланып-толғанып және ақыры ақылы кірген кезде ол бірден өледі?

– Ақылы кіріп үлгермей, өліп қалғандар да аз емес.

– Жауап беруден қашпа. Және жанның ауысып қонуы туралы ескі ертегіні айтушы болма.
– Мен жауап берейін, бірақ оның алдында мынадай сұрақ қоюға рұқсат бер: арыстандар бөкендерді, өрмекшілер шыбындарды, түлкілер тауықтарды өлтіреді… бірақ жерді мекендеп жүргендердің қайсысы өзі тәрізділермен соғысады, өлтіреді?
– Баланың сұрағы. Әрине, махаббат, мейірімділік, рақымшылдық секілді сөздерді ойлап тапқан, жаратылу тәжісі – адам.
– Дұрыс. Тірі жандылардың ішінде қайсысы өз-өзіне қол жұмсай алады және оны жасайды да?
– Тағы да, мәңгілік, Құдай және қайта тірілуді ойлап шығарған адам.
– Өте жақсы, – деді Равик. – Енді көріп отырғаныңдай, біз қарама-қайшылықтардан өрнектелгенбіз. Осыдан біздің неліктен өлетініміз әлі де түсініксіз болып тұр ма?

Эрих Мария Ремарктың «Arc de Triomphe» романынан үзінді

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:

Ақпараттық шу

Ақпан 11, 2010 4 пікір

Олдос Хаксли өзінің «Brave New World» атты кітабында болашақта ақпараттың көптігінен біздің азғынып кеткеніміз соншалық, толықтай әрекетсіздікке және өзімшілдікке бет алуымыз әбден мүмкін деп болжам жасаған. Өзімшілдік пен әрекетсіздік былай тұрсын (бұрыннан бар дерт қой), Хакслидің «ақпарат көптігі» шындыққа көбірек жанасады.

Жақында пайда болған Google-дың Buzz лентасы секілді сервистер онсыз да аз уақытымызды «өлтіріп» жүргенімен қатар, минут сайын қажетсіз ақпаратты үйіп-төгіп отырады. Әрине, ұнамаса, бәрін жауып қойып, жұмысты жалғастыра беруге болады, бірақ арасында қажет нәрселер немесе жұмысыңызға қатысты ақпарат болуы да мүмкін. Бір жағынан, бұрындары бөтен ешкім қол сұқпайтын, ең жақын мекенің – электрондық почтада неше түрлі адамдардың пайда болуы да бір түрлі екен. Әйтеуір, күннен күнге жаһанданып, әлеуметтеніп келеміз. Оның үстіне ридердегі ортақ жазбалар автоматты түрде көбейіп кетті. Бір постқа жасалған сілтемені күніне 10 рет қайта-қайта көретін жағдайлар да болады. Осындайда Твиттердің «Ретвит» түймесіне алғыс айтып отырасың. Фейсбук та көштен қалмай, Jabber/XMPP қолдайтын болыпты, «МойМир – В Контактегілер» жайында айтпасам да болатын шығар?

Айтпақшы, Blogger.com мен Blogspot.com бізде (мегалайнерлерде) сол беті ашылмай кетті, ал Иранның үкіметі болса, Gmail-ға тыйым салып қойды. Себебі – халық пен үкімет арасындағы байланысты нығайту. Мен де түсінбедім…

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,

Тағы да медиабизнес жайында

Сапалы журналистика түсінікті әрі жұмыс істейтін бизнес-модельді талап етеді. Қаншалықты қарапайым ереже болып көрінсе де, бұл шындық. Өкінішке орай, Батыс Еуропадағы елдерде мынадай бір үрдіс қалыптасты – миллионерлер мейрамханалар мен фитнесс-клубтарын ашқаннан соң, бір БАҚтың иелері болғысы келеді, содан олар кішірек журнал не газет жасайды. Ал олардың сапасы мен концепциясы көбінде нашар болып келеді.

News Corp-тың басшысы Руперт Мердок: «контент өндірісі қаржыны көп қажет ететіндіктен, ол үшін ақша төлеу керек» – деп жариялады. Көп ретте медиа-нарықтың қатысушылары Мердокке қарсы келетін, ал осы сөзге қарсылық білдіргендер болмады. Алайда, тұтынушы мен шынайы нарыққа бұны қабылдау қиын. Интернеттегілер ақшаны тек керемет қажетті және эксклюзивті контент үшін ғана төйлетіні түсінікті. Wall Street Journal бұл үлгі арқылы жұмыс істей алады, ал The Sun не істемекші? Бүгін әлемнің көп журналистеріне – «сенен екі бет» деп айтады. Бұл ыңғайсыз үлгі, бірақ бұл шынайы өмір және осыдан арылудың бір жолы – Мердоктың сөзімен келісу. Бүгінде көп «қымбат» адамдар арзан контент жасайды. Бұндай жағдай мейрамханалық бизнесте болатын болса, Мишлен жұлдыздары бар мейрамхананың шеф-аспазшысы күніне қосымша фастфуд үшін үш гамбургер жасаушы еді.

Негізінде, медианың жоғалып кетуі – сирек болатын жағдай. Соңғы он жылдың ішінде жоғалып кеткен ақпарат таратушы көз – бұл телеграф, оның өзінде, ол БАҚ емес. Онлайн-басылымдар баспасөзді ығыстырып жібереді деген әңгіме нарықта радио, сосын ТВ, кейін DVD пайда болған кездегі болжамдарға ұқсас. Алайда, концерт, кинотеатр, радионың өзі ешқайда да жоғалып кеткен емес. Баспасөз де жоғалмайды. Оның нарығы тек өзгеріске ұшырайды.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:,

«Қағаз кітап ешқашан да өлмейді»

Интернет әлеміне көшіп келген жарнама, кітапханалар мен газет, радио, телевидениеның қатарында дүкендер де бар. Электрондық сауда-саттық Қазақстан интернетіне де жат емес – онлайн дүкендер соңғы екі жылдың ішінде бұл нарықта жақсы көрсеткіштерге жете білді. Бүгінде қазақстандық интернетте сауда-саттықты табысты әрі сапалы өткізіп жүргендердің ішінен Қарағанды қаласында пайда болған «Флип.кз» электронды дүкенін атап өтуге болады. «Флип.кз» интернет-дүкенінің маркетологы Анастасия Сон қазақстандық онлайн-коммерцияның жай-күйі мен осы саладағы өз тәжірибесімен бөлісіп, бірнеше сұрақтарымызға жауап берген болатын.

– «Флип.КЗ» электрондық дүкені жайында айтып берсеңіз, қалай, қашан пайда болды?

– Қазақстандықтар үшін ыңғайлы төлем және жеткізуді қамтамасыз ететін интернет-дүкенді жасау идеясы біздің басшымызға келген болатын. Оның таныстары сирек кездесетін кітаптарды шетелдік интернет-дүкендерде сатып алу үшін одан жиі көмек сұрайтын.

FLIP.kz интернет-дүкені 2007 жылдың 20 қарашасында ашылды. Оның алдында 10 айдай электрондық сауда, сайт әзірлеу, серіктестерді іздеу және т.б. айналыстық. Дүкен ашылған кезде сұрыпталымыз үш тауарлық топпен белгіленді: кітаптар, кеңсе заттары мен балалар әлемі. Жұмыс барысында біз кеңсе заттарынан бас тарттық және жаңа топ – видео, бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлік ойындарды қостық. Тег «Далее»