Archive

Archive for 2008 Желтоқсан

Әлемтор 2008

Желтоқсан 28, 2008 15 пікір

d0b0d0bfd0bbd0b0d0bdd0b8d0bcd18d

Бүгін 29 желтоқсан, жаңа жылға санаулы күн қалғандықтан, осы жыл интернетке(ең бастысы оның қолданушыларына, яғни Бізге) не берді, соны қарастырайық.
Рунет сараптамасында Игорь Ашмановтың айтуынша, әлеуметтік жүйелердің («Вконтакте», «Одноклассники») қарқынды дамуы әсіресе байқалды. Іздеу сервистердің ішінде «Рамблердің» басында екінші, кейін үшінші орынға түсіп қалуы. Тамыз айындағы блогшылардың алғаш соғысы. РБК сәтсіздіктері. Дағдарыстың Интернетке әсері.
Жас көрермендер мен оқырмандарының қызығушылығына қарай икемделіп, БАҚ сандық болашаққа бағыт алды. Бірақ бұл компаниялар Интернетте мол табысқа ие болмады.
Жалпы жылдың тенденциясы – медиабизнес. 2008 жылы медиабизнес технологиялар бизнесіне айналды. Журнал, газет, ТВ, радио енді жоқ, олардың орнына контент-провайдерлердің бизнесі, дистрибуциялық және жарнама сату бизнесі бар.
Видео жобалар көбейе бастады. Интернет-ТВ, бейне подкаст, дәстүрлі БАҚ сайттарында бейне сұраулар, бейне репортаждар көп жариялана бастады.
Ал жылдың құбылысы – бұл интернет-аудиторияны ұлғайту үшін трафикпен алмасу амалы. Материалда басқа сайттарға сілтеме жасау арқылы(яғни ақпаратпен алмасу) аудиторияның санын өсіруге себін тигізді. Іздеу жүйелері арқылы да трафикті көбейтуге көмектесті.
Әлемтордағы танымал сервистерден биылғы жылы Твиттерге ерекше орын берген дұрыс деп ойлаймын. Бұл еркін әлеуметтік жүйенің болашағы зор. Бір жағынан ақпарат тасқынындағы жеделдік, екінші жағынан маркетингтің құралы бола алатындықтан.
Google да 2008 жылы біраз іс тыңдырған болатын. Оның ішінде: Chrome, Android — T-Mobile G1, SearchWiki т.б.
Қазнетте «yvision» – ның пайда болуы. Бұл ретте оның Қазақстанда блоггингтің дамуына үлесі және жалпы жеті айдың ішінде ондағы қызықты өмірдің бар болуын айтып кеткен жөн. Кивидің бета-тестілеуі де дәл осы жылы басталды.
Сонымен, бәрімізге 2008 жыл тек жақсы жағынан есте сақталсын, ал Жаңа жылда сервистер мен жобалар өзінің кереметтілігімен бізді таң қалдырсын деп тілеймін!

d0bad0bed0bfd0b8d18f-ny002

Advertisements
Санаттары:блогинг, медиа, әлеумет Кілтсөздері:

Радио үшін қалай жазу керек

Желтоқсан 26, 2008 3 пікір

Би-би-си журналистері радиожурналистиканың ерекшеліктерін біле тұра, нақты ережелерді қолданады.
Журналистер аудиторияның тек қана тыңдап, ақпарат қабылдайтынына негізделіп, түсінікті, қарапайым тілмен жаңалықтарды жеткізеді.
Олар газет үшін мәтін жазбайды: радиожурналист үшін сөздің әдемілігі емес, түсінуге жеңілдігі маңызды.
Радиожурналистиканың ең басты ережесі – ауызша айтайын дегенді қағазға түсіру. Журналистер күрделі термин мен сөзтіркестерін қолданбауға тырысады.

Редактор Андрей Остальский радио үшін қалай жазу керек.

«Қысқа сөйлемдерді жазсақ та, олардың көлемін алмастыруға тырысамыз, әйтпесе диктордың сөзі, роботтың сөйлеуіне ұқсап кетуі мүмкін».
Би-би-сидің тағы бір ережесі – материалды эфирге жіберер алдында оқып шығу. Егер де материалды оқып, деміңіз жетпесе, кейбір сөздер немесе сөз тіркестері түсініксіз болатын жағдай – материал дұрыс жазылмағандықты көрсетеді.
Сонымен қатар, анықтауыштарды қолдану мен баға беру немесе пікір білдірудің арасында айырмашылықты түсіну қажет.
Баға беретін анықтауыштарды күшейтудің қажеті жоқ. Мысалы, 20 адам қатысқан пикетті «шахтерлердің бұқаралық акциясы» деп атауға болмайды.
Материалда төл сөз орнына, төлеу сөзді қолданған дұрыс.
Ақпарат көзің тыңдарманға хабарлаудың өзі де маңызды. Фактілер мен сандар редакцияның журналистік зерттеу негізінде алынбаса, тікелей қайнар көзін көрсеткен жөн. Мысалы, «Рейтер агенттігінің мәлімдеуінше…».
Радиожурналистиканың тағы бір ережесі – тыңдарманға ҚАЗІР болып жатқанды хабарлау. Себебі редакция тарихты емес, жаңалықтық репортажды жазып жатыр.
Мысалы, мына екі үзіндіге қарасақ, қайсысында қатысу эффектісі басым?
«Өткен түнде ливерпульдің үш футбол фанаты қамауға алынды…» немесе «Үш Ливерпуль футбол фанаты тәртіп бұзушылықтан кейін қазір қамауда…»
Би-би-си жаңалықтың ең маңызды бөлігі – бірінші сөйлем екенін ұмытпайды. Егер де тыңдарман оған қызықпаса, әріқарай тыңдайды деп ойламаңыз. Сондықтан да жаңалықты басынан бастап қызықты, маңызды екенін көрсету қажет.
Материал жазар алдында алға қойған мақсатты анықтап алу керек: жаңалық хабарлау, әңгімелеу, атмосфера жасау, әлде күрделі проблеманы жеткіземін бе? Әр жанрдың өзіндік стилистикасы және ережесі бар.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:,

«Дала экспресі»

Желтоқсан 22, 2008 14 пікір

Кеше «Қазақстан» РТРК Қазақ киносының он күндігі аясында «Дала экспресін» көрсеткен болатын.
movieposterРежиссері: Аманжол Айтуаров, Сатыбалды Нарымбетов
Актерлер: Айжан Айтенова, Франсуа Лаббе, Арман Асенов, Нұржұман Ықтымбаев
Ұзақтығы: 1 сағ 30 мин.
Жанры: Драма, Мелодрама
foto-0011
«Пушкиннің “Бекет бақылаушысы” повесі бойынша түсірілген фильм оқиғасы біздің күндерде қазақ даласы мен Францияда өрбиді. Ұшы-қиырсыз қазақ даласында жападан жалғыз қалған темір жол бекеті бар. Кіп-кішкентай үйде жол бақылаушы қызы Сәуле екеуі бірге өмір сүруде. Шексіз даланың дәл жүрегінде жас француз саяхатшысы, жағдайға байланысты пойыздан түсуге мәжбүр болады. Шағын ғана бекетте қазақ тілін білмейтін және қалтасында көк тиыны жоқ Этьен, бас кейіпкердің есімі осындай, біздің халық туралы көп нәрсеге қанық болады. Араларында достық пайда болған Этьен мен Сәуле бір күндері әкесін тастап, шалғайдағы еуропалық елге жол тартады. Ашуға мінген Сәуленің әкесі Айдар қашқындардың артынан қуғынға түседі».
Бұл кинодан кейін кереметтей әсерде қалдым деп айта алмаймын, әрине өзіміздің кино туындымыз болғасын, бюджетке емес, сюжетке көңіл аударасын, ал актерлердің ойыны көңілімнен шықты. Айжан Айтенованың сұлулығын Қыз Жібекпен салыстыруға болатын да шығар, Франсуа Лаббе әдемі француз жігіттерінің типтік образы. dala_ekspresi_viewlargeМазмұнына келетін болсақ, әлеуметтік тақырып. Қыз бен әкесінің арасындағы қарым-қатынас, отаншылдық, дәстүр. Киноның идеясын нақты анықтай алмадым, мүмкін шешесінен айырылған Сәуленің әкесін тастап, Францияға кетіп қалғаны – жастардың ата-анасына деген «құрметін» көрсетеді… Туған жеріне Сәуле әкесі көз жұмғаннан кейін ғана келеді… Орыс классиктер әдебиетінің көзқарасы бойынша айтатын болсам, мұндағы Сәуленің әкесі Айдар – қарапайым теміржолшының тағдыры суреттеледі. Кішкентай бекеттің рельстерін бақылап жүрген жұмысшы қызын не үшін тәрбиелеген…?

Қазақ тілді жоба!

Желтоқсан 20, 2008 1 comment

«Сәлем Әлем» атты сервис кеше ғана іске қосылды. Оның  функциялары сіздерге таныс «Хабрахабр» немесе өзіміздің «Yvision«-ге ұқсас, яғни сіз тіркелуден өткеннен кейін, достарыңызды қоса аласыздар және блог жүргізумен шектелмей, оларды тақырып бойынша «қоғамдастықтарда» жария аласыздар, сонымен қатар, сайтта тіркелген әр қолданушы блог-жазбаға, не қолданушының өзіне  баға  бере алады(ұнады/ұнамады).  Қоғамдастықтар әзірге осылар: Жобаның блогы, Жобадағы ақаулықтар, ҚазНет, Шабыт пен шығармашылық,  Саяхатшылық,  Ақпарат технологиялар, Спорт, Музыка, Киномания, Журналистика сырлары. Сайттың оң жағындағы Қоғамдастықтар қатарынан қажеттісің таңдап, оны қосыңыз, кейін пост жазғанда оны қай қоғамдастыққа жатқызатынызды белгілейсіз.
Ісіңізге сәттілік!

Рухани қажеттілік

Желтоқсан 18, 2008 Пікір қалдыру

«Ең мәндісі – сол шығарманың өзі. Қандай жағдайда, қалай жазылды, бұл төртінші, бесінші кезектегі нәрсе. Анау себеп, мынау себеп деген де бос сөз, себеп біреу-ақ: қаламгердің ішкі рухани қажеті. Қас қаламгер өзі үшін ғана жазады. Ең алдымен өзі үшін. Алма ағашы неге гүлдейді – жеміс шықсын, оны біреу жесін деп емес, тіршілігін жалғау үшін. Гөте «Мариенбад эллегиясын» кім үшін жазды? Өзі үшін. Жазбаса… құсадан өлетін еді. Жазу – физиологиялық құбылыс. Тәннің емес, жанның, рухтың. Айрмасы – қалдық емес, өнім. Ой мен сезімнің мый қатпарларында қорытылып, тазарып шыққан көрінісі. Ал анау, мынау дегеннің бәрі себеп емес, түрткі, әсер, асса құнарлы тыңайтқыш қана. Гөтенің басынан өткен Мариенбад хикаясы да сол сияқты…»

Мұхтар Мағауиннің «Шипалы арасан» хикаятынан үзінді

Cанамызға серпіліс әкелген күн!

Желтоқсан 15, 2008 6 пікір

3002976482_909864ff751

Арманыңның атын,
Жігеріңнің отын
Өшіре алмас асау желі уакыттың
Егер кім қанша
Уайымсыз болса,
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.

Санаттары:әлеумет

Тви-өмір

Желтоқсан 14, 2008 5 пікір

Твиттер туралы бұрын да жазғанмын, дәл қазір оның дамуы мен үшін байқала бастады. Қазақстанда тви-қолданушылар көбейді, және жалпы Твиттердің өзінде бұрынғы «Не істеп жатырсың?» деген сұраққа жауап беретін хабарламалардың орнына чаттағы әңгімелерге ұқсайтын жазбаларды көруге болады. АҚШ президенті Обаманың өзі оны қолданады екен (бұл мырза подкасттарды да шығарады). Тви-қоғамдастығы үшін орыс тілінде блог ашылды. Бұнда Твиттердің жаңалықтары, жаңа мүмкіндіктері, қолданушылары және тарихы жайлы білуге болады.

Твиттер арқылы күнде көп ақпаратты естіп жатасың, оның ішінде қажеттісін таңдап, әр қолданушының веб-бет адресіне де сілтеме табуға болады. Мысалы, кеше ғана тви-қолданушылар арасынан бір орыс балеринаны тауып алдым, ол тақырыптық блог жүргізеді екен. Мария Кочеткова қазір Сан Францискода, блогын 2001 жылдың маусым айынан бастап жазады. Репетиция, спектакльдері жайында жазады, сонымен қатар қай қалада, нешеде, фото, видеомен қоса, билет сатып алу үшін сілтеме де жариялайды. Бір жағынан бұл өзіне жасалған жарнамаға ұқсайды, бірақ мен үшін бұл Аспазшының, Журналисттің, ИТ-маманының блогы сияқты жеке веб-бет.

Санаттары:блогинг, медиа Кілтсөздері: