Мұрағат

Archive for 2008 Наурыз

Бірлік туы

Наурыз 30, 2008 Пікір қалдыру

Алғашқы қазақ басылымдарының бірі. 1917 жылы 24 маусымнан 1918 жылы сәуір айының ортасына дейін Ташкент қаласында аптасына 1 рет шығып тұрған. Негізін қалаушы, әрі алғашқы редакторы – Мұстафа Шоқай. Газетті шығару ісіне Қ. Болғанбаев пен С. Қожанов тікелей атсалысты. Газет 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан  қоғамдық – саяси жағдай, сондай-ақ, ел ішіндегі әлеуметтік экономикалық ахуалы туралы хабарларды жариялап, елді бірлікке шақырып, азаттық жолындағы күрестің жаршысы болды. Газет қазақтардан бақа, қырғыз, өзбек, татар т.б. түркі халықтың арасына кеңінен тарады. 1917 жылы тамызда өткен Түркістан өлкесі қазақ-қырғыз съезі баспасөз туралы мәселе бойынша «жаңадан шыға бастаған «Бірлік туы» барша қазақ-қырғызға ортақ болсын» – деген қаулы қабылдаған. «Бірлік туы» Түркістан автономиясы мен Алашорда үкіметіне қолдау көрсетіп, бұл жөнінде «Түркістан автономиясы», «Бостандық һәм автономия», «Қоқан шаһарында болған жалпы мұсылман съезінің қаулылары», «Сырдария қазақ-қырғыз съезі» деген мақалалар жариялады. «Бірлік туы» кеңестік биліктің Түркістан өлкесінде биліктің Түркістан өлкесінде орнығуына наразылық негізгі басшылыққа алған саясатын сынайтын. «Кім дос, кім қас?», «Өзіміздің большевиксіндерге», «Қазақ халқының дұшпандары», «Тұла бойы қан сасиды», «Қоқан қырғыны», «Мұстафа хаты», т.б. мақалалар жариялаған. Газет кеңес өкіметі тарапынан қысымшылық көріп, жабылды.

Азаматтық журналистика – Citizen journalism

Наурыз 26, 2008 Пікір қалдыру

БАҚ өміріндегі тың әрі өткір мәселелерді көтеріп, халықтың ойларын, ұсыныстарын ортаға салатын, әртүрлі көзқарастардың көрініс табатын, нағыз плюрализмнің мінберіне айналатын болса, масс-медиа жүйесі өз тұтынушылары үшін жаңа мүмкіндік жасау тиіс. Оқырман, тыңдарман, көрермен қауымды БАҚпен тығыз байланыста ұстап, оларды медиа ісіне тарту, шығармашылыққа, ақпарат жинауға қарапайым тұрғындардың араласуын және күнделікті тіршілік түйткілдерінің, әлеуметік проблемалардың басты тақырыпқа айналуы азаматтық журналистика құбылысын туындатады. Әлемтордағы ашық энциклопедия «Википедияға» сүйінсек, Азаматтық журналистика – ақпарат жинауда, есеп беруде, сараптама жасауда және жаңалық таратуда белсенді рөл атқарады. Азаматтық журналистика – БАҚ арқылы ақпарат тарату үздіксіз процесін қарқынды етуге көмектеседі. 2003 жылы Online Journalism Review атты мақалада Джей Ди Лассика азаматық журналистикадағы БАҚты осылайша сараптайды:

1) аудиторияның қатысуы(мысалы, интернеттегі мақалаға қосылған оқырманның пікірі, вебкүнделіктер, мобильді телефондардағы камераға түсірілген бейне, аудио файлдар, жергілікті тұрғындардың жаңалықтары);

2) тәуелсіз жаңалықтар мен ақпараттық сайттар;

3) жаңалық жариялайтын сайттардың интернет пайдаланушыларды ақпарат жинауға қатыстыру;

4) жеке сайттар;

Осыдан біз сайтта, әлеуметтік жүйенің жеке бетінде немесе блогта видео, аудио, мәтін  өнімдерді орнатып, басқалардың осыны жүктеп алуға немесе өзіндікін қосуға мүмкіндігі жасалынатынын көреміз. Ал ақпараттық технологиялар маманы, журналист, әрі блогшы Дэн Гиллмор бүгінгі азаматтық журналистиканың көшбасшысы деп айтуға болады. Ол коммерциялық емес Азаматтық БАҚ Орталығын құрған және өзінің «Біз- медиа» атты кітабында: «Азаматтық журналистика-бұл адамзат үшін адамдармен жасалынған журналистика» деп жазады. Нью-Йорктағы Университеттің журналистикадан оқытушы маман Джэй Роузеннің айтуынша: «Азаматтық журналистер – бұл біз бұрын аудитория деп атаған адамдар», бұл жерде автор бүгінгі блогтарға баға берді деп айтуға болады, себебі блогшылар өзі қызықтайтын немесе зерттейтін салада материал жариялайды. Интернеттегі жаңалықтар ТВ және радиодан да жедел ақпарат жариялайтын болды.

Әлеуметтік жүйелердің танымалдылық картасы

Наурыз 24, 2008 2 пікір

толығырақ мына сілтемеден көре аласыздар  http://medias.lemonde.fr/mmpub/edt/ill/2008/01/14/h_4_RESEAUX+X1I1.gif

Санаттары:медиа, статистика

Армысың Әз Наурыз

Наурыз 20, 2008 3 пікір

Блогинг эволюция 4-бөлім

Наурыз 19, 2008 Пікір қалдыру

2006 жыл. Technorati-дің баға беруі бойынша блог саны 5,5 және ай сайын 2 есе көбейеді. Күн сайын Интернетте 75 мың жаңа интернет-күнделік беті, орта есеппен санағанда секунд сайын 1 жаңа бет пайда болады. Алайда жаңа блогтардың жартысы 3 айдың ішінде 1 рет қана жаңартылады. Блогтардың 9% автоматты түрде шығарылады, көбісі спам(ағылш. spam — қабылдауға келісім бермесе де, бәріне бірдей жіберілетін хабарлама. Алғашқы кезекте,  «спам» термины электрондық хаттарға бағытталады). Pew Internet Center зерттеулері бойынша американдық жасжеткіншектердің 12% блог ашады.19% жасжеткіншек меншікті блог ашса, 28% – тұрақты түрде Әлемтордағы блогтарды оқып отырады. Салыстыру үшін, кәмелеттік жасқа жеткен американдықтар саны  7% – ды құрайды, 27% – басқалардың онлайн-күнделіктерің оқиды. Жеке блогты көп сенаторлар мен конгрессмендер ашты. Hostway компаниясы сауалнама жүргізіп, американдықтардың  ¾ бөлігі блогтармен танысса, сонша саны олар жайында естімеген деген нәтижеге келді. Сауалнамаға қатысқан адамдардың 52%-блогшылардың дәстүрлі БАҚта қызмет жасайтын журналистермен тең құқылы болуы тиіс деп есептейді, алайда олардың блогқа деген сенім деңгейі БАҚқа қарағанда төмен. Бірнеше ірі компаниялар-мысалы Sun Microsystems және Microsoft өз қызметкерлерінің жеке блог жүргізгеніне қарсы емес екенін жариялады.Қытайда Коммунистік Қытай партиясының басты бағытына қарсы материал жазатын блогшыларды құғын сүргінге ұшыратады. Жүйедегі блогардың жалпы саны 15-18 млн-ға жетті.

2007 жыл.  АҚШ әскері\US Army әскери қызметтегі блогшыларға арнайы нұсқау шығарды. Бұндай нұсқау түрі әлі болған емес. Онда маңызды ақпарт бар суреттер мен бейнелерді орнату кезінде аса ұқыптылық талап етілді. Операция, жарылыс, тұтқынға алу кезінде түсірілген немесе жарақат алғандар мен мерт болғандарды, қауіпсіздік сақтау жүйелердің суреттерін орнатуға тыйым салынды.  Бұл ережелерді әскери қызметкерлерімен қатар АҚШтың қарулы күштеріндегі әскери емес адамдар мен әскери  адамдардың жанұясына да қатысты еді. Әскери блогшылардың нақты саны белгісіз. Олардың блогтары танымал болғаны соншалық, кейбір авторлар кітап жазуға келісім-шарт жасады.  Ipsos-Reid зерттеу компниясы саяси блогтардың оқырманы – тіркелген американдық дауыс берушілердің  9% ын құрайды(дауыс беру үшін АҚШ азаматы алдын ала жергілікті сайлау комиссияда тіркелуі қажет). Орташа статистикалық саяси блог оқырманы 43 жаста, оның  табысы АҚШтық орташа табыстан 2 есе жоғары. Оқырманның 75% – ер адамдар. Оқырманның 61% 2004 жылы президенттік сайлауға қатысқан саясаткерлерге қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар, американдықтардың 18% саяси блогтарды оқып қана қоймай, сол блогтарды жүргізеді. Олардың 36% блогты қоғамдық пікірге әсер ету үшін қолданады. Америка тұрғынының 37% саяси блогтарды оқығандықтан саяси телебағдарламаларды қарамайды.

Санаттары:блогер, блогинг, медиа

Блогинг эволюция 3 бөлімі

Наурыз 15, 2008 Пікір қалдыру

2003 жыл. Оксфордтық ағылшын тілі сөздігі\Oxford English Dictionary алғаш рет weblog, webloging (блог құру процессі) және weblogger (блог жүргізуші адам) сөздерін қосты.AOL ірі порталы ( интернет-провайдер)алғаш рет әр қолданушы үшін интернетте ақысыз жеке күнделік ашуға мүмкіндік берді.

Блогтар саясатқа кіріп кетті. АҚШ президенттіке үміткер Говард Дин\Howard Dean блог ашып, сайлау мәселелерін жариялай бастады. Блог аты – Dean Call To Action, кейін Blog To America болды. Американың көп саясаткерлері блог және блогшылар арқылы насихат жүргізіп, сайлау кампанияларына қаржы жинай бастады.

2004 жыл. Блогтармен медиалық компаниялар айналыса бастады. Gawker Media компаниясы Wonkette блогын құрды, онда Вашингтондық билік қабырғасында болып жатқан алып қашпа әңгімелер жарияланатын. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары блогтарға шолу жасай бастады және танымал блогшыларды сырт көз, пікір айтушы, сарапшы ретінде шақыра бастады. Дәстүрлі БАҚ және блог арасындағы алғашқы шиеленіс.  CBS телекомпаниясы эфирге  президент Джордж Бушты\George Bush қаралайтын мұрағат құжаттарын жіберген еді. Бұл бағдарлама сайлау кампаниясы болып жатқан кезде шығарылды. Бушты жақтайтын блогшылар CBSтің құжаттары шынайы емес екенін дәлелдеп шықты. Ал CBS кешірім сұрады.  АҚШтың ірі Демокртаиялық және Республикалық партиялары өзінің партиялық съездерінде БАҚ өкілі ретінде бірнеше блогшыны тіркеуден(аккредетациядан) өткізді. Үлкен пәрменділігі бар Foreign Policy журналы бірнеше жүргізуші, саяси сараптамашы, журналистер арасында сауалнама жүргізіп, олардың көбісі жеке интернет – журналға  тұрақты кіреді деген қорытындыға келді. Pew Research Center for the People and the Press өткізген зерттеу көрсеткішетері бойынша  4% американдық Интернет қолданушысы ақпарат алу үшін блогқа жүгінеді. Блогшылар табиғи апат – азиялық цунами кезінде өзінің белсенділігін танытты. Олар жүздеген апат құрбандарының туыстарын табуға көмектесті.

Блог саны 2.4 тан 4.1 млн. құрады.

2005 жыл. Бизнес-журнал Fortune әлемдік бизнес қоғамдастығы үшін маңызы зор танымал 8 блогшының атын жариялады. Advertising Age журналы американдықтардың жұмыс уақытының қаншасы блог оқуға жұмсалатынын зерттеген еді. Белсенді блог оқырман саны шамамен 35 млн. құрды. Бұл АҚШтың қызметкерлер санының ¼ бөлігі. Аптасына блог оқуға орта есеппен әрқайсысы 3.5 сағ. жұмсағаны саналып, 2005 жылы блогқа деген қызуғышылықтан АҚШ экономикасы 5 млрд. жұмыс сағатты жоғалтқаны есептелді.Алғашқы блог-жұмыстан шығарулар Delta Air Lines-та болған(бұрын мына жерде жазған едім). Microsoft компаниясы жеке блог бетінде Apple G5 компьютерінің суреттерін жариялағаны үшін қызметкерін жұмыс орнынан айырды.

Блогинг эволюция 2 бөлімі.

Наурыз 12, 2008 3 пікір

 

 2002 жыл. Ең алғашқы үлкен саяси жанжалдың өзі блогшылардың қатысуымен болған деген пікір бар. АҚШ Сенатының құрметті мүшесі Стром Турмонд\Strom Thurmond ұлықтау кезінде сенат көпшілігінің көшбасшысы  Трент Лотт\Trent Lott Турмонд сайлаудан өтпей қалатын болса, АҚШ ең күшті ел болушы еді деп жария етті. Турмонд 1948 жылы АҚШтың ең жоғарғы постқа үміткер еді. Осыны естіген журналистердің көбісі бұл ақпаратты жариялаған жоқ, тек қана бұндай шараларды телетрансляциялайтын C-SPAN телеарнасы және блогшылар болған оқиғаны детальды түрде жеткізе білген. Ақыры Трент Лотт сенат азшылықтың көшбасшылығы қызметінен кетті. Алғашқы блогтық соғыс америка әскерінің Иракқа кіруімен сипатталады. Әскери қызметкердегілер өз күнделіктерінде соғыстағы әрекеттерді суреттеп отыратын. Тура осындай блогтарды Ирак әскері де жазып отыратын(солардың ішінде ең танымал Salam Paks блогы болған). 

 

Қараша. Танымал Интернет – кәсіпкер Дэвид Сифри\David Sifry блогтардың алғаш іздеу машинасы Technorati-ді құруы.  (жалғасы бар)                       

               

      

Санаттары:блогер, блогинг, медиа

WordPress-тегі әлеуметтік жүйе!?

Наурыз 11, 2008 2 пікір

Блогосферадағы әр адам WordPress тұғырнамасында standalone-блог құруға болатынын біледі. Бірақ  WordPress MU тұғырнамасы жайында біреуі білсе, біреу білмес. Бұл өз хостингта орнатып, көппайдаланушы блогохостингта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. WordPress-ты құруға өз үлесін қосқан, әрі Automatic компаниясының негізін салушы Мэтт Малленвег  BuddyPress-ты құруға жәрдемдесетіні жайында жақында жариялаған еді, бұл WordPress MU негізінде құрылған әлеуметтік жүйе болмақ.Тұғырнама  әлеуметтік нұсқаны жетілдіру үшін Automatic  компаниясына ауысқан Энди Питлингпен жасалған еді. BuddyPress-ты LiveJournal-дың үлкен бәсекелесі ретінде қарастырады. Бұны әрине уақыт көрсетер.Осылайша, өз хостингте әлеуметтік жүйе құруға болатыны қуантады. Ақпарат мына блогтан алынды.

Санаттары:блогинг

Блогинг эволюция

Наурыз 10, 2008 5 пікір

Басында блог жай ғана уақыт өткізудің немесе әуестенушіліктің бір түрі болса, уақыт өте келе БАҚтың жаңа түріне, саяси факторға, ал кейін маркетинг пен PR дың жаңа құралына айналды.

1994 жыл. Жаңа кезеңнің бастауы. Студент Джастин Холл\Justin Hall алғаш интернетте күнделік жүргізе бастады. Кейде блогтың алғашқы иесі танымал программист Дэйва Вайнера\Dave Winer болған деп айтады.

 17 желтоқсан 1997 жыл. Терминнің дүниеге келуі. Джорн Бэргер\Jorn Barger «Robot Wisdom» атты интернет-күнделіктің иесі, әрі редакторы, weblog сөзін алғаш рет қолданды. Logging the web («торда күнделік жүргіземін» деп аударуға болады) – осылайша баяндауыш бастауышқа айналды.

Сәуір-мамыр 1999 жыл. Тіл реформасы. Питер Мерхольц\Peter Merholz  «Peterme» блогының иесі, weblog сөзін екіге бөлді – we blog (біз күнделік жүргіземіз деп аударуға болады). Blog сөзінің негізінде жаңа баянадауыш пайда болды – to blog.

Тамыз 1999 жыл. Революцияның басталуы. Сан-Францискодағы Pyra Labs атты кішкентай компания  Blogger порталын ашты. Бұл алғашқы тегін, қарапайым құрал болды және ол блогосфераның дамуының баспалдағы еді.

Желтоқсан 1999 жыл. Расти Фостер\Rusty Foster (Pyra Labs компаниясы) Scoop бағдарламалық қамтамасыз етуді жасады және ол Kuro5hin сайтында қолданылды. Енді пайдаланушылар пікірлерді модерациядан өткізе алды. Бұл сайт техника мен мәдениет мәселелерін талқылады.

Қараша 2000 жыл. Блогтардың саясаттандырылуы. Тәуелсіз журналист Джош Маршалл\Josh Marshall  «TalkingPointsMemo» атты блог ашты, бұнда «флорида дағдарысы« талқыланды АҚШтың Флорида штатындағы дауыс беру кезіндегі дауыстардың саны қалай саналды және т.с.с. даулы мәселелер.

Қыркүйек 2001 жыл. Блогшылар алғаш рет үлкен БАҚ үшін маңызды ақпарат көзіне айналды. Нью-Йорктағы интернет-күнделік авторлары 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған терракт жайлы оқиға орнынан репортаж жүргізді, фото орнатып, куәгерлерден ақпарат жинады. Енді блогтарға деген көзқарас күрт өзгерді. Америка университеттерінің журналистика факультеттерінде блогингті феномен ретінде зерттей бастады. (Әзірге осы, жалғасы бар:)

ақпарат көзіhttp://www.washprofile.org/?q=ru/node/6664

Санаттары:блогер, блогинг, медиа

Арсеналдың қуанышы!

Наурыз 4, 2008 7 пікір

AC Milan 0-2 Arsenal Бүгін  Сан Сирода ағылшындар итальяндықтарды 2:0 есеппен жеңді. Гол соққандар: Фабрегас(84) және Адебайор(92)! Арсенал Чемпиондар лигасының 1/4 финалға шықты! Сағат түнгі 4те жан-жақтан әлеуметтік жүйелерден де, смс арқылы да құттықтаулар келді. Ал Қуаныш мынадай пікір қалдырды: Kuanyshti habar!
Arsenal Milanmen taktikalik ote jaksi oinap utti!
Goldardi Fabregas jane Adebaior sokti!
Magan A. Glebting o
ini unadi!
Arsenal Finalga jetuine tilektespin!
Jetse Arsenaldi koldaitin bolarmin!
Kuttiktaimin!!!!!!!
Рахмет, өте қуанышты екенімді түсінген шығарсыздар. Арсеналға бұл жеңіс оңай келген жоқ.

P.S. Ал Арсенал777нің бүгін тағы бір қуанатындай себебтер бар, біздің факультет 5 жылдық аттестациядан аман-есен өтті, ал ең бастысы, группаласым Ардақ дүниеге нәресте әкелді, қызының атын Қарақат деп қойыпты.

Санаттары:Arsenal