Мұрағат

Posts Tagged ‘табиғат’

Сәлем, көктем!

Наурыз 6, 2010 3 пікір

Сәлем, көктем,
Мен қайтадан туылдым,
Көк аспанның күмісімен жуындым.
Көк мұз жапқан шатқалында көкейдің,
Ақ арманның бүрлейтінін ұғындым.

Сәлем, көктем,
Таңғы самал ескенде,
Бұлт гүл болып өскенде,
Дәл мен сынды, көңілмен де, еспен де,
Көк шөппенен жыр жазбаған еш пенде.

Сәлем, көктем,
Өрнек қандай су салған,
Жасыл қырат – жасыл сағым бусанған.
Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың,
Жұпар исін жұта берем жусаннан.

Сәлем, көктем,
Өліп кетпеу үшін мен,
Күннің нұрын жүрегіме түсіргем.
Аспан асты – керемет той, аста-төк,
Ағыл-тегіл жұлдыз нұры ішілген…

Сәлем, көктем,
Өркеш-өркеш томарың…
Сәлем, көктем, қаз-үйректім, қоғалым!..
Қаулап шықты жауқазындар сүт аңқып,
Қауызында сақталса еді обалым!..

Сәлем, көктем!
Кіл еңбекқор, кіл асқақ
Құмырсқалар жағдайымды сұрасқан.
Көңілімнің оркестрін ойнатты,
Тырналардан нота түзген мына аспан!..

Ақберен Елгезек


Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:,

Trip

Тамыз 1, 2009 13 пікір

Мамыр мен маусым айларының аралығында Турцияның Сиде қаласына баруға мүмкіндігім туды. Бұл ескі қала ежелгі Рим мен ежелгі грек мәдениетінің мұрасы іспеттес. Себебі қала ішінде ежелгі өркениеттің іздері аз емес. Сиденің негізі б.з. бұрынғы VII  ғасырда грек теңіз саяхатшыларымен қаланған. Ежелгі анатолиялық тілінде «Сиде» баламасы – «анар» бұрында осы қаланың құнарлылық символы болып саналған. Порттық сауда қаласы ежелгі дәуірде құл сату орталығы мен қарақшылар базасымен ерекшеленетін.

S6302043

IMG_3348

әрі қарай  Yvision-дағы жазбамда

Анашым, жан сырым

Наурыз 6, 2009 7 пікір

2340469906_d9e967c5b9_b
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың,
Қанатын самғаған,
Балалық құштарым,
Өзіңе арналған.
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.

Ғ. Қайырбеков

d0bcd0b0d0bcd0b0
1203107026_fca1c15774_b</

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:,

Рухани қажеттілік

Желтоқсан 18, 2008 Пікір қалдыру

«Ең мәндісі – сол шығарманың өзі. Қандай жағдайда, қалай жазылды, бұл төртінші, бесінші кезектегі нәрсе. Анау себеп, мынау себеп деген де бос сөз, себеп біреу-ақ: қаламгердің ішкі рухани қажеті. Қас қаламгер өзі үшін ғана жазады. Ең алдымен өзі үшін. Алма ағашы неге гүлдейді – жеміс шықсын, оны біреу жесін деп емес, тіршілігін жалғау үшін. Гөте «Мариенбад эллегиясын» кім үшін жазды? Өзі үшін. Жазбаса… құсадан өлетін еді. Жазу – физиологиялық құбылыс. Тәннің емес, жанның, рухтың. Айрмасы – қалдық емес, өнім. Ой мен сезімнің мый қатпарларында қорытылып, тазарып шыққан көрінісі. Ал анау, мынау дегеннің бәрі себеп емес, түрткі, әсер, асса құнарлы тыңайтқыш қана. Гөтенің басынан өткен Мариенбад хикаясы да сол сияқты…»

Мұхтар Мағауиннің «Шипалы арасан» хикаятынан үзінді

Чон – Ақсуу

Тамыз 12, 2008 2 пікір

Өзімнің зерттеу жұмысымда блогтағы жазбаларды жанрға бөлуге тырыстым. Бұндағы журналистика немесе әдебиеттің таза жанрын көп кездесірмесеңіз де, олардың элементтері бар екені сөзсіз. Солардың бірі-жол сапар очерктікі жиі ұшырасады. Бардым, көрдім, ойлар, пікірлер…Сонымен қатар фото, не болмаса видео. Бұл сіздің сөзіңізге жан бітіргендей болады (әсіресе, мен сияқты, тілдің шебері болмасаңыз) бейне файлдар арқылы жолсапарларыңыз жайында одан сайын қызықты ақпарат жеткізуге мүмкіндігіңіз пайда болады.
Сонымен, сіздерге өзімнің кішкентай саяхатымды көрсеткім келеді; Чолпон атаға жақын Бозтері ауылынан шыққан экскурсияның суреттері төмендегідей. Григорьевтегі Чон – Ақсуу шатқалына келіп, атқа мінгенбіз(1 сағат-500 сом), осылайша таудың таза ауасын жұтып қайтқанбыз.

Армысың Әз Наурыз

Наурыз 20, 2008 3 пікір