Мұрағат

Posts Tagged ‘тарих’

«Махамбет»

Қараша 25, 2008 10 пікір

Өткен аптада Алматыда «Махамбет» киносының ақпараттық көрсетілімі («Цезарь» және Кино үйінде) болып өтті. Кино туындының авторы Олжас Сүлейменов, ал режиссері Сламбек Тәуекел. Журналист Гүлжан Ерғалиева Олжас Сүйлеменовпен сұхбаттасқан еді («Свобода слово» газеті, №44(188) 20 қараша 2008 жыл), төменде осы материалдан алынған ақпарат.

«Махамбетті» жаңа ғасырдағы алғашқы ұлттық кино деп айтуға болады. «Ал «Көшпенділер» ше?»- деген сұраққа Олжеке бұл киноны Лос-Анжелес пен Қапшағай жасаған халықаралық туынды деп жауап берді.

Кинодағы үш тұлға – Махамбет, Исатай және Жәңгір хан өз уақытының драматургиясын нақты көрсетеді. Жәңгір хан қазақ даласын европалық өмірге жақындатуға тырысты, оның қала, мектеп, ауруханаларды салғызамын деген ойы болды және әйелі Фатимамен Санкт-Петербордан бұрын оспа ауруынан егу жасайды.

Қазіргі тілмен айтатын болсақ, Жәңгір хан – прогрессист. Өмірге деген Фатима мен Жәңгірдің жаңа көзқарасы мен халықтың қаһармандары – Исатай, Махамбет арасындағы шиеленіс арқылы сол кездің негізгі проблемасы көрсетіледі. О.Сүлейменов бұны қазіргі уақытпен байланыстырады, ХІХ ғасырдағы конфликт социализмнен капитализмге өту жолы іспеттес.

Соған қарамастан «Махамбет» – ақын мен Баян сұлудың арасындағы махаббаты жайында кино.

Кино жайлы мына жерде қосымша ақпарат табуға болады.