Archive

Archive for 2008 Шілде

Блогшы сотталды

Шілде 22, 2008 11 пікір

Бұрын осы блогжазбаны оқыған шығарсыздар, ал  cnews.kz – тің ақпаратына сүйенсек, Финляндия билігі блогтарға арналған жаңа заң жобасын ұсынып, блогшылардың нәсілшілдік немесе этника, ұлт аралықты насихаттайтын материалдарға тыйым салып, блогтарды заңды түрде қадағалауға алды. Осы жылдың мамыр айында Сеппо Лехто атты фин блогшысы басқа нәсілдің діни көзқарастарына қарсы жазылған материал үшін  2 жылға сотталды. Сонымен, фин билігінің заң жобасы бойынша блогшы өзінің веб-бетіндегі барлық ақпаратқа жауапты (және соның ішінде пікірлерге де).

Advertisements
Санаттары:блогер, блогинг, медиа Кілтсөздері:, ,

Блогтардың тілі, стилі

Әр блогшының өзіндік тілі және стилі бар екені сөзсіз. Блогосфера ерекшелігінің бірі қарым-қатынас болғандықтан, еркін сөйлеу үшін алдын – ала дайындықсыз қолданатын функцианалдық стильдердің түрі ауызекі сөйлеу стилі блогтардың негізгі және кең таралған стильдердің бірі. Бұл стиль қарым – қатынастың бейресмилігі мен еркіндігі, блогшының, не оқырманның сөзге тікелей араласыуы, кітаби тілден тыс тілдік құралдардың элеметердің қолданылуымен ерекшеленеді. Ауызекі сөйлеу стилінің фонетикалық және интонациялық ерекшелігінің ішінде орфоэпияға қатысты мынадай ерекшеліктер бар: – әдеби тілде тұрақты нормасы бар сөздерді бұзып айту(«Негізі әлі ойланып жүрм, расында да мен бір деме жаза аламын ба? – деген сұрақ көкейімде тұрады да қояды…»);

Блогтарда қарапайым сөздер, диалектизмдер, кейде варваризмдер, дөрекі сөздер де кездеседі. Осылардың бәрі блогосфераның ауызекі сөйлеу стилінің лексикалық ерекшеліктеріне жатқызуға болады. Мақалдар мен мәтелдерді фразеологизмдердің қолданылу мүмкіндіктерімен қатарластыра сөз еткен жөн сияқты, өйткені тұрақты тіркестер мен мақал мәтелдердің арақатынастарына байланысты әр алуан пікірлер болып жүргенімен, мақалдар мен мәтелдердің құрамы да, фразеологизмдердегі сияқты тұрақты болғанын ескеру қажет. Мысалы, жас журналист Нүркен Тоқаевтың блогында «Сақау сөз, мылқау мағына»,  «Сөз сүйектен өтеді» сияқты тұрақты тіркестерден осыны көруге болады. Блог лексикасы жүйесін тілдік тұрғыдан толық сипатау үшін оның құрылымы мен жүйесінің түзілуіне ұйытқы болып тұрған блогтың ішкі құрылысы, айдарлары, граматикалық құрылысы, тақырыптары және олардың тілдік бейнелері, жанр мен мәтін ерекшеліктеріне назар аудару қажет.

Санаттары:блогер, блогинг Кілтсөздері:

«Сурет салған әрбір сызығында…»

Шілде 7, 2008 11 пікір

 

«Әрдайым бір жаққа жолаушы шығарда мен осы қарапайым ағаш рамкаға салынған, шағын суреттің  алдына келіп тұрамын. Міне, мен ертең де ауылға жүрмекшімін. Жолыма ақ бата тілегендей, мен онан көпке дейін көз алмаймын.»

                    Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» атты повестен үзінді.

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:,

Қазақ блогосферасы және журналистика

Қазақ блогосферасындағы журналистиканың функцияларын орындайтын блогтар көп және олардың авторлары кәсіби журналистер мен үнемі қызықты, пайдалы ақпарат жазатын басқа сала мамандары. Кәсіби журналистер жайында айтатын болсақ, бұлардың бәрі дерлік жас журналистер. Олардың  жеке блогтарында әлеуметтік тақырыптар бірінші орында. Мысалы, мәдениет, тіл мәселесі, денсаулық, жолақы, тәрбие, білім беру және т.б. Ұлттық рухқа қатысты материалдар ішінде  мемлекеттік идеология және жастар, жастар саясаты сияқты тақырыптар көп қозғалады.  Нүркен Тоқаев – жас журналист, оның блогында публицистикалық сарында жазылған материалдар қазақ еліне қатысты мәселелерге арналған. «Ұлттық идеологияның жоқтығынан әрбір азамат өзінің барар жерін толық білмейді, ертеңгі күнін болжай алмайды» немесе «Тіл – ұлттың жаны. Ұлттың жанына ине шаншуға ешкімнің хақысы жоқ»-сияқты авторлық публицистика редакторлық өзгерістерге ұшырамаған, ол еркін түрде оқырманына жеткізілген. «Алтыбақан» блогының авторы да жас журналист Нұрболат Аманжол. Оның блогында ұлттық рух, ұлттар достығы, өнер, автордың жеке зерттеулері және әдеби шығармалары жарияланады. Блогтың жастар талғамына бағытталса да, қоғамдық басылымның талаптарымен санасады. Орталық Азияның ұйымдық блогы «Жаңа Евразия» Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан, Түркменістан мен Тәжікістанның белсенді блогшы-журналисттермен жүргізіліп, Евразияның әлеуметтік, саяси жағдайынан хабардар етеді. Бұл блог әр елдің ана тілімен қоса ағылшын және орыс тілінде жүргізіледі, осылайша оны тек қана Орталық Азия елдері ғана емес, бүкіл әлем оқи алады. Қазақстандық блогшылар үшін бұл блогта материалдардың мынадай айдарлары бар: «Ауыл, Ашық хат, Байқоңыр, Баспана, Білім, Дастархан, Жастар саясаты, Жемқорлық, Көші-қон, Ислам, Мәдениет, Сайлау, Сапар, Экология, Экономика, Ғылым, Қауіпсіздік, Ұлттық идея, Өнер, т.б.». Қарап отырсаңыз бұл блог көп салаларды қамтиды және авторлары мен оқырмандары үшін әр салада тікелей ақпарат алмасуға көп  мүмкіндік жасайды. Блогинг елдер арасындағы шекараны ғана жоймай, сонымен бірге салалық журналистиканы дамытуға ат салысады. Мысалы, тек қана экономикаға, фото өнеріне, аспаздыққа, ақпараттық технологияларға, әдебиетке немесе спортқа арналған блогтар. Осылардың ішіндегі бір тақырыпты таңдасаңыз материалдарды қызығып оқисыз, себебі көп ретте автор жариялаған материалды өз еркімен жазған және толық меңгерген. Нақты салада жазылған блог тандалған тақырыпқа сай барлық жаңалықты жариялауға тырысады, өз тәжірибесімен, идеяларымен бөлісіп, кеңес береді. Елімізде тәуелсіз журналистер блогшы ретінде өздерін көрсете білсе, ақпарат нарығын қалыптасуға мүмкіндік туатыны сөзсіз. Осыған орай, тәуелсіз журналистер қызметіне жүгінетін БАҚ-тар да пайда болады. Қазақ журналистикасы интернет еркіндігі және пікірлердің плюрализмі арқылы жаңа белестерден көрініп, алға қадам жасай алады. Бұқарамен тығыз байланыста болған журналист ешқашан ұтылмайды, керісінше, ақпарат көздерін күн сайын ұлғайта береді. Әр блогшы журналист болмаса да, кез-келген журналист блогшы бола алады және кез-келген маман иесі оқырман үшін маңызды ақпаратпен бөлісе алады.

Жастарға деген сеніммен.

Шілде 1, 2008 6 пікір

Мағжан Жұмабаевтың «Жастарға!» деген өлеңі сол замандағы қазақ жастарының ел-жұрт алдындағы тарихи міндетін көрсетіп берген бағдарлама десе болғандай.

«Жастар! Алда жүрген, Алаш жолына аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі алындар. Елдіктен, ерліктен айырылып, екі жүз жылдай еңсесі түскен елді ойландар. Күнді-түн, жақынды жат, пайданы-зиян деп жүрген, толық саяси хұқықтарын іздеп алуға ер жетіп, есі кірген елді ойлаңдар!» дейді де өзінің атақты «Жастарға!» деген өлеңін басқан. Бұл өлеңнің кейбір шумақтарын келтірейік:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!…

 

…»Алаш»-айбынды ұраны,

Қасиетті құраны.

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!…

…Мен сенемін жастарға!

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда!

Мен жастарға сенемін!