Archive

Archive for 2009 Тамыз

Смағұл Садуақасов – публицист (2)

С. Садуақасұлы бұл жылдары театрдың, әртістік кәсіптің, пьеса танудың әліпбиі іспеттес «Ұлт театры туралы» (1925), «Алғашқы тәжірибелер», «Баянды еңбек күтеміз», «Мәдениет тәрбиесі»(1923), «Ұлт театрына бір жыл» (1927), тағы осы секілді бірнеше мақала жазады. Нәтижесінде қайраткердің сөзі мен ісі биіктен табылып, үлгілі театр, талантты әртістер, ойлы көрермендер қалыптасты.

Жиырмасыншы жылдары қазақ қоғамындағы халықтың білім-ілімге деген сұранысы оқулықтардың, танымдық, ғылыми еңбектердің жазылуын тездетті. Бірақ оны жазатын маман қат еді. Осы орайда С. Садуақасұлының «Жастарға жаңа жол» (1924), «Кооперация һәм қазақ шаруасы» (1924), «Жастармен әңгіме» (1925) атты танымдық әрі ғылыми кітапшалары мен «Қазақстан» (1922), «Күнбатыс һәм Күншығыстың бостандық жолында күрестерінің тарихы» (1923), «Жаңа жұртшылық негізі – ғылым» (1925), т. б. ғылыми мақалалары замандастарының көңілінен шыққан.

«Көтеріл, жастар!» мақаласы «Еңбек туы» газетінің 1920 жылғы 13-қарашасында жарық көрген. Мұнда саясат пен ұлтшылдарымыздың аражігін ашып көрсетіп, мәселені келешек жастарға тірейді. Енді не істеу керек? Смағұл сары уайымшылдыққа салынбайды. Сол себепті төңкеріс тудырған дәуірден баз кешіп кетуді қаламайды. Оқығандар елден жырақтанса, мыңдаған халықты «саясатпаздар» құздан құлататынын Смағұл түсінеді. Ол: «Енді бізде кім бар? Алдымыздағы асқар таудай жүкті кім арқалайды? Ұлттың ісін, елдің жұмысын кім атқарады? Еңбекшілердің кім ақылшысы болып, кім оларға жолбасшылық етеді?» – деп қойған сұрағына өзі: «Жастар, жастар, жастар. Бұлардан басқа ешкімге сенім, ешкімнен үміт жоқ» – деп жауап береді. Қаламгер аға толқын өкілі ақын Мағжанның «Мен жастарға сенемін» деген пікірін негіздей отырып, алдағы істердің жауапты екендігін қаперінен шығармайды. Мақаладағы «Бүкіл халықтың тұрмысын өзгерту, адамшылық, ұйымшылдық негізімен өзгерту, жаңа дүние орнату деген жеңіл жұмыс емес. Бұл секілді жұмыс басын жарып, көзін шығарғанмен оңдалмайды. Бұған ақыл керек, білім керек, ақ жүрек, адал ниет керек» деген Смағұл ойы 20-жылдары аса көкейкесті, сындарлы естілгені анық. (Д. Қамзабекұлы. С. Садуақасұлы. Алматы. Қазақстан. 1996 жыл, 160 бет)

«Арқа ақпарат» сайты бойынша

Advertisements

Журналист-студенттер мекені

Тамыз 26, 2009 2 пікір

student netКез келген елдің журналистика факультетінің студенттері «Бүкіл әлемнің журналист-студенттері» атты жаңа онлайн желіге қатыса алатын болды. Желіде профайл ашып, басқа студенттермен танысуға, араласуға болады.

Әр қолданушы идеяларын ортаға салып, жобаларын көрсетіп, материалдарға байланысты пікір білдіре алады.

Желі Durham College Innovation Fund қаржылық демеуімен Durham College-де (Ошава, Канада) құрылды.

Толығырақ – http://www.globalstudentjournalists.net

Ақпарат көзі.

«Хат келді»

Тамыз 23, 2009 11 пікір

gmailevolveGMail почта сервисі АҚШ веб-почта сервистерінің арасында танымалдылық жағынан 3-ші орында деп хабарлайды comScore.

Зерттеу компаниясының статистикасына жүгінсек, GMail сервисінің қолданушылар саны өткен айда 37 миллионға жетті. Ал AOL Emailдікі – 36,4 миллион. Осылайша, Google корпорациясы AOL компаниясын артта қалдырып, АҚШ қолданушылары арасында 3-ші орында.

Бірінші орында – Yahoo! Mail, 2009 жылдың шілде айында оның аудиториясы 106 миллиондай қолданушыдан тұрды. Екіншісі – Windows Live Hotmail, өткен айда оның аудиториясы 47 миллионға жетті.

Айта кететін бір жайт, GMail қолданушыларының өсу саны өте жоғары. 2009 жылдың басында сервисті пайдаланатындар саны 25% өсті, ал AOL аудиториясы 22% азайды. Windows Live Hotmail-да 8%, ал Yahoo! Mail — 16% өсті.

Ал Сіз қандай почталық сервисті қолданасыз және олар бірнешеу болса, негізгісі қайсы?

P.S. namba.kz қызметімен таныссыз ба?

Санаттары:статистика Кілтсөздері:

Смағұл Садуақасов – публицист (1)

sadvokasovС. Садуақасұлы 1916 жылы Омбыда қайраткерлік мектеппен бірге қаламгерлік мектептің де табалдырығын аттады. Ол қаламын «Бірліктің», «Балапан» атты қолжазба журналдарында ұштады. Смағұл көсемсөздік пен жазушылық өнерді тынымсыз қайраткерлік қызметінің барысында меңгерді. 1918—1919 жылы Алаш Ордаға тыныс болған «Жас азамат»газетің,1920 жылы атын «Қазақстан» етіп, затын халықтық қылып өзгертпекке бел буған «Ұшқын» газетің, 1922 жылы Еуропа өркениетін уағыздаған «Өртең» газетін, қазақ жастарының «Жас қазақ» журналын шығаруға атсалысты. Мұнан бөлек ол 1920 жылы «Еңбекшіл жастар»(Омбы), «Кедей сөзі»(Омбы), «Еңбек туы» 1925-1926 жылы «Еңбекшіл қазақ», кейін «Еңбекші қазақ» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналының (1924-1925 ж.ж. шығып тұрған) жауапты шығарушысы (редакторы) болды. (С. Садуақасұлы. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т., Алматы, 2003, 9-бет)

Көтерген тақырыптарының ауқымы турасында: «Өмір үшін күресу» (1918), «Көтеріл, жастар!» (1920), «Өткен күндер һәм болашақ»(1922), «Шарт керек пе?»(1922), «Қостанай — Торғай»(1922), «Орта Азия өміріндегі жаңа дәуір» (1924), «Қазіргі дәуір іс дәуірі» (1925), «О национальностях и националах»(1928) және тағы басқа толып жатқан мақалаларында қазақ қоғамының өтпелі дәуіріндегі қоғамдық-саяси ахуалдың қандайлығын һәм ел мен оның көсемдерін тығырыққа тіреген зәруліктерді шешудің амалдарын көрсетеді.

Өркениетті болуға талпынған елге қажетті шартты орындау ісінен күшін аяп қалмады. С. Садуақасұлы «Нужды аула» (1919), «Бірінші мақсаттарымыз»(1920), «Халық ағарту мәселелері»(1925), «Оқу ісінің кемшіліктері, оларға қарсы шаралар» (1926), «Қазақстанда халық ағарту мәселелері» (1927), т. б. мақалалары мен соңғы аталған кітабымен аттас кітапшасында елдегі оқу-ағарту зәрулігін сөз етеді. (Сонда 20-бет)

«Арқа ақпарат» сайты бойынша

Бірнеше блогты басқару жайында

Тамыз 16, 2009 7 пікір

121Бірнеше блогты жүргізетін блогшылар аз емес. Бұл блогшының блогингке арнайтын уақытымен байланысты. Бірнеше блогтарды басқаратын болсаңыз, міндеттер де көбейеді. Оқырманмен байланыс, модерация, алға қадамдар жасау, тақырыптарды іздеу… Осының бәрін қалай бақылауға болады?

1. Жоспар құрыңыз.

Бір аптаға, екі аптаға немесе бір айға келешекте не жасайтыныңыз жайында жоспар құрыңыз. Идеяларыңызды жазып қойып, оларды үнемі көз алдыңызда ұстаңыз. Кейде тамаша идеялар ұйықтар алдында не көшеде серуендеп жүргенде келуі мүмкін, сол себепті қойын дәптеріңіз әрдайым өзіңізбен бірге болсын. Қолыңыз бос болған күндеріңізді пікірлер мен жаңа қызықты блогтарға жұмсаңыз. Әр блогыңызға жазба дайындау кестесін құрастырыңыз. Мысалы, жаңа блог үшін – аптасына 5 жазба, танымал блогыңыз үшін – аптасына үш жазба деген сияқты. Жазбаның дәл қай күні шығатынын анықтаңыз.

2. Уақытты үнемдеу

Өзіңіздің көбірек белсенділік таныту уақытын білсеңіз, яғни шығармашылық пен физикалық күшіңіз артқан кезде, жаңа идеяларыңызды жүзеге асырыңыз, ал басқа уақытты почта мен блогтардағы пікірлерге бөлуге болады.

3. «Әр блог маңызды» ережесі

Бірнеше блог жүргізген кезде кейбір блогтарымызды негізгі еместерге жатқыза бастаймыз. Оларды анда-санда жаңартамыз, қызықсыз, мағынасыз жазбалар жариялаймыз. Сондықтан да мынадай ережені ұмытпау қажет: саны көп, сапасы аздан гөрі, аз болса да, сапалы ақпарат жариялаған дұрыс. Блогшының мәртебесі блогтардың санымен емес, қызықтылығымен, пайдалылығымен өлшенеді.

4. Тайм-менеджмент

Уақытты үнемдеу және оны дұрыс қолдану үшін тайм-менеджмент қажет. Тайм-хактарды анықтап алыңыз, уақытты бағалай біліңіз. Мысалы, әлеуметтік желілер мен ридер/RSS-ке бірдей уақыт бөлесіз бе, ал блогыңызға ше, т.с.с.

Сонымен қатар, бір нәрсеге үйренудің бір тамаша әдісі – осыны басқаларға үйрету. Мүмкін, сіздің келесі блогыңыз тайм-менеджментке арналмақ.

Толығырақ мына немесе мына жерде

«Ақ жол»

«Ақ жолды» шығарған адамдар халқының, ұлтының санасы мен абыройын ойлаған, солардың мәртебесінің асқанын аңсаған. «Ақ жол» 1920 жылы Ташкентте Түркістан компартиясы ОК-ның 1920-1926 ж.ж. Шымкентте БК(б)П Сырдария Губкомының органы ретінде шықты. 1920 жылы 18 сәуірден 27 шілдеге дейін шыққан «Жаңа өріс» газетінің жалғасы.

Шығу тарихы. 1920 жылы қазақ жерінде саяси-әлеуметтік, экономикалық-қоғамдық құрылыс жүйесі жаңаша бағыт алды. Осы құбылыс кеңестік қоғамның «жарқын» болашаққа ұмтылған қадамында таптық тартысымен көрініс тауып, күшейді. Кеңес  уақытының алғашқы жылдарында жарыққа шыққан қазақстандық басылымдардың ішіндегі «Ақ жол» газеті кеңестік дәуірдің алғашқы қадамын боямасыз кең қамтып жазылған, сол кездің бастапқы бағытын қандай екенін батыл көрсеткен баспасөз болды.

Бас редактор. Сұлтанбек Қожанұлы – қазаққа, жалпы түркі жұртына айтулы еңбек сіңіріп, өшпес із қалдырған ірі тарихи тұлға. Қоқан автономиясы тұсында Мұстафа Шоқаймен тізе қосып, түркі бірлігінің туын көтерді. Оның ұйымдастыруымен жарық көрген атақты “Ақ жол” газетін Сталин өзінің тікелей тапсырмасымен жаптырды. 1925 жылғы 15-19 сәуір аралығында Қазақ кеңестерінің V съезі болып өтті. Оған төрағалық еткен Сұлтанбек Қожанұлы күн тәртібіне екі мәселе енгізді де, біріншіден, делегаттардың бірауызды шешімімен ұлтымыздың “қазақ” деген шын атауы қайтарылды, екіншіден, сол кісінің ұсынысы бойынша “Ақмешіт” қаласының аты “Қызылорда” болып өзгертілді.

Kazakh Bloggers

Тамыз 4, 2009 2 пікір

box-google-group2007 жылы әлі блогшы аталмай жүріп, Асхат ағаның көмегімен «Қазақ блогшылары» атты Google group-қа кірдім. Осылайша біраз қазақ блогшылармен танысып-білістім. Қазақ тілді блогосфера жайында әлеуметтік сауалнама жүргізген кезде де «Қазақ блогшыларының» көмегі тиді. Бүгінде қазақ блогшылар қатарына жаңадан қосылғандар аз емес, сол себепті, егер де ішкі хат алмасу торабында әлі жоқ болсаңыз, жазылыңыз!

Адресі http://groups.google.com/group/kazakh-bloggers

Электрондық почтаға жаңа хабарлар келіп түсу үшін мына бетті қараңыз http://groups.google.com/group/kazakh-bloggers/subscribe

Бір-бірімізбен танысып, жаңа хабарлармен бөлісейік!