Archive

Archive for 2010 Мамыр

«Ара» журналы

Сатиралық журнал 1956 жылы наурызда жарыққа шықты. Айына бір рет, 0, 75 баспа табақ көлемімен. Алғашқы шығарушылары: Ғ. Мүсірепов, А. Тоқмағанбетов, Қ. Жармағанбетов. «Ара» қоғам өміріндегі кемшіліктерді, шаруашылық саласындағы қырсыздықтар мен жауапсыздықты, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды батыл әшкереледі. 1995 жылдан бастап журнал А3 қалыптағы 4 беттік газет болып шығып тұрды. 1998 жылы шығуын тоқтатты.

2000 жылдың басында Назарбаевтың «Ұйымдасқан Қылмыс пен Сыбайлас жемқорлықты жою туралы» жарлығының пәрменділігін арттыру үшін, мафия, коррупция белең алған кезеңде мемлекеттік деңгейде әлеуметтік мәселелерді көтеретін журнал керек болғандықтан, 2003 жылы Көпен Әмір-бектің басшылығымен қайта шыға бастады.

Advertisements

Мобильді жарнама не дейді?

Мобильді Интернет – медиа нарық пен жарнама секторындағы ең қарқынды арналардың бірі. Бір жағынан, бұл жаңа сала және оның әлеуетті мүмкіндіктері де жетіп асады. Мобильді интернеттің дамуы мен болашағы жайында айтар болсақ, біреулер wap-сайттардан бастап, әдемі графикасы бар толық мобильді ресурстарға көшкен батыстық тәжірибеге сүйенеді. Ал мобильді интернетте табыс жасау мен жарнама жайында айтпас бұрын, біріншіден интернеттегі мобильді жарнамаға анықтама берейік. Жарнаманың бұл түрі — коммуникацяның жаңа арнасы, ондағы жарнамалық хабарлама мобильді телефонның иесіне бағытталады. Сонымен қатар, баннер немесе мәтіндік хабарлама ретінде көрініс табады. Мобильді жарнаманың басқа да форматтары бар:

  • Click2Call (нақты нөмірге қоңырау шалуға мүмкіндік беретін баннер немесе сілтеме);
  • Click2Sms (нақты нөмірге SMS жіберуге мүмкіндік беретін баннер немесе сілтеме)
  • Click2Video (жарнамалық видеоны телефонға жүктеп алуға мүмкіндік беретін баннер немесе сілтеме)
  • Жарнамалық кампанияның мақсатты беті (landing page) Read more…
Санаттары:медиа Кілтсөздері:,

Соғыстың соңғы көктемі

Мамыр 7, 2010 1 comment

Жасылмен бояп қойған ба!?
Жап-жасыл таудың бөктері.
Қырлар да, мынау ойлар да,
Жапжасыл болып көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.

Көп болды, жасыл тауларға,
Жап-жасыл бұлттар шөккелі.
Әкелді шуақ бар маңға,
Соғыстың соңғы көктемі.

Соғыстың соңғы көктемі,
Көп болды нұрын төккелі.
Жап-жасыл анау аспан да,
Аспан да, сірә, көктеді.

Бойына таудың асылып,
Шұғыла тұрды, көк меңі.
Қызғанып, гүлін жасырып,
Қылтанақтар да көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.

Жап-жасыл шыбық тал-дағы,
Орманның жасыл шекпені.
Қуанта, бірақ, алмады,
Сонау бір үйді шеттегі,
Соғыстың соңғы көктемі…

Мұқағали Мақатаев

Зерттеу. Қазақ тілді сегмент.

Мамыр 3, 2010 9 пікір

Былтырғы жылдың қараша айында қазақ блогшыларын біраз мазалап, сұрақ қойып, шамам келгенше қазақ тілді интернетті зерттеуге тырысқан едім. Биылғы жылы бұл зерттеуге және «Қазақстандық контент», «Қазақстандық интернет-экономика», «Қазақстандық интернет-құқық» тақырыптарына байланысты жасалған зерттеулер Медианеттің басшылығымен жинақ ретінде шықты. Кітаптың электрондық нұсқасы жоқ болғасын (әзірге шығар), сіздерге бірнеше сурет көрсетуге тура келеді 🙂 дайын болғанда, хабарлаймын дегесін. Зерттеу үш тілде (мен орысша жазғанмын, қазақшасын өздері аударды, ағылшыншасы тағы бар).

Содан кейін мына презентацияның ішінде былтыр жасалған сауалнаманың нәтижелері бар. Осы презентацияға Анара мен Мақпалдың «Әдеби сайттар» тізімін қосып қойдым.