Мұрағат

Archive for 2008 Тамыз

Құрметті мұсылман қауым!

Тамыз 31, 2008 3 пікір

Аллаһ Тағала бәріңізге мықты денсаулық, зор күш-қуат берсін, жасаған ғибадаттарыңызды қабыл етсін.

ораза туралы ақпарат http://oraza2008.wordpress.com/

сурет http://suret.rasulullah.kz/wallpaper.php?wallpaperid=3

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:

Жаздың соңғы күнімен қош айтысу

Тамыз 30, 2008 4 пікір

Осымен, 2008 жылдың жазы аяқталды. Үш айдың ішінде қызықты, ұмытылмас сәттер де, қайғылы оқиғалар да, қуанышты жағдайлар болды. Мысалы менің жазым диплом алумен басталып, Евро 2008, той, Орталық Азия Баркемп, Олимпиада, т. с. с. аяқталды. Ал сіздер үшін осы жаз несімен есте қалды?

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:

«Бұл лаңкестік әрекет пе?»

Тамыз 26, 2008 1 comment

… деген «Айқын» газетіндегі мақалада Қырғызстандағы апаттың әдейі ұйымдастырылуы мүмкін екендігі туралы болжам жасалыпты. Алайда, Қырғыз республикасының Көлік және коммуникация министрі Нұрлан Сулайманов «апат қасақана ұйымдастырылған жоқ» деп мәлімдеген. «Мұны Төтенше жағдайлар министрі Камчыбек Тәшиев те қолдап отыр», – деп жазады газет тілшісі. Алайда, бұл азаматтардың айтқандарын апатқа ұшыраған ұшақ тиесілі «Итэк эйр» әуекомпаниясының өкілдері жоққа шығаруда. «Біздің болжамымыз бойынша, бұл теракт болуы әбден мүмкін. Ресейге ұшатын ұшақтарымыздың техникалық жағдайы барлық талапқа сай. «Теракт болуы мүмкін» деп отырған себебіміз, ұшақтағы жолаушылардың басым бөлігі – ирандықтар. Яғни 44-і! Ойланатын жағдай…» – деген түсіндірме беріпті әуе компаниясының өкілдері «Айқын» газетіне. Ал Қырғызстанның Азаматтық авиация департаментінің бастығы Алик Асқаров апаттың салдары жан-жақты тексерулерден кейін анықталатынын айтыпты. «Вечерний Алматы» газеті де бұл тақырыпқа айрықша назар аударыпты. Газеттің бірінші бетінде жарияланған Мәдина Ысқақованың бас мақаласында қаза тапқан қазақстандықтардың жоғарғы оқу орындарының студенттері – Мұхтар Мүшекенов, Евгения Цой және Гауһар Исаева екендігі айтылыпты. Үш қазақстандық студент білімін жетілдіру үшін Иранға бармақшы болған екен. Сондай-ақ мақалада Қырғыз республикасының премьер-министрі Игорь Чудиновтың басшылығымен үкіметтік комиссияның құрылғандығы баяндалыпты. Ұшақ апатына орай 26 тамыз Қырғыз республикасында аза тұту күні болып жарияланған. 

Ақпарат көзі. Фото.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:,

START_UP(^_^)

Тамыз 22, 2008 8 пікір

2008 жылдың ішінде рунетте қандай стартаптар пайда болды және олардың болашағы бар ма, пайдасы қандай…осы мәселелерді  Хабрахабр  нақты түсіндіріп, жариялаған болатын. Ал біздің Казнет биыл http://yvision.kz/ атты орыс тілді жобаны(әзірге бета версия) ұсынған болатын. Блог тұғырнама мамыр айында пайда болды. Жобаны жасағандардың айтуынша, бұл Қазақстандық Хабрдың нұсқасы, ал меніңше, дизайны болмаса, контент бойынша Хабрмен салыстыруға болмайды. Әзірге болмайды. Сонымен қатар осы блогтұғырнамада үнхабарлар да бар. Мысалы, ПодКАЗт атты үнхабардың авторлары екібастұздық  Иван және қарағандылық Шыңғыс қазір жаңа доменде PodKAZt.kz  Қазақстандағы Интернет және Интернеттегі Қазақстан туралы хабарды қазақстандық ақпараттық технологиялардағы жаңалықтар мен өзгерістер, ұялы байланыс операторлар мен интернет провайдерлер жайында қызықты мағлұматтар таратады.

Санаттары:блогер Кілтсөздері:,

Қарағанды облысы үшін Олимпиада-2008 аяқталды

Тамыз 21, 2008 2 пікір

Алғашқы сәтсіздік велогоншы Андрей Мизуровтан басталса, кейін дзюдошы Келбет Нұртазина, грек-рим күресші Андрей Самохин, жүзуден бірнеше спортсмендеріміз де жүлдесіз оралды. Қарағандылық жеңіл атлетшілердің бірі Иоланта Ульева квалификациялық «А» тобында 16-орын алса, спринтші Илья Муравьев 56-орында. Биіктікке секіруден Сергей Засимовичке жеңіске дейін 15 см жетпеген екен. Бірақ ең үлкен жеңіліс-бұл Серік Сәпиевтің әділетсіз төрешілдік нәтижесіндегі жеңілісі деп санайды қарағандының «Новый вестник» газеті. Шынымен де, әділетсіздік. Сәпиевке зор үміт артылған еді… Бүгін Афин-2004 қола жүлдегеріміз Дмиртрий Карпов онсайсқа түсіп жарақат алғандықтан ешқандай нәтиже көрсете алмады. Сонымен, қарағандылықтар осы олимпиадада пьедесталдан көріне алмады.

   

Жас Азамат

Бұл газет ұлт тәуелсіздігін жоқтап, отаршылдық езгіге қарсы тұрған жастардың тұңғыш қоғамдық-саяси басылымы. 1918 жылы сәуір-мамыр айларында Омбы қаласында өткен қазақ жастардың тұңғыш съезінің шешіміне орай, бүкіл қазақ жастар ұйымының тілі ретінде алғашқы саны 1918 жылы 30 шілдеде Қызылжарда жарық көрді. Газет құрамына Қ.Кемеңгерұлы, Ғ. Мұрзаұлы, С. Сәдуақасов, М. Сейітұлы, Г. Досымбекова, Ә. Байділдаұлы еді. Газеттің алтын идеалы, әулие мақсұты, негізгі жолы-ұлт бостандығы, ұлт теңдігі. Редакция оқырманға «Ашық хатында» – «…өлсек бір шұқырда, тірі болсақ бір төбеде деген мақсат…» М. Әуезовтың «Тұңғыш қазақ жастардың съезі», «Қазақ жастарына» мақалалары. Бірінші санда «Бүлінгеннен бүлдіргі аяма!» саяси шолу мақстатында авторы, қазақтың көрнекті көсемсөз шебері, Алаш жастардың жетекшісі Кемеңгеров болды. Басылымның соңғы саны 1919 жылы 3 ақпанда шықты да, тоқталды.

Алғашқы алтын!

Тамыз 17, 2008 4 пікір

Барлықтарыңызды Олимпиада 2008 алғашқы алтынымызбен құттықтаймын!!! Жарайсың, Илья! Намысымызды қорғадын! Барлық спортшыларымызға жеңіс тілеймін!!!

   ***********************************

 

  *********************

Ал қытайлық блогосферада не болып жатыр? «Қытайлық бюрократтар Олимпиада 2008дің ашылуында ән айтатын қызды айырбастады» атты видеода толығырақ таныса аласыздар. Сілтемесі міне

http://www.kommersant.ru/doc.aspx?DocsID=1011537

 **********************************

Негізі, өз басым,  біздің Мерей (М. Ақшалов 60 кг салмақта ) қытайлықтардың боксшысымен шаршы алаңға шығып, ұтылғанына көп жанкүйерлеріміз сияқты, әрине наразымын. Қалай болса да, біздің боксшы Ху Циннан  мықты екендігін бәрі байқаған еді. Алға, Қазақстан! Жеңісті күндері жүздескенше!

 

Санаттары:медиа Кілтсөздері:

Арнайы тапсырыспен :)

Тамыз 14, 2008 5 пікір

 Баркэмп жайында Балғырған атты тамаша блогшымыз 3 тақырып турасында сұраған болатын. Бірінші, электрондық ауылдар жайлы. Бұл Қарағанды облысы Көкпекті ауылының тұрғыны Владимир Зинкевичтің презентациясын мына жерден көруге болады http://www.slideshare.net/Wowik_Z/first-digital-village-in-kazakhstan/  Негізі, менің түсінуімше былай болды: Соростың көмегімен ауылда бір жылдай тегін уай-фай орнатылды, кейін ауыл тұрғындары спутник арқылы ақылы түрде интернетке шыға бастады. Екінші, Блогтағы сатира және әдебиет тақырыбында алматылық Дәурен презентация жасаған болатын. ЖЖ-дағы әдеби жанрда (соның ішінде әсіресе сатира, юмор) жазатын блогшыларды атап өтті. http://www.musagetos.com  және http://www.erbol.livejournal.com , http://www.pavelbannikov.livejournal.com  –ды қараңыздыр. Дәуреннің өз блогының адресі есімде жоқ : ( Үшінші, Арома маркетинг. Бұл менің байқауымша, блогтарға аса қатысы жоқ нәрсе сияқты. МЕНІҢ ЖЕКЕ ПІКІРІМ!!! Бұл Бішкектегі Арома терапиямен айналысатын компанияны жарнамалау үшін жасалған пиар сияқты болды. Арома терапия не үшін қажет және қандай пайдасы бар екені түсіндірілді. Сонымен қатар бұл пиар акция 3 күнге жоспарланып, ақыры жүзеге асырылған секілді. Иістер арқылы адамның жаның, тәнің түсіну, көмектесу. Тағы сұрақтарыңыз болса, осы сілтеме арқылы өтіп  http://barcampasia.net/ , фото, видео және т.б. ақпаратпен таныса аласыздар.

Санаттары:блогер, блогинг, медиа Кілтсөздері:

Блоггингке журналист көзқарасымен

Тамыз 12, 2008 3 пікір

Сонымен, Баркэмп өтті, блогтар мен сайттарға жаңа фото, слайдтар, видеолар мен пікірлер қосылуда. Бұл Юля және мен жасаған презентация. Екеуміздің атымыздан Нұргелдіге алғысымызды білдіргім келеді. Өзі Бішкекке келе алмаса да(өте өкінішті), бізге идея жағынан да, түсіндіру жағынан көп көмек көрсетті.
презентацияға мына сілтеме арқылы өтуге болады ss-546626

Санаттары:блогер, блогинг, медиа Кілтсөздері:

Чон – Ақсуу

Тамыз 12, 2008 2 пікір

Өзімнің зерттеу жұмысымда блогтағы жазбаларды жанрға бөлуге тырыстым. Бұндағы журналистика немесе әдебиеттің таза жанрын көп кездесірмесеңіз де, олардың элементтері бар екені сөзсіз. Солардың бірі-жол сапар очерктікі жиі ұшырасады. Бардым, көрдім, ойлар, пікірлер…Сонымен қатар фото, не болмаса видео. Бұл сіздің сөзіңізге жан бітіргендей болады (әсіресе, мен сияқты, тілдің шебері болмасаңыз) бейне файлдар арқылы жолсапарларыңыз жайында одан сайын қызықты ақпарат жеткізуге мүмкіндігіңіз пайда болады.
Сонымен, сіздерге өзімнің кішкентай саяхатымды көрсеткім келеді; Чолпон атаға жақын Бозтері ауылынан шыққан экскурсияның суреттері төмендегідей. Григорьевтегі Чон – Ақсуу шатқалына келіп, атқа мінгенбіз(1 сағат-500 сом), осылайша таудың таза ауасын жұтып қайтқанбыз.