Мұрағат

Archive for 2009 Қазан

2 жасқа толдық

Қазан 31, 2009 15 пікір

3197525753_9a3de46ac1_o

1 қараша – блогымның туған күні! 🙂 Осы екі жылдың ішінде блогымның арқасында сіздермен таныстым, ақпаратпен бөлістім, қызықты пікірлеріңізбен, көзқарастарыңызбен таныс болдым! Сіздер сияқты оқырмандардың бар болуы блогтың дамуына, жаңаруына әр кез оң әсер етеді! Сол үшін сіздерге алғысымды білдіргім келеді!

Төменде 2 жылдық статистика 🙂

Безымянный

Санаттары:блогер, статистика Кілтсөздері:, ,

Қазастандық Әлемторда жарнама қалай дамуда?

Қазан 29, 2009 8 пікір

biznes_l24 сағат бойы жұмыс істеп тұрған жарнама мекені – Интернет. Жаңалықтық пен сараптамалық сайттарда да, жеке күнделік пен видео-сервистерде де жарнамаға кезігуге болады. Бұрындары интернет-жарнаманың негізгі пайдаланушылары кіші және орта бизнеспен айналысатын компаниялар болса, бүгінде бұл кез келген компанияның маңызды құралы. Әлемтордағы жарнама нарығы басында баннерлік жарнама мен баннерлік желілер арқылы жұмыс жасаса, интернет қолданушылар саны көбейген сайын ол дәстүрлі жарнама заңдарына бағына бастады: серіктестік бағдарламалар, мәтіндік жарнама, сапалы сайттар мен кәсіби желілік жарнама агенттіктер пайда болды.

Google мен Yandex сияқты іздеу жүйелерінің алпауыттары пайда болғаннан кейін жарнама мүмкіндіктері одан сайын кеңейді. Нарықты сегменттерге бөлу мен мақсатты аудиторияны іздеу арқылы ірі компаниялардың көбісі Әлемторды маркетингтік бағдарламаларының негізгісіне айналдырды. Ал Қазақстан Интернетінде (ҚазНет) жарнаманың бүгінгі жағдайы мен даму бағыты турасында білу үшін еліміздің ақпараттық технологиялар саласының мамандарын әңгімеге тарттық. Тег «Далее»

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,

Google тарихы

Санаттары:медиа Кілтсөздері:

Үрейлендіруден жалықпағандар

Қазан 24, 2009 14 пікір

francis-bacons-triptych_48-787509

Біз апат атаулымен гипноздалғанбыз. Кейбір журналистер шектен шығып кетеді, олар «таң қаларлық», «болып көрмеген», «керемет», «ес кетерлік» деген эпитеттерді жаудыра береді. Сонысы олардың үрейге деген құмарын көрсетіп-ақ тұр. Олар суреттегі өлімді жақсы көреді. Олардың кәсібі де сол. Және олардікі дұрыс: бұл Дантенің «Тозағы», Октав Мирбоның «Азап бақшасы», Фрэнсис Бэконның суреттері сияқты тамаша. Бұл сұмдықтың арбап алғанынан ұялудың қажеті жоқ. Дж. Г. Баллард: «Зорлық – XXI ғасырдың поэзиясы».

extrait du roman «L’égoïste romantique» Frédéric Beigbeder

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:, ,

Смағұл Садуақасов – публицист (5)

Қазіргі кезде баспасөз бетінде бас мақала соншалықты көп көрінбегенімен, кезінде ол жетекші жанр деп саналатын болған. Себебі ол өз алдына үлкен мақсаттар қойып, ірі мәселелерді жазады. Тек жазып қана қоймай, оларды шешудің жолдарын қарастырады. Осы жерде оның жазылу тілі мен стилі де айқындалады. Бас мақаланы жазған автор онда тек өз ойын ғана емес, жалпы ұжымның ойын да айтады.

Бас мақаланың тағы бір өзгешелігі оның публицистикалық салмағында. Мұнда журналистің мәні бар, көпшілікті қызықтыратын, оқырманды көптен толғандырып жүрген тақырыптары қозғалады.

Алайда, бас мақаланы жазуға кез келген журналистің өресі жете бермейді. Оны жазу үшін жан-жақты терең білімді, әлеуметке дұрыс бағыт бере алатын сарапшыл, шыншыл бола білу керек.

С. Садуақасұлының әрбір мақаласы өте көркем жазылған. Ең басты қасиеті сөйлемдерін сағыздай созбай, қысқа да нұсқа жаза білуінде. Ешбір босқа тұрған, басы артық сөз кездеспейді. Орынсыз қайталау мүлдем жоқ. Кез келген мақаласы тұщына, тамсана оқылады. Смағұл тіл тазалығына өте қатты көңіл бөлген. Сол кездегі баспасөзде ең қатерлі жайт – араб, парсы, орыс сөздерін орынсыз қолданып, ана тіліміздің шұбарланып жазылуы көрініс тапқаны да белгілі. Алайда, Смағұл өз кезегінде оған да тосқауыл қоя білген.

«Смағұл Садуақасұлы «Еңбекші қазаққа» 1925 жылы редактор болып келісімен, газеттің тілі де өзгеріске ұшырай бастады. Біріншіден, шығарушылар газет материалдарын қалың бұқараға түсінікті қазақ тілінде жеткізуді көздесе, екіншіден, газетті халық тілін шұбарлаудан басқа берер пайдасы күмәнды шетелдік сөздерден таза ұстауға күш салды. Редактордың ұйғарымы бойынша осы айтылған шаралар арқылы газет сол кезеңдегі қазақ өмірінің ең өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешудегі құралға айналуға тиіс болды» -дейді тарихшы-ғалым Мәмбет Қойгелдиев. Осындай тілге деген жанашырлықтың арқасында басылымның таралымы үш мыңнан сегіз мыңға дейін өскен.

“Арқа ақпарат” сайты бойынша

Аймақтық журналистика блогшылар қолында

Қазан 16, 2009 1 comment

7304Өзінің сапалы жаңалықтарымен танымал британдық The Guardian газеті аймақтағы жаңалықтарды жариялау үшін жұмысқа блогшыларды алатын болды. Олардың жазбаларына қаламақы да төленеді (әрине, кәсіби тілшілерге қарағанда азырақ). Осылайша газет дағдарыс кезінде қаражат мәселесін шешіп, аймақтағы биліктің жұмысын назарға алмақшы.

Британдық газет елдің аймақтарына белсенді экспансия бастамақшы. Аймақтарда брендті көпшілікке тарату мақсатында Guardian Local тәжірибелік жобасы басталады. Басылымның басшылығы өз аймақтың жаңалықтарын жақсы білетіндер – желілік жазушылар деп әділ байқаған болатын, сонымен қатар, әр аймақта тілшілерді жұмысқа алғанша, блогшыларды алу қаражат жағынан тиімді.

«Бұл жоба — біздің эксперимент, біз жергілікті телеарналардың бағыты бойынша жұмыс жасауға кірісеміз. Әзірге саяси салада белсенділік танытып отырған үш қалаға тоқталдық және бұл жобаны 2010 жылы бастайтын боламыз», — деп әңгімелейді Guardian News & Media сандық контентті дамыту бөлімінің директоры Эмили Белл. Local Сара жобасының редакторы Хартли: «Біз аймақтағы жаңалықтарды сараптаған кезде жергілікті веб-сайттар мен блогтардағы ақпараттың кеңдігі мен тереңдігіне таң қалдық. Жергілікті жаңалықтарды сол жердің өзінен көрсету — журналистиканың жаңа тренді және ол шын мәнінде не болып жатқанды түсінуге көмектеседі», — деп қосады.

Ақпаратпен «ЧасКор» сайтында толығырақ танысуға болады.

Әлеуметтік желілер мен бренд атаулары

clip_image002Apple мен Microsoft әлеуметтік желілердің басты брендтеріне айналды: олар Infegy компаниясы өткізген 200 брендтен құралған «Social Radar Sentiment Index» рейтингінің көшбасында. Осының алдында сарапшылар түрлі бренд аттары аталған негізгі әлеуметтік ресурстардың 20 млн бетін қарастырды. Рейтинг брендтердің жағымды айтылған сөздер мен пікірталастар санына негізделген. Сандарды мына жерден көруге болады –> AdAge.com.

Apple бір айдың ішінде 900 мың рет аталса, Microsoft – 574 мың рет. Алайда, Microsoft «жағымды пікірлер» саны бойынша бірінші: 78,9%, ал Apple-дікі 74.6%.

Осы салаға қатысы жоқ Ford сегізінші орында. Оның «жағымды пікірлер» рейтингі  — 87,6%. Себебі бұл автокомпания басқаларға қарағанда АҚШтан мемлекеттік қолдау көрген емес. Мысалы, General Motors «жағымды пікірлер» бойынша тек 71,4% жинады.

Қайнар

Санаттары:медиа, статистика Кілтсөздері:

Жаңа Медиа көрінісі

Қазан 11, 2009 7 пікір

Жаңа және дәстүрлі медианың өзара әрекеттесуі арқылы қоғамдық пікір қалайша қалыптасады?

Төмендегі иллюстрацияға назар аударыңыз.

enemy-blogs

қайнар

Санаттары:медиа Кілтсөздері:,

Смағұл Садуақасов – публицист (4)

Смағұл Садуақасұлының көсемсөздік сипаттағы «Қостанай-Торғай» атты жолжазбасы «Қызыл Қазақстан» журналында 1922 жылы жарық көрген. Онда: «Қазақ… Қазақты білесіз. Қазақтың қолынан не дәрмен келеді? Қойша айдаған жаққа жүре беру. Қырса, үндемей қойша қырыла беру. Біз – мал емес пе!»- деген сөзінен өрбітіп, Қостанай мысалында кеңестік билікке мойынсұнған қазақ жұртының ауыр халін, көнбістігін, пәсейген рухын сөз етеді. Отаршылдардың зымиян іс-әрекетін әшкерелейді. «Қостанай уезінің қазағы орыспен сан жағынан тепе-тең, құқық жағынан, бостаншылық жағынан Қостанай қазағының халі ескі замандағыдан төмен. Іс басында бір қазақ жоқ деуге болады. Бәрі орыстар… Істегендері зорлық-зомбылық, қиянат, қырып кету, жойып кету. Ел ішіне жақсылық сөзбен, таза пікірмен барған біреу жоқ»- дейді көсемсөзші.

С. Садуақасұлы жолжазбада қостанайлық оқыған азаматтардың (қазақ) неліктен елеусіз орындарда жұмыс істеп отырғанын да зерделеген. Оның пікірінше, қабілетті қазақтардың аяғынан шалып отырған – отаршылдар. «Колонизаторлардың әдісі жақсы-ақ! – дейді мысқылмен Смағұл. – Біреуді «жалқау» дейді, жалқау бола қалады. Екіншіні «контр» дейді, контр бола қалады! Өздері оңды, басқа жұрт жаман». Тег «Далее»

Жолсапар очерк деген не?

Қазан 4, 2009 10 пікір

reader travel aprОчеркті көркем-публицистикалық жанрдың «патшасы» деп атайды. Бұл ең қиын жанрлардың бірі, себебі ол журналистен шынайы әдеби шеберлікті талап етеді. Очеркте аналитика және бейнеліліктің бастамалары бірлеседі. Бір сөзбен айтқанда, журналист тек фактты ғана емес, сонымен қатар, көркемдеу әдістерін де қолдану қажет.

Очерктің басты үш түрі:

  • портреттік очерк;
  • проблемалық очерк;
  • жолсапар очерк;

Осылардың ішінен жолсапар очеркке тоқталсақ,

жолсапар очерк – бұл автордың сапар кезіндегі оқиға немесе кездесулерінің суреттелуі. Бұл жанр авторға фантазия мен әдеби шеберлікті қолдануға көбірек мүмкіндік береді. Басты проблема – ақпаратты сараптау, себебі сапардан кейін көп әсерлер қалады, алайда, олардың қайсысы қызықты, қайсысы маңызды екенін түсіну қажет. Жолсапар очерктің бірнеше мақсаты бар, мысалы, әр түрлі елдегі адамдардың өмірін көрсету т.б.

Жолсапар очеркіне баспасөз зерттеушісі Д. Баялиева мынадай анықтама береді: «Бұл очерк жанрының ең көне түрі. Ол автор жол-жөнекей көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған оқиғалардың негізінде жазылады. Автор өзін толғандыратын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, салттық-саналық мәселелерді ғана іріктеп әңгімелейді».

Жолсапар очерк – публицист-суретшінің жазудағы ең ашық формалардың бірі. Жазушы материалды еркін жеткізіп, оқырманмен ашық қарым-қатынаста болады. Осы очерктің түрінде тарих, статистика, жаратылыс ғылымдардың элементтері мен саясатқа қатысты мәселелерге пікір білдіру, жеке ойлар, сезімдер бар.

P.S. Жолсапар очерктің тамаша үлгілері: М. Әуезовтың «Үндістан очерктері», «Америка әсерлері», Б. Момышұлының «Кубадағы кездесулер» мен Н. Оразбековтың «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы».

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:,