Мұрағат

Archive for 2008 Қазан

Блогосфераның бренд жайлы әңгімелері

Техноратидің зерттеуі жайында Веб-планетаның бір блогшысы жариялаған материалды тәмамдауға рұқсат беріңіз(бұйырса, кейін де бұл тақырыпта жазылған қызықты материалды жариялауға тырысамын).

Блогосферада бренд жайлы әңгімелер ең бірінші орында екен. Блогшылардың 80% сауда маркаларға сараптама жасап, бренд жайлы толғаныстарын(мақтай отырып немесе керісінше жамандап) көп жазады.Technorati-дің сауалнамасына қатысқандардың 61% блогтағы бренд жайлы мағлұматты дәстүрлі ақпарат көздеріне қарағанда бар ынтамен қабылдап, көбірек сенетінің дәлелдеген. Мысалы, кейбір танымал компаниялардың қызмекткерлері ақмақтықпен ұйымдастыратын «пиар» қозғалыстарын, нақтылап айтатын болсақ, «өзіндік пікір» білдіретін спамды ескермей, брендты осылайша жарнамалайтын әрекеттерге сеніммен қарайды. Кейде бұны пікірлердің арасынан ғана емес, блогтағы жазбалардың өзінен де кездестіруге болады.

Сонымен қатар, блогшылар газет пен ТВ-ға қарағанда интернет-ресурстарға деген сенімі молырақ. Бірақ бұл әлемтордағы баннерлік жарнамаға қатысты емес. Флеш-роликтер мен суреттерге сауалнамаға қатысқандардың 16% ғана назар аударады. Мобилдьі жарнамаға келетін болсақ, мұнда респондент саны – 4%.

Advertisements

Би-Би-Си тілі

Қазан 28, 2008 4 пікір

Интернет БАҚ тілін сөзсіз өзгертті. Лингвисттер мен журналистер үшін «интерент тілі» деген құбылыс пайда болды. Тіл тірі организм болғандықтан әр уақытта дамиды, эволюциядан өтеді. БиБиСидің журналистері тілдің өзгеріске ұшырауын қадағалап отырады және неологизмдерге көп көңіл аударады.  Би-би-сидің веб-сайттары корпорацияның басқа да қызметкерлері сияқты редакцияның құндылықтары мен ережелеріне сәйкес материалдарын жариялайды. Мұндағы редакциялық прициптерінің ең бастысы-объективтілік пен байбаламсыздық(яғни бейтараптылық.Ә.С.).
Би-би-сидің редакторы Андрей Остальский тілдік ерекшеліктер жайында мына видеода сөз қозғайды. «Сонымен, интернет-журналистиканың өзіндік ерекшеліктері мен логикасы бар. Мысалы «Жақсы жазу – бұл зеріктіретін міндет емес, бұл қажетілік». Компьютер мониторынан оқу газетке қарағанда қиындау. Осыны түсініп, ерекше стиль жасаймыз, оның негізінде қысқа фразаларды қолданып, материалдың көлеміне де көңіл бөлеміз. Интернеттегі оқырмандардың көбісі мәтінді тез көз жүгіртіп қарай салатындықтан біз олардың назарын аудартуға тырысамыз. Қысқа тақырыптар, қысқа және ұғыныңқы сөйлемдер. Жарияланымды қызықты етіп шығаруға веб-дизайн және мәтінді әрлеу әдістері көмектеседі.

Материалды құрастырудың да өзіндік ережелері бар.Жаңалық немесе сараптамалық мақала болса, оның қажеттілігін және маңыздылығын ең басында айтып өтеміз(төңкерілген пирамида жайында айтып отырған сияқты Ә.С.). Ал осы жаңалық не проблемамен байланысты жалпы фактілерді соңғы абзацтарда ұсынамыз.

Материалды жазған кезде өзіміздің стилімізге сай тіл және ақпаратты ұсыну мәнерімізді қолданамыз. Клише фразалардан, бағалауыштық сөздерден аулақ болуға тырысамыз. «Жақсы» және «жаман» деп жаңалықтарды бөлмейміз. Мысалы, банктегі есеп мөлшері қысқартылса бұл ипотекалық несие төлейтін жылжымайтын мүлік иелері үшін жақсы жаңалық, бірақ жинақтандыру банкінде салымы бар адамдар үшін бұл жаңалық жақсы емес.  Сондықтан да біз тек қана оқиғаға байланысты мағлұматтар жеткіземіз, ал оқырмандар көзқарастырына байланысты жаңалықты өздері бағалайды.

Сапалы жазылған мәтін немесе репортаж ешкімге де зиян келтірмейді, сондықтан қатесіз және қызықты жазу – біздің аудитория ықыласында».

P.S. Би-би-сидің осындай бір сабағы алдағы жұмысыңызға көмек болар деген үміттемін.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,

BBC біз үшін

Қазан 26, 2008 2 пікір

Бұрын Әлемдік ВВС қызметі үшін қалай жазу керек деген сауалдарға жауап беретін біраз материалдар жарық көретін, себебі ВВС – бұл тарих, ал оның стилі жылдар бойы қалыптасқан. Өткен аптадан бастап ВВСдің әлемдік қызметі мен Журналистика мектебі жаңа жобаны ұсынды. Жобаның материалдары араб, қытай, орыс, урду, парсы, француз тілдерінде жасалмақ. Мақсаты – жылдар бойы қалыптасқан өзіндік тіл, стильдерді жинап, аудиториямен бөлісу. Мен осы сабақтардың негізгі тезистерін сіздерге аударғым келеді, себебі бұл жоба әр журналист (мүмкін блогшы) үшін пайдалы болады.

Қарастыратын салалар: Тіл, Обьективтілік, Бағалауыштық сөздер, Қажет сөзді таңдау, Аударма барысындағы қиындықтар, Шетел сөздері, Жаңа сөздер, Интернет тілі, Аудитория факторы, Радио үшін қалай жазу керек. Келесі жазбалардан көре аласыздар.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,

Блог бастаймын

Қазан 21, 2008 29 пікір

                                                                  Осы сөзді әр блогшы айтқан және де келешекте блог жүргіземін дегендер әлі де айтады. Алғашқы пост жазу үшін не істеу қажет, не жайында ойлану керек? Блог бастау-бұл автокөлік немесе жылжымалы мүлік сатып алу деген емес. Жеке бетті жүргіземін деп шешім қабылдау мен оны бастаудың арасында 10 минут уақыт болуы мүмкін және бұнда еш жамандық жоқ.

Бірақ, бұл сізге күткен/оң нәтиже әкеледі деген сөз емес. Себебі әр блогшының өзіндік тактикасы болған дұрыс. Адам блоггингке келгенде бір мезеттік сезімнің не эмоцияның құлы болуы мүмкін, яғни көкейінде жүрген пікірін не ойын жариялап, кейінде бұл тақырыпқа оралмай, басқа жаққа бұрып әкетіп, блогтың біріңғайлығын, идеялығын бұзады. Стильдерді талғау біраз уақытты алады. Басында блог бірнеше адаммен жүргізілгендей болып, кейін жеке, содан мүлдем жабылып, біраз уақыттан кейін жаңа тақырыппен қайта ашылған блогтардың өмір сүру үрдісі көптеп кездеседі.

Ақыры блог мүлдем жабылып қалған жағдайлар да болады, себебі жазатын тақырып қалған жоқ емес, бір тақырыптан екіншісіне көшу арқылы блогтың негізгі тематикасы байқалмай қалады. Бұны блогшының өзі де, оқырмандары да тез түсінеді.

Байқасаңыз, қазіргі кезде блогсосферадағы танымал блогтардың барлығы жайдан-жай, ойламаған жерден пайда болған жоқ. Олардың әрқайсысында негізгі тақырып, бағыт әуел бастан-ақ анықталған еді.

Өз ойым

Осыны аударған кезде өзімнің біраз қателіктерімді аңғардым. Бұл ақапарт әсіресе станделон блогтар үшін маңызды. Шынымен де өзіндік ережелерді енгізген дұрыс сияқты. Мысалы, мен осыны жазамын, ал мына тақырып блогымның бағытына келінкіремейді деген сияқты… Әр газеттің өзіндік редакциялық саясаты сияқты әр блогшы жеке беті үшін концепциясын құрастырып, бір бағытта блог жазбаларды жазса қандай нәтижелерге қол жеткізеді? Осы сұраққа бізге жаңадан келген блогшылар жауап береді деген үміттемін. Ал әзірге Қазақ блогшылардың көбісі сияқты Word Press-те өмір сүріп жүрміз және мұнда кім не туралы жазатынын да аңғарған секілдіміз. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, блогтарыңыз мәнді де сәнді болсын!  

«Жұмыс барысы…»

Қазан 18, 2008 4 пікір


Кейбір блогшылар өз күнделіктеріне көп уақыт бөледі. Мысалы, авторлардың 21% аптасына 3-5ке дейін сағат, осындай санға жуық адам 5-10 сағатты блогына арнайды. Блогшының 78% өз жеке бетін жалғыз жүргізсе, 13% және 9% біреудің тегін қызметін немесе көмекшілеріне ақша төлеу арқылы блогты ақпаратпен толтырады екен.
Ал енді пост жазу жиілігі жайында айтатын болсақ, «көпмыңдықтар» арасында алғашқы жүздіктің ең танымал блогшылардың 43% күніне 18 рет блог жазба жариялайды екен(олардың танымалдылығы осымен байланысты да шығар). Соған қарамастан, блогты жиі жаңартпай-ақ, танымал болудың мүмкіндігі бар. Мысалы, top100дің 8% жаңа блог жазбаны күніне 1 не одан да аз жариялауы мүмкін, бірақ олардың оқырманы аз емес. Бір сөзбен айтқанда, әркім өз күшіне сай жұмыс жасайды. Біреу сапасымен, екіншісі санымен, басқасы дәл ортасын тауып, блогосферада өз орнын табуда.
Танымал блогшылардың көбісі ілмектер қоюды жақсы көреді. Technorati-дің зерттеуі бойынша, блогшылардың 36% ілмектерді қолданады екен.
Ал блогшылар танымалдылық жолында қандай әдістер қолданады деген сұраққа жауап беретін болсақ, бірінші орында-Technorati листингіне қатысу, екінші орында-басқаның блогына пікір қалдыру, үшінші орында- Google листингі. Блогшылардың 1/3 бөлігі өз күнделіктерінің танымалдылығын Google Analytics арқылы білсе, 20% Sitemeter және Statcounter-ды қолданады, 5% бұған мүлдем қызықпайды.
Ақпарат көзі

Санаттары:блогер, блогинг, статистика Кілтсөздері:,

LP Saver – қызықты гаджет.


 Бұл казіргі заманға тән емес дизайнда жасалған магнитола бұрынғы әуендерді тындауға құмар меломандар үшін арналған. Винтажды сандық тек қана компакт-дискілерді емес, сонымен қатар аудиокассета, винилды(33 1/3 пластинкаларды, 45 және 78 айналымға) да ойнатады және бұрынғы ақпарат тасытқыштарды цифрлаудан өткізеді. Винилды тікелей CD-ға аудару мүмкіндігі әсіресе қуантады. Жүйеде AM/FM радио мен арақашықтық басқару пульты бар. Магнитоланың бағасы 350 доллар.
Сонымен LP Saver арқылы бала кезіміздегі пластинкаларды тыңдап, оларға жаңа өмір сыйлауға болады. Өкінішке орай бұл девайс USB-портсыз, яғни mp3-форматта оған тректерді жаза алмайсыз.
Ақпарат көзі.

Санаттары:медиа

Қазақстан әйелдері

Қазан 13, 2008 23 пікір

 «Қазақстан әйелдері» журналының тарихы жайында айтпас бұрын, өмірімнен бір қызық дерек келтірейін. Мүмкін сіздер сенбессіздер, бірақ Мегалайнға қосылуым осы журналмен тікелей байланысты. 3-курста оқып жүргенде(2007 ж.) оқу залында осы журналды ақтарып отырғанмын, бір кезде қызыл бояуы бар үлкен жарнамаға үңілдім:«Қазақтелеком лимитсіз интернет қызметін ұсынады, интернетке қосылған кезде телефон бос болады, жылдамдығы жоғары» екенін жарнама мәтінінен оқып, бұрын қайда қарап жүргенімді білмеймін, басқа жарнамаға көңіл бөлмегендіктен бе, әлде,…әйтеуір тура осы күні Қазақтелекомға барып, бірнеше күннен соң Мегалайнға қосылдым.

Басында Қазақстан КПОК-нің әйелдерге арналған қоғамдық саяси және көркем-әдеби, ай сайын шығып тұратын журналы еді. 1925 жылы мамыр-маусымда «Теңдік»(газет), осы жылдың тамызынан бастап 1934 жылдың аяғына дейін «Әйел теңдігі» 1935-41ж.ж. және 1950-54 ж.ж. «Сталин жолы» деп аталды. 1955 жылдың қаңтарында «Қазақстан әйелдері» болып шығарылды. Журнал қазақ әйелдеріне саяси және мәдени-рухани тәрбие берді, оларды партия мен кеңес үкіметі алға қойған міндеттерді орындауға жұмылдырды. Қазір журнал бәрімізге белгілі форматта шығады, редакциясы Астанада, ал таралым бөлімі Алматыда.