Archive

Posts Tagged ‘The BOBs’

The BOBs нәтижелері

Желтоқсан 1, 2008 4 пікір

Қараша айының аяғында Берлиннің Коммуникация мұражайында The BOBs Ең Үздік Блогтарды анықтады. Кеш жариялап отырғаныма ренжімессіздер.

1227273154744053mqbjgnog

Y ұрпағы Үздік блог

Автор: Йоани Санчес
Тілі: Spanish
Куба дессиденті Йоани Санчестің веблогы. Ол аралдағы күнделікті проблемалар мен мәселелер жайында жазады. Йоанидің блогы бүкіл ұрпақтың рупорына айналды деп айтуға болады. Бұл ұрпақ Шығыс пен Батыс арасындағы шекарада өмір сүреді және қазіргі заманда өз орынын іздеуде.

Radio Grinch Ең үздік подкаст

Автор: Денис Grinch

Тілі: Russian
Радиожурналист Денис Grinch үнхабары аз уақыт арасында орыс тілді подсалада танымал болуға үлгерді. Оның әріптестері – Людмила ака Фьюжн және Алексей aka Tolmach. Үнхабардың төрт айдары бар: «Бортовой журнал» – жиі шығатын жеңіл көңіл көтеретін бағдарламалар; «Ноотропил» – бір тақырыпқа арналған монолог, аптасына бір рет шығады; «Диалоги» – көкейкесті тақырыпта қонақтармен әңгіме; «Постмодерн» – экспериментальді подкасттар.

Ең үздік видеоблог

Тілі: English

http://voicesofafrica.africanews.com/

«Шекарасыз тілшілер» ұйымының бәйгесі

4equality

Автор: Ұжымдық блог

Тілі: Persian

Парсылық 4equality жоба 2 жыл бұрын жасалды, ол Ирандағы кемсітушілік заңдарға қарсы 1 миллион қол жинады. Сайттың жобасына мемлекет қауіпсіздік органдары 17 реттен аса тыйым салды, ал жобаның 48 қатысушысы қамауға алынды.

Zeng Jinyan Blog

Автор: Цзэн Циньен
Тілі: Chinese

Қытайлық Цзэн Циньен – Сахаров атындағы сыйақының жүлдегері Ху Цзяның әйелі. Бірнеше айдай 25-тегі Цзэн Циньен үй қамуында. Өз блогында ол мемлекет қауіпсіздік органдарының қадағалауындағы өмірі жайлы жазады.

Мараточка и все, все, все Ең ерекше блог

Автор: Марат Амарей
Тілі: Russian

Мараточка — бұл аяқтары бар нүкте дейді дизайнер Марат Амарей. Блог күн сайын қызықты комикстерді ұсынады. Комикстердің бас кеіпкері – Мараточка.

Ohod Араб тіліндегі ең үздік блог

Автор: Ахмад
Тілі: Arabic

Ахмад тәулсіз Египет және бүкіл әлемдік мәдениет жайында жазады. Оның пікірлеі мен ойлары араб прозасының тамаша көрінісі

Liuxiaoyuan Қытай тіліндегі ең үздік блог

Автор: Liuxiaoyuan
Тілі: Chinese

Қытайлық адвокат заң саласындағы кейбір маңызды аспектілерді талқылайды. Ол Қытайдың азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет қалыптасуын қолдайды.

Mädchenmannschaft (Girls’ team) Неміс тіліндегі ең үздік блог

Автор: Ұжымдық блог
Тілі: German

Бұл блогта Германиядағы феминизм мәселелері талқыланады. Авторлары – 5 жас әйел. Олар саясаттағы жаңалықтар, сексисттік жарнама, феминизм қозғалысындағы жобалар мен үрдістер жайында жазады. Сонымен қатар, олар Alphamädchen атты кітап шығарған.

Political Party Blog Ағылшын тіліндегі ең үздік блог

Автор: Ұжымдық блог
Тілі: English

Бұл блогта Sunlight Foundation фондының американ партия жиналыстарынан репотаждар жарияланады. Олар бизнесс өкілдері мен саясаткерлер арасындағы байланыс, американ партияларын кім демеп отыратыны жайында айтады.

Le Blog de Yoro Француз тіліндегі ең үздік блог

Автор: Йоро
Тілі: French

Бұл блог журналисттің көзқарасымен Кот-д’Ивуардағы (Піл сүйегінің жағалауы) күнделікті өмір жайында. Бұнда жарқын фото, пікірлер мен аудио/видеоматериалдарды тауып алуға болады.

Foodlog Нидерланд тіліндегі ең үздік блог

Автор: Дик Веерман
Тілі: Dutch

Блог азық-түлік өнімдері, оларды өндіру мен организмде қорытылуы жайында. Өте қызықты тілмен жазылған.

Индонезиялық ең үздік блог
Тілі: Indonesian

http://media-ide.bajingloncat.com/

freelancer Парсы тіліндегі ең үздік блог

Автор: Хома

Хомайон Хеири – Австралия университетінің профессоры. Өз блогында ол фото мен мақалаларын, жақсы көретін тағам рецепттерін жариялап отырады.

Querido Leitor Португал тіліндегі ең үздік блог

Автор: Rosana Hermann
Тілі: Portuguese

Readers of Querido Leitor (Dear Reader) receive a wealth of information in exchange for their high degree of involvement in the Weblog. Journalist, blogger, screenwriter and nuclear physicist Rosana Hermann is probably one of the most prolific personalities in the Brazilian blogosphere.

MetroDream by Russos Орыс тіліндегі ең үздік блог

Автор: Russos
Тілі: Russian

Фотограф Александр Попов (Russos) жеті жылдан аса метроқұрылысын және метрополитен, ескі заводтарды, ғимараттар мен көпірлерді, ұшақтарды, биікте орналасқан обьектілерді және мысықтарды фотоға түсіреді. Керемет ракурстар мен қызықты суреттер.

233grados.com Испан тіліндегі ең үздік блог

Автор: DixiRed
Тілі: Spanish

Titled the temperature at which paper burns, 233 Degrees (or 451 degrees Fahrenheit), this blog’s authors have a common goal: creating a large Internet community. Started this year, the authors profess that the media is in a crisis and that the Internet needs to be embraced as the best platform to present journalism.

Осы блогтарға сілтемелер

Advertisements
Санаттары:блогер, блогинг, медиа, әлеумет Кілтсөздері:,