Archive

Archive for 2009 Мамыр

ВВС ізімен(9)

Мамыр 30, 2009 17 пікір

Редактордың қажеттілігі жайында
редактор
Материалды жариялау алдында, оны біреу тексерген жақсы. Бұл функцияны веб-сайттың редакторы, немесе редакциядағы журналистер кезектесіп атқарауы мүмкін. Бірақ редакцияланбаған материалды жариялауға болмайды. Себебі ең керемет журналист немесе жазушының өзі қатесін байқамауы, не бір сөзді/мәтінді қайталап жазуы мүмкін. Редактор мәтінді өзгертсе, одан қорықпау керек. Бұл оның жұмысы. Редактор мәтінді көркемдеп, өңдейді, бұл сіздің қолыңыздан да келуі мүмкін, бірақ кейде автор өз материалына қайта-қайта қарап, көп уақытын бөлгендіктен, керісінше біраз қателіктерді(тек қана орфографиялық немесе пунктуациялық емес, стилистикалық қателер де) байқамауы мүмкін.

Редактор мәтінді толық түсіне алмайтын жағдайда, оны редакторға түсіндіріп, оқырманға түсінетіндей қылып, қайта жазу қажет.

Жақсы редактор мақаланың заңнамалық жағын да қарастыру қажет, осылайша веб-сайт  дау-дамайдан/арыздардан аулақ болады.

P.S. немесе Ал мен болсам,…

Өз басым блогта көп қате жіберемін, кейде асығып, кейде байқамай, кейде білместіктен. Бақытыма орай, менің оқырмандарым қателерімді көрсе, айтуды ұмытпайды, осындай қате кетті деп хат(пікір емес) жазады. Сіздердің барлықтарыңызға көп рахмет.

Редакциялар жайында айтатын болсам, шынымен де редакторлық және корректорлық жұмыс өте маңызды, әрі міндетті түрде болады. Газет, не ТВ болсын, апта сайын журналистер және осы БАҚ қызметкерлері жиналып, өткен аптаның материалдарына шолу жасайды, қателіктерін көрсетеді, проблемаларды талқылайды.

Интернеттегі веб-сайттар жайында айтатын болсам, өзім  «Интерньюс Казахстан» сайтына материал жіберген кезде, оны еш өзгертпестен жариялапты. Қызық, негізі, ішінде қателер бар еді.

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,

Қазақ мерзімді баспасөзі (5)

«Есіл правдасы», «Тың өлкесі».

Көп ұзамай Отан соғысы басталады. Сұрапыл соғыс жылдарында басылымның ұйымдастырушылық, халықты ерлік еңбекке жұмылдырушылық күші ерекше болады. Газет майдан мен тыл өмірін көрсетіп қана қойған жоқ, қаламдарын қаруға айырбастаған бір топ қызметкерлерін ел қорғауға аттандырады. Солардың бірі А.Айзахметов болатын. Оның орнына майдан жылдары Ө.Өкішев, К.Үсебаев, А.Әлғожин, А.Мұздыбаевтар редакторлық қызмет атқарады.

Саясат та, заман да өзгереді. Он сегіз жыл бойы «Сталин туы» деген атпен шығып келген Ақмола облыстық газеті 1957 жылдан бастап «Есіл правдасы» деген жаңа атпен жалғасты. Газеттің жаңа атқа көшуі партияның ХХ съезінің тарихи шешімдеріне байланысты «жеке басқа табынушылық» сарқыншақтарын жоюдың салдарынан болғаны белгілі. Бұл жылдарда «Есіл правдасы» газетінің редакторы С.Сейітов, Г.Сәрсенбиндер болды.

1961 жылы 17 қаңтарда КПСС Орталық Комитетінің кезекті Пленумы болып, Қазақстанның солтүстігінде бес облыс Тың өлкесі болып қайта ұйымдастырылады. Осы жылдың қаңтар айының соңына таман «Есіл правдасы» Қазақстанның бес облысын қамтыған «Тың өлкесі» газеті болып жарық көре бастайды. Бұл кезеңде халқымыздың ұлттық болмысына, қазақ рухымызға өлшеусіз қиянат жасалып, тоталитарлық идеология өктемдік құрды. Қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі басылымдар жаппай жабылды. Солтүстік Қазақстанның бес облысының ұлттық сипатын білдіретін жалғыз басылым, бүгінгі «Арқа ажарының» тарихи шежіресінде өзіндік орны бар, «Тың өлкесі» сол кезде едәуір рухани жүк көтерді.

Газеттің редакторлары Уәра Нұрсейітов, Сапаржан Хайдаров болды. Бұл кезеңде қазақ баспасөзінің ардагерлері Әнуар Ипмағамбетов пен Зейнолла Әйтімов осы газетте редактордың орынбасарлары қызметін атқарды.

ВВС ізімен(9)

Мамыр 23, 2009 10 пікір

picture

Фото жайында ұмытпаңыз

Веб-беттегі сурет, фотолар газет пен журналда сияқты өте маңызды. Олар мәтінді тірілтеді, оқырманның материалға назарын аудартады. Жақсы фотография мақалада үлкен роль атқарады.   Алайда, оның өлшемі жайында ұмытпаңыз. Мысалы, бір топ адам бар үлкен фото газетте жақсы көрініп тұрса да, сайттағы үлкен форматтағы фотоларды көп қолданбаған дұрыс.

Веб-бет қарапайым және фотолары мөлшерден көп болмаған дұрыс. Бет тез жүктелу үшін, суреттердің өлшемі жайында ұмытпау керек.

Фотомен бірге, әсіресе кәсіби сайттар мен веб-беттерде,  «descriptive alt title» болу қажет. Бұл суретке сілтеген кезде(сілтеме емес) шығып тұратын мәтін.

P.S. Блог үшін суреттерді қай ресурстардан аласыз? Мен көбінде google және flickr – ден іздеймін.

Санаттары:блогинг, медиа Кілтсөздері:, ,

Вертер феномені

Мамыр 20, 2009 29 пікір

3306268096_149c85e480_o
Суицид жайында соңғы жазбаның пікірлерінде Салтанат Вертер феномені туралы сөз еткен. Бүгін осы феномен жайында қысқаша айтып өтемін.
Феноменнің тарихы 200 жыл бұрын басталады. Немістің ұлы жазушысы Иоганн фон Гете «Жас Вертердің азабы» (Die Leiden des jungen Werthers) атты романында Вертердің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жазады. Бұл роман Гетеге танымалдылық әкелумен қатар, Европада суицидтің кең жайылыуна да әкеп соқты. Феномен күштілігі болғаны соншалық, кейбір елдердің үкіметі бұл кітапқа тыйым салған екен.
Осы феномен бүгін де «күшке» ие. Психолог-зерттеушілердің айтуынша, газеттердің бірінші беттерінде танымал адамдардың өз-өзіне қол жұмсаған оқиғалары туралы жазылатын болса, біраз уақыттан соң осыны кең жариялаған географиялық аудандарда өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары ұлғаятынына көз жеткізді. 70-жылдары осыны зерттеген Филипс, психологиялық ауытқулары бар адамдардың суицид жағдайылары жайында оқығаннан соң, еліктеу негізінде өзіне қол жұмсайтынын айтады. Яғни, бұл кейбір қиын жағдайлар кезінде, адамның басқалардың іс-әрекетіне сүйенеді деген әлеуметтік дәлелдің бір мысалы. Өмірде болатын мысалдарды келтіретін болсам, бір мектепте көп жылдар аралығында суицид дегенді тек қана анда-санда валеология сабақтарында айтатын делік. Бірақ мектепте(мектеп оқушысымен) осындай прецедент пайда болғаннан кейін, бұл басқа оқушыларға әсер етуі мүмкін. Олар енді бұны өмірде жоқ нәрсе емес екенін түсінеді және кейбіреулері өмірінде қиын жағдайға қарсы тұра алмай, осыны қайталауы мүмкін.
Кейбір жандар жанұясының беделін түсірмес үшін немесе туысқандарына сақтандыру қаражатын алуға жағдай жасау үшін өз-өзіне қол жұмсайтынын көрсетпейді (Жасырын суицид). Сондықтан олар кейде автоапаттарды өз еркімен жасайды(Автоцид). Мысалы, Франсуаза Саганның «Армысың, мұң» (Bonjour Tristesse) деген кітабында жасырын суицид көрінісі бар.
Қалай болса да еліктеу, өзімшілдік, ақымақтық, бір мезетке әлсіздік танытуды артқа тастап, кез-келген қиын мәселені ақылмен шешу қажет екенін ұмытпайық,
Бұл тақырыптарға ұқсас жазбалар:
Олар өмірмен қоштасуға асығады, Пікірлерді қорытындыласақ, Жасырын суицид.

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс, әлеумет Кілтсөздері:

Қазақ мерзімді баспасөзі (4)

Мамыр 17, 2009 4 пікір

«Колхоз екпіндісі»

Кеңес үкіметі орнаған алғашқы кезде бұрынғы Ақмола атымен құрылған облыс, округ, губерния орталығы біресе Омбыда, біресе, Қызылжарда, біресе Қарағандыда болып орнықпай жүрген кезеңде бұл өңірде «Тіршіліктен» кейін қазақша газет шығару 1928 жылға дейін тоқтатылып қалғаны байқалады. 1928 жылдың  17 қаңтарында Ақмола губерниясы таратылып, Ақмола округі құрылады. Содан сол жылдың 21-ші қыркүйегінде «Жаңа арқа» және «Новая степь» атты округтік газеттер шығаруға шешім қабылданады.

«Міне тарих, міне айғақ, ел тарихы тым айғақ» дегендей, «Тіршілік» газетін шығаруда қолданылған араб алфавиті оқуға көп қиындық келтірілгендіктен, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов жасаған араб емлесіне біраз түзетулер енгізіліп, «төте жазу» «Жаңа арқа» газетінің алғашқы нөмірлерінде қолданылады. Бұл кезде үкімет қаулысымен латын әріпін пайдалану ұсынылып, бірақ оны оқуға жұртшылық дайын болмағандықтан екі алфавит қатар қолданыста болған.

Губерниялық комитетінің ұйғарымы бойынша «Жаңа арқа» газетінің редакторы болып Әбдірахман Айсарин, орынбасары- Ғалым Малдыбаев тағайындалды. Содан Қарағанды облысы ашылып, оған Ақмола губерниясы аудан ретінде қараған уақытқа дейін «Жаңа арқа» газетінің 104 саны жарық көріпті.

1932 жылдың 2 желтоқсанында «Жаңа арқа» «Колхоз екпіндісі» деп өзгеріп, Ақмола ауданының үні ретінде тіршілігін одан әрі жалғастырады. Бұл кезде газеттің таралымы 1000 данадан асып жығылған.

14

1939 жылдың қараша айына дейін шығып тұрған «Колхоз екпіндісінде» М.Мейрамов, Қ.Сүлейменов, З.Темірбеков, А.Жанкин сынды қазақ баспасөзінің сол кездегі біліктілері редактор болыпты. Көп уақыт осы гаезтте Әмина Сақтағанова редактордың орынбасары қызметін атқарған.
«Колхоз екпіндісі» шағын екі бет болып аптасына үш рет шығып тұрған. Басылымда Ақмола аймағының мәдени-тұрмыстық өмірі, колхозшылардың еңбек тынысы жан-жақты қамтылған. Сол сияқты Ақмола өнірінің белгілі адамдары туралы қоғам қайраткерлері мен жазушылары жайында жиі-жиі мақалалар жарық көрген. Газет таралымы 1937-1938 жылдарда 2000 данадан асқан.

1939 жылдың 14 қазанында 17 ауданның басын біріктіріп Ақмола өз алдына облыс болып отау тігеді. Он жылдан астам уақыт бойы жарық көріп келген «Колхоз екпіндісі» енді облыстық газет болып қайта құрылады. Сөйтіп, 1939 жылдың 29 қарашасында Ақмола облыстық «Сталин туы» газетінің алғашқы саны жарық көреді. Ол 1941 жылдың маусым айына дейін латын әріпімен басылады. Облыстық газеттің алғашқы редакторы қазақ журналистикасының сол кезеңдегі тұңғыш мамандарының бірі – Әбу Айзахметов еді.

ВВС ізімен(8)

Мамыр 13, 2009 5 пікір

forum

Интерактивтілік

Әрине, қазіргі БАҚ үшін бұл өте маңызды. Егер де сіз оқырмандарды пікірталасқа шақыра алсаңыз, жазбаға көп пікір жазылса және автор осы пікірлерге жауап берсе/көңіл аударса, оқырман жазбаға өзінің аз болса да, үлесін қосқан сияқты болып сезінеді.

Көп сайттарда форумдар бар (блогта қонақтар беті, блог туралы сияқты беттер болады). Бұл да интерактивтіліктің құралы. Бірақ оқырмандар қалдырған әр хабарлама үшін жауапкершілік сайттың мойнында екендігін есте сақтау керек. Мысалы, Ұлыбританияның заңы бойынша, вебсайттың барлық ақпаратына иесі жауапты. Яғни, форумдағы оқырман хаттары редакцияның көзқарасымен келіспей жатса да, сырттан келген хабарламаларды қадағалау қажет.  Би-би-си форумдарында, соның ішінде Ресей қызметінде форумдағы жазбаларды алдын-ала қарап, қадағалау функциясы бар. Форумдардың мысалдарымен мына жерде таныса аласыздар.

Санаттары:медиа, әлеумет Кілтсөздері:, ,

Оқ тескен газеттер

Мамыр 8, 2009 1 comment

Майдандық газеттер 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандағы әскери құрамаларда қызмет еткен қазақ жауынгерлеріне арналып шығып тұрған баспасөз органдары. Оларды Қазақстан партия ұйымдарының жәрдемдесіп, көмектесуімен Қызыл Армияның саяси бас басқармасы, майдандардың, армиялар мен дивизиялық саяси органдары құрды. Бұл газеттер қазақ жауынгерлерін кеңес патриотизм мен пролетариат интернационализм рухында тәрбиелеуде, оларға кеңес халқы жүргізіп жатқан соғыстық азаттық мақсатын көздейтінін түсіндіруде, жауды жеңіп шығатынымызға олардың сенімін күшейтуде зор роль атқарды.

Бұл газеттер: «Отан үшін»(Солт.-Батыс майданының Қызыл әскер газеті), «Қызыл әскер ақиқаты»(бастапқыда Батыс майданда, кейін Беларус майданында шығып тұрған газет), «Жауды жоюға»(Брянск майданының қызыл әскер газеті), «Суворовшы»(Прибалтика майданы), «Майдан правдасы», «Отанды қорғауда», «Совет жауынгері»(Оңтүстік-Батыс майданының  газеті), «Отан намысы үшін»(1944 жылы майдандағы қазақ жауынгерінің қазақ халқына жазған хатын жариялады), «Жауға қарсы аттан», «Қызыл армия»(қазақ тілінде тұңғыш нөмірі 1944 жылы 4 қарашада шықты), «Майдан ақиқаты» (Беларус майданының газеті, қазақ тілінде 1944 жылдың көктемінде шықты).

5_b

Ал қазақ тілінде шыққан газеттер: “Дабыл”, “Қызыл әскер ақиқаты”, “Отан үшін алға”, “Майдан ақиқаты”, “Отан намысы үшін”, “Қызыл армия”, “Отан күзетінде”, “Жауға қарсы аттан”, “Отан үшін ұрысқа”, “Фрунзеші”.