Archive

Archive for 2008 Мамыр

Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық мұрат.

(жалғасы)Жүйріктің шабысын, қарттың қуанышы иен күйінішін  параллельді суреттеуі автор бойындағы рухтың биік екендігінің көрінісі. ″Жыланды жаздағы″ Қужаурын атты жануардың да кезінде бәйгеде дес бермеген жүйрік болғаны туралы автордың баяндауынан оқып білеміз. ″Қужауырын ақ көбік боп терлеген екен. Бір кезде осы өңірді тамсандырған тұлпар болған деседі. Алдымен құнан жарыста озыпты. Дөненінде үлкен бәйгеге қатысып, үшіншіге ілінеді. Ал елер жылы, бестісінде елу аттың алдында лағып келіпті. Бос белбеу, бота тірсек Көксерке атанады… Бір кезде желмен жарысқан бәйге Көксерке, қазіргі жарым-жартылай мүгедек Қужауырын Едігенің астына осылай тиіп еді.″ Соғыс жылдары ауыр жұмыстардың кесірінен мүгедек болып қалған атқа деген Едігенің сүйіспеншілігі ерекше. Сол себепті аттың азапты өлімі оны қатты толқытады. ″Жүйрік″ пен ″Жыланды жаз″ туындыларының негізгі көтерген мәселесі ұлттық сананың төмендеп, құлдыруы. Қазақ халқы үшін жылқы малы ішсе сусыны, кисе киімі, мінсе көлігі болған. Сонау көне замандардан Күлтегіннен, ақтабан шұбырынды кезеңінде Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай сынды, отарлау саясаты кезінде Кенесарының көтерілістерінде ерге қанат бітірген жылқы малы қазақтар үшін жеті қазынаның бірі болып саналған. Халқымызда атты баптап атбегілікпен айналысып, жүздің жүйрігін аламан бәйгесіне қосып, қазақтардың ұлттық өнердің сан-саласымен шұғылданғандығына осы көкем туынды бірден-бір дәлел болады. ″Көкбалақта″ халқымыздың мол рухани мұрасын  сақтаған күйші тағдыры туралы сыр шертіледі. ″Көкбалақ″ шығармасы өнердің өресін шыңға жетелеген күй құдіретін жыр еткен әдебиетімізде өшпес үлкен орны бар туынды. Романда барлық ғұмырын өнер жолында сарп еткен Тоқсоба қарт арқылы ұлттық болмысымыздың биік екенін танимыз. Ертеңін ойлаған қарт келешек ұрпқтан күтері мол болған, кейін келе жастардың сана сезімінің  уақыт өте өзгеруіне налып нағыз өнердің нақышын жоғалтатына күмәнданбаған. Ойлағанындай уақыт дегенін алатынына көзі жетіп бар білетін өнерін болашаққа аманат етпек болады, бірақ көнеден келе жатқан күйдің әуендерін жас өнер иелері  бояуын  жоғалтып бара жатқанына қария қынжылады. ″Қажым көп күй тартты. Бірінен-бірі аусайшы. Тоқсоба байқап отыр, өзара құсамайтын, әр түрлі әуендегі күйлердің өзі бір сарындас даурықпа тарсылдаққа айналып жатыр″.(жалғасы бар)

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:,

Ал сіз барасыз ба?

Мамыр 21, 2008 4 пікір

https://barcamp.pbwiki.com/f/blogcamp-france.png
BarCamp дегеніміз не екені жайлы мына жерде оқыған боларсыз. Мен осыған тек қосымша материал беруге тырысамын. Негізгі концепция ағылшын тілінде мына жерде. Әлемдік кэмптердің уақыты мына жерде жазылған. Көп Кэмптер әртүрлі бағытта болуы мүмкін. Мысалы, Blogcamp – блогшылар мен журналистер үшін, mobilecamp – мобильді технологиялармен айналысатындарға, StartupCamp – интернетте жаңа жобаларды жасайтындар үшін, DemoCamp – ол да сондай, бірақ қысқартылған/жеңілтілген нұсқасы(презентацияларсыз және бірнеше күннің ішінде емес, бірнеше сағат ішінде өткізіледі), iCamp – Кэмптің осы түрінде басқалардан не айырмашылық бар екенін білмедім, әйтеуір биыл жазда Ресейде өтеді. iCamp – бұл интерактивті формальді емес «бей-конференция». Ол интернет әлемінде жұмыс жасайтын, жаңа медиа, блог, web 2.0 жобалар, инновациялық идеялар, азаматтық журналистика, подкасттар, т.б. айналысатын адамдар үшін арналған.
iCamp – бұл жаңа идея, білім, жаңа жобалардың тұсау кесері, шеберлік алмасу алаңы.
Бейресми конференцияның ерекшелігі – жаңа жобалар инкубаторы. Бұл шараның бір бөлігі қатысушылардың жобалары мен идеяға негізделген презентацияларын қаржыландыру үшін жасалынады. Коммерциялық және әлеуметік грандтар алдын ала ұйымдастырылып, жаңа жобаларды қолдап, бұрынғыларын одан әрі жетілдіреді.
BarCamp Baltics 2008 жайлы қыста Асхат ағаның және Жаңа Евразия блогында оқыған шығарсыз, осы Кэмптың алғашқы күні жайлы мына жерден толық көруге болады Сонымен қатар, Нұргелдінің блогында Орталық Азия Barcamp жайлы біраз мағлұмат алуға болады.

Санаттары:блогер, блогинг, медиа Кілтсөздері:

OpenID туралы орысша ролик

Мамыр 19, 2008 2 пікір
Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:

Қорытынды

Мамыр 17, 2008 9 пікір

  Бір апта бұрын «Ең үздік блогтар бестігі» атты сауалнама жүргізген болатынбыз. Сұрақ өте күрделі болғанымен, оған жауап берушілер аз емес-тін. Сіздерге ерекше алғысымды білдіргім келеді. «Үздік» деген атқа осы блогтар ие болды: Эльвира, Ақбантик, Асхат, Бекжан, «Жаңа Еуразия», Бақытнұр, «Иттірлік», Нұрғиса, Қуаныш, Аршат, «Қарақыздың күнделігі», Алмас, Ақзере мен Абуһажардың блогтары. Осы аталғандардың бәріне 1 не одан да көп дауыс берілді. Өзім осы аталғандардың ішіне Бақытгүл Салықова, Анар Алибаева(Томирис) және Дәуреннің блогын қосушы едім. Ал дауыс беру бойынша бестікке  Эльвира, Үрімтал, Бекжан Толыбай, Бақытнұр – 5 дауыстан, ал Ерлан Оспан(Иттірлік) және Нұрғиса Асылбеков – бірдей 3 дауыстан жинады. Жаңа Еуразия – 2 дауыс. Сонымен, үздк бестікке Эльвира,  Асхат аға, Бекжан Толыбай, Бақытнұр және … Жаңа Евразияны қоссақ дұрыс болатын сияқты. Себебі Қазақ блогосферасына объективті түрде қарайтын болсақ, бұл 5 блог шынымен де үздік блогтардың қатарына жатқызылуы тиіс. Әрине, әр адамның өз талғамы, өз таңдауы бар және әр блогшы өзінің үздік бестігін(не одан да көп) өзі жасай алады.

Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық рух.

Мамыр 14, 2008 4 пікір

(жалғасы)»Басты кейіпкер тазы, яғни, ит болғанымен, шығармадағы негізгі айтылатын мәселе – адам тағдыры, халықтық асыл қазынамыз жақсы салт-дәстүрге деген заманалық көзқарас… Қазы соғыс мүгедегі, ескінің көзі сынды қазақи арман мен мұңға бейім жан. Тазы болса, иесінің ішкі әлемінің қыжылы мен шыжығының бір көрінісі сынды тілсіз хайуан. Ғұмыр бойы ата-баба дәстүрін қадірлеп өткен, дәстүрді сақтау дегенің ұлтты сақтау болып табылатынын іштей ғана түйсініп, айналасына ашық жариялай алмай, тіршілікпен қоштасқан Қазының қайғысы қалың қазақтың іштен тынған мұңын сездіреді«. Ал ″Жүйрік″, ″Жыланды жаз″ туындыларында атбегілікті пен жүйрік тағдырын, ата салтқа деген адамдардың заманалық көзқарасын суреттейді. Ежелден төрт түлік малды қастерлеп өскен жаз жайлауда шүйгінді жерлер мен мөлдір су жағасын қоныстанған, ат баптап, қыран құс ұстаған қазақтың табиғатпен терең байланысы, оны қастерлеуі түсінікті де. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі – жылқыға деген сүйіспеншілікті білдіретін ″Жүйріктегі″ Мамай қарт пен ″Жыланды жаздағы″ Едігенің бойынан көруге болады. Мамай – аттардың, оның ішіндегі бәйге аттардың, қадір-қасиетін білетін, ұлттық атбегілік өнерін бойына жинаған қарапайым ақсақал. Оның әр бәр қимыл әрекеті, ойы, наным-сеімі ықлым замандардан бері қолданылған қазақи ерекшеліктердің жиынтығы ретінде көрініс тапқан. Нарқызылды балаша күтіп, аттардың жетістіктеріне  шын қуанатын ақ көңіл, парасатты қарияның өлімі өкінішті-ақ. Соңғы бәйгеден адамдардың зұлымдықтарының нәтежиесінде ақсап шыққан жүйрікке Мамайдан басқа ешкім ем таба алмайды. Мамайдың дүниеден өтуі Нарқызылдың басынан бәйгілік дәуреннің көшуі еді. ″Ел-жұрт ойын алаңына тегіс жиналып, аудан басшылары көктем мерекесіне арналған шағын митингісін өткізіп жатқанда Мамай жаяулап келіп қызыл атты алды-артынан бірлей таразылап шыққан. Қапысыз таныпты. Тұлпар. Тек… ащы тері алынбаған. Жер алыс, отыз бес шақырым, қыза келе жүгірісін түзер деуге топқазы…″. Бұл туындыдағы Мамай ақсақалдың шын жүйрікті алыстан тани білуі, атбегіліктің қыр-сырын жетік меңгеруі халқымыздың тәңір түріктің қанына сіңген, атадан балаға берілетін алланың сыйы екенінде күмән болмаған.  ″Бәйгеге қатыспақ қырық жеті ат көмбеге иін тіресе, сап түзей тізілді. Нарқызыл орта тұста… Тыныш тұр. Тек әдепкіден гөрі сәл мазасыздау сияқты. Құлағын қайшылап, мойнын көтере береді. Үйреншікті ″Лап!″-тың орнына мылтық атып белгі бергенде бергенде біраз ат үрке тайсақтағандай еді, кімнің не болып жатқаны белгісіз, жүзден астам сәйгүлік опыр-топыр араласты да кетті. Орнынан атып тұрып, кеңірдегін созған Мамай әп-сәтте әудем жер ұзаған аттардың ең алдында, есік пен төрдей жерде өзінің Нарқызылының кетіп бара жатқанын көрді. Дауысының қалай шығып кеткенін өзі де білмейді. ″Аруақ! Аруақ!!″-деп күңіренте айқайлады да, бойындағы бар күші сонымен сарқылғандай, сылқ етіп отыра кетті. Содан бәйге біткенше зор денесі қушия бүріскен қалпы, қимылсыз, үнсіз қалды″.(жалғасы бар)

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:,

Ең Үздік Блогтар.

Мамыр 8, 2008 15 пікір

Құрметті қазақ блогшылар және оқырмандарымыз, диплом жұмысымның қосымшасына «Қазақ блогтардың Үздік Бестігі» қажет болып тұр. Олардың критерийлері мыналар: блогтың жаңартылуы және жарияланған ақпараттың маңыздылығы. Осы тұста тәжірибе, яғни блогтардың өмір сүру мерзімімен санасу да қажет сияқты.Сонымен, сіздің үздік бестігінізді білгім келеді. Пікір білдіріп, Қазақ блогосферасының Ең Үздік Блогтарын бірге анықтайық.

Сын жанрлары хақында.

Мамыр 7, 2008 3 пікір

Әдебиет пен сын өмірге бірге келді. Сын алғашқы ақын жұрт алдында шығып, өз өлеңін оқығанда, немесе шебер әңгімеші ертегі, аңыз, мақал-мәтел айтқан шақта оның тыңдаушыға ұнаған, ұнамаған пікірі ретінде көрінді. Әдеби сын көркем әдебиеттің болашақ даму жолдарын көрсетіп отыратыны болғандықтан да оның пікірлерінде болжамдық сипат болады. Әдеби сынның дәрежесі ең алдымен оның субъектісіне, яғни сыншыға байланысты. Сыншы – аса күрделі тұлға. Сыншыға бір ғана көркем әдебиетті біліп, әдебиетші болу аз. Ол – әдебиеттану ғылымымен, одан қалды бүкіл қоғамдық ғылымдардың жетістіктерімен жан – жақты қаруланған, білімдар адам да. Енді сын жанрларына тоқталсақ: ӘДЕБИ ХАБАР-жаңа болған әдеби оқиғаны, жаңалықты оқырманға хабардар ету. Бұл шағын жанр болғанымен де, ұтымды пайдалана білгенге берер мүмкіндігі мол. АННОТАЦИЯ-сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Латынша ескертпе деген сөздің мағынасын беріп, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеологиялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. РЕЦЕНЗИЯ-бұл ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр. Латынша тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді.  Аннотацияда хабарлаушылық, үгітшілдік сипаты басым болып, бағалаушылық там-тұмдап қана белгі берсе, даму барысында бұл жанр рецензияға ұласып, баға беру оның басты қасиеттерінің біріне айналды. МАҚАЛА-«Газетке мақала шығыпты» дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу да, фельетон да болуы мүмкін. Ал баспасөзде бұл бөлек жанр. Әдеби ой-пікірлерді кеңінен насихаттау үшін әдеби сын баспасөздің мақала жанрын барынша пайдаланады. Мақаланың мақсаты-әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақала теориялық, айтыс, ғұмырнамалық, ескертпе болып өз ішінде бөлінеді. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПОРТРЕТ-жазушы туралы құжатты «очерк». ӘДЕБИ ШОЛУ-аннотация, рецензия, шығармашылық портрет, мақала сияқты сын жанрлары негізінен әдеби өмірдің бір ғана құбылысын, не мәселесін қарастырып, сол төңіректе ғана сөз қозғайды. Негізгі зерттеу объектісі әдеби өмір, мақсаты соны шолып, пікір білдіру. ЭССЕ-әдебиет жайлы құнарлы ойлардың бір бұлағы, әдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан пікірлерді оқырманға жеткізудің бір арнасы.(Дандай Ысқақтың «Сын өнері» атты кітабы бойынша)

Санаттары:публицистика Кілтсөздері: