Archive

Archive for the ‘Arsenal’ Category

Арсеналдың қуанышы!

Наурыз 4, 2008 7 пікір

AC Milan 0-2 Arsenal Бүгін  Сан Сирода ағылшындар итальяндықтарды 2:0 есеппен жеңді. Гол соққандар: Фабрегас(84) және Адебайор(92)! Арсенал Чемпиондар лигасының 1/4 финалға шықты! Сағат түнгі 4те жан-жақтан әлеуметтік жүйелерден де, смс арқылы да құттықтаулар келді. Ал Қуаныш мынадай пікір қалдырды: Kuanyshti habar!
Arsenal Milanmen taktikalik ote jaksi oinap utti!
Goldardi Fabregas jane Adebaior sokti!
Magan A. Glebting o
ini unadi!
Arsenal Finalga jetuine tilektespin!
Jetse Arsenaldi koldaitin bolarmin!
Kuttiktaimin!!!!!!!
Рахмет, өте қуанышты екенімді түсінген шығарсыздар. Арсеналға бұл жеңіс оңай келген жоқ.

P.S. Ал Арсенал777нің бүгін тағы бір қуанатындай себебтер бар, біздің факультет 5 жылдық аттестациядан аман-есен өтті, ал ең бастысы, группаласым Ардақ дүниеге нәресте әкелді, қызының атын Қарақат деп қойыпты.

Санаттары:Arsenal

Арсеналдың мұңы.

Ақпан 25, 2008 10 пікір

23 ақпан. Сейнт Эндрюс Стадионы, 27 195 көрермен. Бирмингем – Арсенал – 2:2 (1:0)
Голдар: Макфадден, 29 – 1:0, Уолкотт, 49 – 1:1, Уолкотт, 56 – 1:2, Макфадден, 90 – 2:2.
Құрамалар:
Бирмингем: Майк Тейлор, Мартин Тейлор, Риджуелл, Мерфи, Келли, Джонсон, Капо (Сарате, 59), Ларссон (Нафти, 66), Муамба, Макфадден, Форселль (Парнби, 15).
Арсенал: Альмунья, Галлас, Сендерос, Клиши, Санья, Глеб (Жилберто, 90), Фабрегас, Фламини, Адебайор, Эдуардо (Бендтнер, 10), Уолкотт (Денилсон, 90).
Төреші: Майк Дин.
Шығарылғандар: Мартин Тейлор, 3.

 Матч басталғалы 3 минут өткен еді, бирмингендік қорғаушы Тейлор Арсеналдың шабуылшысы Эдуардоға қарсы шабуылға шықты. Осы кезде Тейлор ереже бұзды, бірақ бұны телевидение қайталап көрсеткен жоқ, себебі шабуыл нәтижесінде Эдуардо қатты жарақаттанды және осы жарақатты көргендердің қорқыныш-үрейі зор еді(жарақат алған мезеттің фотосы интернетте бар, бірақ блогыма этикалық және моральдық тұрғыдан оны орнатқан жоқпын). Бирмингем ойыншысы алаңнан шығарылды. Эдуардоны жедел түрде медициналық қызметкерлері алып кетіп, дәл сол күні операция жасады. Қазір форвард Лондонның солтүстік емханасында жатыр. Арсенал және Хорватияның фанаттары әлеуметтік жүйелер мен фанклуб сайттарында үнемі пікір қалдырып, баспасөз орталығына хаттарын жолдауда, олар Эдуардомен бірге және оның тез сауығып кетуін тілеуде. Қазақстандық жанкүйерлер ретінде досым Данат екеуміз де хат жолдаған болатыңбыз. 

P.S. Бүгін Эдуардо Да Силва 25-ке келді. Туған күнің құтты болсын, Канонир!

Санаттары:Arsenal

Gunners are best!

Қаңтар 17, 2008 2 пікір


Арсеналдың шабуылшысы Эммануэль Адебайор(26/02/1984)ағылшын Премьер-Лиганың және оның бас демеушісі Barkclays тағайындаған жүлдемен марапатталды. «Алтын бутса» жүлдесі ағылшын
Премеьер-Лиганың 2007/08 маусымындағы 10 голы бар белгіден асып кеткен ойыншыға беріледі. 10шы голды Тоттенхэмге қарсы ойында соқты. Жүлдемен бірге Адебайор 1000 фунт стерлинг ақшалай сыйақы алған еді. Арсеналдың Тоголез форворды бұл ақшаны қайырымдылық қорға аударуды жоспарлайды. Манчестер Юнайтедтің ойыншысы Криштиану Роналду дәл қазір Премьер-Лиганың бомбардир тізімінде бірінші, бірақ маусымның жалпы қорытыныдысы бойынша Адебайор «Алтын бутса» жүлдесін иеленуге құқысы бар. Естеріңізге сала кетейік, Арсенал(Тьерри Анри)соңғы рет 2002 жылы бұл жүлдені иеленген. Бар үміт Эммануэльде. Arsenal.com

Санаттары:Arsenal

Arsenal!!!

Желтоқсан 29, 2007 4 пікір


«Арсенал» (ағылш. Arsenal Football Club) — кәсіби ағылшын футбол клубы, базасы солтүстік Лондонда орналасқан. Премьер-Лигада ойнап, Англияның мықты командаларының бірі. 13 рет чемпион болып, 10 рет Англия Кубогын жеңіп алған. Клуб 1886 жылы Лондонның оңтүстік-шығысында құрылып, 1913 жылы британ астанасының солтүстік бөлігінде орналасқан «Хайбери» стадионына көшті. Ал 2006 жылдан бастап 60 – мыңыншы «Эмирейтс» стадионы салынды. 1886 жылы команда Диал Сквер аталып, кейін Корольдік Арсенал деп өзгертілді. Кәсіби мәртебе алғаннан кейін клуб Вулвич Арсенал деген атауға ие болды. 1893 жылы футбол лигасына кіріп, Екінші дивизионнан 1904 жылы Бірінші дивизионға қадам жасады. 1919 жылы мезгілді 5-орынмен аяқтады. 1925 жылы клубтың бас жаттықтырушысы Герберт Чапмэн болып тағайындалды. 1930-1938 жылдар арасында Арсенал 5 рет Бірінші дивизионда жеңіп, Англия кубогын 2 мәрте иеленеді.
Титулдары:
Англиия чемпионы— 1931, 1933, 1934, 1935, 1938, 1948, 1953, 1971, 1989, 1991, 1998, 2002, 2004,
Англия Кубогы— 1930, 1936, 1950, 1971, 1979, 1993, 1998, 2002, 2003, 2005
Лига кубогын 2 мәрте иеленеді— 1987, 1993
УЕФА Кубогын иеленеді — 1970
УЕФА Кубогының Иелері— 1994
Бүгінгі құрамы: 1 Леманн • 2 Диаби • 3 Санья • 4 Фабрегас • 5 Туре • 6 Сендерос • 7 Росицки • 8 Диарра • 9 Эдуардо • 10 Галлас • 11 ван Перси • 13 Глеб • 15 Денилсон • 16 Фламини • 17 Сонг • 19 Жилберто • 21 Фабианский • 22 Клиши • 24 Алмуния • 25 Адебайор • 26 Бендтнер • 27 Эбуэ • 30 Траоре • 31 Хойт • 32 Уолкотт • 33 Конноли • 36 Рэндалл • Жаттықтырушысы: Венгер

Санаттары:Arsenal