Мұрағат

Archive for 2009 Наурыз

BBC ізімен (6)

Наурыз 30, 2009 5 пікір

gazet_std
Өзіңіз
Қалай болса да, журналистикада ең бастысы – жақсы жазу. Бұл барлық ережелерді сақтауға қарағанда маңызды. Ағылшын журналистері: оқырман жайлы бәрін білу қажет,- деп айтады. Батыстық газет және журнал баспагерлері оқырманы жайлы көбірек ақпарат жинау үшін миллиондаған доллар жұмсайды. Оларды не қызықтырады, қандай мәселе/проблемалары, қандай тілегі бар деген сияқты… Мысалы, сіз мәдениет жайында жазатын болсаңыз, аудиторияның жас шамасын білу қажет. Егер аудиторияңыз жас болса, оларға ересектеу аудитория білетін біраз нәрсені түсіндіруіңізге тура келеді. Оқырман жайындағы ақпаратты сайттағы чаттар мен форумдар(блогта пікірлер мен қонақ кітабы) арқылы білуге болады. Бірақ кейде чатта көп отыратын адамдардың пікірі басқа оқырман пікірімен сай келмеуі мүмкін.

P.S. осыған қарсы пікір іспеттес http://plushev.com/2009/03/24/3931/

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,

Қазақ мерзімді баспасөзі (2)

Наурыз 27, 2009 10 пікір

«Тіршілік» газеті
ХХ ғасырдың басындағы қазақ басылымдарының төл басыларының бірі – «Тіршіліктен» бастау алған Ақмола облыстық «Арқа ажары газеті» 85 жылдан астам уақыттан бері ел өңірінің жаршысы, өңір тынысының айнасы болып келеді. Осы аумалы-төкпелі заман көшінде ол халықтың, бұқара көпшіліктің мұңы мен мүддесін қорғап, ой-тілегін айтудан айнымаған басылым.
Сонау ғасыр басында ақмола топырағында «Тіршілік» атты тұңғыш саны жарық көрген үнпарақ ол кезде бүкіл Сарыарқа даласының дабылшысы болса, бұл күнде егемендікті үндеген «Арқа ажары» болып ғасырмен жарыса Тег «Далее»

Жасырын суицид

Наурыз 25, 2009 8 пікір

Өткен жылдың күзінде блогымда Суицид тақырыбын қозғаған едім, блогшылармен осы мәселені біраз талқылағанбыз да, осыдан кейін бір байқағаным, жарты жылдың ішінде блогыма «суицид», «өз-өзіне қол жұмсау» сөздері арқылы күнде кіреді екен. Яғни бұл тақырып өте өзекті, әрі оған сұраныс бар, өкінішке орай, сұраныс шынымен де бар.

munk2
Жасырын сиуицид. Өмірде әр қайсымыз оған тап болады екенбіз. Біреу одан өзі зардап шексе, екіншісі туысы немесе танысының әрекеттері өмірмен қоштасуға итермелейтінің көріп жатады. Бұған қандай да тыйымдар, өтініп-жалынып сұраулар болсын, айналадағылар оның спирт ішімдік ішуге, нашақорлыққа қарсы тұра алмайды.
Бірақ жасырын суицид түріне алкоголь мен нашақорлық ғана жатпайды. Оған кез-келген
күйреуге апарып соғатын әрекеттер де жатады. Жасырылған немесе тікелей емес суицид – бұл өз-өзіне қол жұмсаудың бүркемеленген түрі. Оның әсерінен адам өзінің санасында немесе санасынан тыс өлімге байланысты үрейі арқылы өз-өзін күйреуге әкеп соғатын әрекеттер нәтижесінде (немесе сыртқы күштер, көбінде өзі арандатып жасаған) көз жұмады.

Шын мәнісінде, жасырын суицид кезінде өлімге тура қадамдар жасалынбайды, тек келешекте болатын өлім үшін қорқыныш-үрей болады. Бұндай ойлармен өмір сүрген адам тәуелділікке тап болып, немесе апат құрбаны, экстремалды Тег «Далее»

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс, әлеумет Кілтсөздері:

Қазақ мерзімді баспасөзі (1)

Наурыз 24, 2009 6 пікір

Қазақ журналистикасының тарихы алғаш қазақ тіліндегі басылымдармен тікелей байланысты, әр басылымның өзіндік тарихы, өзіндік тағдыры бар. Сол себептен «Қазақ басылымдарының тарихы топтамасы» атты айдарда осы тақырыпқа байланысты ғылыми мақаланы жариялаймын. Материал конспект және ксерокопия ретінде сақталғандықтан, автордың аты-жөні өкінішке орай белгісіз.

Профессор Кенжебаевтің еңбегінде келтірілген деректерде 1688 жылы мен 1928 жылдар арасында қазақ даласында 65 шамалы газеттер мен журналдар шығып тұрғандығыннан хабар болуға болады.

Қазақ мерзімді баспасөзінің алғашқылары «Дала уалаяты» мен «Түркістан уалаяты» болса, Ресейде болған төңкеріс дүмпуі нәтижесінде қазақ газеттерінің екінші бір үлкен шоғыры дүниеге келді. Олар: «Серке»(1907ж.), «Қазақ газеті»(1907 ж.), «Қазақстан» (1911 ж.) т.б. Бұлардан кейін «Қазақ» (1913-1918 жж.), «Алаш» (1916-1917 жж.), «Бірлік туы»(1917ж.) және «Тіршілік»(1917ж.) басылымдары елдегі жаңалықтармен қоса орыс классиктері, зерттеуші ғалымдары, саяхатшылары, атақты адамдар жөнінде жазылған материалдармен солардың шығармаларынан үзінділер жариялап тұрды. Сондықтан да бұл басылымдар қазақ халқының дүниетанымына әсер етіп, көзқарасын кеңейтіп, прогрессивтік, ағартушылық, бағытта қызмет атқарғанын анық байқауға болады.

Наурыз!

Наурыз 21, 2009 1 comment

123

Таппадым артып келген жүгінен мін,
Сенімі сеңгір таудай бүгін елдің,
Жалпақ елге жақсылық алып келсін,
Самарқанның көк тасы жібіген күн…

Сазды әуен, санамда сазды мекен,
Тағы бір ән қанатын жазды ма екен.
Байтақ елдің рухын үкілейтін,
Наурызға бас иіп тағзым етем…

Қанат Рамазан

Мобильді интернет – кеше, бүгін.

Наурыз 20, 2009 9 пікір

apple_iphone_comics_2
comScore компаниясының зерттеуі бойынша, мобильді құрылғылар арқылы интернетке шығатындар саны көбейе бастады, нақтырақ айтатын болсақ, 2 есеге өсті. Мобильді интернет қолданушылардың ең белсендісі – 18-21 жас аралығындағы жастар. Ал 18-24 аралықтағы жастардың мобильді желідегі белсенділігі төменірек. comScore-дың бұл қорытындысы 2008 жылдың қаңтары мен 2009 жылдың қаңтар аралығында есептелген.

Сарапшылардың айтуынша, мобильді телефон арқылы Әлемторға кіріп, жаңалықтар оқитын пайдаланушылар почтамен де, сайттармен де жұмыс істейді. Олардың саны – 63,2 млн(2009 ж. қаңтар айы бойынша). Ал 22,4 млн қолданушы мобильді телефондар арқылы Интернетке күнде шығады екен.

Сонымен қатар, comScore өткен жылы мобильді сервис нұсқалары ішінен әсіресе блогтар және әлеуметтік желілердің танымалдылығы жайында хабарлайды. Орташа есеппен, 12 ай ішінде осындай жобаларға кіру саны 4277% өсті. 2008 жылдың қаңтарында 1,7 млн пайдаланушы күн сайын мобильді телефон арқылы интернетке кіретін болса, 2009 жылдың қаңтар айында олардың саны 9,2 млн болды.

Сарапшылар мобильді интернеттің танымалдылығын смартфондармен тікелей байланыстырады. Аналитиктердің болжамы бойынша 2013 жылы сатылған әр 4-телефон кеңейтілген интернет-функционалға ие болып, жеке компьютер сияқты қызмет атқара алады.

Мобильді интернеттің тағы бір танымалдылық драйвері – смартфондар үшін бағдарламалық қамсыздандырудың молшылығы. Соңғы 2 жылдың ішінде смартфон өндірушілер, оның ішінде Apple, RIM және Nokia өзінің софттары бар мобильді порталды іске қосты.
Қайнар

Санаттары:медиа, статистика Кілтсөздері:,

BBC ізімен (5)

Наурыз 17, 2009 12 пікір

Қарапайымдау!

bbc14dec2007

«Кейбір метафоралар орынсыз қолданылып жазылса, мысалы: «оқиға эпицентрі» – деген сөз тіркесі, оқырман эпицентр не сөз екенін түсіндірме сөздіктен тексеруді көп ретте ойламайды. Немесе: ақшасы аз болса да, «үлкен үлес қосу» деп жазу, автор осы кезде сәл ойланса, болғаны, осы қателікті жібермес еді» Джордж Оруэлл. Қарапайымдау! (толығырақ мына жерде)
Кейде журналистердің өзі мазмұнға ақпарат қоспайтын сөздерді қолданады, мысалы: «естеріңізге сала кетсек …» немесе «осыдан бұрын сіздерге хабарлағандай…» Осыларды қолданбауға тырысқан жақсы. Клише сөздерді де қолдануды азайтқан жөн. Сын есімдер мен үстеулерді де қажетсіз жаза бергеннен аулақ болу керек, олар мәтінге артық «салмақ жүктейді». Егер сіздің стиліңіз оқырманға ұнамаса, олар сайтыңызды/блогынызды одан әрі оқымайды. Ал оқи берсе, материалдарыңызды қабылдамауы мүмкін.
Канцеляриттен аулақ болуға тырысқан жөн. Ондай тілді көбінде саясаткерлер қолданады, бірақ ол жалықтырып жібереді, ал кей-кезде канцелярлық стильдегі жеткізілген ой/идея/хабарлама өз мәнін жоғалтады. Естеріңізде болсын, саясаткерлер кейде оқырмандарыңызды жаңалысуға итермелейтін сөздерді ойдан шығарады. Оларды ойланбастан, қайталамаңыз.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,

Кім күшті?

Наурыз 13, 2009 4 пікір

nielsen_logo
Nielsen Online өткізген зерттеу бойынша , әлеуметтік желілер мен блогтар танымалдылығы өсуде. Оларға Интернет қолданушылардың 67 пайызы кіреді екен. Әлеуметтік желілердің танымалдылығы электрондық почтаға қарағанада 65.1 % алда, бірақ іздеу сервистеріне қарағанда 85.9%, порталдарға 85.2%, РС үшін қосымшаларға қарағанда 73.4% артта екен.
Neilson – ның есебі бойынша Facebook – ең танымал әлеуметтік жүйе. Айына бір рет болса да оған Интернет қолданушылардың оннан үші кіреді екен. Әлеуметтік жүйелер мен блогтар әсіресе Бразилияда кең таралған, оларға интернет пайдаланушылардың 80 пайызы кіреді.
Nielsen әлеуметтік желілердің басқа да даму үрдісі жайында айтады: олардың аудиториясында ересектер көбейді және Интернетке пайдаланушылар мобильді телефондар арқылы жиі кіретін болды.
Сарапшылардың көбісі Nielsen – нің қорытындысына күмәнмен қарайды және интернет – пайдаланушылардың тек 65 пайызы электрондық почтамен жұмыс істейді дегенге сенбейді. Қайнар.

Өз ойым. Мен үшін электронды почта өте маңызды, да қажетті. Блогыма әрине арнайы уақытымды бөлсем де, әлеуметтік желілер бос уақыт өткізу үшін немесе уақытша қызығушылық туындатады деп ойлаймын.
Әлеуметтік жүйелер немесе блогтар арқылы қажет адамдарды тауып алсан да, кейін олармен Сіз қолданатын джитолк немесе джаббер, аська, скайптарға оларды қосып аласыз. Бірақ осы дос/таныстарыңыз offline болған жағдайда, электрондық почта арқылы байланысасыз. Блог және әлеуметтік жүйелердің барлық ескертпе хабарландырулары да почтаңызға келіп түседі, көп пікірлерді де бірінші почтаңыздан оқи аласыз, сондықтан да электрондық почтаның маңызы азайып бара жатыр дегенге келіспеймін.

Санаттары:блогинг, статистика, әлеумет Кілтсөздері:,

«Қарағанды жастары» басылымы

Наурыз 10, 2009 4 пікір

1986 жылы желтоқсан оқиғасынан кейін дүниеге келген «Қарағанды жастары» газеті Республика көлемінде тұңғыш Қарағандыда шыққан жастар газет болатын. Редакторы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының(қазір университет. Ә.С.) «Медик» газетінің редакторы, журналист Төлеубай Ермекбаев болатын.

«Қарағанды Жастары» газетін шығару туралы шешім 1989 жылы қыркүйек айында қабылданып, Қарағанды облыстық комсомол күнінің құрметіне газеттің алғашқы саны жарық көрді. Қараша, желтоқсанда тағы екі нөмірі шыққан. 1990 жылдың қаңтарынан бастап басылым 8 беттік көлеммен апта сайын 5000 дана таралыммен шығатын. Редакцияда ұлттық намысы жоғары жастар: Қ. Мұқашев, Ә. Құтжанұлы, Қ. Асанов, С. Жұмағұлов және т.б. болды. 1991 жылы газет «Замандас» деген атпен шығып тұрды. Кеңес одағы құлап, комсомол тарап, қаржы, қаражат тапшылығына ұшырауына байланысты бірер жылдан кейін газет жабылып қалды.

Мәлімет «Арқа ақпарат» сайтынан алынған

Анашым, жан сырым

Наурыз 6, 2009 7 пікір

2340469906_d9e967c5b9_b
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың,
Қанатын самғаған,
Балалық құштарым,
Өзіңе арналған.
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.

Ғ. Қайырбеков

d0bcd0b0d0bcd0b0
1203107026_fca1c15774_b</

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:,