Негізгі бет > Негізгі ақпараттан тыс, статистика, әлеумет > Олар өмірмен қоштасуға асығады.

Олар өмірмен қоштасуға асығады.

Суицид. Бұл мектептен бері маған таныс сөз, университетте де оқып жүргенде жатақханада бір бала терезеден секіргені есімде. Газетте бұл жайында материал шықты, бірақ білім ордамыз өз атына кір келтірмес үшін журналистерге осы оқиғаны зерттеуге тыйым салды. Адамдарға ең ауыр кінә жасауға не түрткі болады? Осы сұраққа жауап іздеуге бүгін де тырысамын. Әрине, әртүрлі жағдайлар болады, бірақ бұл әлеуметтік проблема мынадай цифрлар арқылы өзінің қатыгездігін көрсетеді. Ресми статистика бойынша, әлемде жыл сайын 1 100 000 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Осыны жазып отырған кезде Дидар Амантайдың «Кітаптар мен гүлдер» атты кітабы есіме түсті. «…Адам өмірдің мағынасыздығын түсіну үшін, әуелі, оның екі қолын бос қою керек, сонда ол өзге жұрт қарбаласып жүріп қана дүниеуи сауалдардан қашатынын байқар еді». Негізі, жалпы шығарманың лейтмотиві осы проблема емес пе? Әдеттегідей, бір тақырыпты көтерер алдында материал іздеп, неден бастау қажет, деп көп ойландым. Интернетте құрғақ сандар, статистика… Кеше ICQ арқылы Гамбургта тұратын Филип деген досыммен біраз сөйлестім. Ол маған: суицид туралы жазсаң, менен баста,- деп күліп жауап берді. Бірнеше жыл бұрын ол өмір мен өлім арасында болған. Бұған себеп – нашақорлық, алкоголь, ал тереңдеп үңілсем, үйдегі ата-анасының баласына деген еш мән бермегендігі. Дәл қазір оның өмірі күрт өзгерді; Филип университеттегі үздік студенттердің қатарында. Экономика факультетінен кейін журналистика мамандығын меңгергісі келеді. Ол бұрынғы өміріне енді ешқашан да оралмайды деген сенімдемін. Бүгін кино дискілерін прокатқа беретін «Фанатикке» кіріп, сіздерде суицид туралы кино бар ма?-деп сұрадым. Үнемі қара киім киетін жігіт маған жалт қарап, киноны қайтесіз, қызық болса менен сұраңыз, менің ондай көп достарым бар, олар өз-өзіне қол жұмсамақшы болды, бірақ ақыры тірі қалды. Демалыс күнімде қажет болса сөйлесейік, -деді. Бірақ, шынымды айтсам, готтармен сөйлескім келген жоқ. Қалада жүрген кішкентай эмо немесе готтардың субмәдениеті интернет беттерінде де жетерлік. Алайда, әлемторда мынадай да http://www.pobedish.ru/ әлеуметтік сайттар бар. Бұл сайт өмірде адасқан жандарға кеңес береді, қайғылы жағдайларды алдын алуға тырысады. Қазақ тілінде осындай сайттар не болмаса сенім телефондары бар ма және бар болса оларды тауып алуға оңай ма? Осыны білмедім, интернетте іздеп көрдім, мардымды ақпарат таппадым, тек ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сияқты ресми мағлұматтар ғана…

P.S. Мүмкін, осы тақырыпты келесі жазбаларда әрі қарай жалғастырамын.

Advertisements
  1. Қыркүйек 16, 2008, 20:19

    Алия, қызығушылықтарыңыздың шегі жоқ екеніне көзім әрдайым жетуде… қызықты тақырып таңдай білу – журналист пен блоггердің дәрежесі… сіздің дәреже жоғары деп білем…

  2. Қыркүйек 16, 2008, 20:25

    назар аударғаныңызға рахмет. бұл тақырыпты таңдауға өмірдің өзі итермеледі.

  3. Қыркүйек 17, 2008, 12:31

    Менімше, түрткі болатыны – «уақытша әлсіздік». Ең маңыздысы, бұл әлсіздіктің «хроническая»-ға айналып кетуін болдырмау.

    P.S: меннен – *менен.

  4. Қыркүйек 17, 2008, 12:47

    ммм, дұрыс айтасыз.
    P.S: сосын ң мен н-айыру да проблема)))

  5. Қыркүйек 17, 2008, 13:02

    Ештең(?)е етпейді. :)))

  6. Қыркүйек 18, 2008, 04:17

    Адамның сеніміне байланысты деп ойламын. Кішкентай кезінен баланың бойында сенім болса, мұндай осалдыққа түспес еді. Рухани дерт. Қазіргі материалдық игілдіктің алдыңғы орынға шыққаны себеп болып отыр. Бір діни кітаптан оқығаным бар еді. Тауып жатсам, Иншаллаһ, бөлісермін. Жазбаң шынымен да жақсы жазылған. Қиын тақырып болса да, қабылдауға жеңіл. Ұғынықты жазылған. Сілтемелер орынды көрсетілген 🙂

  7. Қыркүйек 18, 2008, 07:51

    Айко айтқандай, балабақшадан бастау қажет пе сонда, баланың бойына кішкентай кезінен бастап сенім, имандылықты ұялату. шынымен де солай, тәрбиеден бастау қажет. сізден ақпарат күтеміз.

  8. Айко
    Қыркүйек 18, 2008, 10:55

    негізі бірінші оқып кетіп.. үндемей кетіп…, кеше кеш уақыттарда неге олай екен деп біраз жауап қарағандай болдым. Соңғы кезде КЗда әсресе ауылды жерлерде жасөспірімдер асылып өлу(бетін ары қылсын!) дағдыға айланыпты, соңғы жылдары үрдіс алғаны сонша белгісіздіктен қайтыс болып жатыр дейді. бір қыз ғана жігіттің «кесірінен» кетіп бара жатқанын жазыпты. :((( сосын әлгі қыздың жағдайын әрі ойлап бері ойлап, қыздың рухының биік еместігінен болар деп топшаладым. әлгі жігітке бола өлді дейік, «қарамады» деп. оның несі кетті?. өмірге со жігіт үшін келмеген шығармын деп бір сәтке ойланбады ма екен? әлде өзінің әке-шеше алдындағы парыздан да жігіт артық тұрда ма екен? дәл сол сәтте ақылдасар адамы да болмаған шығар. бірақ кейде өмірде талпынатын нәрсе қалмаған кезде, шынымен не үшін өмір сүріп жүрмін деген сұрақтар келетіні анық сондай кезде қалтарс кезде болуы мүмкін. сосын кейбірі қарап кетпей әлгіндей «бәленгеше бола» дей салуы да мүмкін ғой. Бірақ жастарды «өзім» деген сұрақтары биік тұрғызуға, және тұлға ретінде қалыптастыруға ата-ананың мұнда маңызы көп деп ойлар едім. жо-жоқ айтпағым басқа.
    әлгі кішкентай қыз өзін және семьясын сыйламағандығынан деп түсінемін өз басым. себебі мен олай кетсемде, дәл әлгіндей менің «ӨЗІМді» қорлайтындай хат тастамас едім…
    кейде мақсатсыздықтан болар. шыны керек мұндай нәрселермен жиі «аурып» тұратын едім бұрынғы кезде. 🙂 уақыт өте келе, не үшін екенін, есіме жиі түсе болғаны шегім қатып күлемін өз-өзіме. осыдан 6-7 жыл бұрынғы оқиғалар ғо. қандай бала едім, түктің мәнсі жоқ оқиғала бола ма деп отрм қазір. ал ол кезде мен үшін трагедия сияқтанатын. Айтпағым адам өз-өзіне регулярьно отчет беріп тұруы керек деп ойлаймын. сонда, еее түкке тұрғысыз нәрсе дейсің де басқа не айтарсың. я болмаса қарапайым ғана мысал: қолың дәл қазір жетпей тұрған арманды көз алдыңа келтіріп, болады деп алып, қиын сәттерде, маған «ана жаққа қайда», «мына жақта» істелмеген тірлік қалып тұрғанда деу керек адам өзіне. 🙂

    Алия жазғандарыңа рахмет. атауын біле жүретін болдым ғо…

  9. Қыркүйек 18, 2008, 11:40

    о, сіз енді жаңа бағытқа бұрғансыз ба? франчайзинг, енді суицид жарайсың, ақпаратты қарапайым тілмен, түсінікті етіп берген екенсің.
    негізі адамның сана-сезіміне байланысты ғой, әлсіздік қай

  10. Қыркүйек 18, 2008, 11:44

    о, сіз енді жаңа бағытқа бұрғансыз ба? франчайзинг, енді суицид жарайсың, ақпаратты қарапайым тілмен, түсінікті етіп берген екенсің.
    негізі адамның сана-сезіміне байланысты ғой, әлсіздік әрқайсысымызда да болады, яғни барлық адамда кездесетін жағдайдың бірі ғой, бірақ оған осалдық танытпай, ақылмен жеңе білу керек сияқты. Асхат аға, айтқандай рухани қажеттілік қажет.

  11. Қыркүйек 18, 2008, 12:47

    Айко, Жаннұр, пікірлеріңіз үшін рахмет. Ия, шынымен де адамның санасына, өмірдегі мақсат, құндылықтарына байланысты. Біреу жігіт үшін кетсе, біреу шарасыздықтан, амалсыздықтан. Себептерін толықтырып келесі жолы жазатын шығармын.

  12. Қыркүйек 19, 2008, 04:55

    Әдетте өтпелі кезең деген жас бар. 13-16 жас аралағы, кейбір өспірімдер бұл уақыттан тез өтіп кетсе, тым әсершіл, сезімталдарында өтпелі кезең 20-25 жасқа дейін созылып кететін болады. Дәл осы уақытта бала өзін ересек санап, шешім қабылдай аламын, өз өмірім деген түсінікпен жүреді. Өз басымнан өткен соң айтып отырмын. Әрі педагог болып қызмет еткен аз ғана тәжірибемде 8-11 сыныптарға сабақ бергенмін. Сол кезде де бұны анық аңғардым. Оқушылардың жүрегіне жол тапқан соң, олар маған ата-анасына айта алмай жүрген сырларын айтып еді. Құпиялары тым маңызды емес болса да, тыңдап, олармен ересек адамдарша сөйлестім. Мен тек ер балаларға қатысты айтып отырмын. Әдетте бұл уақыттағы жеткіншекке ең ауыр тиетін сөздердің бірі – Сен әлі баласың, Жігіт емессің. Қолыңнан түк те келмейді, әлі қызың жоқ т.с.с. Баланың сабағы нашарлап, сезімі тапталып жатса (әсіресе көктемде) бұны көтере алмайды. 11-сынып оқушыларына студенттік өмірдің қызықтарын айтып олардың, бірінші кезекте тесттке дайындалыңдар, оқуға түсіп алыңдар деп жігерлендіріп отыратынмын.
    Менде өз-өзіме қол салу деген ой болған емес. Бірақ достарымның аузынан еститінмін. Жасөспірім кезеңдегі сезімімім мен ойларымды анықтауда маған күнделік көп көмектесіп еді. Кейді сол күнделікті ашып оқып, бұрынғы күндерімді сараптаймын. Сол кездері мен үшін не маңызды болғанын көремін…

  13. Қыркүйек 19, 2008, 06:43

    рахмет, Асхат аға. Өтпелі кезең шынымен де балалар үшін қиын, әсіресе айналасындағы адамдардан еш түсіністік болмаса және Өз-өзің түсінбейтін, өзіне есеп бере алмайтын, өмірде адасып жүрген адамдарға тән шығар ондай қылық.

  14. ардақ
    Қыркүйек 19, 2008, 10:30

    Иә, мынау ой бөліскен хаттарды оқып, мен де өзімнің пікірімді білдіргім келді. Жалпы адам баласының тым төмендеуіне заман да аздап кінәлі. Өйткені, күнделікіт көрсетілетін кино, бейне клип,өзіміз сүйетін ғаламторда, тіпті жәй бір хабарлардың барлығы адам өлімі жайында өте көп ақпар таратады. Соның ішінде жүйке жұқарып, тығырықтан шығар жол таппаған да оңай ғана өз-өзіне қол жұмсап, өле салу дағдыға айналды емес пе?!. Мұның бәрі ислами тәрбиенің жетіспеуінде. Егер сол өз жанын оңай қиып тұрған жан, шариғатта өз-өзіне қол жұмсау кәпірдің, онан қалса, шайтанның ісі ғана екенін білмейтіндер. Тіпті баяғыда үлкендер айтып жатқанда құлағым шалушы еді, қол жұмсап өлтірген адам баласына жаназа шығарылмайды деп. Жаназа адам баласы о дүниеге барғанда Алланың жеңілдігіне ұшырасын, жалғанда жасаған күнәсінен титтей де болсын арылсын деп араша түсу. О дүниеде жаны жаннатта болсын деп тілеу емес пе? Тағы да үлкендердің айтқандары (естуімше) өлген адамды көрге салып, жерлеп, сол қабір басынан 40 қадам алыстаған сәтте, өлген жанға жалғанда жасаған күнәләрі үшін сұрақшы келеді екен-мыс. Сол кезде өз-өзіне қол жұмсаған адам бірден тозақтың отына күйеді екен. Себебі, өзін сүймеген, силамаған адам басқаға да опа бермейді дейді екен. Сондықтан әр азамат қандай бір қадамға бармас бұрын, шіркін, мына жалғанның қандай қымбат екенін түсініп, ойланса ғой. Қымбаттылығы сол, туған елің, жерің, ата-анаң, жора-жолдас, жұбайың, балаң, ағайын-туыс. Осының бәрін қалай қияды. Онсыз да шайтан болып кеткен жоқпыз, бәрі-бір «Қорқыттың» көрі алдымыздан шығады. Сондықтан қас-қағым сәттей ғана ғұмырда силасып, бір-бірімізге махаббатпен қарап, мәнді де сәнді тірлік жасасақ «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» болар ма еді? Әттең, өкініштің үлкені осы болып тұр ғой, бәріміз бірдей ойламаймыз. Бірақ соған жетуге әр қайсымыз күш-жігер жұмсағанымыз абзал болар еді. Сіздер не дейсіздер?

  15. balgyrgan
    Қыркүйек 19, 2008, 11:17

    Жақын досымның суицидінен кейін, өмірді менен артық жақсы көрер адам бар ма екен… Жылаған мамасын көрдім, апасын көрдім, әкесінің үнсіздігін көрдім…

    статистикаға ілінбей қалғандары қанша?!

  16. Қыркүйек 19, 2008, 17:30

    ия, алдында айтылғандай ауылдық жерде ондай жағдайлар көп болады, соның бәрін әлемдік статистикаға енгізу мүмкін емес те шығар.

  17. Қыркүйек 19, 2008, 17:49

    Ардақ, сенің пікірінен кейін университеттегі семинар сабақтары есіме түсіп кетті. Сен керемет ақылды жансын, рахмет саған 🙂

  18. Қыркүйек 20, 2008, 19:11

    о,Дакажан еш өзгермепсің ғой.

  19. Қыркүйек 20, 2008, 19:15

    соны айтам Жаннур 🙂

  20. ардақ
    Қыркүйек 22, 2008, 11:34

    Салем Әлия, Жаннұр. Көп сөйлесем кешіріңдер, тек рухани әңгіме дегенде жаным кіретінін өздерің білесіңдер ғой. Сендермен рахаттанып сөйлесіп қалушы едік. Сол кезді сағынғаным болар. Әрі Әлия өте жақсы тақырыптар көтеріп жүр екен. Жарайсың, осы бағыттан таңба! Сен негізі өте көп білетін жан екеніңді тағы дәлелдедің. Ал Жаннұрдың студенттік шақтардан естелік жазғаны да қызықты. Туф, ғаламтордың ең қызығы осы ғой. Өміріңде көрмеген жандармен еркін, өз ана тіліңде ой бөліскенге не жетсін!

  21. ардақ
    Қыркүйек 22, 2008, 11:46

    Айтпақшы, А.Лэнглэ айтқан екен:»Адамдардың көбісі бақытты, бірақ бұл жайлы көбінесе біле бермейді» деп. Рас-ау, әркім қатты қиналып, бір нәрсеге тарыққанда, дүниеден баз кешіп кетпес үшін, Алла тағала маған өзің жар бола гөр, менің осы күніме жете алмай жүргендерде қаншама деп тәубеге келсе, өмір сәл де болса, жеңілдегендей сезінері сөзсіз. «Жығылып жатып, сүрінгенге күлме» дейді қазекем. Я болмаса «жыртық тесікке күліпті» дейді. Сондықтан өзің де барға асып таспай, өзге де барға қызықпай, қанағатпен өмір сүргенге не жетсін. «Қанағат қарын тойғызар». Сондықтан менің астамшылығым емес, мен – бақыттымын, ия БАҚЫТТЫМЫН! Өзіне қол жұмсап, өзін сүймегендерге басқа айтарым жоқ. Әзірге! Біреуге ақыл айтуда қиын болып тұр ғой. Солай ма?

  22. Қыркүйек 22, 2008, 13:45

    Рахмет. жиі кіріп, пікір тастап тұр 🙂

  23. Қыркүйек 25, 2008, 08:05

    Депрессия алемде ен коп таралган жане ен жылдам таралатын аурулардын* бiрi. Жасы 3-4тегi бала депрессиага ушырайтынын естiп, жагамды устаганмын. Суицид тек алсiздiк емес, сол депрессиянын салдарынан да болады. Адамнын омiрiн мансiз- магынасыз деп карауынан да болады. Эмо мен готтар суицидке жакынын бiлмеппiн. Жай гана ерiккен, багыт iздеген жастардын ермегiндей корiнедi. Нагыз суицид катерi тонген жастардын, жастайында басынан откен жагымсыз жагдайлар да асерiн тигiзедi деп ойлайм. Статистикага барлыгы iлiне бермейдi. Суицид кей елдерде *табу такырып.

  24. Қыркүйек 25, 2008, 14:43

    бұл тақырыпты сіздердің пікірлеріңізбен жалғастыру қажет қой деймін 🙂

  25. Қыркүйек 25, 2008, 18:28

    Айтарым аз.
    Сәтсіз суицид туралы өз жақындарымның арасында бір оқиға ғана болды. Қазір бұл оқиғаны барлығы күліп еске алады, ана «өмірден баз кешкен адамымыз»-дың әйелі, екі қызы бар.
    «Хорошо все то, что хорошо кончается» дейтін ба еді? 🙂

  26. Қыркүйек 25, 2008, 18:34

    солай болғаны өте жақсы екен Руслан 🙂
    бірақ әр кезде солай бола бермейді 😦 айтпақшы, суицид туралы кино демекші, немістің Тиль Швайгері түсірген, әрі өзі түскен киносы «Barfuss (Босиком по мостовой)»-та сондай бір сәттер бар, бірақ ақыры ол кинода да бәрі жақсы аяқталады.

  27. Қыркүйек 25, 2008, 18:37

    Арсеке, тойыст, Әлеке, сен осы блогыңда түнемейсің бе случайно? Жауаптарың сондай оперативный екен 🙂

  28. 666aiko999
    Қыркүйек 26, 2008, 03:06

    Босиком по мостовой керемет. өзі көріп бір жақсы әсерде болғам…
    просса ріспект!

  29. Қыркүйек 26, 2008, 04:39

    аха) Айко. Тиль Швайгер маған ұнайды 😉

  30. Қыркүйек 26, 2008, 05:44

    Руслан, анда-санда түнеп шығатын кездер де болады)))

  31. ардақ
    Қыркүйек 29, 2008, 08:31

    Әлия мұнда түнеп жүрсең онда тағы жалғасы болар деген үміттемін. Қызықты материалдар берсейші? Дәл осындай. Ғылыми әрі рухани тақырыпты қатар қозғайтын. Бізде пікір айтып, ой бөлісіп қалатын. Сенде жалпы қызықты тақырыптар көп екеніне сенем.

  32. Қыркүйек 29, 2008, 08:34

    рахмет Ардақжан 😉 оған да шабыт қажет екен. болып қалар деген үміттемін.

  1. Қыркүйек 30, 2008, 18:21
  2. Наурыз 25, 2009, 10:43

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: