Archive

Archive for 2010 Сәуір

Төртінші баркемпім

Сәуір 21, 2010 3 пікір

Сонымен, Орталық Азия BarCamp 2010 мәресіне жетті. Ол жайында жазылды, әлі де жазылады, жазылып жатыр да. Біреулер бұл тақырыптан шаршаса, басқалар шараның тез өтіп кеткеніне әлі де сенбей жүр. Былтырғыдай басты рахмет/алғыстарды Инесса Шлапак, Елена Джетпіспаева мен кОмпания (^_^) және Сорос-Қазақстанға айту керек.

Қазақ блогшыларына бөлек тоқталайық, Асхат аға, Анар, Салтанат, Айко, Қуаныш, Бақытгүл апай, Мақпал, Жалғас, Тимур және қатарымызға жаңадан қосылған ҚазҰУ-нің журфак студенттерімен кездестік, танысқандарымыз танысып, шамамыз келгенше, презентация жасаған болатынбыз. Менің презентациямды біреу қажет етсе, міне, Жалғастікі осы. Анара, Мақпал, сіздер де қосылыңыздар. Өкінішке орай, тура осы уақытта болып жатқан басқа да көптеген презентацияларға қатыса алмадық, бірақ екеуін көруге мүмкіндік бар:

«Yvision.kz» корпоративті блогтар туралы видео

Партизандық маркетинг видеосы

Интернет коммуникациялар туралы панельді пікір-талас

Баркемпте The Best Blog Award жүлдесінің қорытындысы шықты, жеңімпаздар төмендегідей:

Асхат Еркімбай – urimtal.wordpress.com

Ольга Цепилова – www.bookcase.kz

Дарын Кайпбаев – ragazzo.yvision.kz

Анар мен Салтанат бұл тізімде жоқ >_< бірақ өзіміз олардың блогтары керемет екенін онсыз да білеміз ғой. Ал Асхат ағаны тағы бір рет құттықтаймыз!

Өз фотоларым болмағасын, Нұрайымнан сұрап алуға тура келді.

Инесса мен Лена

The Best Blog Award қорытындысы, солдан оңға: Әділ Нұрмақов, Қазақтелеком қызметкерлері, Инесса, Я. Ажнюк (Украина)

Нурайка

Advertisements

«Біз жылдамдықта ұтылсақ, Интернет – сарапта»

Сәуір 5, 2010 3 пікір

Бүгін музыкалық журналистика жайында бір ақпарат берейін дегенмін, ақыры тағы да бәрі Жаңа Медиа мен Медиабизнеске тірелді. Заманына талабы демекші, дәстүрлі журналистиканың күн көрісі жайында тағы бір жазба.

The Wire журналының бас редкторы Тони Херрингтон музыкалық  журналистика мен басылымның жұмысы жайында қызықты сұхбат берген еді. Содан үзінді.

Журналист мамандығының мәнісі неде?

— Өнердің басқа түрлері секілді музыка да поэтикалық, метафоралық сөздерге ұмтылады. Экзистенциалдық шындық, руханилықпен қоса, сезімталдыққа да бет алады. Жауаптар осында болу керек. Олар музыкада шифрланған. Журналистің басты және бірінші кезектегі мақсаты — бұл кодты ашу. Кейін оны сөзге айналдырып, оқырманға түсінікті етіп жеткізу.

Музыкалық журналистикада сыни сарап, зерттеу болған жөн. Кез келген музыкалық құбылысты түсініп, жан-жақты біліп және бастысы — оның ғажабын, күшін, қиялын түсіндіре білу қажет. The Wire журналына осындай журналистика қызықты. Және, өкінішке орай, ондай журналистика көп емес.

Мүмкін, бұның себебі музыка жайында құрылымды мәтін оқығысы келетін оқырманның аздығында шығар? Музыка жайында қалың журналдар енді қызықсыз?

— Мен үйтіп ойламаймын. Музыкаға деген қол жетімділік оңтайланды, қазір ол көп, сол себепті адамдарға сенімді және беделді фильтрлер қажет. Мамандырылған қалың журналдарды алатын болсақ, меломандардың бізге деген талабы мынау – көптеген ақпараттың ішінен шынымен де керемет дегендерді ұсыну. Осыдан, The Wire секілді басылымдар ақпараттық шынжырда әлі де болса бас рөлді сомдауда: музыкант — тыңдаушылар.

Веб-журналистиканың мәнісі – жеткізу жылдамдығында. Интернет-медиа баспа журналдарына қарағанда жаңалықтар мен шаралардың өтуі жайында жеделірек жариялайды. Иә, ақырында ақпараттық баспасөз көлеңкеленеді. Қараңызшы, The Wire-дың баспа нұсқасы жаңалықтарға толып тұрмайды. Енді осының қажеті жоқ.

BarCampCA’10-ға қатыс!

Алдында айтылғандай, тревел-гранттарға өтініш қабылдау басталды. Егер де Алматы тұрғыны болмасаңыз, бірақ шараға қатысамын десеңіз, сіздің жолақы шығынын өтейтін грант алу мүмкіндігіңіз бар (Сорос Фондына рахмет!). Тек уақыт шектеулі екенін ұмытпаңыз.

Өтініш жіберу формасымен таныс болған шығарсыздар. Өтініштерді қазақ тілінде жазуға болады!

Хаттарды barcampkz[at]gmail[nukte]com адресіне Тревел грант тақырыбымен жіберіңіз. Егер де сұрақтарыңыз бар болса, тікелей маған хабарласуыңызға болады (alijakj[at]gmail[nukte]com).

Сайтта тіркелу басталды!