Archive

Archive for 2009 Қаңтар

Баркемп Қазақстанда!

Қаңтар 28, 2009 15 пікір

Бұл жазбаны құлақтандыру, әлде блогымдағы алғаш рет Қазақстанда өтетін Баркемп/ BarCamp Central Asia 2009 туралы жазбаларыма Кіріспе деп санауыңызға болады.
3233751516_e8aebb06041
Биылғы жылдың көктемінде Алматы қаласында web 2.0 әлеміне белгілі Шара жоспарлануда. Әзірге дайындалу жұмыстар. Ұйымдастырушылар – Елена Жетпісбаева мен Инесса Шлапак(суретте).
x_ec8e0add1
Осыдан бұрын, бірнеше жазбаларымда баркемп деген не және оның пайдасы қандай екенін айтқан болатынмын(blogcamp пен barcamp деген ілмектері бар жазбаларды қараңыз), бірақ осы сұрақтарға тағы жауап іздеп көрсек,
barcampasia.net сайтында Бангкоктағы Баркемп ұйымдастырушысы Франц Патцих «Баркемптің философиясын» ашады, аудармасы (ағылшыннан орысшаға бұрын аударылған болатын, менікі орысшадан қазақшаға),
Баркемп(barcamp) деген не? by Франц Патцих
Бұл дәстүрлі үлгілерге жатпайтын білім беретін шара. Және де бұл шара тек қана білім берумен шектелмейді, сонымен қатар, адамдарға қызығушылықтарына қарай ой, тәжірибемен бөлісуге зор мүмкіндік туындататын орта.
Ал «баркемп» ЕМЕС нәрселер не? Бұл лекция ЕМЕС. Және де бұл презентация ЕМЕС. Бұл конференция да ЕМЕС. Сондықтан да осыны нақты көрсету үшін, «баркемпті» жиі un-conference (бей-конференция) деп атайды.
«Баркемп» – бұл диалог. Идеясы – ақылды, технологияларды жақсы көретін адамдарды бірге жинап, … әңгімелесу, ал содан соң бұл әңгіме қайда апаратынын көру. Сол үшін нақты тәртіп/жүйе қажет.
«Баркемп» – бұл қатысу. Бұнда көрерменжоқ, тек қатысушылар. Әрбір адам презентация жасап келуге/дайындау жұмыстарына көмектесуге әзір болуы тиіс. Ең құрымаса, пікірлесу кезінде белсенділік таныту қажет.
«Баркемп» – бұл ашық шара. Кез-келген адам оған қатыса алады, тек белсенділік танытса болғаны. Неғұрлым көп адам жиналса, соғұрлым идея, перспектива, қатысу энергиясы көп болады. Неғұрлым қатысушы саны көп болса, соғұрлым «баркемп» те әр қатысушы үшін жақсы өтпек.
«Баркемп» – бұл құрылымдық шара емес. Презентация үшін орын, жабдықтар, инфрақұрылым беріледі, ал нақты кесте құрылмайды. Қатысушылар жиналған кезде презентациялар кестесін өздері жасайды, ал басқалары қызықтырғандарын тандайды. Осы жерде «құрылымдық емес» пен «жоспарламаған» деген екі сөзді шатастырмыған жөн. «Баркемпке» алдын ала дайындалу жұмыстары қажет. Қатысушылар өз презентацияларына алдын ала дайындалса да, диалог кезінде тақырып басқа бағытта өрбитін болса, жоспардан ауытқып кетуге дайын болуы тиіс.
«Баркемп» – бұл жүйелік шара. Әр адам кез-келген уақытта жүйеге қосылып, алған тәжірибесімен бөлісуге дайын болуы қажет. «Баркемп» әлемнің әр бөлігін алып тұрады.
Сонымен, Лена Жетпісбаева айтпақшы, Баркемп біздің қолымызда, оның қалай өтетіні дәл өзімізге байланысты.

Европаға апаратын жол?!

Қаңтар 27, 2009 8 пікір

26-26bf6a73973800135f725e9211cce560Еліміздің оқырмандары қызықтап оқитын екі газет «Литер» мен «Айқын» енді мемлекеттік «Нұр – Медиа» медиахолдингіне қарайтын болады. Қазақ тілді БАҚтардың айтуынша, холдингке партия газеттері:»Дала мен қала», «Страна и мир», -«Астана» телеарнасы, NS радиостанциясы, «Түркістан», «Нұр Астана» газеттері мен «Известия», «Аргументы и факты» мен «Комсомольская правда» басылымдарының филиалдары кіреді.
Сонымен қатар, біздің БАҚқа байланысты соңғы жаңалықтардың ішінде, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Құл-Мұхамед мемлекеттік басылым “Казахстанская правда” негізінде күнделікті шығатын ағылшын тілді “Weekly News” газетін және “Путь в Европу” журналын шығаруға жоспарлайды. Бұл өткен жұма күні ведомствалардың коллегиясында кеңейтілген 2008 жылдың қорытынды отырыста жария болды.
Ақпарат көзі

Санаттары:медиа Кілтсөздері:

Бұл не? Бұл қалай?

Қаңтар 23, 2009 6 пікір

Осы айдың ішінде Интернетте қазақ тілді «живой журнал»(Life journal) құруды Мәсімов мырза ақпараттандыру және байланыс жөніндегі мемлекеттік агенттік пен ҚР Ақпарат және Мәдениет Министрлігіне тапсырды – деп хабарлайды «Газета Сегодня» . Хабарды мына жерден көруге болады. Премьердің айтуынша, бұл ақпараттық кеңістік пен мемлекеттік тілдің дамуына оң әсерін тигізеді.
Бірақ(In My Humble Opinion):
Біріншіден, бұл әрине қаржы мәселесі (неге десеңіз, қазір қаржы мәселесі әр салада бірінші орында және ЖЖ сияқты платформа құрастыру үшін ол әрине қажет);
Екіншіден, уақыт;
ПМ бұл хабарды қаңтардың 23 күні жарияласа, 1 апта уақыт қана бар(демалысты қосқанда);
Үшінші, аудитория;
Қазақ тілді сайттардағы/блогтардағы адамдардың бәрі жаңа сервиске көше ме, бұрыннан қалыптасқан аудитория осы сервисті қажет ете ме? Осындай шешімге келер алдында біздің ҚазНет неге сарапталмайды, қолданушылардың қажеттілігі неге қарастырылмайды? Әлде мен бірдеңені түсінбей отырмын ба?

…болған екен

Қаңтар 22, 2009 Пікір қалдыру

d0bcd0b8d1851Жаңа жылдан кейін әлеуеметтік жүйелер мен блог платформаларда біраз өзгерістер болғанын байқаған шығарсыздар. Оның ішінде ЖЖ-ның америка офисінен 12 қызметкерді жұмыстан шығаруы(бұрын олардың саны 28 еді), Твиттердің ең танымал қолданушылары – Бритни Спирз пен Барак Обаманың микроблогтары хаккерлермен бұзылғаны. Соған қарамастан орыс тілді тви-қолданушылардың саны(оның ішінде қазақстандықтар да баршылық) қаңтар айында ұлғайды. ЖЖ-дағылар енді Твиттерге көшейек, бір-бірімізді дос қылайық(зафрендим) деп айтып жатыр. Кеше Твиттердегі жазбалардың көбісі ICQ туралы болса, оның алдында Обамаға арналған, біздікілер премьер жайында сөйлеседі. «Twitter is the telegraph system of Web 2.0.» Nicholas Carr, Author and Technologist(Твиттердегі бір жазбадан)
Тағы бір мегажүйе Facebook 150 млн. қолданушыға ие болды. Google жайында айтатын болсақ, бір жағынан олар көп офистерін жауып, бірнеше сервистерінің жұмысын тоқтатса, жаңа сервис пен утилиттерді іске қосты.
Арнайы қыздар үшін
МЫНАНЫ көрсеткім келеді.
ИШ көмегімен.

Санаттары:блогинг, медиа, әлеумет Кілтсөздері:,

BBC ізімен (1)

Қаңтар 19, 2009 2 пікір

BBC-дің курстары бойынша «Интернет үшін қалай жазу керек?», яғни дәстүрлі емес БАҚтардың өзіндік ерекшеліктері негізінде материалды дайындау ережелері жайында бөліскім келеді.
Қысқа да нұсқа жазу, нақты сөйлемдерді қолдану – бұл Интернет журналистер үшін өте маңызды. Сонымен қатар, оқырманды бірінші жолдан бастап қызықтыру да қажет. Аудитория үшін жұмыс істеген жөн. Қарасаңыз, бұның бәрі дәстүрлі журналистикаға жат емес, сондықтан да керемет айырмашылық жоқ. Сонда да…
Қалай және неден бастау қажет?

Айтып өткендей, алғашқы сөйлем оқырман үшін қызықты болуы қажет! Естеріңізде болсын, алғашқы сөйлеміңіз кез келген жерде болуы мүмкін. Мысалы, сіздің вебсайтыңыздың бірінші бетінде, басқа сайттарда – сілтеме немесе іздеу сервисінің берген нәтижесі ретінде. Жаңалықтық материалдың алғашқы сөйлемінде негізгі сұрақтардың жауаптары болуы тиіс: кім/не/қайда/қашан/неге/қалай. Осылайша сіз оқырманға материалды мазмұндап бересіз және оны әрі қарай оқуға итермелейсіз. Төмендегі вебсайт материалдарының сөйлемдеріне назар аударыңыз. Бағалаңыз. Осы сөйлемдер мақаланың мазмұнын бере ме?
http://news.bbc.co.uk/
http://www.bbcrussian.com/
http://www.cnn.com/
http://www.aljazeera.com/
http://news.google.com/
http://www.irishnews.com/
http://www.africadaily.com/
http://www.lankapage.com/

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,

Ауыл тілі

Қаңтар 15, 2009 2 пікір

d0b1d0b5d0b7d18bd0bcd18fd0bdd0bdd18bd0b9

Өлкенің патша комитеті кәсіпшілер одағының және Сырдария губернияның комитетімен атқару комитетін өңірінде 1926 жылы 20-шілдеден 1929 жылы 12-ақпанға дейін Қызылорда қаласында шығып тұрған апталық шаруа газеті. Ауыл шаруашылығына арналған тұңғыш салалық газет. 1929 жылдан кейін оның ізбасары болған жоқ. 30-жылдары «Дала дидары» (кейін «Ауыл» болып өзгерді) осы мақсатты тұтынып, біраз жыл ақпарат кеңістігін толтырып тұрса да, экономикалық қиындығына байланысты жабылып қалғаны мәлім. «Ауыл тілінің» 1926-жылы тұңғыш нөмірі КирЦИК-тің төрағасы Елтай Ерназаров редактор болып бекітілді. Сол кезде «Еңбекші қазақ» газеті жазғандай, «Ауыл тілі» – «Ауыл шаруасына арналған жаңа газет» болды. Зерттеу нәтижесінде газеттің 3-жылға толмаған ішінде оқырманымен 1, 2, 3 рет жүздесті.

Билік блогосферасы

Қаңтар 12, 2009 3 пікір

Қазақ блогтарында ҚР премьер-министрінің веб-беті жайында бірнеше жазба жарияланған еді. Бүгін Мәсімов мырза барлық министрлерді, республикалық агенттік басшыларын әр ведомстволық сайтқа қаңтар айының соңына дейін жеке блог орнатуға міндеттеді. Министрлер әр пікірге жауап беруі тиісті, ал премьер қойылған сұрақтарды бақылап отырады. Осы жаңалықтың «маңыздылығы» жайында блогшы Жомарт өз блогында былай деп жазады.
Обама мен Медведев видеоподкасттарын шығарса, біздің билік көштен қалмау тиіс…?

Санаттары:блогер, блогинг Кілтсөздері: