Мұрағат

Archive for 2008 Ақпан

Арсеналдың мұңы.

Ақпан 25, 2008 10 пікір

23 ақпан. Сейнт Эндрюс Стадионы, 27 195 көрермен. Бирмингем – Арсенал – 2:2 (1:0)
Голдар: Макфадден, 29 – 1:0, Уолкотт, 49 – 1:1, Уолкотт, 56 – 1:2, Макфадден, 90 – 2:2.
Құрамалар:
Бирмингем: Майк Тейлор, Мартин Тейлор, Риджуелл, Мерфи, Келли, Джонсон, Капо (Сарате, 59), Ларссон (Нафти, 66), Муамба, Макфадден, Форселль (Парнби, 15).
Арсенал: Альмунья, Галлас, Сендерос, Клиши, Санья, Глеб (Жилберто, 90), Фабрегас, Фламини, Адебайор, Эдуардо (Бендтнер, 10), Уолкотт (Денилсон, 90).
Төреші: Майк Дин.
Шығарылғандар: Мартин Тейлор, 3.

 Матч басталғалы 3 минут өткен еді, бирмингендік қорғаушы Тейлор Арсеналдың шабуылшысы Эдуардоға қарсы шабуылға шықты. Осы кезде Тейлор ереже бұзды, бірақ бұны телевидение қайталап көрсеткен жоқ, себебі шабуыл нәтижесінде Эдуардо қатты жарақаттанды және осы жарақатты көргендердің қорқыныш-үрейі зор еді(жарақат алған мезеттің фотосы интернетте бар, бірақ блогыма этикалық және моральдық тұрғыдан оны орнатқан жоқпын). Бирмингем ойыншысы алаңнан шығарылды. Эдуардоны жедел түрде медициналық қызметкерлері алып кетіп, дәл сол күні операция жасады. Қазір форвард Лондонның солтүстік емханасында жатыр. Арсенал және Хорватияның фанаттары әлеуметтік жүйелер мен фанклуб сайттарында үнемі пікір қалдырып, баспасөз орталығына хаттарын жолдауда, олар Эдуардомен бірге және оның тез сауығып кетуін тілеуде. Қазақстандық жанкүйерлер ретінде досым Данат екеуміз де хат жолдаған болатыңбыз. 

P.S. Бүгін Эдуардо Да Силва 25-ке келді. Туған күнің құтты болсын, Канонир!

Санаттары:Arsenal

Web 2.0

Ақпан 23, 2008 4 пікір

http://hello.eboy.com/eboy/productdetail/?token=FOO&pic=0&cat=poster&

Бұл  Веб 2.0 суретті мына жерден көргеннен кейін блогыма орнатам деп ойладым, бірақ қасына мәтін жазуды әдетке айналдырдым. Веб 2.0 жайында қазақ блогтарынан бұрын да оқыған шығарсыз, мен толықтырып көрейін.  Веб 2.0 концепциясы O’Reilly Media басылмның және MediaLive International компаниясының бірлескен «миға шабуылында» (brain storm) пайда болған. Көп концепциялар тәрізді Веб 2.0-де де нақты шекара жоқ. Сіз Веб 2.0-ді бірнеше ереже және эмпирикалық тәжірибе түрінде көз алдыңызға елестете аласыздар. Олардың бәрі күн жүйесі сияқты біріккен. Веб 2.0 бұл интернеттегі жаңа эволюцияның кезеңі. Әрине, бұл жаңа технологиялар мен жаңа мүмкіндіктер. Негізгілер: AJAX-қарапайым тілмен айтататын болсақ, бұл қайтадан жүктеусіз-ақ веб-бет мазмұның өзгерту технологиясы, оффлайн қосымшаларында сияқты. Сонымен қатар: Google сервистері, RSS, Torrent, Ілмектер, Wiki, Блогтар т.б.

Санаттары:медиа

«Алаш»

Ақпан 22, 2008 2 пікір

«Алаш» демократиялық – ағартушылық бағыттағы алғашқы қазақ басылымдардың бірі. 1916 жылы 25 қараша Семей қаласында ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің басшылығымен бірінші саны жарық көрген. Революция қарсанындағы Ресейдің ішкі-сыртқы жағдайларынан хабардар етуді мақсат еткен, Алаш азаматтарын бірлікке шақырған. Оған қазақ зиялылар Құлжанова, Жанайдарова, Ғаббасов, Ақбаев, Әуезов, Торайғыров т.б. белсене ат салысқан. «Алаш жолында» деген ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің мақаласында: «Бүгінгідей екіталай ауыр кезеңде қымбатшылық пен жоқшылыққа қарамай жалғызым деп «Қазаққа» ғана телміреп қалған кезде, соған серік болуды мақсат етіп, «Алашты» шығарып отырмыз»,- дейді. Газетте Ресей Думасына қатысу, ішкі, сыртқы саясат, қазақ шаруасының тіршілігі, оқу-ағарту ісі, қыз-келіншектер тұрмысы тақырыбы қамтылған; әдеби-көркем шығармалар да үнемі жарияланған. 50 шақты санынан кейін қаржы тапшылығына байланысты 1917 жылы мамырда жабылып қалған.

P.S. Бүгінде әлемторда бұл тарихи басылымның аттасы бар – “Алаш” тарихи-этнологиялық ғылыми журнал.

Журналист пен блогердің «3 неліктен» принципі.

Ақпан 19, 2008 7 пікір

 Сіз жариялаймын деген ақпаратты қалай таңдайсыз? «Мынаны жазамын, ал мынаны жазбасам да болады»- деп қалай анықтайсыз? Материалды(блог жазбаны) жариялау немесе жарияламау шешімі «бұл киноға барайын ба, әлде бармаған дұрыс па», «бұл кітапты оқиың, әлде оқымасам да болады»- деген сияқты шешімдерге ұқсас. Әрине, базалық білім мен үлкен тәжірибе жайында ұмытпаған жөн. Соған қарамастан адамдар ереже мен заңдарды шығаруға құмар, сондықтан да «3 неліктен» принципін ұсынамыз.

1. Неліктен дәл қазір? Бұл өзектілік критериі. Басқаша айтқанда, сіздің ақпараттық себебіңіз бар ма, әлде жоқ? Оқырман сізден: «дәл осы оқиға/адам жайында неге жаздыңыз?»-деп сұрақ қоюы мүмкін, сондықтан да ақпараттық себебіңіз болған дұрыс. «Пизан мұнарасының құлап жатқанына 400 жыл болды». Дәл қазір осындай материал жарияласақ не болар? Неліктен дәл қазір? Егер де ол құлап қалса немесе құлауын тоқтатса, жағдай басқаша болушы еді. Сонымен, «Неліктен дәл қазір?» сұрағы бір адаммен сұхбаттасқан кезде де өз өзектілігін жоймайды. Әр нәрсенің өз уақыты бар демекші, әрқашан маңыздылық, көкейкестілікті жеделділікпен ұштастырған жөн. Мысал.
2. Неліктен дәл осы тақырып? Бұл маңыздылық критериі. Маңыздылықты көп журналистер қаржылық тұрғыдан анықтайды, яғни, А және Б компаниялары арасында $10 млн-ға келіспеушілік болып жатса, ал В және Г компаниялары арасындағы келіспеушілік $100 млн болсын дейік, кім жайында жазасыз деген сұраққа, көбісі екінші компания туралы жазам деп жауап береді. Бірақ кейде өте қызықты келісім-шарттар қаржылық құнынан тәуелсіз баспасөздің бірінші бетттерінде жариялануы мүмкін. Мысал.
3. Неліктен осы жерде? Бұл-редакциялық сәйкестік концепциясы критериі. Неігізінде, редакциялық концепциялар әр баспасөзде бар, бірақ оларды ешкім пайдаланбайды деп айтуға болады. Сонда оларды не үшін шығарады деген сұрақ заңды. Жауап – бір газеттің ақпараттық хабарламаларын басқа баспасөзден айыру үшін, алайда, бір журналист бірнеше газет-журнал үшін ақпарат жариялау мүмкін…әрине бұның бәрі формальдылық және тәжірибе мен теорияны ұштастыру жиі қиынға соғады, бірақ олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынын ұмытпаңыз.

Санаттары:блогинг, медиа

Блогердің 10 қатесі

Ақпан 17, 2008 10 пікір

Мегаблогер қалай болам, трафикті қалай ұлғайтам және т.с.с. мәселелер блогосферада көп талқыланады. Әр блогерге міндетті түрде танымал болу және осыны мақсат етудің қажеті жоқ, себебі сіз танымал немесе оңша танымал  болмасаңыз да, адамдар сізді оқиды. Біз ең бірінші сапалы контент бар блогты оқуға тырысамыз, оның тақырыбы да аса маңызды емес – жеке, техникалық, саяси т.б.

Сонымен, блогер не істемеу қажет:

1. Өзіңіз түсінбейтін оқиғалар мен құбылыстар жайында жазбаңыз. 

2. Бір тақырыпқа тым қатты берілмеңіз.

3. Анықтап алған құбылыс немесе оқиға жайында пост жазам деп жоспарлап, уақытты созып алмаңыз. Осы кезде бұл ақпаратты оқырман басқа блогтан оқып алуы мүмкін.

4. Әр жазбадан керемет нәтиже күтпеңіз.

5. Блогыңыздың промоушыны жайында ұмытыңыз.

 6. Блогты танымал қылам деп контент жайында ұмытпаңыз. 

7. Блог арқылы ақша табу(даулы мәселе)?
8. Барлық идеяларды бір категория мен iлмекке сілтемеңіз.

9. Нәтижелерді  максимизацияландырудың қажеті жоқ.
10. Барлық  әдістерді қолданып өзіңіз жайында ақпарат таратпаңыз.

Кәсіби блогинг – бұл тәжірибе мен зейінді талап ететің процесс. Сондықтан өз принциптеріңізді қолданып,  кеңестерге назар аудармаңыз : ) Бұл материалды мен мына блогтан оқыдым.

Санаттары:блогер, блогинг

Блог көмек

Блог бос уақытты өткізу, достармен араласу, суреттермен бөлісу үшін ғана емес екені бәрімізге белгілі. Бүгінгі таңда блог көмегімен көп маңызды істер шешімін табуда. 2005 жылы Калифорния сотымен Apple фирмасынан «жабық» ақпараттың блог арқылы таратылғаны қарастырылды, блогерлерді ресми түрде журналист деп тануға бола ма және олар журналистерге арналған заңнамаға бағына ма? Естеріңізге сала кетейік, әр журналист сот талап етпеген жағдайда, ақпарат көзін көрсетпеуге құқылы(ҚР БАҚ туралы заң, 32 бап). Ақыры, вашингтондық сот блогерлерді журналистермен бір қатарға қоймады. Соған қарамастан, бірнеше күннен кейін баспасөзге сараптама жасайтын вашингтондық блогер Гаррет Графф ресми түрде Ақ үйдің конференциясында шақырылды. Ал америка әскерінің капитан-резервисті, әскери  барлау қызметкері Крис Александер онлайн басылымның бір мақаласында Пентагонды Intelink атты американың құпиялы компьютерлік жүйесіне блог енгізуге шақырды. Бұл жүйені әскери адамдар ақпаратпен алмасу үшін қолданады. Ақпарат мазмұны құпия болып саналғанымен жүйенің өзі құпия емес. Блог базасында басқа да механизмдер өз шешімін таба алады, мысалы бизнес, маркетинг. Корпоративті блогты басшылар жүргізіп, ал қызметкерлері оған пікір жазса, интерактивті түрде ақпаратпен алмасып, көп мәселелерді талқылай алады, бұл әсіресе қызметкерлердің әр жерде орналасқан жағдайда аса тиімді. Осылайша, клиенттердің де пікірін білуге болады. Блог концепциясы әдебиет саласында да жақсы дамуда, мысалы, онлайн жазушы  Алексей ’Lexa’ Андреев 5 жылдай футурологиялық «2048» шығармасын жариялап тұрды және әр жаңа тарауын оқырманымен бірге талқылап отырған еді. Кейін жазушы-фантаст Сергей Лукьяненко да өзінің  шығармаларын ЖЖ блогында жазып тұрған. Осы жерде әдеби полемика да көрініс тапты. Ал американың әйгілі фантаст жазушысы, «science fiction» жанрының атасы Роберт Шекли Украинаға сапарында қатты ауырып қалған еді. Киевтің клиникасында жатқан жазушының медициналық сақтандыру кітапшасы және ақша төлейтіндей жағдайы болмаған, жазушымен кездесуді ұйымдастырған украиналықтар Живой журнал пайдаланушысы болғандықтан, дереу түрде қайырымдылық қоры кампаниясын ұйымдастырды.

Санаттары:блогер, блогинг

«Қазақстан» газеті

Ақпан 13, 2008 3 пікір

«Қазақстан» газеті 1911 жылы 16 наурыздан бастап шықты, алғашқы сандары Ордада, кейін Оралда қазақ және орыс газеттерде басылды. Көлемі шағын, 6 бетік газеттің 5 саны 1911 жылы, барлығы 14-15 саны шыққан екен. Газеттің редакторы Елеусин Бюрин болды. Басылым мақсаты әр санның басында: «Газеттің асыл мақсаты:кәсіп қыл, ғылым үйрену турасында» жазылып тұратын. Басылымның алғашқы санында берілген «Газет деген не зат» мақаласында «Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат газит, со себепті газит біздің басшымыз, газит біздің дәрістер алдында көргеніміз. Дұспандарға қарсы құралымыз. Газит біздің білмегенімізді көрсететін ұстазымыз. Газит біздің қараңғыда жарық беріп, тұру жолға салатын шам шырағымыз! Біздің қазақ балаларына бұның қадірін біліп, ортамызда жанған бір шамның сөнбеуіне тілекші болу, аз ақшаны аямай жазылып, алып оқу парыз»  деп жазды. Сол арқылы газеттің мирас етіп ұстанар шамшырақ екенін байыптап, әлеумет парызын да екшеді. «Варшавада қазақ студенттер» мақаласында Польшада білім алып жүрген қазақ жастары туралы оқырмандарды хабардар етеді. Газет бетінде мәдени жаңалықтармен бірге, танымдық, ғылым жетістіктеріне арналған материалдар да жарияланып тұрды.

SPAM тарихы тереңде…

Ақпан 6, 2008 10 пікір

Бәрімізге белгілі спам сөзі қайдан пайда болды?- бұл сұраққа жауап беріп көрейік. Әуелде, «SPAM» деген сөз 1936 жылы Hornel Foods ет консерві компанияның сауда белгісі болған екен. Ал әлемдік деңгейде спам сөзінің жалықтырып жіберетін жарнама түсінігі «Монти Пайтонның ұшатын цирк» (1969) шоуында SPAM атты скетч арқылы танылды. Бұл скетчтің негізгі мәні – бір кафенің мәзіріндегі әр тағамда «SPAM» бар, американың әзілі біздікімен жараспайтынына келісетін шығарсыз…сонымен, бұл скетч: «Мен спамды ұнатпаймын!» (ағылш.«I don’t like spam!») – деген сөзбен аяқталады және спам сөзі көрініс барысында 100 рет қайталанады. Тағы бір нұсқа бойынша, былай делінгіен, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін американдық солдаттарға арналған «SPAM» консервісі көп мөлшерде қалған еді. Бұл өнімді тез өткізу үшін Hormel Foods алғаш жарнамалық компания ұйымдастырады. «Spam» деген сөз әр арзан тауары бар дүкен сөрелерінде, автобус пен трамвайларда, газеттерде жазылып тұрады.  Жарнама радиодан да үнемі берілді. Бір сөзбен айтқанда, қайда барсаң, Қорқыттың көрі, жоқ СПАМ.

Санаттары:медиа

Студент өлім жазасына кесілді

Ақпан 5, 2008 3 пікір

Ауған елінің журналистика факультетінің студенті 23 жастағы Саед Первез Камбакш (Sayed Pervez Kambaksh) кейбір ислам елдерінің салт-дәстүрін сынайтын құжатты жүктеп, курстастарының арасында таратақаны үшін өлім жазасына кесілген. Ауған өкіметі оны құдайға тіл тигізгені үшін айыптауда. 2007 жылдың қазан айында Шариат соты оны өлім жазасына кесіп, Саедтің ісі азаматтық сотпен қарастыруға да жіберліген жоқ. Өткен аптада мемлекет сенаты бұл үкімді бекітті. Батыс журналистері айыптыны қорғау үшін қол жинап жүр, Ауған үкіметі бұл орайда журналистер әріптесін көпшілік алдында жақтайтын болса, қамауға алынатынын ескертті.

Санаттары:медиа

Қазнеттегі журналистиканың баспалдағы

Ақпан 3, 2008 8 пікір

Еліміздегі интернет-журналистиканың қалыптасуы 1996 жылы саяси процесстермен тікелей байланысты. БАҚтың монополиялану кезінде журналистер өз наразылығын, ой-пікірін, виртуалды кеңістікте жариялай бастады. Үкімет басындағыларды сынау, оппозициялық бағыттағы материалдар сайттарда көрініс тапты. Дуванов өзінің «WEB-журналистика:опасные тенденции» мақаласында интернет-журналистиканың дамуына баға беріп, атышулы www.eurasia.org сайтының материалдары «тым батыл» болғандықтан, арнайы орындардың күшімен оның айналық нұсқасы жасалып, ондағы ең провокациялаушы деген материалдары алып тасталды. Осылайша, сенсацияға құмар оқырман бөлігі шын «Евразия» сайтына кіре алмай, аз уақыттан кейін сайт мүлдем жабылды. Осыған ұқсас жағдайды басынан кешкен басқа да онлайн басылымдар www.turan.kz, www.nomad.web.com, т.б. Анонимді журналистиканың үлгісі болған осындай сайттағы материалдар БАҚ-ң бір түрі дегеннен гөрі саяси таластардың аренасына көбірек ұқсайтын еді. Қазақстандағы алғаш онлайн басылымдардың тағы бір ерекшелігі және кемшілігі, ақпарат сенімсізділігі, тілдің тұрпайылығы. Сенімсіз дейтініміз, келтірілген мәліметтермен танысқан оқырман оны өзі тексеруге қауқарсыз болған. Кейінірек интернет аудиториясы үшін саяси, әлеуметтік топтардың кез-келген өкілі ашық пікірі мен көзқарасын білдіре алатын трибунаға арналған, қазақстандық интернет-журналистиканың жаңа баспалдағы болған «Навигатор» интернет-газеті. Жариялаған материалдарға жасалған пікірлерге редакция жауап қайтарып, оқырманымен тікелей байланыста болатын. Басылымды Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, және Алмания оқырмандары оқып, 40 мемлекетке таралатын. Бұл басылым нағыз журналистік еңбектің жемісі: интернеттің интерактивті мүмкіндіктері пайдаланып, журналистиканың жаңа стандарттарын қалыптастырды.  Осы тұста басылмның талантты журналисі марқұм болған Асхат Шәріпжанның жасаған еңбегі де зор екенін айтқымыз келеді. Тәуелсіз қоғамдық-саяси басылым бірнеше сот процесстерінен кейін адресін өзгертуге мәжбүр болды, «Навигатордың» аты да өзгерді: «Зона KZ» бүгінгі технологияларға сай шығып жатыр.

Санаттары:медиа