Мұрағат

Archive for 2009 Маусым

Нығмет Нұрмақов хақында (жалғасы)

Маусым 30, 2009 2 пікір

1956 жылы Кеңес Одағының Жоғары Соты кiнәсiз деп тапқанымен, Н.Нұрмақов мерейтойы кезiнде мерзiмдi басылымдарда жарияланған мақалаларда ғана еске алынып келедi.

Нығмет Нұрмақов жайында ақпарат бар болғасын, оны оқырманмен бөліспекшімін. Осы жазба Асхат ағаның сұрауымен Нұрмақовтың аз ұлттар мәселесіне қатысты еңбегі туралы болмақ.

1929-1930 жылдары Нығмет Москваның жоғарғы партия мектебiне оқуға барады. Кейiн Москвада қалдырылып, Бүкiлодақтық атқару комитетiнiң Президум мүшесi, жауапты хатшының орынбасары және ұлттар бөлiмiнiң меңгерушiсi болады.

«РСФСР-дегі аз ұлттар арасындағы жұмыстың жайы мен міндеттері» деген кітабы 1934 жылы Мәскеудегі «Власть Советов» баспасынан жарық көрді. Бұл — Нұрмақовтың сталиндік «идеяларды» басшылыққа алмаған «қауіпті» ұлттық кадр екендігін дәлелдеп берген туынды. Нығмет бұл еңбегінде БОАК Президиумы ұлттар бөлімінің жан-жақты жұмысын саралап көрсеткен. Отызыншы жылдардың бас көзінде РСФСР территориясында өзіндік ұлттық құрылымдардан тыс аудандарда ұйымдастырылғаи аз санды ұлттардың 65 ауданы болған. Сол сияқты аз санды ұлт өкілдері топтасқан аудандарда төрт мыңға жуық ұлттардың атымен аталған селолық кеңестер жұмыс істеген. Солардың ішінде Орталық Волга өлкесінда — 15, Батыс Сібір өлкесінде — 49, Орал облысында — 4 қазақ селолық кеңестері, ал біздің сол кездегі автономиялық республикамызда 40 неміс, 2 эстон, 2 чуваш, 6 мордва, 2 дүнген, 1 белорус, 2 болгар селолық кеңестері жұмыс істеген. Бұл жұмысты ұйымдастыру, біріншіден, ұлтшылдық сеніспеушілік пен қайшылықтардың қалдықтарын тездетіп жоюды, екіншіден, аз санды ұлттардың өкілдеріне қамқорлықты күшейтіп, мәдени және басқа мұқтаждықтарын өтеуді, үшіншіден, оларды жаңа құрылысқа араластыруды мақсат етті.

«Советскую власть из русской сделать междунациональной, близкой, понятной и родной для трудящихся масс всех республик и особенно тех, которые отстали в хозяйственном и культурном отношение», — дейдi Нығмет. «Не ослаблять борьбу на два фронта в национальном вопросе» (Власть советов// 1932.10) атты мақаласында. «Уклон великорусскому шовинизму отражает стремление отживающих классов господствующей великорусской нации вернуть себе утраченные привилегии. Отсюда опасность великорусского шовинизма, как главная опасность партии в области национального вопроса», — деп жалғастырады. Москвада аз ұлттар бөлiмiнiң меңгерушiсi бола жүрiп Нығмет осындай өткiр мақалаларын үзбей басып тұрды. Ұлттық арақатынастар мәселесiне терең бойлап бiрнеше баяндамалар жасайды.

Нұрмақовтың басқа да еңбектері жайында келесі жазбаларда

Advertisements

Құлшыныс, тәжірибе, позиция иелері

Маусым 26, 2009 8 пікір

3657992252_e71f26d0d6

90 -жылдардан бастап журналистер мерекесі 28 маусымда тойланады. Дәл осы күні БАҚ туралы алғашқы заң қабылданған болатын. Бірақ, 2006 жылы Парламент депутаттары қалам иелерінің мерекесін маусымның соңғы жексенбісіне белгіледі.

БАҚ қызметкерлеріне кәсіби мереке күнінде шығармашылық шабыттың шарықтауын, еңбекте табысқа жете беруін тілеймін! Қаламдарыңыз мұқалмасын!

Нығмет Нұрмақов хақында (Кіріспе)

Маусым 23, 2009 8 пікір

01Нығмет Нұрмақов туған халқына істеген қызметінің үлкен бір арнасы – қазақ баспасөзін қалыптастыруға ықпал етуі еді. Ол өзі аяғынан қаз тұрғызған қазақтың кеңес дәуіріндегі «Тіршілік», «Қазақ тілі», «Қызыл Қазақстан» басылымдары   арқылы ұлттық баспасөздің негізін салды. Солар шынайы жалпыұлттық саяси-қоғамдық мерзімді басылымдыр болды. Өз кезінде олардың әрқайсысы қазақ өміріне қатысты мәселелерге ой жіберіп, көзқарасын, бағыт-бағдарын үнемі білдіріп отырды. Қазақ зиялылыарының саяси орталықтары ретінде бүкіл саяси-әлеуметтік іс-әрекеттердің ұйымдастырушысы да бола білді. Бұларды қара қазақтың түгелге жуығы оқыды.

Солардың күш-жігері, қайраты мен табандылығының арқасында дүниеге келген біздің қазақ қоғамындағы демократиялық түсінік ұзақ жылдар бойы орынсыз саяси тоқпаққа ұрынып келді. Ақ-қараны айыртпас осы бір солақай саясат дегенініе жетіп, жоғарыда аттары аталған зиялы қауым қатарын «халық жаулары» деген атпен қырғынға ұшыратты. Бар жазғандары ұлтымыздың шерлі кезеңінің шежірешілеріне айналғандығы ма? Бірақ, араға 70 астам уақыт салып олардың есімі қайта жаңғырды, саяси-азаматтық тұрғыдан ақталынып алынды, шығармаларын көпшілікке тарату жұмыстары жүргізілуде. Тарих халқымызды өзінің өр тұлғалы ұлдарымен қайта қауыштыруда.

Нығмет Нұрмақовтың қаламгер-публицистік, қайраткерлік істері өз заманында-ақ аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдарының да берген тарихи тұжырымдары ерекше. Оның шығармаларының қай-қайсысы болсын тұнып тұрған публицистика. Білім алған ошақтарынан бастап, қызмет еткен ортасы, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастарын саралайтын болсақ оның публицистік қыры одан әрі тереңдей ашыла түсері анық.

Бостандық пен азаттықты аңсаған, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды қыран ойлы қазақ зиялыларының арасынан осы Нығмет Нұрмақовтың да тұлғасы қатар көрінетіндігі сөзсіз.

жалғасы бар

Блогосфера тынысы

Маусым 17, 2009 7 пікір

blogs-about-blogging

Блогосферадағы соңғы жаңалықтарға назар аударайық:

1.      Linux туралы қазақ тіліндегі алғашқы блог. Қазақша Linux (Линукс), орнату, баптау, қолдану кеңестері. Сонымен қатар, осы блогтан қазақша Mozilla Firefox браузерін жүктеп алуға болады. ИТ саласына қатысты қажет ақпарат осы блогта жоқ емес.

2.       Жаңа подкастшы және жаңа үнхабар пайда болды. Оны Сіздер мүмкін тыңдап үлгерген де шығарсыздар. Естімесеңіз, міне. Ansar-ға тілейтініміз: жаңа үнхабарлар қызықты, әрі жиі болып шықсын.

3.      Микроблогингтің соңғы жаңалықтарын хабарлап отыратын блог бар екенін естіген шығарсыздар. Микроблогинг өміріне қатысты өзгерістер, жаңалықтар, жаңа мүмкіндіктер т.б.

4.      Your vision блог-тұғырнамасы 1 ай бұрын интерфейсін қазақ тіліне аударды. Енді қазақ тілді блогшыларға осы тұғырнамада блог жүргізуге еш кедергі жоқ.  Your vision тек қана блог-тұғырнама емес, сонымен қатар, әлеуметтік желі; Сіз бірлестік құрып, немесе дайын бірлестікке кіріп, тақырыпқа сай жазба жаза аласыз және осы жазбаны(пікірлерді де)  басқалар бағалай алады. Тұғырнамадағы басқалардың блогтарында жаңа жазбалар жайында хабардар болып, достар қатарына ұнаған блогшыны қосуға болады. Жеке блог жүргізесіз бе, әлде анда-санда бірлестікке де жазып тұрасыз ба, бұл сіздің еркіңізде.

BBC ізімен (10)

Маусым 15, 2009 4 пікір

3382977725_519a106d2a

Экранға үңіле бермеңіз!

Сіз Интернет туралы жазсаңыз да, бұл ақпаратты ылғи әлемтордан алу қажет деген сөз емес.  Сөз жоқ, Интернет – ақпараттың қайнар көзі. Әсіресе, аты-жөні, даталар, заңнама және т.б. тексеру үшін пайдалы. Бірақ Сізге қажет нәрсенің бәрі осында деп ойламаңыз. Жақсы материал адамдармен сұхбат жүргізусіз мүмкін емес. Сіздің сұрақтарыңызға басқа біреудің жауабы арқылы өзге авторларда болмайтын ерекше атмосфера туады.

Егер де Сіз Google арқылы бір ақпарат тауып алсаңыз, ол басқалар үшін де қол жетерлік болар деген сөз. Сонымен қатар, интернеттегі ақпаратқа сақтықпен қарап, тексеру керек. Ірі ұйымдардың ресми вебсайттарында да қателер болуы мүмкін.

Әр кез материалға бірдеңе қосқан дұрыс. Сайтыңыздың басты ерекшелігі – Сіздің  әр уақытта күрделі нәрселерді дұрыстап түсіндіруі болады.

ВВСдің «Интернет үшін қалай жазу керек» модулі осымен тәмам.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,

Қазақ мерзімді баспасөзі (6)

Маусым 11, 2009 7 пікір

Арқа ажары (соңы)

1965 жылы өлке таратылып, қараша айында «Тың өлкесінің» соңғы сандары жарық көрді. Енді өлкелік газетті Ақмола облысының «Коммунизм нұры» алмастырды. Нақ осы уақыттан бастап табаны күректей 26 жыл бойы «Коммунизм нұры» облыстың тасқа басқан шежіресіне айналды. Бұл кезеңде облыстық газетте Әнуар Ипмағамбетв, Ибрагим Қапаров, Әмірғали Нүркішев, Октябрь Әлібековтер басшылық жасап, басылымның қазақ баспасөзінде өзіне лайықты орын алуына елеулі үлес қосты. 1978 жылы «Коммунизм нұры» газетінің Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталуы шығармашылық ұжымның сол мақсат мүддесінен шыққандығының дәлелі.

Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткізді. Тәуелсіздіктің арайлы ақ таңы атты. Құрсаудан құтылған қазақ баспасөзі өзінің жүрекжарды үнімен ел егемендігін айдай әлемге паш ететін мүмкіндікке ие болды. Еркіндіктің асқақ мұратын Арқа өңірінің төл басылымы да бар болмысымен құптап, оқырманға айтар ойын жаңа мазмұн, тың арнаға бұрады. Сол себепті 1991 жылдың 26 қаңтарынан Ақмола облыстық «Арқа ажары» деген жаңаша атаумен жарық көреді.

Жай емес деген үмітте

Маусым 7, 2009 8 пікір

3331542018_26c6bdf246

Бір жыл бұрын микроблогинг деген сөзді қолданбайтынмын, тек Твиттерге тіркелгесін, блогымда осы сервис жайында бірнеше рет жазған едім. Уақыт өте келе, «микроблогинг» лексиконымда үйреншікті сөзге айналды, микроблог жүргізуге арналған сервистер көбейді және олардың танымалдылығы да арта түсті.

Бүгін Обамадан бастап Опра Уинфридің бағдарламасын көретін үй шаруасындағы әйелге дейін сол «Не істеп жатырсыз?» деген сұраққа жауап беруге асығатындар көп. Қазір Твиттер, Плюрк сияқтылар өздері әлеуметтік желі бола тұра, Фейсбук, Мой мир деген сияқты ірі әлеуметтік желілерге өз әмірін жүргізгендей болды, тура өздері болмаса да; дәлірек айтсақ, микроблогинг элементтерін кең таратты.

Дара Торрес пен Шакил О’Нилдардың Твиттерде пайда болуы да жай емес, ал твиттерфон  бұл бөлек әңгіме… Бір сөзбен айтқанда, микроблогингке назар аудару енді «болады» емес, «қажет». Қазақ тілінде микроблогингтің қызықты жаңалықтарымен енді мына жерден танысуға болады. Иә, бұл жарнама. 😉 Назар аударғандарыңызға көп рахмет.

Санаттары:блогинг, әлеумет Кілтсөздері:,