Archive

Archive for 2008 Қараша

Шетел сөздері

Қараша 26, 2008 3 пікір

Қазіргі қазақ тілімізде шетел сөздері көп қолданылады және олар термин, анықтамалар үшін қажет. Би-би-сидің лингвистикадағы мол тәжірибесі бар болғандықтан мастер-класс немесе журналистерге арналған курстарда бұл мәселені қозғайды. Олардың айтуынша, лингвистикада жоғары білімінді көрcетем десеңіз, шетел сөздерін қолданбаған жөн.

Би-би-сидің журналистері тыңдарман/оқырманға нақты ақпарат жеткізуді көздейді. Эфирде біреуді керемет таң қалдырудан аулақ, бірақ әдемі сөйлеу және өз ойын дұрыс жеткізу-тікелей эфирде жұмыс жасайтын журналистке қойылатын талап екенін тағы ұмытпайды.

Редактор Андрей Остальский шет ел сөздерін қолдану турасында

Шетел сөздерін қолданбау логикасы: сіз шетел немесе термин сөздерінің мағынасын білсеңіз де, кейбір тыңдармандарыңыз оларды білмеуі мүмкін. Егер олар журналисттің сөзін түсінбесе, ондай ақпараттың қажеті де жоқ. Кейбір сөздер, мысалы «катарсис», «процессор» немесе «диггер» сайттың оқырманы үшін таныс немесе «трейдер» сөзін экономикалық жаңалықтарын тыңдайтындар үшін түсіндірудің қажеті жоқ.

Соған қарамастан, репортаж, мақала көпшілікке арналған болса, түсініксіз шетел терминдерін қолданбай, олардың баламасын немесе түсіндірмесін қолданған дұрыс.

Кейбір кезде ана тілімізде баламасы жоқ терминдер де болуы мүмкін. Сол кезде Би-би-си журналистері «кальканы» қолдануы мүмкін, яғни бұрын жоқ сөзді енгізу. Мысалы, «боксер Николай Валуевтың промоутеры, ресейлік спортшы американ боксшысымен күш сынымақ деп мәлімдеді…».

Басқа жағдайларда жаңа термин үшін тілдің ресурстары да қолданады. Мысалы, «Уэйн Руни ойыннан тыс (off-side) жағдайында доп соқты».

Санаттары:медиа Кілтсөздері:

«Махамбет»

Қараша 25, 2008 10 пікір

Өткен аптада Алматыда «Махамбет» киносының ақпараттық көрсетілімі («Цезарь» және Кино үйінде) болып өтті. Кино туындының авторы Олжас Сүлейменов, ал режиссері Сламбек Тәуекел. Журналист Гүлжан Ерғалиева Олжас Сүйлеменовпен сұхбаттасқан еді («Свобода слово» газеті, №44(188) 20 қараша 2008 жыл), төменде осы материалдан алынған ақпарат.

«Махамбетті» жаңа ғасырдағы алғашқы ұлттық кино деп айтуға болады. «Ал «Көшпенділер» ше?»- деген сұраққа Олжеке бұл киноны Лос-Анжелес пен Қапшағай жасаған халықаралық туынды деп жауап берді.

Кинодағы үш тұлға – Махамбет, Исатай және Жәңгір хан өз уақытының драматургиясын нақты көрсетеді. Жәңгір хан қазақ даласын европалық өмірге жақындатуға тырысты, оның қала, мектеп, ауруханаларды салғызамын деген ойы болды және әйелі Фатимамен Санкт-Петербордан бұрын оспа ауруынан егу жасайды.

Қазіргі тілмен айтатын болсақ, Жәңгір хан – прогрессист. Өмірге деген Фатима мен Жәңгірдің жаңа көзқарасы мен халықтың қаһармандары – Исатай, Махамбет арасындағы шиеленіс арқылы сол кездің негізгі проблемасы көрсетіледі. О.Сүлейменов бұны қазіргі уақытпен байланыстырады, ХІХ ғасырдағы конфликт социализмнен капитализмге өту жолы іспеттес.

Соған қарамастан «Махамбет» – ақын мен Баян сұлудың арасындағы махаббаты жайында кино.

Кино жайлы мына жерде қосымша ақпарат табуға болады.

Блогыңыз не жайында?

Қараша 20, 2008 11 пікір

Осыдан бір ай бұрын «Блог бастаймын» атты жазбада блогтар көп болғандықтан, оларды басқалардан ерекшелендіретін белгілер: стиль, тақырып, жазу әдісі болуы қажет туралы айтқанмын. Мысалы, тақырыптық (тематикалық) блогтардың белгілі бір оқырман тобы қалыптасады, яғни олардың тұрақты оқырманы болады, және көп жағдайда бұл блогтың оқырманы – бір саланың адамдары.

Блогтарды екі топқа(станделон және тегін хостинг) бөліп, солардың арасынан жақсы идея мен қызықты тақырып таңдаған бірнеше блогты қарастырайық.

Бірінші, тікелей блогшылардың өздеріне арналған станделон блогтар жайында.

«Дмитрий Донченконың блогтар туралы блогы» – блог жүргізу мәселесіне арналған бет. Бұндағы негізгі тақырып: блог дизайны, оның танымалдылығын арттыру жайында және Интернетте ақша табу мәселелері талқыланады. Блог статистикасы, жаңа плагиндер(көбісі Word Press-тікі), бір блог тұғырнамадан басқасына көшу, Уорд Пресстегі блогтың қағазға шығару нұсқасын дайындау, боттардан сақтану, тағы осыған ұқсас ақпаратты осы беттен таба аласыздар.

«Подкастим» мегаподкастер Рахим Дәулетқалиевпен жүргізілетін Болашақ, жаңа бастап жатқан және мегаподкастерлерге арналған блог. Атына сай үнхабар өнеріне/мәселесіне арналған беттен подкастерлер үшін пайдалы кеңестер және басқа да көптеген қызықты ақпарат оқи аласыздар, мысалы, скринкастинг дегеніміз не және оның құралдары қандай, подкаст жасауға арналған дыбыс программалары және арнайы техникалық аппаратура, монтаж, подкаст терминалдар мекені және т.с.с. Үнхабармен шектелмей, Бейнеподкастинг жайында да ақапарат бар. Мысалы, подкастинг жанрлары туралы.

Қазақ блогосферасы жайында айтатын болсақ, Word Pressті жақында мекен еткен екі блогшы туралы айтқым келеді. Әрине, олардың да жеке беттері бір тақырыпқа арналған немесе бір бағытта өрбіген деп айтқан дұрыс. Сонымен, «Арал53-блогы» жантану саласына арналған жеке бет. Практикалық психология, психикаға әсер ететін факторлар және …. тағы көптеген қызықты ақпарат жарияланады деген үміттемін. Екінші қазақ тілді блог бұл «Dnatic’s music blog. All about magic music…». Бұндағы жазбалар музыка әлеміне, оның ішінде транс пен әуендер толқынындағы әсерлерге және осы жанрдағы таспалардың релиздеріне арналған.

Жаңа блогшыларымыздың ісіне сәттілік және барлығымызға қызықты идеялар мен шабыт тілеймін!

Материалды аудару жайында

Қараша 19, 2008 Пікір қалдыру

Британдық корпорацияның келесі сабағы тәржімаға арналған. Қазақ блогшылары үшін бұл ақпарат пайдалы болады деп ойлаймын, себебі көбісі аударма жұмысымен тікелей болмаса да, ұшырасады. Мысалы, өз басым, орысшадан қазақшаға аударумен көп уақыт өткіземін. Және төмендегі  проблемаларға жиі көңіл аударамын.  

 

Бұл кез келген елдегі ВВСдің меншікті тілшінің, не корпорацияның орталық қызметімен жазылған жаңалық немесе белгілі саясаткердің сөзі болуы мүмкін. ВСС үшін оқылған немесе естіген сөзді дұрыс түсіну аз, құрылымы жағынан дұрыс аудару да маңызды.

 

Редактор Андрей Остальский тәржімада кездесетін қиындықтар жайында

 

Аудармашы сияқты тек қана бір ақпаратты басқа тілге аударумен шектелмей, тілдік нормаларға да сай материал дайындау қажет. Әрине, бұл кезде тілдік және стилистакалық қиындықтар туындайды, мысалы, шет ел сөздері, терминдер; оларды тура аударуға болмайды, сондықтан да лингвистикалық тәсілдер арқылы ақпараттың мәнісін ашуға тырысқан жөн.

Кейбір кезде «калька» арқылы ақпаратты ұсынуға тура келеді, яғни тілге жаңа сөздер мен терминдерді енгізу. Мысалы, «ресейлік девелоперлер бірнеше ірі құрылыс жобаларының тоқтатылуы жайында айтты».

Немесе мынандай жағдайда: «американдықтар өзінің әскери базасында ерте хабарландыру жүйесін (early warning system) орнатты», яғни жаңа термин үшін тілдік ресурстарды осылайша қолдану.

Сонымен қатар, тілде нақты анықтамалардың жоқтығынан қысқа да нұсқа жазуда қиындықтар туғызады.

Радиожурналистикада өзіндік тілдік және жанрлық ерекшеліктер бар. Мысалы, репортаж үш минуттан аспау қажет. Бірақ оның авторы жоғарыда аталған проблемаларға тап болса, контекст немесе ұзақ түсіндірме жасайды. Кейде ағылшынша екі-үш фразамен айтуға болатын нәрсені басқа тілде бір абзацпен түсіндіруге тура келеді. Сондықтан ВВС ағылшын мәтіннен негізгі ойдың мәнісін қысқартпай, қажет ақпаратты аударып, соған қарамастан, материалды созылынқы жасамай, түпнұсқаға жақындатуға тырысады.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,

«Торғай газеті»

Қараша 19, 2008 1 comment

1869 жылы қаңтарда Орынбор және Сібір ведомствосына қарайтын территория қайта құрылды. Бұл жер Торғай облысы деп аталып, құрылымына 4 уезд, 28 болысқа қарайтын облыс болған. 1879 жылы Орынборда облыстық басқарманың газет столы құрылып, оның ресми органы шыға бастады. 1895 жылы бұған қосымша ретінде «Тургайская газета» деген атпен ресми емес бөлімі 15 жылдай шығып тұрды. Онда Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсариннің еңбектері, өмір жолы жарық көрді. Материалдар қазақ және араб әріптерімен жиі-жиі қазақ тілінде беріліп отырды. Жалпы, таза қазақ тіліндегі материалдар жариялау осы «Тургайская газетадан» бастау алған. Сыни мақалалар, фельетондар, ауыз әдебиеті үлгілері жарық көрген.

Торғай облыстық басқарма газет столының бастығы Ә. Балғымбаев болды. Ол өзі де мақалалар жариялап тұрған. Сондай-ақ қазақ тілінде шыққан материалды орысша газеттерге де аударып отырған. Оның публицистік қызметі «Торғай газетінің» 1895 жылы 45 нөмірінде «Қарабұт-ғы қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы» мақаласынан басталады. 1904 жылы 48 санында «қырғыз» (қазақ жұртының очерктері) «Бесіктен молаға дейін» фельетоны жарық көрді. Сонымен қатар халық ертегілері шығып отырды. С. Сейфуллиннің де біраз мақалалары жарық көрген.

Сөз таңдау өнері

Қараша 12, 2008 Пікір қалдыру

ВВС өз веб-сайтындағы жариялаған материал немесе бағдарламаларында түрлі адам, этникалық топтарға, діни және мәдени общиналарға дәл және бейтарап анықтама(атау) береді. Кейде, материалдың негізгі тақырыбы – қоғамдағы жалған сенім немесе теңсіздік болуы мүмкін, бірақ редакция аудиторияны бұған сендірмейді және жағымсыз пікір қалыптастырмайды.
Редактор Андрей Остальский қажет сөзді таңдау турасында.

Корпорация аудиторияның нақты бөлігі үшін кейбір жағымсыз болып естілетін анықтамаларды, фразаларды қолданбауға тырысады(мысалы, физикалық кемшіліктер, жас шамасы, нәсіліне, ұлтына қарай адамдарды бөлу).

  ВВС журналистері бағдарламаны арнаған адамдар алдында әділ.

    Бағдарламаға қатысқан адамдар да тура осы ережелерді қолданады.

 Ойды дұрыс жеткізуде нақты, бір ғана сөзді қолдану – тақуалықтың белгісі емес. Бұл тек қана ойды жеткізу барысында тіл, сөзді анықтап алудың белгісі. Бұның бәрі де журналистке қажетті құралдар.

Егер де сіз эфир немесе материал жазар кезде басқа(қажет емес немесе дұрыс қолданбаған) сөзді таңдайтын болсаңыз, көрермен/оқырман бұл фактілерге неліктен сеніу тиіс?

Сөзді байқамай және тиісті емес орында қолдану Би-би-си оқырмандарының/тыңдармандарының сенімін жоққа шығарады.

Өміріміздің басқа салаларында сияқты, тілдің де өзіндік жаңа «сәнді» сөздері мен сөз тіркестері пайда болады. Кейбір журналистер: «Мен де бұл сөзді білемін және елден қалып қоймаймын»-деп, жаңа сөздерді материалына қосып қоюға тырысады, ал кейбіреулері керісінше бұған жеке ойдың, төлтумалықтың жоқтығы деп қарайды. Солай бола тура, тілде белгілі бір уақыт шеңберінде нақты сөздерге деген сұраныс пайда болады. Мысалы, 1990 ж. дейін Таяу Шығыс мамандары және кәсіпқой арабшы, дін мәселелерінің сарапшылары ғана «исламист» деген сөздің мән-мағынасын, рөлін білетін.     
Бүгінде әлемдік БАҚ радикализм мен терроризмге қауіп бар материалдарда бұл сөзді жиі қолданатының байқаймыз.
Сондықтан да Би-би-си өз аудиториясының дін немесе ұлтқа байланысты мәселелерді қалай қабылдайтының біле тура «исламист» сияқты сөздерге аса қауіппен(ұқыптылықпен) қарайды.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,

Оқиғаға баға беру

Қараша 9, 2008 4 пікір

Төменде айтылып өткендей, ақпарат берудегі объективтілік пен бейтараптылықты сақтау Би-би-сидің маңызды редакциялық принципі болып саналады. Олар проблема, оқиға, құбылыстарға өзіндік пікірін, бағасын бере алмайды. Мәселелерді талқылау – олардың күнделікті жұмысы, сондықтан бағалауыштық сөздерді қолдануда қиындықтар жиі болып тұрады. Әрине, әр оқиғаны жариялау кезінде өз көзқарасын байқамай білдіруі де мүмкін. Cуық соғыс бітсе де, қазірдің өзінде кімді қарақшы, ал кімді бүлікші немесе бостандық пен тәуелсіздік үшін күрескер деп атау туралы даулар көпке созылады.


Редактор Андрей Остальский сөздерге жүктелген жауапкершілік жайлы.

 

 Мысалы, редакция «банда құрылымдары» деген терминдерден аулақ және өзіне жағымсыз семантикалық  жүк артатын сөздерді қолданбауға тырысады. Қылмыстың нақты мінезін анықтайтын сөздерді, мысалы, «жанкешті», «ұрлаушы» деп атағанды жөн көреді.

Сонымен қатар, тек қана БАҚ өкілдері ғана емес, кейбір елдердің үкіметі де «террорист» деген сөзге оқырманның реакциясы жайлы біледі. Би-би-си журналистері бұл сөзді қолданбайды, тек қана біреудің цитатасы арқылы жаза алады, ал оқырман кімнің кім екендігі жайлы өзі қорытынды шығарады.

Осы сөз оқырманның оқиғаларды түсінуге кері әсер етеді екен.

 ВВС біреудің сөзін не сөз тіркесін қолданудан аулақ және ақпарат берудегі стиль мен мәнерде өз ерекшеліктерін үнемі сақтайды. Мысалы, құқықтық және процессуалдық нормалар сақталмаған жағдайда «босату», «әскери сотқа беру» немесе «сот шешімін орындау» деген сөздерді қолданбау.

Тағы да, «барлаушы» мен «шпион» деген сөзді пайдаланбау, себебі барлаушы өзіміздікі, ал шпион жаудікі сияқты болып естіледі. Сондықтан да бейтарап «арнайы жұмыс қызметкері» немесе «жасырын агент» деп жазады.

Сондай-ақ бағалуыштық сөздерді қолданған жағдайда сөздің қандай эмоция туғызатынын білу қажет.

Мысалы, АҚШтағы 2001 жылдың 11 қыркүйектегі болған қасіреттен кейін «медресе» деген сөз үрей туғыза бастады. Араб тіліндегі осы сөзді мұсылмандардың діни мектебі ретінде емес, кейбір ислам радикалдарының идеологиялық дайындығы деп түсінген және араб оқушылары осындай мектептерде білім алатыны жайында хабарсыз адамдар болған екен.  
Сол себептен, Би-би-си кейбір сөздерді аса сақтықпен пайдаланып, әр сөз қандай ассоциация тудыратынын ойлап отырды
.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,