Мұрағат

Archive for 2009 Шілде

PR-дағы блогтардың орны және Social Media

Шілде 28, 2009 6 пікір

5 жыл бұрын Global PR Blog Week 1,0. атты тарихи онлайн-шара өткізілген еді. Оның қатысушысы Bastien Beaucamp 5 жылдан кейін сараптама жасап, PR-дың қаншалықты өзгергенін көрсетеді.

БҰРЫН (2004)

ҚАЗІР (2009)
PR және БАҚ блогтардан алшақ болуға тырысады. PR және БАҚ блогтарды кең қолданады.
Блогинг – медианың альтернативасы. Блогтар – БАҚ.
Бастыққа блог деген не екенін түсіндіру керек. Бастықтың әлеуметтік желілерде өз профилі бар.
Блогтарды БАҚқа материал жеткізу үшін жүргізеді. Адамдар блогты өздері үшін жүргізеді.
Тұтынушылар мен кіші бизнес дәстүрлі медианы пайдалануға шектеу қойды. YouTube, Twitter, Blogs сияқты сервистер арқылы дәстүрлі медиалар қолжетімді болды.
Тым көп блог. Гугл – блогтың өзі.
Дәстүрлі медиаға деген сенімділік. Әріптестерге деген сенімділік.
PR мақсаты – жолдау жасау. PR мақсаты – “ашық жолдау” және максималды, жан-жақты қарым-қатынас.
Блогтар дәстүрлі жаңалықтық циклды екінші циклға айналдырады. Әлеуметтік медиа (блогтар, әлеуметтік жүйелер) дәстүрлі медиалар мен блогтардан бұрынырақ қосымша жаңалықтық  циклды жасайды.
Қолданушылар вебсайтқа контент алу үшін барады. Қолданушылар өзінің әлеуметтік желілерінен (Facebook, Twitter) шықпайды, контент өзі-ақ жеткізілетін болды.
Қолданушылар контентке бағытталған. Контент қолданушыларға бағытталған.
Блогшылар Spin-нен (қымбат тауарлар мен қызметтер сатудағы эффективті технология. Оны “үлкен сауда” деп те айтады) қорқады, PR-агенттіктердің жұмысы «тұнық» емес. Блогшылар Spin-нен (қымбат тауарлар мен қызметтер сатудағы эффективті технология. Оны “үлкен сауда” деп те атайды) қорқады, PR-агенттіктердің жұмысы «тұнық» емес.
Spin-ді өзгерту деген үмітте. Азғантай “алғабасулар” байқалды.
Блогтар – топтасқан жазбалар. Social Media – топтасқан жазбалар.
PR-бағасының қажеттілігі. PR-бағасының қажеттілігі.
Dial-up әлі қолданыста. Интернетке мобильді телефон арқылы кіру.
Блогингте нәзік жандылардың пайызы төмен. Нәзік жандылар блогингте ер адамдардан қалыспайды.

Жаңалық дегеніміз не? (2)

Шілде 25, 2009 5 пікір

Жалғасы

Осылайша, журналистер айтулы емес оқиғалар жайында жазған кезде әдейі осы хабарды жаңалыққа ұқсататын сөздерді пайдаланып жазуды үйренеді. Біз, аз болса да, назар аудартатын нәрселерді тауып алуға тырысамыз. Бұл түнерген алхимия – қайдағы жоқ сілімтіктердің сотталуын немесе саяси қозғалыстарды жаңалыққа айналдыртып, аз уақытқа оқырманның не тыңдарманның көңілін аударту. Осындай алхимиялық  әрекеттерді жасау үшін журналистер шынайы өмірге жаңа форма дарытып, ұсақ-түйектен арылтып, оқиғаны оңайлатып, ауыз-екі тілдің сапасын «жақсартып», кейде сюжетке шынайылықты қосу үшін цитаталарды ойдан шығарады. Бұл тек қана журналистердің жұмысы емес. Адамдардың көбісі санадан тыс тура солай жасайды. Біз өсектің үзіндісін естіп қаламыз да, оны қайта әңгімелеп береміз. Әңгімені қызықты қылдыру үшін өзімізге релевантты емес көрінген жерлерін жоқ қылып, ең қызықтысын алдыңғы орынға шығарамыз. Өзіміздің дос-туыстарымызбен шын мәнісінде болған оқиғаларды аяқталған эпизодтарға, қаһармандық немесе қайғылы жағдайларға айналдырамыз. Сонымен қатар, күнделікті өмірді «хикая» топтамасы етіп қылдырамыз. Ғалымдар мидың сипаттамасын жасаған кезде хикаяларды ойдан шығару мен әңгімелеудің жолдарын және облыстарын да тауып алады. Олар  сөйлеу мен грамматикамен тығыз байланысты болады: адамға әңгімелеуге итермелейтін импульс өте маңызды. Ал журналистика – өсектің индустриялануы.

newsжалғасы бар

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,

«Айқап»

Шілде 20, 2009 2 пікір

1911 жылы қаңтардан бастап, 1915 жылы қыркүйек айында Троицк қаласында «Энергия» баспаханасында қазақ тілінде үзбей шығып тұратын. «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік, саяси өмірінде әдебиет пен мәдениетті насихаттап, таратуда елеулі роль атқарды. Араб әрпімен теріліп, басында айына 1 рет, кейін 2 рет шығып тұрған, бұл журналдың нақты деректерінде «Айқап» 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйегіне дейін шығып тұрды деп жазылған. Бас редакторы Мұхаметжан Сералин болды.

Журналдың тақырыптары: бас мақала, шетел хабарлары, мұсылман өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, әртүрлі хабарлар мен редакцияға түскен хаттар. Мазмұны бойынша: саяси-әлеуметтік, әдеби, әдебиет мәселелер, оқу-ағарту, ана тілі, әліппе, теңдік, дәрігерлік, агротехникалық кеңестер, ғылым табыстары, ішкі-сыртқы хабарлар, кітап сындары, тілші хаттары және жауап хаттар, отырықшылыққа шақыру, егіншілікпен шұғылдану, мектеп салу, емхана ашуға шақыру, әдет-ғұрып, салт-сана мәселелеріне көп көңіл бөлінді.

Басылымның сандарында Бейімбет Майлиннің шығармалары, Міржақып Дулатовтың «Екі қыздың мұңы» атты туындысы Азамат Алашұлы бүркеншек атымен және т.б. жарияланды.

Жаңалық дегеніміз не? (1)

Шілде 17, 2009 1 comment

Жаңалық дегеніміз не және ол қандай болу керек сияқты сауалдар студент кезімізде де жиі қойылатын. Ұстазымыз Мартбек Тоқмырза «ең жақсы жаңалық – бұл жаман жаңалық» деп айтатын, цинизмге жақын анықтама, бірақ оны жоққа шығара алмаймыз. Әрине, жаңалықтың жаманы не жақсысы болмайды; жаңалық өз алдына жаңалық бола тұра, шынымен де ақпараттық маңыздылығы бар хабарлама болуы қажет.

Журналист Марк Григорян блогында әріптесі Эндрю Маррдың «Менің кәсібім» (Andrew Marr. My Trade) атты кітаптан үзіндіні орысшаға аударып жариялаған еді. Марр (суретте) Би-би-сидің саяси редакторы, The Independent газетін басқарып, The Economist журналында, The Scotsman газетінде қызмет атқарды, қазір өз шоуының жүргізушісі. Британияның беделді журналисі болып саналады, әрі өзінің «Andrew Marr’s History of Modern Britain» кітабымен танымал. Сонымен, Жаңалық дегеніміз не сұрағына Марк Григорянның аудармасы бойынша 4 бөлімге бөліп тастаған жазбаларымнан түсінуге тырысайық.

marr

Бұл сұрақ көп журналистерге дамыл бермейді. Әрине, кейбір оқиғалар барлығымызды дерлік қызықтырады. Шектен шығу жағдайлары арамызда шиеленіс туғызады, жан түршігетін немесе ерекшеленіп тұратын. Бірақ осындай оқиғалардың сенімді жеткізушісі жоқ. Жаңалықтық индустрияға шикі материал қажет, үлкен форматты 20 шақты бетті күнде толтыру үшін, сағат сайынғы эфирге жаңалықтық бюллетеньді жариялау үшін «отын» қажет.  Содан журналистер өз уақытын тек қана төтенше оқиғаларға бөле алмайды, себебі жаңалықтар жаңа, жүйелі түрде, сағат сайын, күн сайын шығып тұру керек. Бірақ кей-кезде бір күннің ішінде көптеген оқиғалар болып та қалады.

Жалғасы бар.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,

Сұхбат алуға байланысты кеңестер

Шілде 14, 2009 24 пікір

491619301_071f569577

Блогшы, журналист сияқты, кез келген адамнан сұхбат алып, блогына жариялауы мүмкін. Интернеттегі біраз ақпаратты ақтара отырып, Сіздер үшін мынадай кеңестер ұсынып отырмын:

  • Сұхбат алудың алдында әдептілік жайында ұмытпау қажет, яғни жеке басқа қатысты сұрақтар қою, жеке өміріне байланысты мәселелерді әңгіме қылу. Әрине, бұның бәрі сұхбат берушінің өзіне де байланысты. Алайда, осындай сұрақтар сұхбатқа қатысып отырған адамға қаншалықты әсер ететінін алдын-ала біліп алған дұрыс.
  • Сұхбат беруші адаммен мейірімді болыңыз.
  • Өте маңызды – өзіңіз шындықты айтып, ар-ұятты бірінші орынға қоятын болсаңыз, сізді тура осындай адамдар диалогқа шақырады
  • Сұхбат  алдында жоспар құрып, оған сұхбаттың мақсатын, қорытынды жасау үшін қандай ақпарат алу қажет екендігін анықтап алған жөн.
  • Айтпасақ та түсінікті шығар, сұхбат алдында қызықты, әрі көкейкесті жауап бере алатын сұрақтар тізімін дайындау керек.
  • Сұхбат берушіні тығырыққа тірейтін тым қиын немесе арандатуды туғызатын сұрақтардан аулақ болыңыз.

Ал Сіз осы мәселеге байланысты қандай кеңес бере аласыз?

Санаттары:блогинг, медиа Кілтсөздері:,

«Ұлан» газеті

Шілде 11, 2009 28 пікір

1235390416Мектеп кезімізде көбіміз сүйіп оқитын «Ұлан» газеті тұңғыш рет «Пионер» деген атпен шыққан, кейін «Октябрь балалары», «Қазақстан пионері», 1990 жылы «Ұлан» атауын иеленді. Сол кезде ыдыраудың алдында тұрған Кеңес Одағында, соның ішінде біздің еліміздің де қоғамдық өмірінде әр түрлі өзгерістер бой көрсете бастаған еді. Пионер ұйымымен қатар басқа да балалар ұйымдары құрылып, жұмыс жасап жатты. Сондықтан да республикадағы жалғыз қазақ балалар газеті тек пионер ұйымының ғана органы боп қалуы мүмкін емес болатын.

Газет ешкімді ұйымға, топқа бөлместен еліміздегі кез-келген баланың мүддесін қорғап, шығармашылық қабілетін шыңдап, олардың өмірлері мен үлгілі істерін көрсету мақсатында шығарылса керек.

Сол кезде газеттің редакторы Доскенов Ғалым бастаған редакция ұжымы тіл мамандарымен кеңесе келіп, республикалық  балалар газетіне «Ұлан» деген атау лайық деген шешімге келген болатын. Өйткені тілін қастерлеген халқымыз: бабасына түсімен ғана емес, ісімен, ақыл, қайратымен тартып туған ұрпағын, баламын деп жасымай, тезірек ер жетуге, ел көсегесін көгертуге құлшынған ұрпағын, болашағын үміт артқан ұрпағын ұлан дер еді.

Газеттің қазіргі бас редакторы, жаңылмасам, Сұлтан Қалиұлы.

Gmail: SMS арқылы тіркелу

Шілде 7, 2009 5 пікір

gmailЕнді «Джимейлде» тіркелу үшін мобильді телефон қажет: почталық қызмет Google жаңа есептік жазбаларын растау үшін SMS-ті қолдана бастады. Осы ақпаратты Google Operating System блогы хабарлайды. Енді Gmail мобильді телефоныңыздың нөмірі арқылы активация кодын жібереді.

Gmail бұрын да жаңа есептік жазбаны растау үшін SMS қолданатын, бірақ ол кезде сервис баршаға ашық емес-тін. Қазір осы тәжірибеге спаммен күресу үшін қайта оралмақ. Дәстүрлі қауіпсіздік әдістері, мысалы CAPTCHA, тиімсіз екен: көптеген аукциондар мен форумдарда жоғары емес бағаға 5000–100000 аккаунт сатып алуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, «Гугл-күнтізбе», «Джимейл», «Гугл-докс» және басқа да тегін Google веб-қосымшалардан тұратын Google Apps нұсқасын жабуы мүмкін. TechCrunch-тың хабарлауынша, жаңа қолданушыларға сервистің жұмысын сынап көруге 14 күн беріледі. Осыдан кейін қолданушы 1 жылға 50 доллар төлеуі тиіс. Алайда, «Google сервисінің» орыс тілді бетінде әзірге тегін базалық пакетті қолдануға болады.

Google Apps нұсқасының жаңартылған түрі ешқайда жоғалмайды, тіркелу мына бетте.

Ақпарат көзі

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:

Огилвидің байқағандары/кеңестері бізге пайдалы ма?

Шілде 3, 2009 13 пікір

3580509039_706d0ec8f7Блог жазбаға ат қою, яғни тақырып жазу Сіз үшін оңай шаруа ма? Өзім оларды қиналмай жазатын секілдімін, бірақ кейде салмақты материал жазған кезде (оО ондайда да бар ма еді?), бірнешеуін таңдап, өшіріп, қайта жазып, ойланып-толғанып отыратын жағдайлар да болады. Бірақ, шынымды айтсам, оған қатты басымды қатырмаймын. Бүгін Дэвид Огилвидің тақырып жазудағы кейбір кеңестерін жариялаймын.

1.    Тақырыптар мәтінге қарағанда 5 рет көп оқылады, яғни ақпаратты «сатып тұрған» – тақырып.
2.    Егер де тақырып материалдың пайдалы кеңестер жайында болатындығын көрсетіп тұрса, ол тез таралып кетеді.
3.    Егер де тақырыптың ішіне қызықты жаңалық кіргізетін болсаңыз, жаңалығы жоқ тақырыпқа қарағанда, осындай материалдың оқырман саны 27% өседі.
4.    Оқырман үшін пайдалы ақпараты бар тақырыптар үлкен аудиторияны жинап алады.
5.    Тақырыпқа “бренд-нейм” қосуға болады – дәл тақырыптарға назар аударатын оқырманның 90 пайызы Сіздің не жарнамалап тұрғаныңызды бірден түсінеді.
6.    Егер де Сіз тұтынушылары аса көп емес ерекше бір тауарға жарнама жасайтын болсаңыз, тақырыпта дәл сол адамдардың көңілін аудартатын ақпаратты қолданыңыз.

7.    Зерттеулердің нәтижесінде көлемді тақырыптары (10 сөзден де көп) бар материалдар көбірек сатылуы мүмкін.

8.    Оқырманды сендіру үшін тақырыпқа факт қажет, бұл – сандар, нәтижелер, аудиторияға қажетті нақты мәліметтер.

9.    Егер тақырып 28% көбірек есте сақталатындай болсын десеңіз, оны тырнақшаға алыңыз.

10.     Егер де жергілікті газетке хабарландыруды жариялайтын болсаңыз, тақырыбына қаланың атын жазып қойыңыз. Оқырман көбінде жергілікті хабарларға назар аударады.

Санаттары:блогинг Кілтсөздері:,