Archive

Archive for 2008 Маусым

Журналистер күні!!!

Маусым 27, 2008 4 пікір

28 маусым – Қазақстан Республикасының Баспасөз Күні. Дәл осы күні барлық баспасөз қызметкерлері өзінің төл мерекесін тойлайды. Бұл мереке жайында 4 жыл бұрын бірінші курста оқып естігем. Жыл сайын үкімет тарапынан бірнеше номинация бойынша ең үздік журналистерге «Алтын сұңқар» сыйлығы беріледі. Алдында БАҚ қызметкерлері сайысқа өз жұмыстарын ұсынып, кейін арнайы комиссия қорытындысын шығарады.

Құрметті БАҚ өкілдері, мереке құтты болсын! Қаламыңыз қарымды, жолыңыз ақ, денсаулығыңыз мықты, жаңалықтарыңыз қызықты болсын! Барлықтарыңызға шығармашылық шабыт тілеймін!

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:

Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық мұрат.

Маусым 22, 2008 3 пікір

(жалғасы)Кезінде халқымыздың сал серілері атанған, күй құдіретінің шебері болған Байжігіт, Қызай, Айтан, Кербала, Қуандық сияқты өнер иелерінің күйлерін өмірде болғанын білмейтін консерватория ұстаздары мен студенттеріне Тоқсоба қарттың көңілі қалады. Жалғыз атасының арман-тілегін немересі Нәрік орындап,  ұмыт болған  көне күйлерді жандандырады.Жазушының сонау қазақ халқының басында өтіп жатқан қысылтаяң кезеңдерде жазған үлкен туындысы  «Көк мұнар» романы. Бұл романда орыстың айдауында жүрген халқымыздың рухани мұраларын аяқ асты қылған, ұлттық тіліміз бен дінімізден, мәдениетіміз бен ділімізден айыруға шақ қалғандығын, келер ұрпақтың намыссыздығын, жігерсіздігі жайлы сөз етеді. Романның басты кейіпкері Едігенің ұлтына деген сенімі, шексіз махаббаты күннен күнге асып отырғаннын шығарманың өн бойынан байқаймыз. Жас аспиранттың мына қатал тағдырға деген көзқарасы кей жағдайда эгоисттік сықылды көрігенімен, халқымыздың көкейінде жатқан мұңы екендгі шүбәсіз. Ол өзінің тынымсыз ізденісі мен білімінің  арқасында үлкен жетістікке жететіне күмәні болмайды. Өйткені Едіге қоғамдағы болып жатқан озбыр саясаттың түбі ұлтымыздың тоқырауына алып келетінін білетін. Мұның себебі, ол  өзінің қатарластарының арасындағы дауларда тек шындыққа жол беретін. Едігенің бойына сонымен қатар жазушылық қасиет болатын, ол тәңірі түріктің тарихы мен өршіл рухына бас иген, өзі өмір сүріп отырған қоғамына налыған жас қыран және де өз заманының құрбаны. Әр халықтың жазушысы өз ұлтының  мұңы мен шерін, жетістігі, тарихы жайында сөз етеді. Басты кейіпкеріміздің жазып жүрген романы ертеңгі күні болашаққа құнды мұра болатынын және де әлемдік сахнада қазақ романдарының өзінік орнын табатынына сенімі берік. Өмірге саясаттың ықплынан тыс, таза адами тұрғыдан қарай білетін Едігенің қай дәуірде, қай қоғамда кездесетін өміршең тұлға екендігін атап айту қажет. Сонымен бірге бұл шығармада адам баласының жаратылуы және әлеуметтік тұрғыдан даму тарихын, діни ұстанымын баян ететін тараулар бар…Әдебиетші Едіге сезімталдығы, қайсарлығы мен намысқойлығы басым, ғылым жолында тосын жаңалық ашамын деп жүрген кеудесі есікқақпай албырт жас. Өзіне-өзі сенімді, аяқ алысы нық, жүзі ашық, ой-дүниесі жасына қарағанда ерте есейіп кеткен адамның айналадағы түрлі көзқарасқа, пікір байламға құлақ аса бермеуі заңды да. Оның эгоисиік сезім ахуалы, бір жағы, бідімдарлығы мен еңбекқорлығынан туындап жатыр. Ендеше осындай рухани әлемі орнықты, табиғаты табанды жанның ешкімге жалтақтамай, тіке айтуын, дәрменсіз талантсыз ғалымдар мен олардың айналасындағы жандармен санасқысы келмеуін елеулі мін ретінде көру артық. Жоғарыда аталған шығармаларда автор Тоқсоба, Қазы, Мамай, Едіге сынды адамадардың бүгінгі таңда сиреп бара жатқандығын, олардың орнын басар ұрпақтың кім екендігін оқырманның еншісіне қалдырмақ. Қазіргі кезде адамның адамға қасқыр болуы, қайырымсыздық пен мейірімсіздік, зұлымдықтың белең алуы, қоғамның мәдени мұраға немқұрайлықпен қарайтына, ұлттық нақышымыздың бояуының солғындауы,  ұлтымыздың ұлылығын асқақтататын қариялар қатарының азайып, келер ұрпақтың өнер халықтың рухани айнасы екенін, аңшылықты, алғыр тазы  мен сәйгүлік аттарды ұстап баптауды ұмыт қылғандарын  автор шығармаларының өзегі еткен. Автордың бұл туындыларында айтпақ ойы, ешқашан қазақ рухы мен болмысы, салт-санасы жойылмау керектігін, әр дәуірде, әр уақытта ұлттық рухымыздың өресін шыңға жетелеу әр бір қазақтың басты парызы екенін ұмытпаған абзал. (соңы)

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:,

Блогтар заңға бағына ма?

Маусым 17, 2008 Пікір қалдыру


Associated Press ақпарат агенттігі блог және жүйелік БАҚтар үшін авторлық құқықтар бұзылмас үшін заң (немесе ереже деп оқуыңызға болады) жобасын ұсынған еді. NYTimes –тың мәлімдеуінше өткен аптада Drudge Retort сайтына жіберілген хабарландыруда 39дан 79 дейін сөзден тұратын тура цитаталары бар 7 материалды өшіру қажет екенін сұрады. Агенттіктің стратегия бойынша директоры Джим Кеннеди Media Bloggers Association өкілдерімен және басқа да ұйымдармен «басқару принциптерді» құру үшін кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, АР материалдарына сілтеме жасағаннан гөрі, оған қысқаша резюме жазу қажеттігі жайында айтқан еді. Бірақ блогшылар резюме жазады деп айту қиын, сондықтан АР әлемдегі бар блогшы үстіне арыз жазар, не барлық сілтемелерді бақылау мүмкін емес екенін мойындауына тура келеді… Ресейлік басылымдар өз материалдарының блогта жарияланғанына еш қарсылық білдіртпейді және бұған РИА «Новости»-дың былтыр жасаған «blog it» функциясын мысалға келтіруге болады, ал бір жағынан Интернетте авторлық құқыққа байланысты «заң бұзушылықтың заңнамалық және технологиялық құралдардың мониторингі»-не тағы қарсы емес екені жайында «Веб-планета» сайты хабарлайды.

Санаттары:блогинг, медиа Кілтсөздері:,

«Садақ» басылымдары

Маусым 14, 2008 6 пікір

1917 жылдың наурызына дейін Верный қаласында айына 2 рет татар тілінде шығып тұрған суретті, күлкі-сықақ журналын «Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы» шығарды. Редакторы-Зариф Баширов. Алғашқы нөміріндегі «Садақ не үшін шығады?» деген бас мақалада ақпан буржуазиялық демократиялық революциясынан кейін Россияда болып жатқан саяси өзгерістерді жұртқа түсіндіріп, ел ішіндегі кем-кетіктерді сынап, оны түзетуді мақсат ететіндігін баяндайды. Журнал «Алматы әңгімелері», «Жетісу әңгімелері», «Сібір әңгімелері», «Телеграф хабарлары», «Саясат дүниеде» айдарларымен түрлі материалдар, ал «Шығар» айдарымен өлеңдер беріп тұрған. «Садақ» прогресшіл-демократиялық бағыт ұстады.

«Садақ»-Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының 1915 жылдың 9 қарашадан 1918 жылдың 10 ақпанына дейін шығарылған әдеби-көркем қолжазба журналы. Журнал «Қазақ» ұйымы атынан шықты. Оның ұйымшысы және іс жүзіндегі редакторы Бейімбет Майлин мен Ж. Тілепбергенов болған. Алдына қойған мақсаты «Ғалия», «Расулия», «Хусаиния» өз халқының ағартушысы болу ниетімен оқып жүрген қазақ семинаристердің оқуына мейлінше көмектесу, қазақ халқы тұрмыстың сол кездегі жақсы-жаман жақтарын қамтып отыру еді. «Садақ» бетінде Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Білімдіден шыққан сөз» өлеңдері Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі басылды. Журнал негізінен мәдени ағартушылық бағыт ұстады.

Блогингты қорғап шықтым:)

Маусым 10, 2008 25 пікір

Бүгін диплом жұмысын қорғау күнім. Тақырыбым «Блогинг-журналистиканың жаңа сипаты» екендігін білетін шығарсыздар. Ғылыми жетекшім Мейрамхан Жәпек, ал пікір білдіруші Асхат Еркімбай. Жұмысты 5ке қорғадым. Қазақ тілді блогосфера мен қазақ тілді блогтарды көрсетіп, оларға журналистік тұрғыдан баға бердім, азаматтық журналистика жайында айттым. Емтихан тапсырылды, диплом қорғалды, осымен студенттік өмірім де бітті…

 P.S. Диплом қорғауға 2-3  күн қалған кезде ауырып қалғандықтан дипломды баспаға құрбым Жаннұр апарып, жетекшіме өзі тапсырған, ал мен болсам қорғауды емес, температурам тез төмендесе ғой деп уайымдап жаттым. Жаннұр түнге дейін қасымда болды, моральдік тұрғыдан да көп көмек көрсетті. Ақыры, бәрі жақсы аяқталды.

Санаттары:блогер

Контент немесе дәл қазір 38 бен 39 арасында жүрмін:)

Маусым 7, 2008 4 пікір

Әр блогтың алғашқы веб-беті газет немесе журналдыкіндей әдетте мұқабадан басталмайды. Мерзімді баспасөздің мұқабасы ең өзекті материалдардың аңдатпасы болса, блогтың алғашқы беті мәтіннен, аудио, видео немесе суреттерге қатысты түсіндірмелерден құралады. Блог бетін толтыратын ақпарат қандай формада жарияланатының білу үшін блогтың мазмұнына, дәлірек айтсақ, контентіне назар аудару қажет. Конте́нт (ағылшын тілінде content) – кез келген хабарламалық маңыздылығы бар ақпарат ресурсын (мысалы, вебсайтты) толтыратын  мазмұн. Бұған мәтін, графика, мультимедиа жатады. Ақпараттық технологиялар саласында бұл терминді вебсайттың мәтіндік мазмұны ретінде көп қолданады. Блогтың өзін бос кеңістік немесе газеттің таза беті ретінде қарастырсақ, контент – бұл мақала, заметка, репортаж, фотосуреттер мен сұхбаттар. Егер блогта тек қана бейне файлдардан құралған хабарлар жарияланса, оның негізгі контенті видео, фото, сурет. Веблогтар аудиохабарлар ретінде де көптеп кездеседі. Осы тұста Подкастинг жайында айтып кетсек, ағылшын тілінде Podcasting iPod жəне broadcasting (хабар тарату) сөзінің қысқартылған түрі, блогта аудио жəне бейне материалдарды, сонымен қатар сандық плейерлерді орналастыру арқылы хабарларды дайындау. Осылайша жеке бетке радио хабарларға ұқсас аудиофайлдар контенті де блогшылар үшін өте маңызды. Қарап отырсақ, қазіргі әлемтордағы контент дәстүрлі БАҚтың барлық түрлерін электрондық нұсқада ұсынады. Баспасөз, радио, телевизияның өңімдері бір блогта көрініс табады және осылардың бәріне бір адам жауап бере алады. Блогтардың көпфункцияналдығы контентті қызықты, тартымды, әрі жүргізуге ыңғайлы жасайды. Ендігі кезекте контенттің тақырыбы, яғни блогтағы жазбалар, видео мен аудио файлдар не жайында екенің талқылайтын болсақ, біріншіден блогшылар жекебет жүргізген кезде алдына қандай мақсат қояды және оқырмандарға қандай ақпарат жеткізуге тырысатының анықтау керек, осыдан біз контент неден құрылатыныңа көз жеткіземіз. Мәтіндік блогтар – блогосферада ең көп таралған, ондағы жазбалар маңызды немесе ешкімге қажет емес, қысқа, не ұзақ болуы мүмкін. Оларды мектеп мұғалімі, танымал футболшы мен ғылым докторлары жүргізеді және блогты қандай ақпаратпен толтыратыны – әр блогшының жеке шаруасы.  Ал билік басындағы адамдардың блогтары қандай және не жайында? Мысалы, президенттердің Интернет-күнделіктері блогосферада жаңа бағыт. Бұндай блогтардың негізгі идеясы – халыққа жақын болу. Иран президенті Махмуд Ахмади өзінің «Mahmoud Ahmadinejad`s Personal Memos» атты блогын 2006 жылы ашқан. Бұл интернет-күнделік 4 тілде жүргізіледі. Блог жазбалардың біреуі бірінші жақтан жазылған автобиографиядан құрылған. «Trip Notes from the Middle East» — атты блог Ақ Үйдің әлемтордағы жеке беті. Блогтың пайда болуы 2008-жылдың басында Джордж Буш пен оның әкімшілігі Таяу Шығысқа (Израиль, Палестина автономиясы, Кувейт, Бахрейн, БАЭ, СаудовАравиясы және Египет) сапарымен сабақтасады. Блогты жүргізе бастаған Ақ үйдің баспасөз хатшысы Дана Перино және президент кеңесшісі Эдвард Глиспен. Блогта оқырманның пікірлері де жарияланатын, бірақ олардың саны тым көп болғандықтан, ішінен сұрыпталаған. 16-қаңтарда президент сапары аяқталып, блог жұмысын тоқтатты. Бірақ АҚШ үкіметі келешекте де осындай шараларды интернетте жалғастырады деген болжам жасауға болады. Видео-блогтың иесі Германия канцлері Ангела Меркель – ФРГдағы канцлерлердің ішінде алғаш блогшы. Өзінің веб-сайтында А. Маркель«видео-подкастинг» айдарын енгізіп, 2006 жылдың 8 маусымынан бастап, саясаттағы өзекті тақырыпқа арналған видео жарияланымдар ұсынады. Бұл қадамымен консервативті саясаткер блог-қоғамдасытығын таң қалдырып, жеке бетінің статистикасын ашық көрсетеді. Бірінші видеофайлды 55 мың адам жүктеп алды. Айта кететін бір жайт, Ангела видео-подкасттарды жариялаудан тұңғыш блогшы. Кейін оппозициядағылар да «солшылар» фракцияның сайтында тура осындай айдар енгізді. Сынға қарамастан видео-подкасттар саяси күресте басқа блог түрлері сияқты маңызды құрал болып қалмақ. Германияның таңымал саясаткері Ансгар Церфас «Welt am Sonntag» газетіне берген сұхбатында: «Видео-подкаст арқылы саясаткер дауыс берушінің назарын тікелей аударта алады», – деп баға беріп, бундесканцлердің виртуалды эфирде жасаған қадамы өте прогрессивті, әрі батыл екенің айтып өтті. Телеэфирдің уақытын бөліп, саяси дебаттардың сайлау алды кампаниялар үшін қаншалықты маңызды екені белгілі, блог арқылы үгіт-насихат жүргізу, бриффинг жасау немесе дауыс берушілердің сұрақтарына жауап беру сияқты шараларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі видео-блогтың еншісінде. Мәтінді блогтар фото арқылы дәлелді, шыншыл көрінсе, кейбір жаңалықты видео арқылы жариялаған ыңғайлы екенің тағы ұмытуға болмайды. Мысалы, өрт, жарылыс, табиғи апаттарды камераға түсіріп, блогқа орнатсаңыз, оған 2-3 жол коментарий беріп, көп сөзділікке салынудың қажеті жоқ. Кейбір оқиғалар, соның ішінде әсіресе апаттар, видео материал түрінде жарияланса, заметка немесе аудио-репортаждан гөрі нәтижелі болады. Блогта аудио файлдарды жариялау үрдісі де блогшылар арасында жақсы дамыған. Блогшы қызықтайтын тақырыпта сұхбат жүргізу немесе дайын сценарий арқылы белгіленген тақырыпты талқылау подкасттарда көп кездеседі. Ресейдің подкаст директориясы подкастерлер үшін тегін аудио хостинг ұсынады.  http://rpod.ru адресінде орналасқан Ресей подкаст директориясында аудио-хабар жазам деген кез келген адам өз подкастын орната алады. Ең көп тыңдалған 20 подкаст сайттың алғашқы бетінде жарияланады, тыңдармандар оларға пікір жазып, дауыс бере алады. Барлық подкасттар бірнеше салаға бөлінген: «кітаптар, кино, әңгіме, ән, бизнесс, қаржы, медицина, күнделік, компьютер, ақпараттық технологиялар, ойындар,мәдениет, сән, дін, спорт, философия, т.б.». Подкастерлердің болашақ хабар тақырыбына тыңдарман тікелей әсер етеді, мысалы, пікір қалдыру терезесінде авторға сұрақ қойып, ұсыныс жасау арқылы.