Мұрағат

Archive for 2007 Қараша

Өкінішті…

Қараша 30, 2007 3 пікір


Қарағанды қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында 28 қараша күні «Жындыханадан келген мейман» атты комедияның тұсау кесері болып өтті. Өкінішке орай сол күні театрға бара алмадым. 30 күні қойылымды екінші рет тамашалауға болатынын афишадан көріп, «мәдени бағдарламамды» жұма күнге ауыстырдым. 30ы кешкі сағат 17.45те театрдың кассасына келіп тұрсам,
-Сегодня ничего не будет!
-Почему?
-Потому что!-деп орыс апай ұрсып тастады.
Шынымен де, «Театр киім ілгіштен басталады» деген осыған орай айтылған шығар… Амал жоқ, автобусқа отырып, үйге қайтуға тура келді.

Advertisements
Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:

Азаматтық журналистика және блоггинг

Қараша 29, 2007 Пікір қалдыру

 «Біздің аудитория біз жазған феномендер мен құбылыстарды түсіндіруге көмектеседі. Оқырман біз білмеген фактілермен бөлісе алады. Керек ақпаратты қоса алады. Олар бізге қосымша сұрақ қоя алады. Сонымен қатар, бізді сынай алады.» Dan Gillmor


«Журналисттік кәсіби білімі жоқ адамдар құру, жақсарту, бақылау үшін жаңа технологияларды пайдаланады»
Mark Glasse
«Азаматтық журналистер-бұл біз бұрын аудитория деп атаған адамдар»
Jay Rose

«Сакура бұтағы» авторы Всеволод Овчинников

Қараша 26, 2007 2 пікір


Бұл кітаптың мазмұны Жапония мен жапондықтардың өмірі жайында. Автор кітапты «Олардың талғамы, Олардың өнегесі, Тұрмысы мен еңбегі, Олардың күнкөрісі.» деп, біренеше бөлімге бөледі. Овчинников өз еңбегінде бір тұтас елді оның халқы арқылы көрсеткісі келеді, капиталистік саяси әлем мен елдегі билік механизмдері туралы ой қозғайды. Ал Жапонияның журналистикасы жайында айтатын болсақ, автор: буржуазиялық баспасөздің бәсекелестігіне қарамастан, баспасөз-конференциялардағы баспасөз-клубтарының жүйесі туралы мағлұмат береді. Бұл жүйе арқылы әр мемелекеттік мекеме, саяси партия немесе қоғамдық ұйым өзінің ресми ақпараттарын барлық БАҚтарға бірдей таратуы (жария етуi) тиіс. Сонда жаңалық монополиялық құндылыққа айналмай, барлық баспасөз органына ортақ болады.

Санаттары:медиа, публицистика Кілтсөздері:,

Маркестің өмір жайлы сөзі

Қараша 19, 2007 1 comment

Бiреудi сағынудың ең жаманы-онымен бірге бола тұра, оның ешқашанда сенікі болмайтынын білу.

Алдымыздан бізге қажет емес адамдардың жолығуы да Алланың жазғаны болуы мүмкін, себебі кейін өз жалғызынды тапқасын, алғыс білдіреміз.

Басымыздан өткен әр оқиғаның өз себебі болады.

Сенің көз жасына ешкім тұрмайды, ал егер ондай адам бар болса, ол сені еш уақытта жылатпайды.
Габриель Гарсиа Маркес

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:

Эссе жайында

Қараша 16, 2007 4 пікір


ҚарМУ Филология факультеті журналистика бөлімінің 4-курс студенті
Сембекова Әлия Қарағанды қаласы
Данная статья рассказывает о художественно-публицистическом жанре эссе, о его истории, основной функции и роли в мировой литературе и в частности в журналистике.

Эссе – ақиқат ұлылығы.

Әдебиет-керемет қоғамдық күш.
Д.И. Писарев

  Әдебиет халықтың кешегі өмірін, бүгінгі тынысын кестелеу арқылы белгілі бір кезеңдердің көркем шындығын көрсетеді. Қай елдің әдебиетінде болса да көркем шығармашылықтың құнды жанры ретінде эссе туындап жатады. Әр жанрдың өз ерекшелігі мен өзіндік табиғаты бар. Әдетте бір жанрға қойылатын талапты екінші жанрдың табиғаты көтере алмайды. Вольтер:«Жалықтырып жіберетін жанрдан басқасы бәрі жақсы»-деген. Шынымен де, қызықсыз жанр болмайды, бұл тікелей жазушының көзқарасына, идеясына, бейнелеу, жеткізу әдісіне байланысты дүние.
З. Қабдолов: « Жанр-даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанр олардың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан, әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процесстегі атқарар роліне, алар орнына байланысты.»(1/360) Жанрлардың ішіндегі қандай құбылыстар болмасын белгілі бір стильдік, көркемдік мақсатта жұмсалып, көркем шығармалардың ішінде айрықша қызметке ие болып тұрған жанрлардың бірі – эссе жанры.
Эссе жанры – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлсек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. Әдебиеттегі эссе-соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлемнің азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдаумен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеист интелектуалдық байлығын, өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезінген-түйгенін тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.(2/378) «Эссе» сөзі француз тілінен аударғанда тәжірибе, шығарма, мүмкіншілік деген бірнеше мағына береді. Бұл жанрдың негізін салушы француз ойшылы Мишель Монтень («Опыты», 1580-1588 г.г.) Н.Л. Лейдерман, Л.В. Куприяновский, З.И. Кирнозе, Г.М. Цвайг сияқты зерттеушілер бұл жанрды автобиография, биография, күнделік, мемуарлар, очерк, эпистолярлық әдебиет, құжаттық драма және т.б. қатарына жатқызады. Осы жанрлар кейінгі антика дәуіріндегі өнер түрімен ұқсас болып келеді, ал тарихы көркем-құжаттық әдебиет ғылымға талпыну мен адамды, қоғамды, тарихты көркемдік жағынан зерттеу кезі – Қайта өрлеу дәуірінде бастау алады. ХХ ғасырда «фактілік әдебиет» туралы Иржи Гаек былай деп жазады: «Репортаждар, лирикалық, поэтикалық эсселер, биографиялық новеллалар-бұлардың барлығы дерлік «сюжеті жоқ», «перифериялық» жанрлар және қазіргі таңда олардың ролі өте зор. Олар әдебиеттің маңызды және ажыратылмас бөлшегіне айналды.» З.И. Кирнозе бұл феноменді ХХ ғасырдағы романның құлдырауымен байланыстырады.(3/1) Бүгінде эссе жанры жаңа рөлге ие, маңызды функция атқарады, нақты айтатын болсақ, Республика деңгейінде өтетін кейбір шығарма бәйгелері осы жанрда ұсынылып жарияланады, бұның себебі-эссе жанры жеке тұлға тарапынан баяндалатын хабарламаны талап етеді.
Соңғы жылдары эссе жанры баспасөз беттерінен қайта көріне бастады. Бұның себебі – эссенің газет беттеріне қайталамас реңк, ерекшелік әкелуінде. Қазіргі заманғы эссенің негізі – қоғамдық өмірдің әр саласындағы құбылыстарынан пайда болған «теория», анықталған концепцияны ерекше бейнелеу мен жеткізуде жатыр. Эссеистың ойлау деңгейі «глобальдылық». «Глобальды» деңгейде ойланудың маңыздылығы ең алдымен адамдардың күнделікті өмірде негізгі мәселелердің ішінде көкейкесті, өтпелі кезеңдерді анық байқауға көмектеседі.
Журналист Жидегүл Әбдіжәділқызының айтуынша: «Эссе-журналистің адамгершілік көзқарасын танытатын, авторлық позициясын айқындайтын, кәсіби деңгейін аңғартатын, қалың бұқараның санасына тікелей ықпал
етіп, сол арқылы қоғамдық пікір тудыратын жанр». (4/7) Яғни, журналистік тұрғыдан қарастыратын болсақ, өте тиімді, әрі журналистік функцияны атқаруға мүмкіндік жасайтын жанрлардың бірі. Өкінішке орай, кейбір эссе жазушылары оның негізгі қисынын, жанрлық ерекшелігін, құрылымдық сипатын біле бермейді, көбінесе , ойша болжаммен жазады. Себебі, олар бұл жанрдың тарихынан, мән-мазмұнынан бейхабар. А.А. Тертычный қазіргі баспасөздегі эссенің бірнеше түрлерін қарастырады, біз солардың ішіндегі ең көп таралған 4 түріне тоқталайық:
Публицистикалық эссе. Бұндай эссенің ерекшелігі күн тәртібіндегі, аудиторияны қызықтыратын мәселелерді қозғауында (мысалы өлім жазасына мораторий жариялау, терроризм т.с.с.).
Әдеби-сын эссе. Бұл әдеби шығармалар жайында жалпы ой-толғаныстар. Әдеби-сын эссенің рецензиядан айырмашылығы-эсседе шығарма детальды түрде талданбайды. Эссеист әдеби шығарманың жалпы заңдылықтарын көрсетуге тырысады, нақты шығарма арқылы өз пікірін білдіреді, идеясын өрбітеді.
Философиялық эссе. Автор эссенің бұл түрінде көбіне болмыстың жалпы мәселелерін, оның қоғамға, жеке адамға әсері туралы сөз қозғайды. Материя және рух, өмір және өлім, олардың бірлігі мен күресі-авторды толғандыратын тақырыптар осы.
Ғылыми эссе. Бұл эсселер жалпы ғылыми мәселелерге байланысты болып келеді. Техникалық жетістіктер, өркениет тағдыры, техника мен адам арасындағы қақтығыстар, ғылымның ізгіліктендірілу жолындағы әдістер мен мақсаттар және т.б. (5/217)
Эссе автордан логикалық жағынан жүйелі ақпаратты талап етеді. Эссеист өзінің ой-толғанысында бір немесе бірнеше пікірді жақтайды немесе оларға қарсы шығады. Автор өз ойын факт пен логикалық негіздеу арқылы дәлелдеп қана қоймай, бұл ақпаратты аудиторияға түсінікті түрде жеткізу керек. Мысалы Қазақстан жазушысы Марат Қабанбайдың «Қазақ қайда барасың?» атты шығармалар жинағында : «Қазақ тілі, ділі, діні жүретін аумақтар Арал теңізіндей тартылып барады.» деген үзіндінің өзінде «Ханнан да, қарадан да биік ана тіліміздің күні не болады?» атты эссенің тақырыбын толық ашу үшін оқырманға түсінікті, әрі актуалды теңеу қолданады. (6/19) Мәтін хронологиялық тәртіпке келтіріліп, бірден түсінуге қиын ой-пікірлер мысал келтіру арқылы, ал соңында ойды қорытып, түйіндеп жазылған эссені эссе деп атауға болады. Бұл жанрға арналып жазылған ағылшын, француз, американ әдеби теориялық шығармаларда ХХ – ғасырдағы эссеның «көкейкестігі», «өміршеңдігі» туралы көп айтылады. Дональд Друэрри өзінің «Varieties Of The Essay» еңбегінде эссенің әдебиет формасының шегінен асып, мерзімді баспасөз, баспадан жаңа шыққан кітап сияқты өте маңызды екенін жазады. Телевидение мен радионың өзінде эссе жанрдағы материалдар жиі дайындалынады.
Ағылшын ғылымдары Роберт Скулз бен Карл Клаустың еңбектерінде эссе Платонның «ақиқат ұлылығымен» байланысып қарастырылады, ал бұндағы жанрдың негізігі функциясы – «сендіру»(«persuasion»).(3/3) Эсседегі бізбен ой бөліскен адам бізді өзінің көзқарасының дұрыстығына сендіреді, әрі оқырман эссеге көз жүгірткенде, білімі терең, дүниетаным деңгейінің көкжиегі кең, өресі биік, аз сөзбен көп мағынаны қамти алатын, өмір, қоғам, тіршілік туралы өз тарапынан ой қоса алатындай болуы тиіс. Мысалы Қазақстан әдеби сыншысы, журналист Амангелді Кеңшілікұлының «Гогольдың өлімі атты» шығармасында: «Өмірінің соңында жазған Гогольдің «Жазушының жан азасы» еңбегін оқыған сайын өмір дегеніміздің адам мен сайтанның арпалысы екендігіне көзім жете түскендей болады. Сол сайтанды жеңу-халықтың ар-ұятының өлшеміне ғана байланысты….Менің ойымша, өз халқының келешегі үшін шын жаны ашитын жазушы оны өтірік мақтап емес, Гоголь сияқты ашына сүю керек, ашына!»(7/8)
Г. Марсель, П. Телар де Шарден, С. Вейля, М. Мерле-Понти және т.б. философтардың эссе жанрындағы шығармаларында француз менталитетінің ерекшеліктері ішінде философиялық және көркем өнер саладағы ойлардың туыстығын анық көрсете білген. ХХ ғасырдағы эссеист, «сын метафизигі» М. Бланшо өзінің әдеби-сын эсселерімен танымал болған. Ол «Әдеби кеңістік» атты эссесінде философия мен әдебиеттің жақындастығын дәлелдеу үшін Новалистің: «Біз бүкіл Ғаламшарға саяхат жасауды армандаймыз, сонда әлемнің өзі бізде емес пе?» деген сөзін қолданады.
Сонымен, эссе ғылыммен, публицистикамен және көркем әдебиетпен байланысты, дегенмен олардың ешқайсысына да тікелей қатысы жоқ жанр. Эссе көбінде «сараптамалық әдебиетке» жақын болып келетін және философия, әдебиет, саясат, сын, өнеге, эстетика, идеологияны объект ретінде қолданып, соларды сараптайтын жанр. Эссе үшін ең маңызды факторлар: өзектілілік, экспрессивтілік және бейнелілік. Жалпы сәтті жазылған эсселердің авторлары философтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, өнер зерттеушілері, жеке салада хабардар журналистер бола алатынына өмірдің өзі дәлелдеп жүр, демек эссе жанры автордың интеллектуалдық байлығына, өмірден білген, көрген, сезінген, түйгенін халыққа жеткізу стилінің өзіндік ерекшелігіне байланысты деген қорытындыға келуге болады.

Әдебиеттер

1. Қабдолов З. Сөз өнері.-Алматы: Санат, 2002.
2. Әдебиеттану терминдер сөздігі (Құрастырушылар:З.Ахметов,
Т.Шаңбаев) Алматы: Ана тілі,1998.
3. Т.Ю. Лямзина Жанр эссе (К проблеме формирования теории) интернеттен
4. Журналист газеті №9(34) қыркүйек 2005
5. Тертычный А.А. Жанры периодической печати. М.:Аспект Пресс,2002
6. Қабанбай Марат Қазақ, қайда барасың? Алматы Қазақстан 1995
7. Жас қазақ газеті, №3(55) 27 қаңтар 2006

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:

Жастар басылымы жайында…

Қараша 16, 2007 5 пікір

Мен 2ші курста оқып жүргенде осы мақаланы қалалық газетке жібергем. Контекстті өзгертпей, Қарағанды жастары ғана емес, бүкіл қазақ жастарына үндеу ретінде осы мақаламды блогқа жариялаймын.

Жастар басылымы қайда екен?

Қал нешік, Сарыарқа жастары? Сендердің халдерінді сұрайтын қазақша басылымның жоқтығы кімнің кінәсі? Сонау 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін дүниеге келген «Қарағанды жастары», кейін «Замандас» деген атпен шығып тұрған жастар газеті Кеңес одағы құлап, қаржы тапшылығына ұшырап жабылып қалған. Осы басылымның редакторы, танымал журналист Төлеубай Ермекбаев электронды Арқа-ақпарат газетінде шыққан сұхбатында (03.12.2003): «…Қаржылық қолдаудан айнып кетпейтін құрылтайшы болса, жастар газетін шығарып тұруға болады ғой. Тек соны «Қарағанды жастарын» іздегендей тұрақты түрде іздеп жүріп оқитын жастар бола қояр ма екен?…» Шынымен де, сапалы газет шығару үшін қаржы керек, бірақ қазақ басылымдарының тарихына үңілсек, 1916 жылы жарық көрген демократиялық-ағартушылық бағыттағы, Алаш азаматтарын бірлікке шақырған алғаш қазақ басылымдардың бірі «Алаш» газеті қымбатшылық пен жоқшылыққа қарамай 50 шақты санын шығарып үлгерді. Сол кездегі «Айқап», «Садақ», «Жас қазақ» басылымдары қатаң цензураға қарамастан халқымыздың күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерін қамтып отырды. Осыны ескере отырып, құрылтайшы жоқтығынан газет шығара алмадық деген жауаптар өз күшін жояды. Мүмкін біреулер, газетке жарайтын материал жазатын жастар саусақпен санарлық деп айтар, бірақ қаламыздағы поэзия, прозаға қалам тербейтін студенттер мен мектеп оқушылар аз емес және де тағы айта кететін бір жайт – Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасы кәсіби мамандарды дайындап жатқанда, бұл пікір шындыққа жанаспайды. Қарағанды облысы бойынша жастарға арналған қазақша басылымның ролі өте зор. Бұндай газет елшіл, отаншыл азамат қалыптастыруда, ұлт пен тіл, дін мен діл, рух пен намыс сияқты тақырыптарды көтеріп, шығармашылықты дамыту мақсатымен мүшайра, үздік шығарма сайыстарын өткізу, жастар проблемаларын (оның ішінде тұрмыс үй, жұмыспен қамтамасыз ету, психологиялық көмек, т.б.) шешуді міндетке алатын болса,
азаматтық журналистика функциясын атқаратын нағыз басылым болар еді.

Қазақ интернетінің тарихы

Қараша 2, 2007 4 пікір

Қазақстанда интернет 14 жыл бұрын пайда болды. Әлем торы ұлттық шекараны ғана ашқан жоқ, сонымен қатар ақпарат ғасырында қоғам өмірі жайлы түсінікті өзгертті десек те қателеспейміз. 1991 жылы алматылық «Парасат» фирмасының базасында Relcom торында аймақтық байланыс орнатылып, бастапқыда тек электрондық пошта қызметін атқарды. Relcom бұл алғашқы кеңестік компьютерлік тор. 1990 жылы телефон байланысымен Финляндия арқылы халықаралық ақпараттық кеңестік компьютерлік кеңістікке шықты. Казнет зерттеушілерінің айтуына қарағанда Қазақстаннан алғашқы хаттардың бірі 1991 жылы 10 сәуір күні Казстройсистема атты Мәскеу тауарлық биржаға жіберілген еді. Кейін «Парасат» пайдаланушылар iшiнен қазақстандық биржаларды, бірнеше БАҚты, ҚазМУ, Стратегиялық зерттеулер институтын және тағы басқа мекемелерді айтып кетуге болады. 1993 жылы Қазнет RELCOM (Санкт-Петербург) компаниясының байланысы арқылы Интернетты тұрақты түрде орнатылды. E-mail, WWW, FTP, USENET, IRC сервистері толық көлемде пайдаланушылар үшін жұмыс атқара бастады. Ал қазақ торының туған күні 1994 жылы 19 қыркүйекте Халықаралық тордың ресми түрде ұлттық KZ доменінің тіркелу күні болып саналады.

Санаттары:медиа Кілтсөздері: