Archive

Archive for 2009 Сәуір

Біз қайдамыз, олар қайда?

Сәуір 29, 2009 15 пікір

71832

Қазақстан Бүгін: 13:04 29.04.2009

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Республикада интернет-технологияларды дамытудың қазіргі деңгейіне заңнаманы сәйкес келтіру мақсатында заң жобасында негізгі ұғымдарды анықтайтын ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді берудің үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін ережелерді және қолданыстағы заңнамада бекітіп беру ұсынылады. Мысалы, қолданыстағы «веб-сайт» ұғымы порталдар, форумдар, блогтар, интернет – теледидар және басқа технологиялар көмегімен интернет желісінде ақпаратты орналастыруды қамтымайды. Сондықтан осы заң жобасында кең ауқымды «веб-сайт» ұғымын «интернет-ресурс» ұғымына ауыстыру көзделген.

Осы іс-шараларды іске асыру мақсаттарында сотқа міндетті түрде талапты енгізумен, прокурорға мүмкіндік беретін (бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін) ақпараттың жариялануын тоқтату туралы қаулының нормасын «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы заңына енгізу ұсынылған.

Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан сайттарға қатысты істерді қарау іс-жүргізудің талабының тәртібінде жүзеге асырылатын болады.

Толығымен мына жерде

Заң күшке енетін болса, Қазақстан территориясында әр блог/сайт БАҚ болып саналады (ал әр блогшы – журналист?),  веб-ресурстар тіркелуден өтуге тиісті, ал еліміздің соты шетелдік веб-сайттарға кіру жолдарын жауып тастауға құқылы болады. KZ зонасындағы веб-жобалар күрт азайып, нарықта Қазнеттің бәсекелестігі аңызға айналмақ.

Жоғарыдағылар «қажетсіз» сайт пен блогтарға бан қойып, әуреленбейді, енді бәрі ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ болмақ! Осыған қарап, Біз (блогшы/юзер/ азаматтар/ журналистер) және Олардың арасында қаншалықты алшақтық бар екеніне көзіміз жетті. Бұл алшақтық барда ешкім де ұтпайтыны анық!

Қазнеттің белсенді қолданушыларын өздерінің бұл заңға қарсы екенін көрсету үшін 13 мамыр 2009 ж сағат 15 пен 16 аралығында ( Астана уақыты) Қазақстанның интернет кеңістігіне шықпауға шақырады. «Бұл рәсім арқылы Заң қабылдана қалған жағдайда Қазнеттің қандай күйге түсетінін көрсеткіміз келеді» дейді.

P.S. суретте соқыр Фемида

Advertisements

Қазақ мерзімді баспасөзі (3)

Сәуір 28, 2009 5 пікір

Тіршіліктен Арқа ажарына дейін
Жер-жаһан соғыс өртіне оранып, ел басына аласапыран күн туған сонау аумалы-төкпелі кезеңде қазақ халқының біртуар қайсар ұлдары Сәкен Сейфуллин, Бәкен Серікбаев, Абдолла Асылбеков, Жұмабай Нүркин сынды азаматтар тығырыққа тірелген жұртына жол көрсетуді мақсат тұтып Ақмолада «Жас қазақ» ұйымының үні – ұлт тілінде газет шығару керектігін ұсынады.

Көпшілік қолдап, қолма-қол ақша жинап, баспахана ұйымдастыру бастамасы көтеріледі. Қаржы жинауда Ақмолалық Шарафат Темірбайқызы Лекерова ерекше белсенділік танытады. Газеттің тұңғыш редакторы болып 1888 жылдан 1902 жылға дейін Омбыда шығып тұрған «Дала уалаяты» басылымның жауапты редакторларының бірі болған, тәжірибелі баспасөз маманы, адвокат Рақымжан Дүйсенбаев бекітіледі. Сол жылдың көктемінде Рақымжан Дүйсенбаев Қазан қаласының түйеге артып Ақмолаға алғашқы баспахананың жабдықтары мен әріптерін әкеледі. Сонымен Арқа өңіріндегі қазіргі Ақмола облысының аясында тұңғыш қазақ тілді – «Тіршілік» газеті 1917 жылдың шілде айында алғаш рет жарық көреді.
Ақмолада 1917 жылдың шілдесінен 1918 жылдың жаз ортасына дейін шығып тұрған «Тіршілік» газеті алғашқы нөмірінен бастап халықтық-ағартушылық, азаткерлік бағыт ұстанғаны ешбір күмән тудырмайды. «Тіршілік» өзінің тарих сахнасындағы аз ғана ғұмырында туған халқының жоғын жоқтады, мұның мұңдады, сөзін сөйледі. Елді бірлікке, тірлікке бастап, өзінің атына сай жаңаша тіршілік жолын нұсқады.

Бұл ерекше Barcamp еді (2)

Сәуір 24, 2009 17 пікір

Баркемп туралы жалғастыратын болсам, …
…журналист, әрі блогшы Әділ Нұрмақов Moblog.kz атты мобильді веблог жайында, оның функциялары мен қолдануы туралы айтып берді. Ресейде осындай моблогтар екеу болса, бізде енді ғана пайда болды. Интернет пен заң тақырыбында қарағандылық студент Шыңғыс Крайбеков BitTorrent-трекерлердің құқықтық реттеу мәселесін, оның ішінде авторлық құқықтар жайында сөз қозғады. Қызмет көрсету сайттарының ішінде астаналық студент Дармен Аманбаев Apartamenty.kz – пен таныстырды және үшінші күні өткен стартаптар сайысында бұл сайт бірнеше рет жүлдегер атанды. Стартаптар ішінде тағы бір қызық жоба – электрондық кітапхана Wormie.kz. Оны Ақтөбелік White Hill дизайн-студияcы жасап жатыр және дәл қазір елімізде оған ұқсас бірде-бір ресурс жоқтың қасы. Осыдан, бұл жобаның болашағы зор деп болжауға болады. Электрондық кітаптарға арналған осы сервис те BarCamp Ideas Market-тің жүлдегері атанды. Фотохостингке байланысты екі ресурс Pics.kz пен Canvas.kz (әлеуметтік фото-сервис) – ті астаналық Алексей Чубыкин мен Рустем Мұсабеков таныстырды. Ал подкастингке арналған қазақстандық терминал PodKAZt.kz – тің презентациясы подкастерлер павлодарлық Иван Богураев пен алматылық Әсет Нұрпейісовпен өткізілді. Терминалмен таныстыру барысында подкастинг деген не және қазақстандық подкастингтің дамуы жайында айтылып өтті. Сонымен қатар, Қазнет қолданушыларына танымал блог тұғырнама, әрі әлеуметтік желі функцияларын бірдей атқарып жүрген Yvision.kz пен видео сервис Kiwi.kz қызметі алдағы жоспарларымен бөлісіп, қолданушылардың сұрақтарына жауап берді.
Тағы мынадай стартаптар таныстырылды:
http://kazpartner.kz/ – франчайзингке арналған платформа.
http://www.kundelik.kz/ – оқушылардың ата-анасына арналған электронды күнделік.
uchi.kz және referaty.kz – білім беру.
http://www.artmachine.kz – өнер/шығармашылық/арт.
http://autoatlas.kz/ – Қазақстан жолдар атласы.
bbkz.kz – Beauty Business Kazakhstan – сәнқой ханымдарға арналған.
http://infox.kz/ – Молдатаев мырза ұсынады 🙂
inkar.info – Интернет-радио(көпшілікке таныс).
listen.kz – мобильді телефоннан сервирге ақпаратты сақтау.
startup.kz – инвесторларды іздеп жүрген стартаптар сайты.
«Xtime» – студенттермен интернетте жарияланатын қызықты тв бағдарлама(оны yvision және kiwi-ден тауып алуға болады).
KomekteZ.kz – қолдау/көмекке арналған әлеуметтік желі.
4d0b1d0bbd0bed0b3
4d0b1d0bbd0bed0b32
4d0b1d0bbd0bed0b331
фотолардың авторы Сергей Сабанов
Шет елден келген қатысушылар, әрі тәжірибесі бар баркемперлер шараға жоғары баға берді және барлығы дерлік Баркемптің ұйымдастырушылары Елена Жетпісбаева мен Инесса Шлапакқа алғыстарын айтудан жалықпады.

енді ресми емес мәліметтерден 🙂
Соңғы күні Салтанат пен Айкомен кездестім. Айко жалғыз емес, Сәкінімен келді. Көшеде Айконы бірден танып қойдым, Сәкінді де 🙂 «Қазақстан» қонақүйінің жанындағы паркте біраз қыдырып, әңгімелесіп қайттық.
p1070032
p1070046
фото Салтанаттікі

Бұл ерекше Barcamp еді (1)

Сәуір 21, 2009 27 пікір

Жарты жылдай осы шараны күткен едім, ақыры қатыстым. Бұл жазбаны ресми түрде жазғым келмейді, себебі бұл мүмкін емес. Мен үшін осы баркемп ерекше өтті және оның дәл 2009 жылы өтуі өте дұрыс деп ойлаймын. Себеп? Биыл еліміздің Интернет қолданушылары сан жағынан өссе, Қазнеттің өзі сапа жағынан өсті. Жаңа сайттар, блогтар, сервистер көбейді. Barcamp CA 2009 арқылы көзбе-көз Қазнеттің проблемалары, жаңа идеялар талқыланып, жас стартаптарға демеушілік көрсету мүмкіндігі туды.

17 сәуір күні шараға келген қатысушылар тіркелуден өтіп, бір-бірімен танысып, білісті. Қазнеттің блогшылары, twitter мен yvision.kz – тің қолданушылары және Өзбекістан, Қырғызстан, Латвия, Украина, Беларусь т.б. елдерден келген баркемперлер КИМЭПте жиналды. Көбіміз бұрыннан танитын, бірақ өмірде кездеспеген адамдармен танысуға асықтық. Өз басым Твиттер және yvision-дағы таныстарыммен танысып(кейбіреулеріміз ник пен аватар арқылы бір-бірімізді танысақ, көбіміз фотодағы түрімізден танып қойдық; әйтеуір ол да бір қызық еді), бұрыннан танитын Лена мен Инесса (Баркемпті ұйымдастырған қыздар), Adam Kesher, Сардор (Ташкент), Бектұр мен Сымбатпен (Бішкек) кездестім.

18 сәуір күні презентациялар күні болды. Мен және алматылық Елдар микроблогингке байланысты презентация жасауға дайындалған едік. Қабырғаға ілінген кестеге өзіміздің презентациямыздың уақытын жазып қойдық. Бір кезде алдымнан Қуаныш шыға келді, қарасам қасында Ақзере, Салтанат пен Айкона тұр. Барлығымен танысып, әңгімелесіп, суретке түскен едік. Біраздан соң Нұргелді (оны көрмегелі қай заман) Қостанайдан ұшып келді. Бірнеше презентацияға қатыстық, өкінішке орай барлығына қатыса алмадық. Моблог, Yvision, PodKAZt, Opera mini-ді көріп қайттық.

Ақзере, Айконаның бір жұмыстары болып қалғасын, Салтанат екеуміз қалдық. Операның презентациясында Салтанат кімді көріп қалды деп ойлайсыз? Жанарбек аға да КИМЭПтің ішінде жүр екен. Оны көріп, амандасып, біраз сөйлестік.
s6301880

Сол күні Қазақ блогшыларымен кездескеніме қатты қуанған едім. Қыздар блогтары сияқты әдемі, салмақты, ақылды!
Келгендеріне және презентацияма қатысқандарына көп рахмет!

img_2101_resize
img_4906

s6301858

s6301860
s6301877

Жалғасы бар. Келесі жазбада 19 сәуір немесе Idea markets/Startap competition мен Айконың Сәкіні жайында оқи аласыздар

barcampca09

Сәуір 18, 2009 5 пікір

Барлықтарыңызға сәлем!

Көп күткен Баркемп басталды, кеше тіркелу болса, бүгін презентациялар басталды.

Оларды мына жерден және кешегі суреттерді және видеоны мына жерден көруге болады.

ВВС ізімен(7)

Сәуір 14, 2009 4 пікір

Мәтінді көркемдеу
bbc1
Сөздің астын сызыду қолданбауғы тырысу керек, себебі оқырман оны гиперсілтеме деп ойлап қалуы мүмкін. БАС ӘРІППЕН жазуды да байқап қолдану қажет, себебі Интернет этикасы бойынша бұл айқайлауды білдіреді.
Жуандатып жазылған әріптер курсивпен жазылғандарға қарағанда жеңілдеу оқылады. Леп белгісі кереметтей назар аудартпайды, әсіресе бірнешеуін қойсаңыз!!!
Аты-жөнін (басында атын әлде фамилиясын жазу қажет), лауазымды, даталарды (мысалы бір датаны әртүрлі жазуға болады 3 қазан 2006 ж., 3/10/06, 03.10.06) қалай жазу керек екеніне байланысты редакциялық саясатты құрастырған дұрыс. Қай амалды қолдансаңыз да дұрыс болады, бірақ веб-сайттағы/блогтағы авторлар тиімді, ыңғайлы тәсілді таңдап, оны барлығы бірдей қолдануы қажет. Сонымен қатар, «тыйым салынған» клише сөздерді қолданбаған дұрыс. Бұл цензура емес, бұл ереже, ол сайттағы мәтіндердің стилистикалық бірегейлігін көрсетеді. Беделді жаңалықтық агенттіктер мен баспасөздер немесе телерадиокомпаниялар стильге талаптарын да жариялайды. Осындай кітаптың мысалын мына жерде көруге болады http://www.guardian.co.uk/styleguide

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,

BarCamp live

Сәуір 12, 2009 4 пікір

d0bbd0bed0b3d0be-d0b1d0b0d180d0bad0b5d0bcd0bfd0b01
BarCamp Central Asia 2009 жұмысы аудиторияларда орналасқан web-камералар арқылы online жарияланады. Бұл трансляцияларды видео-сервис kiwi.kz – тің “Broadcast” бөлімінде көруге болады. Сонымен қатар, barcampkz.net және yvision.kz сайттарында. Осылайша, Алматыға келе алмай қалғандар конференцияны онлайн уақытта көре алады. Кейін, жазылған офлайн трансляцияларды barcampkz.net – те көре аласыздар.

Ал әзірге, осы промо роликті тамашалауға болады

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,