Мұрағат

Archive for 2007 Желтоқсан

Arsenal!!!

Желтоқсан 29, 2007 4 пікір


«Арсенал» (ағылш. Arsenal Football Club) — кәсіби ағылшын футбол клубы, базасы солтүстік Лондонда орналасқан. Премьер-Лигада ойнап, Англияның мықты командаларының бірі. 13 рет чемпион болып, 10 рет Англия Кубогын жеңіп алған. Клуб 1886 жылы Лондонның оңтүстік-шығысында құрылып, 1913 жылы британ астанасының солтүстік бөлігінде орналасқан «Хайбери» стадионына көшті. Ал 2006 жылдан бастап 60 – мыңыншы «Эмирейтс» стадионы салынды. 1886 жылы команда Диал Сквер аталып, кейін Корольдік Арсенал деп өзгертілді. Кәсіби мәртебе алғаннан кейін клуб Вулвич Арсенал деген атауға ие болды. 1893 жылы футбол лигасына кіріп, Екінші дивизионнан 1904 жылы Бірінші дивизионға қадам жасады. 1919 жылы мезгілді 5-орынмен аяқтады. 1925 жылы клубтың бас жаттықтырушысы Герберт Чапмэн болып тағайындалды. 1930-1938 жылдар арасында Арсенал 5 рет Бірінші дивизионда жеңіп, Англия кубогын 2 мәрте иеленеді.
Титулдары:
Англиия чемпионы— 1931, 1933, 1934, 1935, 1938, 1948, 1953, 1971, 1989, 1991, 1998, 2002, 2004,
Англия Кубогы— 1930, 1936, 1950, 1971, 1979, 1993, 1998, 2002, 2003, 2005
Лига кубогын 2 мәрте иеленеді— 1987, 1993
УЕФА Кубогын иеленеді — 1970
УЕФА Кубогының Иелері— 1994
Бүгінгі құрамы: 1 Леманн • 2 Диаби • 3 Санья • 4 Фабрегас • 5 Туре • 6 Сендерос • 7 Росицки • 8 Диарра • 9 Эдуардо • 10 Галлас • 11 ван Перси • 13 Глеб • 15 Денилсон • 16 Фламини • 17 Сонг • 19 Жилберто • 21 Фабианский • 22 Клиши • 24 Алмуния • 25 Адебайор • 26 Бендтнер • 27 Эбуэ • 30 Траоре • 31 Хойт • 32 Уолкотт • 33 Конноли • 36 Рэндалл • Жаттықтырушысы: Венгер

Санаттары:Arsenal

Жаңа технологиялар әсері.

Желтоқсан 22, 2007 3 пікір

Адамдар интернетте не істейді? Online Publishers Association және Neilsen//NetRatings зерттеуі бойынша, пайдаланушы уақыттың көп бөлігін мәтіндерді(блог, әлеуметтік жүйелер)оқуға және видео қарауға жұмсайды. Негізі, интернетті пайдаланушы адам уақыттың жартысын (47%) контентка арнайды. 4 жыл бұрын бұл көрсеткіш 33%ды құрған.
2003 жылы ең көп қолданылатын, әрі сұраныста бірінші орында болған ICQ мен электронды пошта сол кезде 46%, ал қазір уақыттың 33% алады. Контенттің алдыңғы орынға шыққан себебі – коммуникация мен контенттің технологиялық бірігуінде. 4 жылдың ішінде ақпаратты іздеу уақыты сәл ұлғайды, 3-5 %ға. Әлемтордағы ақпарат мазмұны хабарласу мен қарым-қатынас орнын басты, бұл коммуникация мен контенттің бір-біріне интеграцияланудың жемісі. Мысалы, әлеуметтік жүйелерде оларды бір-бірінен айыру мүмкін емес. Жаңа веб-технологиялар коммуникацияны контентке айналдырды, нәтижесінде блог пен MySpace заманында ICQ және электрондық пошта өзінің бұрынғы маңыздылығын жоғалтты. Тег «Далее»

Санаттары:медиа, статистика

E-mail және эгоцентризм

Желтоқсан 17, 2007 6 пікір

Сіздің хатыңызды қабылдаушы адам көп жағдайда хат мазмұның толық түсінбеуі және одан басқа қорытынды шығаруы мүмкін…Психологтар бұл мәселені зерттеп, оның себебін тапты. Мәселенің бәрі-автордың эгоцентризмінде ( http://www.glossary.ru/cgi-bin/gl_find.cgi?ph=%FD%E3%EE%F6%E5%ED%F2%F0%E8%E7%EC&action.x=8&action.y=3 ) жатыр деп тұжырымдауда. Хат авторының ойынша, адресаты оны міндетті түрде түсінуі қажет(«бір нәрсені жасырып тұрсам да, бұл онсыз да түсінкті» деп). Бұндай жағдай күнделікті өмірде жиі кездеседі. Нью-Йорк университетінің ғалым докторлары Джастин Крюгер (Justin Kruger) және оның Чикаго университетіндегі әріптесі Николас Эпли (Nicholas Epley) зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, электроныдқ коммуникация кезіндегі түсінбеушіліктер жайында «Жеке және әлеуметтік психология» (Vol. 89, № 5, стр. 925-936) атты журналдың бір нөмірінде, адамдардың бұрыннан белгілі психологиялық феномен-эгоцентризмнің кесірінен өз сарказм, көңілді күйін немесе салмақты ойларын дұрыс жеткізе алмайтынын түсіндіреді. Эгоцентризм – әлемді өзіңің «менмеңдігі» негізінде қабылдау. Өзімшіл адам электрондық пошта арқылы жіберген мәтінді біржақты қарастырады және басқалары бұны қалай қабылдайтыны жайында уайымдайды. Әрине, бұл проблема ежелден келе жатыр…бірақ қазіргі таңда ол өте актуальды, себебі электрондық пошта – коммуникация арналарының ең маңыздысы болып табылады. Зерттеу барысында, адамдар әңгімелесу процессінде бір-бірін әлдеқайда жақсы түсінеді және тәжірибе жүзінде дәлелденгендей, тіл қату арқылы ақпарат дұрыстығы – 75%ға тең, ал электрондық пошта арқылы – 56%. Ең қызықтысы, қарым-қатынастың қай түрінде болмасын, хабарды қабылдаушы ақпаратты түсінбедім деп еш күмәнданбайды екен, яғни бәрін дұрыс түсіндім деп ойлайды. Американдық журнал хабарлағандай, бұл үрдіс әсіресе 1990 ж. психолог Элизабет Ньютонның эгоцентризм эффектісін зерттеуі кезінде айқын көрініс тапты. Оның тәжірибесі кезінде бір адам кез -келген әуеннің ырғағын келтіріп, үстел үстінен қағып, ал қалғандары бұл әуенді тауып алуы тиіс еді. Әуенді табу нәтижесі 3%ды құрады. Неге десеңіз, үстел үстінен қаққан адамның ойынша, әуенді табу оңай, себебі ол оны өз санасында «естіп тұр», ал бұны тыңдап отырғандар тек қағыстарды естиді. Электрондық поштадағы қарым-қатынас процессі де осыған жақын. (авторы Анатолий Ализар) Мүмкін тура солай емес та шығар, бірақ асыққан кезде немесе бір нәрсені тура айта алмай, басқаға айналдырып, ойымызды шашыраңқы түрде жеткізген жағдайларды есімізге түсірейікші…, хаттарыңыздың мән-мағынасын, контекстін түсіну қаншалықты оңай?
http://www.webplanet.ru/news/internet/2006/2/7/ego.html

Санаттары:статистика

Блог тарихынан

Желтоқсан 14, 2007 5 пікір


Washington (Post?) Profile газетінің пайымдауынша, алғашқы блогтың иесі Тим Бернарси-Ли. Ол өз блогында 1992 жылдан бастап жаңалықтарды жариялай бастады. Ал 1996 жылдан бастап блогтар таңымалдылығы арта бастады.1999 жылдың тамыз айында Сан-Францискодағы компьютерлік Pyra Labs компаниясы Blogger деген сайт ашқан еді. Бұл компания сол кезде алғашқы тегін блогтық қызмет көрсетті. Кейін Bloggerді Google сатып алды. 2004 жылдың аяғында Apple компаниясы өзінің жаңа тауарлар жайлы ресми мәлімдемеден бұрын ақпарат жеткізген блоггерлерді сотқа тартып, ақпарат көзің көрсетуді талап етеді. Бірақ 2 жылдан кейін компания блогерлердің кінәсін дәлелдей алмады. 2006 жылы сот: «блогерлер журналистер сияқты ақпараттың көзің көрсетпеу құқығына ие»,- деп шешті.
Блог күні (BlogDay).
Тамыз айының 31ші күні. Бұл күні әр пайдаланушы өзіңе ұқсамайтын тақырыптағы 5 блогқа сілтеме жасайды. Бұл мереке батыста пайда болып, алғаш рет 2005 жылы тойланды. 2005 жылғы блог туған күнінде Google индексінде 30 мың жаңа бет пайда болды.
http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BB%D0%BE%D0%B3

Санаттары:блогинг

Журналистер мен блогерлер:бәсекелестік әлде әріптестік пе?

Желтоқсан 10, 2007 9 пікір

Блогерлер – бұл жаңа техноэлита.
Анатолий Ализар (аударылған)
Ең танымал журнал мен газеттің журналистері технологиялық фирмалардың баспасөз-конференцияларына келіп, төрдегі орындардың бәріне блогерлер жайғасқанын көріп жатады. Шынымен де, Америкада бұл қалыпты жағдай. Блогерлер ноутбуктарымен келіп, қай оқиға, жиналыс болмасын, дәл сол сәтте, жаңалықтарын интернетте жариялайды. Бұқара халықтың көп бөлігі блогтарды жиі оқиды, себебі бұнда жаңалық реалды уақытта жаңартылып отырады. Ертеңгі газеттің шығуын ешкім күткісі келмейді, себебі кеше болған жаңалық – ертеңгі тарих. Wall Street Journal қағаз басылымдарының технологиясы бағанының редакторы өзінің пікірімен бөлісіп: «Революция тура жоспарлағандай болып шықпайды,- деп жазады Ли Гомес (Lee Gomes). -Дәл қазір бұл технологиялық блогтардан көруге болады. Олар шынымен де блог жақтастары айтқандай, өте маңызды, бірақ маңыздылығы басқада». Бұрын дәстүрлі БАҚтың барлық жаңалықты жедел түрде жеткізу мүмкіндігі болмайтын және олардың орнына арнайы блог армиясы келіп, бүкіл технологиялық жаңалықтар жайында хабардар ете бастады, деп болжамдайтын. Қазір блог саны аспандағы жұлдыздармен тең болса да, шынымен бұқараға ықпал жасай алатын блогтар аз, олардың өзі сарапталудан өткен техноэлита. Яғни, Гоместің ойынша, біз блогерлердің пролетарлық ақпараттық эволюциясын емес, элита орнын басқан қарапайым құбылысты көре алдық. Ақпараттық билік біреудің иелігінен екіншісіне көшті – дәстүрлі медиа қолынан блогерлер қолына. Бір қарағаннан бұл даулы тезис, бірақ тәжірибе жүзінде жүздеген ең үздік технологиялық блогтарды сараптайтын арнайы бағдарлама ең қызықты тақырыптарды сағат сайын қадағалайды және бұл тақырыпқа байланысты кім және не деп айтқанын көрсете алады. Бұл бағдарлама бүкіл блогосфера үшін кристалдандырудың соңғы нүктесі. Егер де бір беттің күнделікті жаңартылуын қадағалайтын болсақ, онда күн сайын бірдей блогтардан цитата келтіретінің байқауға болады және ондағы есімдер де, блогтар да – бір, олардың ақпараты толқын сияқты блогосфераға таралады. Бір блогқа күніне неше адам кіргенін ең ірі газеттің таралымымен салыстырмасақ та (ең көп аудитория 10-12 мың адам), олардың техноэлитаға (менеджерлер, кәсіпкерлер, инвесторлар және шешім қабылдайтындарға) деген ықпалы зор. Мысалы, TechCrunch деген кішігірім блог бар, ол стартаптар, Web 2.0 өкілдерінің жаңа толқыны туралы ақпарат береді. TechCrunch блогының жүргізушісі-Майкл Аррингтон қаржыландыруды іздейтін венчурлық инвесторлар және кәсіпкерлер арасында көп танымал. Кәсіпкерлердің Аррингтонмен кездесудің мақсаты бір – автор өз блогында олардың есімдерін атау үшін. Олар Аррингтонға, өзінің жүйесі бар демо түріндегі CD ұсына алмай, қиналуда. Арингтонның блогын венчурлық инвестор немесе Google, не Yahoo басқарушыларының бірі оқып(олар TechCrunchты міндетті түрде оқиды), жаңа есімдерді байқауы мүмкін, әрине, бұл маңызды келісім-шарттың баспалдағы да болуы мүмкін.
Техноэлитаның назары дәстүрлі БАҚтан блогтарға ауысты. Бірақ бұрынғы медиалық әлеміндегідей ықпал жасайтын газеттерге ұқсас, бұнда да Аррингтон сияқты пәрмені бар блогтар көш басында. Бір жағынан блогосферада әділетті түрде сараптау жасалады, яғни ең талантты блогерлер ғана алдыға шыға алады. Сондықтан да Аррингтонның орнында одан талантты, тәжірибесі мол, дәлірек болжам жасай алатын басқа біреу болуы мүмкін…
http://www.isramir.com/content/view/2934/189/1/0/

Санаттары:блогер, блогинг, медиа Кілтсөздері:

Блогерлердің сөзбостандығына жасалынатын ықпал

Желтоқсан 9, 2007 5 пікір


Авторы Жюльен Пэйн. (аударылған)
Блогтар адамдарды таң қалдырады немесе толғаңдырады. Біреулері оларға сенбейді, біреулері онда ақпараттың жаңа форма авангардын байқайды. Бір нәрсе белгілі:олар АҚШтан бастап Қытай мен Иранға дейінгі түрлі мемлекеттердің медиаларына түрткі жасайды. Блогтарға әзір баға беру ерте. Біз 10 жылдықтар бойы газет оқып, телевидение мен радионы тыңдаймыз және жаңалықты комментарийден, таблоидты салмақты журналдан, көңіл көтеруге арналған бағдарламаны деректі фильмнен тез айыруға үйрендік. Бірақ, блогқа қатысты әлі де болса тұрақты бағытымыз жоқ. Бұл «онлайндық күнделіктер» өз арасында дәстүрлі медиадан гөрі қиын бөлшектенеді. Жаңалықтар сайтын жеке форумнан, ғылыми зерттеулер сайтын қажет емес фактілердің қосындысынан туратын сайттан айыру қиын.Аудиторияны өз ақпаратына сендіру үшін кейбір блогерлер өзіндік этикалық нормаларды жасайды. Соған қарамастан интернетте сенімсіз ақпарат өте көп және пайдаланушылар әлі де болса өзара дөрекі әңгімелесуді қойған емес. Блог мамандығы, техникалық біліміне қарамай, барлық адамдар үшін материалды жария ету мүмкіндігіне ие. Бұдан шығатын қорытынды-нашар және қызықсыз блог саны қызықты және сапалы блогтар санымен теңбе тең. Блог-сөзбостандығын жүзеге асыратын бірден бір құрал. Бұрын ақпараттың белсенді емес тұтынушысы жаңа журналистиканың қолданушысына айналды. Бұл жайында американдық блогшылардың бастаушысы Дэн Гиллмор:«адамдарға адамдар үшін жасалатын… халықтық журналистика» деп айтады. Дәстүрлі медиа қатты цензураға алынған мемлекеттерде блогерлер жалғыз нағыз журналистер, өйткені олар тәуелсіз жаңалықтарды жариялап, билікке қарсы пікірлерін айта алады. Көп блогерлер сол себептен басбостандығынан да айырылған. Жеке бет авторларының ішінде блог жүргізуді өз міндеті, қажет ісі немесе ермегі деп санайтындар бар. Олар өзін 1000даған пайдаланушының көзі мен құлағымын деп есептейді…
Image: Reporters Without Borders/www.rsf.org

Санаттары:блогер, блогинг, медиа Кілтсөздері:

Блогосфера

Желтоқсан 6, 2007 1 comment


«Блогосфера» – термины блог әлемінің жалпы бейнесі және Интернеттегі олардың жеке бөлігі саласында қолданылады. Негізінде, блогосфераның құрылымында мазмұнынан тәуелсіз әр жеке блог орналасады. Барлық блогтардың саны қанша екенін анықтау
қиын, бірақ танымал Technorati (http://www.technorati.com/) іздеу қызметі 2006 жыдың сәуір айына дейін 36.8 миллион вебсайт пен веблог тауып алды. Олардың мағлұматтарына сүйенсек, күн сайын 75000 блог өз өмірін бастап, күн сайын 1.2 миллион жаңа хабарлама қосылады екен. Бұл тек қана Technoratі зерттеп тапқан блог саны, ал дүниежүзінде бұдан басқа миллиондаған қаншама блог бар… Блогосфера әлем сияқты кішігірім қоғамдастықтарға бөлінеді. Мысалы, Ресей блогосферасы орыс тілінде, Ресейде орналасқан және Ресей жайында жазылатын блогтардан, армян тілді блогосфера әртүрлі тақырыпта жазылған армян тіліндегі блогтардан тұрады. Блогосфера әрқилы себепке байланысты жіктелуі мүмкін және әр жеке блог әр түрлі блогосфераның бөлігі бола алады.

Санаттары:блогинг

«Дала уалаятының газеті» .

Желтоқсан 6, 2007 Пікір қалдыру

1888 – 1902 ж.ж. Омбы қаласында жарық көрді. Басында «Акмолинские ведомости» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрды. Редакторлары:Козлов, Михайлов, Абаза, Попов, Лавров, Аблайханов, Сұлтанғазин, Дүйсембаев. Газетте ақпараттық материалдарымен( Стамбұлдағы Айя-София мешіті туралы, Баян ауылдан, Ғылым хабарлары) қоса публицистикалық, көркем-әдеби туындылар көп. Аңыз, хикаялар, жұмбақ, мақал, өлең, ертегілер көптеп кездеседі. Мысалы, араб елінің «1001 түннің хикаясы» ертегісі, Жиренше шешен, Үш дос, Рас һәм қисық, Толағай һәм бөрі тастаған таулар турасынан т.б. Дала уалаятының газетінде бүгінгі кітаптарға жазылатын аннотацияға ұқсас материалдар да аз емес. Мысалы, «Бір жаңа кітап турасынан», «Басылып шыққан кітаптар туралы», «Жаңа кітаптар», «Қазақтарға пайдалы кітаптар».

Блог турасында…

Желтоқсан 4, 2007 7 пікір


Таныстарыма дипломдық жұмысымның тақырыбы блог, блог бастадым деген кезде мынадай сұрақты жиі естимін: «Веблог немесе блог дегеніміз не?» Жауап беру қиын емес сияқты, бірақ…сонымен
Блог – бір адам жаза алатын онлайндық күнделік ретінде де, жалпы редакторлар командасымен ұйымдастырылатын вебсайт та бола алады. Көп блогтар бір адаммен жазылады және бұндай блогтардың оқырманы-автордың туыстары мен достары болуы мүмкін. Басқалары баспасөз басылымдары сияқты үлкен аудиторияға бағытталып, жаңалық, сараптамалық мақалаларды қамтиды. Кейбір блогтар аз оқылса, кейбіреулердің күніне 100деген, 1000даған кірушісі болады. Блогтар әртүрлі пішін мен көлемде болғанымен, мынадай ұқсастықтарға ие:
-Хронологиялық кері тәртібі, яғни соңғы хабарламалар беттің үстінде орналасады;
-Бұрынғы хабарламалармен танысу үшін архивтердың болуы;
-Комментарий қалдыру үшін оқырмандарға арналаған секция;
-Басқа сайттарға сілтемелер(«blogroll»-сілтеме тізімі);
-Блогқа жазылу үшін ақпараттың синдикациясы;
Блогтардың мазмұны алуан түрлі. Көп блогтар жеке басқа байланысты ақпаратпен қамтылса, енді біреулері жаңалықтарға сараптама жасайды, саяси мәселелерге немесе адамдарды қызықтыратын тақырыптарға арналады. Көп блогтар бұл категорияның біреуіне де жатпайды. Егер блогтарға жалпы мінездеме беретін болсақ, олардың жеке адамның пікірін білдіріп, автордың көңіл-күйіне тікелей байланысты екенін байқаймыз, материалдың тақырыбы мен мазмұнының құбылмалы болуы да осыдан. Веблогтар негізінде жеке вебсайт түрінде болып келеді және жиі жаңартылып, дискуссия мен «әсер ету» мүмкіндіктеріне ие.

Санаттары:блогер, блогинг Кілтсөздері:

«Түркістан уалаятының газеті»

Желтоқсан 4, 2007 Пікір қалдыру

Қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар, халықтың саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдени және эстетикалық ой-пікірін оятуға септігін тигізген қазақ баспасөзінің тұңғышы. Ең алғаш «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастаған. Бұл газет Орта Азия халқының тұңғыш баспасөзі болып саналады. Газеттің алғашқы редакторы-ағайынды Ибрагимовтар болды. 1870-1882 ж.ж. арасында шықан газеттің материалдарында жарлықтар, егін егу, мал шаруашылығы, қазақ елінің басқа елдермен қарым-қатынасы, темір жол, алғашқы телеграф, пошта қатынастары, кен қазу, металл, көмір өңдіру, Қытайдағы ұйғыр мен дұнғандар көтерілісі, қазақ елінің тарихы, шығу тегі, саяси-экономикалық, оқу-ағарту мәселелері, алғашқы сын, зерттеу мақалалары жарияланды.