Негізгі бет > медиа, статистика, әлеумет > Әлеуметтік желілер мен жарнама

Әлеуметтік желілер мен жарнама

Сараптамалық фирма comScore баса айтып көрсеткендей, әлеуметтік желілердің рөлі күннен күнге маңызды болып барады және олардың дамуы белді жарнамаберушілердің назарымен де байланысты. Осыны әлеуметтік желілер мен жарнамаберушілер үшін басты онлайн тұғырнама ретінде танымал Yahoo Inc және Time Warner Inc’s AOL секілді интернет-компаниялар арасында болып жатқан жарыстардан байқауға болады. comScore зерттеуі бойынша, былтырғы жылдың екінші жартысында американдық интернет-хабарландырулардың 21.1 % әлеуметтік желілер арқылы жасалынған, ал соның ішінде көрсетілімнің 80% MySpace пен Facebook еншісінде екен. Бұл желілердің танымалдылығы тегін емес, біріншідіен – бұл сервистерде тіркелген адам саны 300 милионнан асады, екіншіден – осында кәсіби байланыс орнатуға, әріптестерді тауып алуға болады, үшіншіден – танымал брендтер мен компаниялардың ресми аккаунттарына жазылу мүмкіндігі бар.

Қолданушы профильдері арқылы жарнаманы таргеттеудің тамаша мүмкіндігі бар: жынысы, жасы, мамандығы және т.б. арқылы. Осылайша компаниялар пайдаланушыға шынымен де қызықты болатын жарнаманы көрсете алады. Ең бастысы, қолданушы профилінде өзі жайында шынайы ақпарат беруі тиіс.

Әлеуметтік желілерден ақша табудың ең оңай жолы – ақылы сервистер мен функцияларды ұсыну. Ақылы сервиске пайдаланушылардың назарын аудартуға арналған әдістер бар: ақылы функцияларды басында арзан бағамен ұсыну немесе алғашында тегін ұсынып, пайдаланушы оған әбден үйренген кезде ақылы етіп жасау стратегиясы, сонымен қатар, «кедергі» жасайтын функцияларды ақылы төлемдер арқылы өшіру. Ақша табудың тағы бір әдісі – виртуалды сыйлықтар, профиль үшін дауыс беру (пайдаланушының рейтингін көтеру үшін). Мысалы, ресейлік Vkontakte.ru атты әлеуметтік желіде дауыс беру мен виртуалды сыйлықтарды sms немесе webmoney, Яндекс.Ақша, пластикалық карталар т.б. арқылы сатып алуға болады. 10 дауыс – Билайн операторында – 400, Далаком операторында – 353, ал Кселл операторында – 400 теңге тұрады. «Мой мир» әлеуметтік желісінде юзерпикке (пайдаланушының суретіне) графикалық эффектті sms арқылы 2,99 доллар төлеп жасауға болады екен.

Әлеуметтік желілер үшін жарнама да жақсы табыс әкеле алады. Бірақ ол үшін бағытты жарнама және арнайы құралдар болған дұрыс. Интернет-жарнаманың бір артықшылығы – арнайы тұтынушыға арналған тауарды жарнамалау тиімділігі. Бұл телевиденияға да жат емес, мысалы, футбол матчтары кезінде косметика емес, сыра жарнамасы көрсетіледі. Алайда, интернет саласында бұл негізгі шарттардың бірі.

  1. Наурыз 16, 2010, 14:57

    kezinde facebookte ‘dostarga’ dep 1 dollarlyk kanwama syilyk alyp em! 😀 balalyk koi!

  2. boken
    Наурыз 16, 2010, 17:25

    мейл руға шоғырланғанша facebook hi5 myspace терді қолданса дейм,

  3. Наурыз 17, 2010, 08:01

    леммингтер

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру