Мұрағат

Archive for 2009 Ақпан

Педагогикалық басылымдардың тарихы

lesson«Қазақ басылымдарының топтамасы» атты айдарда бүгін қазақ даласындағы алғаш педагогикалық басылымдарға тоқталамыз.
«Қазақстан мектебі»
ҚазССР оқу министрлігінің ғылыми-педагогикалық журналы. 1925 жылы тамыздан ай сайын шығып тұратын. 1925-1933 ж.ж. «Жаңа мектеп», 1933-1938 ж.ж. «Ауыл мұғалімі». 1939-1941 ж.ж. және 1946-1956 ж.ж. «Халық мұғалімі» деп аталатын. 1960 жылы «Қазақстан мектебі» болып шығады. Мұғалімдерге, балабақша тәрбиешілеріне, халық ағарту қызметкерлеріне, педагогикалық училище мен институт студенттеріне, ұстаздар мен ғалымдарға және оқырман ата-аналарға арналған журнал республикадағы халық ағарту ісінің сан алуан мәселелерін кеңінен талқылап, мұғалімдерге күнделікті жұмысқа көмекші боларлық методикалық нұсқаулар береді. Халық ағарту жүйесіне кіретін оқу орындары мен мектептің, кәсіптік техникалық училище мен техникалық, пионер сарайларының, жас техниктер мен натуралисттер, халық ағарту мекемелері мен мұғалімдер үйлерінің жұмыстары мен педагогикалық іс-тәжірибелерін жинақтап, жас өспірім шәкірттерге сапалы білім, сапалы тәрбие беру жолында күреседі. Журналда педагогика тарихы мен теориясына байланысты зерттеу еңбектері мен практикалық мәндегі материалдар, оқулықтарға, оқу, көрнекі және методикалық құралдарға, сыныптан тыс оқу кітапхана пікір, рецензиялар жарияланған.
«Қазақстан мұғалімі»
Апталық газет, ҚазССР оқу министрлігінің, ағарту, жоғары мектеп және ғылым мекемелер қызметкерлері кәсіп одағы республикалық комитеттің органы. 1952 жылы қарашадан шығып тұрған.
«Бастауыш мектеп»
Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал. Алғашқы кезде «Қазақстан мектебі» журналының қосымшасы ретінде шыққан 1994 жылдан дербес басылым. Басты мақсаты – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру ісін жетілдіру, мұғалімдерге ғылыми – әдістемелік тұрғыдан көмек беру. Педагог ғалымдарының, тәжірибелі оқытушыларының мақсатын жариялап тұрады.

Хемингуэйлік кеңестер

Ақпан 22, 2009 8 пікір

Блогымда Журналистикаға байланысты (оның ішінде Интернет-журналистикаға) кеңестер ВВС – дің курстарынан алынғанын байқаған шығарсыздар («ВВС» атты ілмектері бар жазбаларды қараңыз). Бұл кеңестер интернеттегі жас журналистер үшін де, ақпараттық жазбалар жазатын блогшылар үшін де пайдалы болады деген үміттемін.
Сонымен қатар, блоггингке байланысты бөлек жазбалар бар. Бүгінгі таңда манимейкерлер мен SEO саласындағылар блог арқылы ақша табудың жүздеген әдіс-тәсілдерін ұсынуда, соның ішінде копирайтерлер үшін материал дайындаған кезде қалай жазу/қандай көлемде/қандай тақырыпта/қандай мақсатпен, т.с.с.
Ал біздің мақсатымыз – сапалы ақпарат дайындау, блогингті дамыту болғандықтан, осындай кеңестерден қажеттісің таңдап, Сіздерге ұсыну.
Сіздермен бірге қызықты блог-жазба жазу, оларды талқылау әрқашан да қызықты, әрі пайдалы. Сондықтан да бүгін Эрнест Хемингуэйдің өзінен сабақ алуға қалай қарайсыздар?

1223163096_feb2f25bd3
1. Қысқа сөйлемдерді қолдануға тырысыңыз.
Хемингуэй қысқа да нұсқа жазатын. Бұл ең ұтымды стиль. Толықтауыш сөздер мен эпитеттерді аямай сызып тастаңыздар, тек негізгісін қалдырыңыз. Керемет нәрселердің барлығы да қарапайым! Хемингуэйдың танымал әңгімесі алты сөзден ғана тұрған: «For sale: baby shoes. Never worn.»(«Сатылады: балаларға арналған аяқ киім, киілмеген»).
2. Қысқа кіріспелерді қолданыңыз.
Бір тақырыпта материал жазам деген кезде, оның алдындағы кіріспені созып жазбаңыз. Оқырманның тақырыпқа қызығушылығын тудыратын 1-2 сөйлем жазсаңыз да жетеді.
3. Тілдің энергетикасын қолданыңыз.
Түсініксіз, белгіссіздік тудыратын сын есімдер мен сөз тіркестерін қолданбаңыз. Етістіктерді қолданатын болсаңыз, заттарды нақтылап суреттеуге жеңіл болады, әрі cөйлемде қарқын пайда болады.
4. Өз өзіңізге сенімді болыңыз + позитив
Мысалы
• Негативті реңктегі сөздерді қолданбаңыз. «Аурмайтын», «сыздамайтын» деген сөздердегі «жарақат» мағынасы оқырманның көңілін міндетті түрде аудартады.
• «Қымбат емес» деген сөздің орнына «экономды» деп қолданған дұрыс.
• «Бұл бағдарламалық жасақтама қате жібермейді» дегеннен гөрі, оның сапасы жайында жазған дұрыс.
5. Ешқашанда тек 4 ережені қолданбаңыз.
Хемингуэй екі ережені де ұстанып, жүре алады. Ал кез келген блогшы немесе копирайтер үшін мынау түсінікті болу қажет: сапалы мәтін жазуды үйренген кезде, үш ереже жеткіліксіз. Әрдайым машықтану, іс-тәжірибе, ЖАЗУ қажет!

Оқырман және Сіз

Ақпан 19, 2009 5 пікір

Блогшы әңгімелесуге, байланыс орнатуға, диалогқа дайын болуы тиіс.
Оқырманмен байланыс орнатуда мынадай бірнеше кеңес:
1. Байланыс(әңгіме) үшін уақыт іздеңіз!
Күнде аудитория үшін уақытыңызды бөлуге тырысаңыз, әйтпесе төмендегі пунктерді оқуға еш қажеттілік жоқ.
2. Оқырман үшін сізбен байланыс орнатуға мүмкіндік беріңіз!
Кейбір блогшылар байланыс парағында бос орын қалдырмай, толтырып қояды, мысалы, э-адресін, телефон нөмірін, ICQ және т.с.с. Кейін әр байланыс түріне көптеген хаттар, хабарламалар келіп жатады және блог иесі олардың бәріне жауап бере алмайды. Сондықтан, э-почтаныздың адресін ғана көрсетсеңіз жетеді.
3. Интерактивті пікірлер
Әр пікірге жауап берудің қажеті жоқ, бірақ қатысу – міндет. Пікірлер ішінде блог оқырманы бір-бірімен әңгімелесіп, кейбір мәселелерді шешіп, бір-біріне көмектесуі де мүмкін.
4. Электронды почта арқылы байланыс
Пікірлерге назар аудару әрине қажет, бірақ электронды хаттарға жауап беру міндетті түрде қажет. Өйткені хат бұл тез жазылған блогтағы пікір емес, оқырман хат жазған кезде уақытын бөлген, сонымен қатар, хаттарда маңызды ақпарат жазылады – сұрақтар, ұсыныстар т.б. Сол себептен, бұндай хаттарға толық жауап берудің маңызы бар.
41365702082007235119
5. Диалог құрастыру
Оқырманмен байланыс орнатудың өзі сіздің Ол үшін ашық (немесе керісінше) екенін көрсетеді. Мысалы, кейбір блогшылар оқырманымен қатаң, кейбіреулері жайдары, ашық,
• Сұрақ қою – оқырманды өзара қарым-қатынасқа шақыру;
• Жеке ойды білдіру – блог жазбаның аңдатпасы ретінде, мысалы, осы постты жазуға қандай жағдайлар/ойлар түрткі болғаны туралы жазу;
• Қатені мойындау – бұл сізді оқырманмен жақындатады, олар сіз машина емес, басқа адамдар сияқты пенде екенін көрсетеді;
• Сізді мазалайтын сұрақтарды оқырманнан сұраңыз, осылайша, сіз үшін оқырманның пікірі маңызды екенін көрсетесіз;
6. Twitter
Twitter оқырманмен байланыс орнатуда зор рөл атқарады. Қысқа да нұсқа ақпаратты диалог + RSS-тың альтернативасы.
7. Әлеуметтік БАҚ
Twitter ыңғайлы, бірақ барлық оқырман үшін емес, сондықтан Facebook сияқты әлеуметтік жүйелер арқылы тағы байланыста бола аласыз.
8. Сұхбат
Бұл оқырманға жақын болудың жақсы түрі. Қазақ блогосферасында Нұрғиса Асылбековтың осындай сұхбаттары естеріңізде шығар. Сұхбат арқылы оқырман сізді басқа жақтан тани алады.
9. Сіз жайында
Басқа блогтар сіз жайында не айтып жатқанын бақылап тұрыңыз. Ол үшін трекбектерге жазылуға болады, трафиктің қайдан келгенін көрсететін статистика тағы бар. Осылайша сіз оқырманмен және басқа блогшылармен байланыста боласыз!

BBC ізімен (3)

Тақырып
Осының алдында біз Интернет үшін материал жазған кезде оның кіріспесін, яғни журналистика тілімен айтқан кезде «Лид»-тің түрлерін қарастырғанбыз. Бүгін материалға тақырып(заголовок) қою жайында әңгіме қозғаймыз.
Тақырыптар оқырманның көңілін өзіне аудару тиіс. Бірақ Интернет үшін тақырып жазылғанда, абай болыңыз. Себебі олардың осыдан кейін қайда болатынын сіз білмейсіз. Оларды сіздің материалыңызды жарнамалаған кезде SMS арқылы жіберуі мүмкін, басқа вебсайттарда немесе іздеу серверлерде орналасуы тағы мүмкін. Сондықтан да оқырманды бағыттан адастырмас үшін көп нәрсені аз сөзбен жеткізген дұрыс. Тақырыпты жазған кезде оқырман жайында ұмытпау керек, мысалы, егер де оқырманыңыз орта жастағы адамдар болса, онда тақырыптағы поп-мәдениетке байланысты аллюзиялар түсініксіз болар. Бірақ сізді MTV-дің ұрпағы оқитын болса, керісінше түсінер.
Тәжірибе көрсеткендей, бірінші материалдың өзін, кейін иллюстрация үшін фото іздеу, ал соңында ғана тақырып жазған дұрыс. Тақырып фотомен байланысты болса, тіпті жақсы. Интернет үшін тақырып жазу үшін арнайы икемділік қажет. Кейде түсінікті әңгімелеу үшін бес сөзге қарағанда 500 сөзді қолдану жеңіл.
12365412

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,

«Абай»

Ақпан 10, 2009 3 пікір

kniga3Әдеби журнал.
Алашордашылар қазақ жастарының ұйымдастыруымен 1918 ж. ақпан-қазан айларында Семейде шығып, 11 нөмірі жарық көрген соң жабылып қалған. «Абай» журналын шығаруды қолға алып, тұңғыш редакторы болған – Жүсіпбек Аймауытов.
Журналдың жұмысына М. Әуезов белсене атсалысты. Алғаш нөіріне Аймауытов жазған алғы сөзде, «кемегердің атына апрнап,журналдың атын «Абай» қойдық. Әдебиетімізге де негіз салған Абай, адамшылық тәрбие, ғылым, өнеркәсіп деген сөздерді терең ойлап, тексерген де Абай. Қазақтың тұрмысын, өмірін, мінезін айқын суреттеп, кемшілігін көрсеткен де Абай. Солай болған соң журнал Абайға арнағандық…»-деп, журналдың бағдар-мақсатын айқын көрсетті.
Абайдың шығармаларын ұдайы насихаттап, қазақ халқының мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен тарихы туралы келелі мәселелер көтерді. Сонымен бірге қоғамдық-рухани өмір, ғылым мен философия жөнінде де кезеңінен жазды. Қазақ халқын өркениетті елдерден үлгі-өнеге алуға, үйренуге, өнер-білімг шақырды.
1992 жылдан қайта шыға бастаған «Абай» журналы бұрынғы дәстүрді жалғастырып, Абайдың әдеби мұрасын, Абайдың ақындық мектебіне, қазақ әдебиетінің тарихындағы «ақтаңдақтарды», аты өшуге айналған қайраткерлерді, ұлттық мәдениетті насихаттауға ден қойды.

Блогшылар биі

Ақпан 6, 2009 14 пікір

Блогшыларға байланысты мынадай қызықты жазбаны көрсеткім келеді. Бұл көңіл көтеретін материалды «7Bloggers» блогынан тауып алдым.
Блогинг пен би және блогшы мен биші арасындағы аналогия. Төмендегі мәтінде «би», «билеу» сөздерін «блог жүргізу», ал «биші» сөзін «блогшы» сөзімен ауыстырыңыз.
Сен билеп тұрсын, ал жан-жағында басқа бишілер. Егер сен керемет биші болсан, басқалар қасына келіп, сенің биінді үйренуге тырысады немесе сенімен танысу үшін жақындай бастайды.
Жақсы биші болу үшін не істеу қажет?
-Жиі билеу
-Басқалардың биін қарау, олардан үйрену, мүмкін көшіру
-Жаңа және ең бастысы ешкімге ұқсамайтын нәрселер жасау
Әркім өз білгеніне қарай билейді және өз әдісі бойынша танымал болуға тырысады. Біреулер мысалы, «31 күн ішінде қалай биге үйренуге болады» деген тақырыпта өзінің «би мектебін» ашады. Біреулер жай ғана биді жақсы көреді, егер биі әдемі шықса немесе басқалардікіне ұқсас болса, оның қасында басқа көптеген бишілер жиналады. Кейбіреулердің биі онша емес болса, ол ешкімге ұқсамайтын қозғалыстарды ойлап табады және осылайша танымалдылығын көтереді.
Адам биді келесі жағдайларда доғарады:
-Ешкім оның биіне назар аудармаса
-Өз биіне қанағаттанбаса
-Көпшілік оны нашар биші деп атаса
-Биге оның уақыты жетпесе/басқа бірдеңемен айналыса бастаса
-Бимен байланысты мақсаттары жүзеге аспаса. Мысалы, оның мақсаты кәсіпқой биші болу және бұл ісінен көп ақша табу болған еді дейік. Шын, би арқылы көп ақша таба алмайсын. Биден көп ақша табу үшін не жақсы биші, не танымал болу немесе көп билеу қажет.
Бидің әртүрлі стильдері бар. Егер де блогингпен аналогия жасайтын болсақ, әр блог өз би стиліне ие. Мысалы:
SEO және интернетте ақша табу жайында блогтар – хип-хоп немесе брейкданс.
Махаббат және өмір жайында блогтар – шығыс биі.
Өзі және қызметі туралы жазылған блогтар (тамақ іштім, ұйықтадым, жұмысқа бардым) – клуб билері. Клуб бишілер өте көп. Себебі бұл би қиын емес және оны үйрену оңай. Ал Сіз қай стильде билейсіз?
</

Санаттары:блогер, блогинг Кілтсөздері:,

BBC ізімен (2)

Ақпан 2, 2009 3 пікір

Мақаланың басы
Мақаланы бастар алдында міндетті түрде материалды кім/не/қайда/қашан/неге/қалай деген сұрақтарға жауап беретін жаңалықтық лидтен бастау заңды емес. Жаңалықтық емес мақалалар оқиғаға байланысты кішірек әңгімеден басталуы мүмкін.
Сонымен қатар, мақаланы мекеннің суреттелуі, шиеленіскен мақұлдаулар немесе қызықтыратын сұрақтардан бастауға да болады. Посткеңестік журналистикада жаңалықтық емес мақаланы жаңа ақпарат бермейтін ғибратты сөздерден бастайды. Бірақ бұл зеріктіріп жібереді.
Жарқын, есте қаларлық суреттен бастасаңыз, мысалы: « Таяу Шығыс бойынша БҰҰ мәртебелі өкілі Терье Ред-Ларсен, бейсенбі күні осы жерде тастар үйіндісінде тұрып, жан-жақтағы қиратылуларға қараған еді». Немесе ерекше мақұлдау:«Негізінде, пункт А-дан В-ге дейін өту – мина құрып тастаған жердің бойымен серуендеудің жақсы әдісі емес. Немесе сұрақ:«Бұл мемлекеттік төңкерістің әрекеті болған ба?»
Мақаланы цитаталардан бастамауға тырысыңыз, бұл «еріншек журналистикаға» тән және оқырманды бағыттан адастырады.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,