Мұрағат

Posts Tagged ‘тәрбие’

Пікірлерді қорытындыласақ…

Қыркүйек 30, 2008 3 пікір

   Құрметті блогшылар, оқырмандар, осыдан екі апта бұрын Суицид тақырыбын талқылағанымыз естеріңізде шығар, пікірлер санының болғаны соншалық, оларды бөлек жазба ретінде шығаруды жөн көрдім, себебі сіздердің құнды пікірлеріңіз арқылы тақырып барынша ашылды. Өкінішке орай, талқылаған мәселеміз шынымен де үлкен проблема. Соңғы 10 жылдың ішінде жасөспірімдер арасында суицид 3 есеге өсті. Ресми статистикаға жүгінсек, мамандардың зерттеуінше өз-өзіне қол жұмсаудың мынадай негізгі себептері бар: жауапсыз махаббат, әке-шешесі немесе өзімен жасты балалармен конфликт, болашақта жалғыз қалудан қорқу. Жыл сайын 15-19 жас аралығындағы әр 12ші жас өспірім өз-өзіне қол жұмсамақшы болады. Жасөспірімдер арасындағы суицидтен Ресей бірінші орында екен.

Ал пікірлеріңізге көшейік, сонымен, Рауанның айтуынша «себеп-әлсіздікте», яғни, Айко айтпақшы «адамның рухы биік болса және ата-анасы баласын тұлға ретінде кішкентайынан тәрбиелесе, жағдай басқаша болушы еді». Сымбаттың пікірінде «себеп тек қана әлсіздікте емес, сонымен қатар депрессияда да болуы мүмкін, адам өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтқанынан». Бірақ осындай күйзелістің мотиві тағы сол әлсіздік болуы мүмкін деп ойлаймын. Жаннұр бұл «әлсіздікті ақылмен жеңе білу керек» дейді, яғни өмірдегі жайсыздықтарға «осалдық танытпау». Асхат аға бұны «рухани дерт» дейді, «қазіргі материалдық игіліктердің алдыңғы орынға шыққандықтан» бұндай жағдайлар жиі кездеседі, ал бұдан шығатын жол – «баланың бойына кішкентай кезінен сенім ұялату». Сонымен қатар балаларға осындай ойлар өтпелі кезеңде көп келеді екен. Шынымен де осы жаста (13-16 немесе 12-18) жас жеткіншек бұл өмірде өз орнын іздеуге тырысады, ал алдыңа мақсат қоя алмаса, теріс жолға түсіп адасудың қатері зор. Сондықтан «күнделік жүргізу» немесе «өз-өзіне жиі есеп беру» көп ретте алға қарай басуға көмектеседі. Шынымен де өз ойынды, мазалайтын сұрақтарды қағазға түсірсең, олардың жауабын тауып алуға болатынын өзім де байқағанмын. Тәрбие жағын Ардақ та қозғаған еді, «мұның бәрі ислами тәрбиенің жетіспеуінде. Өз жанын оңай қиып тұрған адам шариғатта «өз-өзіне қол жұмсау кәпірдің, онан қалса, шайтанның ісі ғана» екеннің білмеуінен»,-деп пікір жазған еді. Салтанат өмірден мысал келтіріп, суицидтің құрбаны болған өзінің жақын досынан айырылғаннан кейін, бұл өмірдің құндылығын түсінгенін, ал Руслан бізге сәтсіз суицидтің мысалын келтіріп, осы үлкен тақырыбымызды жақсы финалмен тәмамдады. Қорытындылайтын болсақ, Ардақ А.Лэнгләның бір сөзін келтіріп, «Адамдардың көбісі бақытты, бірақ бұл жайлы көбінесе біле бермейді» демекші, бәрімізге бақытты ғұмыр тілеймін және «осындай» ойлардан аулақ болайық (анда-санда блогта ғана болмаса:)