Мұрағат

Posts Tagged ‘google’

Ақпараттық шу

Ақпан 11, 2010 4 пікір

Олдос Хаксли өзінің «Brave New World» атты кітабында болашақта ақпараттың көптігінен біздің азғынып кеткеніміз соншалық, толықтай әрекетсіздікке және өзімшілдікке бет алуымыз әбден мүмкін деп болжам жасаған. Өзімшілдік пен әрекетсіздік былай тұрсын (бұрыннан бар дерт қой), Хакслидің «ақпарат көптігі» шындыққа көбірек жанасады.

Жақында пайда болған Google-дың Buzz лентасы секілді сервистер онсыз да аз уақытымызды «өлтіріп» жүргенімен қатар, минут сайын қажетсіз ақпаратты үйіп-төгіп отырады. Әрине, ұнамаса, бәрін жауып қойып, жұмысты жалғастыра беруге болады, бірақ арасында қажет нәрселер немесе жұмысыңызға қатысты ақпарат болуы да мүмкін. Бір жағынан, бұрындары бөтен ешкім қол сұқпайтын, ең жақын мекенің – электрондық почтада неше түрлі адамдардың пайда болуы да бір түрлі екен. Әйтеуір, күннен күнге жаһанданып, әлеуметтеніп келеміз. Оның үстіне ридердегі ортақ жазбалар автоматты түрде көбейіп кетті. Бір постқа жасалған сілтемені күніне 10 рет қайта-қайта көретін жағдайлар да болады. Осындайда Твиттердің «Ретвит» түймесіне алғыс айтып отырасың. Фейсбук та көштен қалмай, Jabber/XMPP қолдайтын болыпты, «МойМир – В Контактегілер» жайында айтпасам да болатын шығар?

Айтпақшы, Blogger.com мен Blogspot.com бізде (мегалайнерлерде) сол беті ашылмай кетті, ал Иранның үкіметі болса, Gmail-ға тыйым салып қойды. Себебі – халық пен үкімет арасындағы байланысты нығайту. Мен де түсінбедім…

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,

Іздеу жүйесіндегі өзгерістер

Желтоқсан 15, 2009 2 пікір

2010 жылдың қаңтар айынан бастап Mail.Ru Google-дың іздеу технологияларын қолдана бастайды, сонымен қатар, жарнамалық хабарламалар іздеу нәтижесінде AdSense-ты шығаратын болады. Компанияның екеуі де келісім-шартқа отырғанын растады.

«Іздеу технологиялардың сапасы жағынан «Яндекс» пен Google-дың әлділігі бірдей. Алайда, Mail.Ru қолданушыларының 30% (IP-адрестерге қарағанда) Ресейдің тұрғындары емес, сол себепті «Яндекске» қарағанда, Google жүйесіне сұраныс басым. Mail.Ru осындай жағдайда бәсекелестік артықшылыққа ие болады», — деп хабарлайды «Финама» сарапшысы Владислав Кочетков.

Бүгінде «Яндекс» іздеу трафигінің 69% жинаса, Google — 23%, ал Mail.Ru — 10%, қараша айының көрсеткіштеріне қарағанда, осы келісім-шарттан кейін «Яндексте» 59%, ал Google-да 33% болады.

Ақпарат көзі

Санаттары:медиа Кілтсөздері:,

Гуглдың толқынына шақыру

Қараша 23, 2009 7 пікір

Бүгін Твиттердегі бір фолловерім айтпақшы: «Ешкімге қажеті жоқ Google Wave-ке ешкімге қажеті жоқ 7 инвайтым бар «. Егер сіздерге қажет болса, джимейлдағы адрестеріңізді жіберіңіз 🙂

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:

Webby сыйлығының авторлары басты желілік оқиғаларды атап шықты

Қараша 22, 2009 Пікір қалдыру

Webby Awards интернет-сыйлығының ұйымдастырушылары Webby 2000’s Top Ten атты соңғы он жылдың ішінде интернетпен байланысы бар басты оқиғалардың тізімін жариялады. Осы нұсқа бойынша екі мыңыншы жылдарда адамзаттың желілік жетістіктері осылар:

2000 жыл
1. Жеке хабарландыруларды жариялайтын Craigslist сайтының ықпалы Сан-Францискодан әрі қарай жайылады.
2. Контекстті жарнама Google AdWords сервисі.

2001 жыл
3. «Википедияның» ашылуы.
4. Napster ірі файл алмасу желінің жабылуы.

2004 жыл
5. Google компаниясының биржаға шығуы.

2006 жыл
6. Онлайндық видео-революция, «Макромедия» бастауымен Flash-плеердің пайда болуы және «Ютюб».
7. «Фейсбуктың» ашылуы және микроблогинг сервисі Twitter-дің дүниеге келуі.

2007 жыл
8. Apple iPhone телефонының пайда болуы.

2008 жыл
9. АҚШ президентінің сайлау алды кампаниясының интернетте өтуі.

2009 жыл
10. Иран президентінің сайлауындағы дауыс беру нәтижесіне қарсы шыққан адамдардың Twitter-акция ұйымдастыруы.

Ақпарат көзі

P.S. Қарап отырсаңыз, бұл да тарих, бірақ осы оқиғалардың көбісі бүгінде біз үшін қалыпты жағдайға айналды.

P.P.S. Айтпақшы, барлық жүлдегер блогшыларды құттықтаймын.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,

Google Толқын

Қараша 11, 2009 5 пікір

google_wave_logoЖаздың басында Google компаниясы жаңа сервистің тұсау кесерін жасаған болатын. Компанияның айтуынша, бұл сервис – Интернетте бірлесіп жұмыс істеу саласындағы төңкеріс.

Бағдарламалық қамтамасыз ету конференциясында жасаушылар «Google Wave» (ағылшын тілінен аударғанда «толқын») атты байланыс сервисінің презентациясын жасады. Бұл сервис байланысудың әмбебап құралы және жасаушылардың ойынша ол электрондық пошта, лезде алмасу хабарламалардың бағдарламаларын, фотохостинг және wiki-редактордың орнын басуы қажет. Сіз әріптестеріңізбен сұхбаттасқан кезде экранда жазылған әр жаңа әріптің жазылу жолы көрініп тұрады, сұхбат шынайы әңгімелесуге ұқсап кетеді және уақытты үнемдейді.

Орфография

Хабарламалармен тез алмасу кезінде терезеге енгізілетін мәтінде жиі қателер кетіп жатады. Осы проблемаға байланысты пайдаланушылар да, лингвистер де бұрыннан наразылық білдіріп жүр. Гуглдың толқыны сауаттылық мәселесін қарастырған болатын: сервисте мәтінде кеткен қателерді түзетудің жаңа жүйесі қолданылады. Әзірге тек қана ағылшын тілі үшін болса да, сервис сөздерді контекстке байланысты дұрыстайды. Жасаушылар бұл жүйені Natural Language processing деп атайды және оның орфографиялық сөздіктерге негізделген алгоритмдерден әлдеқайда пайдалырақ екеніне сенімді.

Хабарласу

Google Wave тек қана екі адамның ақпарат алмасуына емес, көптеген адамдардың арасында «әңгіме» жүргізуге жағдай жасайды. Егер бір адаммен жеке сөйлесемін десеңіз – ол үшін де арнайы опция бар, ондай хабарласуды «толқын асты» деп атайды. Бір-біріңіздің хабарламаларыңызды редакциялауға, ұжымдық жоспар, құжат құруға арналған мүмкіндіктер бар.

волна

Өзім Толқынға кіргелі бір айдан асты, терезеде инвайтқа қолы жеткен джимейлдегі байланыстарым бар, чаттардың ішінде басқа да қазақстандық пайдаланушылар жүр. Инвайтты yvision.kz немесе twitter.com-да жүріп, сұрап алуға анда-санда мүмкіндік болып жатады.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,

Қазастандық Әлемторда жарнама қалай дамуда?

Қазан 29, 2009 8 пікір

biznes_l24 сағат бойы жұмыс істеп тұрған жарнама мекені – Интернет. Жаңалықтық пен сараптамалық сайттарда да, жеке күнделік пен видео-сервистерде де жарнамаға кезігуге болады. Бұрындары интернет-жарнаманың негізгі пайдаланушылары кіші және орта бизнеспен айналысатын компаниялар болса, бүгінде бұл кез келген компанияның маңызды құралы. Әлемтордағы жарнама нарығы басында баннерлік жарнама мен баннерлік желілер арқылы жұмыс жасаса, интернет қолданушылар саны көбейген сайын ол дәстүрлі жарнама заңдарына бағына бастады: серіктестік бағдарламалар, мәтіндік жарнама, сапалы сайттар мен кәсіби желілік жарнама агенттіктер пайда болды.

Google мен Yandex сияқты іздеу жүйелерінің алпауыттары пайда болғаннан кейін жарнама мүмкіндіктері одан сайын кеңейді. Нарықты сегменттерге бөлу мен мақсатты аудиторияны іздеу арқылы ірі компаниялардың көбісі Әлемторды маркетингтік бағдарламаларының негізгісіне айналдырды. Ал Қазақстан Интернетінде (ҚазНет) жарнаманың бүгінгі жағдайы мен даму бағыты турасында білу үшін еліміздің ақпараттық технологиялар саласының мамандарын әңгімеге тарттық. Read more…

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,

Google тарихы

Санаттары:медиа Кілтсөздері: