Archive

Archive for 2010 Қаңтар

Ұлылықтың құлдырауы

Қаңтар 30, 2010 1 comment

Мен ғаламат дүние туғызу үшін емес, Құдай жаратқан әлемді көру үшін келген жанмын. Өлгеннен соң Құдайдың алдына барғанда, не көрдім деп айтамын? Құдай жаратқан әлем керемет екен деп айта алам ба? Жоқ. Сонда не айтамын?

***

Жазушылық дегеніміз – бақытсыздық.

***

Даңқ – ұлылықтың бастамасы емес, даңқ – ұлылықтың құлдырауының бастамасы.

***

Мен жас ұрпаққа қалай қараймын? Ешқалай. Ойламаймын. Анда-санда ғана есіме аламын. Бірaқ ылғи да оларды аяймын. Жетімдер…

Василий Розанов (Амангелді Кеңшілікұлының аудармасы)

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:

Бүгінгі интернет

Қаңтар 26, 2010 1 comment

Telegraph басылымы бүгінде интернетте адамдардың ашуын тудыратын нәрселердің тізімін жасаған болатын. Осы тізімнен үзінді:

1. Жалқау белсенділік
Қазір бір нәрсеге қарсы екеніңізді көрсету үшін Facebook-тегі топқа қосылып немесе микроблогта ретвит жасау жеткілікті. Алайда, осындай наразылық білдірудің әдістерін дәстүрлі шерулермен салыстыруға болмайды. Электронды айқай-шудан басқа еш нәтиже жоқ деп айтуға болады. Мысалы, Махмуд Ахмадинежадтың режиміне қарсылық білдірген твиттеряндықтарды еске түсіріңіз.
2. Капча
Интернет өз пайдаланушыларын адам ба, әлде робот екенін тексеру үшін қайта-қайта басқатырғыш нәрселер ойлап табады. Оған қаншама уақытымыз кетеді. Егер де әр капчаға 10 секунд кететінін ескерсек, әлемнің интернет-қолданушылары күн сайын 150 мың сағатты босқа өткізеді. Жыл сайын капчалар күрделене береді.
3. Қозғалмалы жарнама
Баннерлік пен контекстті жарнамаға қарағанда қозғалмалы жарнама табыс аз әкелетіні белгілі. Алайда, веб-серфинг кезінде ашуымызды келтіретін элементтер де – осылар.
4. Пікір қалдырушылардың педантизмі
Егер де АҚШ конституциясы бірінші Интернетте жарияланса, пікір қалдырушылар орфографиялық қателер мен мәтіннің онша еместігі жайында міндетті түрде айтып өтуші еді.
5. Уақытты ұрлайтын Интернет
Шолғышты екі сағатқа болса да жауып қойсаңыз, әке-шешеңізге қоңырау шалуға немесе офлайндық достарыңызбен кездесуге болушы еді.
6. Кросс-тұғырнамалық байланыс
Коммуникациялық әдістердің көптігінен қиыншылықтар туа береді. Электрондық пошта мен Facebook-тегі хат алмасу, интернет-мессенджердегі әңгіме…, ақыры бәрі араласып кетіп, негізгі ойыңыз «далада» қалады.
7. Вирустық шабуылдар мен спам
Бұл Интернеттің мәңгі-бақи соры. Вирус пен спам күнде тек ұлғая береді.

Санаттары:медиа, әлеумет Кілтсөздері:,

Электронды коммерция

Қаңтар 22, 2010 Пікір қалдыру

Электронды коммерция түсінігі Интернетте бизнес жүргізумен байланысты; онлайндағы коммерция барлық бизнес-процесстерді (жарнама, маркетинг, сату, тауарды жеткізу, пайда табу) қамтиды. Арнайы компьютерлік бағдарламалар немесе басқа да коммуникациялық орта арқылы жүзеге асырылатын коммерцияның түрі кәсіпорын мен тұтынушы («бизнес-тұтынушы», business-to-consumer (B2C)) немесе кәсіпорындар («бизнес-бизнес», business-to-business (B2B)) арасындағы коммерциялық операцияларға негізделген. Электрондық коммерцияның негізгі үш түрі бар: Интернет-дүкендер, төлем жүйелердің ұйымдары мен Интернет-аукциондар.

Банк операциялары, пластикалық карталар, авиабилеттердің сатылу технологиялар автоматизациялануы және кәсіпорын ресурстарының басқаруы осы бизнестің пайда болуына тікелей әсер етті.

Дәл қазір Қазақстан территориясындағы интернет-дүкендерде сауда жасайтын адамдардың үлесі аз – максималды интернет-аудиторияның 3% төңірегінде. Қазнет 130 коммерциялық интернет-алаңға ие және оларды 4,7% қазақстандық қолданушы тұтынады екен. Ең белсенді сатыпалушылар Ақмола облысы мен Алматы қаласының тұрғындары.

Санаттары:әлеумет Кілтсөздері:

Қытайдан қай жеріміз кем?

Қаңтар 18, 2010 6 пікір

көшірме пастасы

Санаттары:медиа Кілтсөздері:,

WordPress-тегі блогтар ашылмайды

Қаңтар 16, 2010 13 пікір

15 қаңтардан бері тұғырнама ашылмайтын болды. Қазақтелекомның Мегалайн тарифын қолданып жүрген біз сүйікті WordPress ЖЖ-ның күйін кешпек болды ма, деп ойладық… Екінші күн өтті, өзгеріс жоқ. Бұрындары Опера шолғышын менсінбеген мен, міне, Турбо режим арқылы кіріп отырмын.

Себебі не, себебі? 😦

Қазнет «Твиттеуге» шақырады

Қаңтар 14, 2010 5 пікір

Осы айдан бастап «Микроблогинг тынысы» атты блогым[ыз] өзіме түсініксіз себептерге байланысты «демалысқа» кетті. Бір жағынан хостингім өзімде де емес… Бірақ айтпағым бұл емес. Соңғы микроблогингтік жаңалықтар легінде қазақстандық блог-тұғырнама Yvision.kz-тегі Твиттердің пайда болуы. Тұғырнамадан шықпай-ақ жаңа твит-хабарламаларды оқуға, жаңартуға мүмкіндік бар. Ол үшін тек Твиттерде және Yvision-де тіркелу қажет. Блог-тұғырнаманың жоғарғы сол жағынан қазақ тілін таңдаңыз, Твиттер логосын тауып алып, аккаунтыңызға рұқсат беріңіз. Болды, қазақша твиттей беруіңізге болады 🙂

P.S. Уақыт пен датасы әзірге қазақшаланбаған, бірақ ол уақытша деп сенейік 😉

Санаттары:блогинг Кілтсөздері:,

Ақпарат көзі – Ньюсмейкер

Қаңтар 10, 2010 2 пікір

Жаңалық, жаңалықты іздеу, жаңалық жасау… барлығы да «ақпарат көзіне» байланысты болып тұрады. Ал жаңалық нарығында Ньюсмейкерлердің рөлі әлдеқашан белгілі. Ньюсмейкер – ағылшын тілінен аударған кезде, жаңалық жасаушы. Журналистер осы сөзді «маңызды ақпарат көзі» ретінде қолданады: дәл қазір не болып жатқанды басқалардан гөрі жақсы білетін. Мемлекеттің маңызды тұлғалары – ньюсмейкерлердің алдыңғы шебінде.

Басқа салада, мысалы, коммуналдық қызметтің жұмысы туралы репортажда, ньюсмейкер рөлінде су асты құбырлары жайында хабары бар адам немесе құбыр сапасының нашарлығы жайында айтып беретін слесарь-сантехник бола алады. Осы қызмет саласының бастығынан алынған сұхбатқа слесарь-сантехник карсы пікір айта алады. Ал жақсы корреспондент екі пікірді көрсетіп, мәселеге байланысты бейтарап ақпаратты жеткізу қажет.

Бүгінгі таңда, көп газеттерде растаудың үш ережесі жақсы қалыптасқан. Журналист бір фактқа қатысты үш пікір білдіргендерді көрсетпесе, Read more…

Санаттары:медиа Кілтсөздері:,