Archive

Archive for 2008 Қыркүйек

Пікірлерді қорытындыласақ…

Қыркүйек 30, 2008 3 пікір

   Құрметті блогшылар, оқырмандар, осыдан екі апта бұрын Суицид тақырыбын талқылағанымыз естеріңізде шығар, пікірлер санының болғаны соншалық, оларды бөлек жазба ретінде шығаруды жөн көрдім, себебі сіздердің құнды пікірлеріңіз арқылы тақырып барынша ашылды. Өкінішке орай, талқылаған мәселеміз шынымен де үлкен проблема. Соңғы 10 жылдың ішінде жасөспірімдер арасында суицид 3 есеге өсті. Ресми статистикаға жүгінсек, мамандардың зерттеуінше өз-өзіне қол жұмсаудың мынадай негізгі себептері бар: жауапсыз махаббат, әке-шешесі немесе өзімен жасты балалармен конфликт, болашақта жалғыз қалудан қорқу. Жыл сайын 15-19 жас аралығындағы әр 12ші жас өспірім өз-өзіне қол жұмсамақшы болады. Жасөспірімдер арасындағы суицидтен Ресей бірінші орында екен.

Ал пікірлеріңізге көшейік, сонымен, Рауанның айтуынша «себеп-әлсіздікте», яғни, Айко айтпақшы «адамның рухы биік болса және ата-анасы баласын тұлға ретінде кішкентайынан тәрбиелесе, жағдай басқаша болушы еді». Сымбаттың пікірінде «себеп тек қана әлсіздікте емес, сонымен қатар депрессияда да болуы мүмкін, адам өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтқанынан». Бірақ осындай күйзелістің мотиві тағы сол әлсіздік болуы мүмкін деп ойлаймын. Жаннұр бұл «әлсіздікті ақылмен жеңе білу керек» дейді, яғни өмірдегі жайсыздықтарға «осалдық танытпау». Асхат аға бұны «рухани дерт» дейді, «қазіргі материалдық игіліктердің алдыңғы орынға шыққандықтан» бұндай жағдайлар жиі кездеседі, ал бұдан шығатын жол – «баланың бойына кішкентай кезінен сенім ұялату». Сонымен қатар балаларға осындай ойлар өтпелі кезеңде көп келеді екен. Шынымен де осы жаста (13-16 немесе 12-18) жас жеткіншек бұл өмірде өз орнын іздеуге тырысады, ал алдыңа мақсат қоя алмаса, теріс жолға түсіп адасудың қатері зор. Сондықтан «күнделік жүргізу» немесе «өз-өзіне жиі есеп беру» көп ретте алға қарай басуға көмектеседі. Шынымен де өз ойынды, мазалайтын сұрақтарды қағазға түсірсең, олардың жауабын тауып алуға болатынын өзім де байқағанмын. Тәрбие жағын Ардақ та қозғаған еді, «мұның бәрі ислами тәрбиенің жетіспеуінде. Өз жанын оңай қиып тұрған адам шариғатта «өз-өзіне қол жұмсау кәпірдің, онан қалса, шайтанның ісі ғана» екеннің білмеуінен»,-деп пікір жазған еді. Салтанат өмірден мысал келтіріп, суицидтің құрбаны болған өзінің жақын досынан айырылғаннан кейін, бұл өмірдің құндылығын түсінгенін, ал Руслан бізге сәтсіз суицидтің мысалын келтіріп, осы үлкен тақырыбымызды жақсы финалмен тәмамдады. Қорытындылайтын болсақ, Ардақ А.Лэнгләның бір сөзін келтіріп, «Адамдардың көбісі бақытты, бірақ бұл жайлы көбінесе біле бермейді» демекші, бәрімізге бақытты ғұмыр тілеймін және «осындай» ойлардан аулақ болайық (анда-санда блогта ғана болмаса:)  

Advertisements

Блогшылар арасындағы байланыс

Қыркүйек 28, 2008 Пікір қалдыру

Toodoo сайтының зерттеуі блогшылар арасындағы жақын қарым-қатынастың бар екенін растады. Toodoo сайтфанаттары әлеуметтік жүйесінде негізделген осы зерттеу «алшақтықтың 6 дәрежесі теориясы» немесе «қол алысу» көмегімен жасалған. Кез-келген екі индивидум арасындағы алшақтық жайындағы осындай идеяны алғаш рет 1967 жылы Гарвард университетінің социологы Стенли Милгрэм шығарған еді. Бұл зерттеу toodoo ішіндегі  деректер бойынша блог авторларының көбісі, яғни 34,8% бір-бірімен екі адам арқылы (3 қол алысу) байланыста болады. 22,9% блогшыларға байланыс үшін 2 «қол алысу», тағы 18,6% жеке күнделік авторы үшін  Әлем торда 4 «қол алысу» қажет екен. Тағы айта кететін бір жайт, «қол алысудың» тікелей байланысы toodoo-да тіркелген  тек қана  0,33% блогшыға тән. Бұл Парето теориясына негізделіп сызбада көрсетілген.

Зерттеу барысында 4 «қол алысудан» көп болатын блогшылар  80%-ды құрайтыны анықталды.  Осыдан блогшылар арасындағы коммуникативтік белгі бар екенің қайта дәлелдейді. 2006 жылы Microsoft компаниясының зерттеушілері MSN Messenger-дегі 30 миллиард мәтіндік хатты зерттеп, Милгрэм теориясын растады. Екі жылдан соң О2 ұялы байланыс операторының өкілдері әлем «үш қол алысуға» дейін «сығылды» деп мәлімдеді.  Ақпарат көзі.

Ұмытылмас

Қыркүйек 23, 2008 2 пікір

Біз кейде ұмытпас нәрселерді ұмытып, ескірмес жау жарағын ескірді деп, оны пайдаланбай жүрміз. Сонымен өзіміздің тарихты ортайтып, жастарды тәрбиелеу ісінде көп кемшілік жіберіп келеміз. Әйтпесе, менің замандастарым Дүйсен сияқты біздің жаңа дәуірімізді орнатуға өмірін, жас шағын сарп етіп, жүрегін елге суырып берген, ерен еңбек, ерлік көрсеткен, мен мұндай едім деп төсін ұрмаған қарапайым, асыл жүректі бірталай адамдар жөнінде біз о баста жеткізе айтып жүрген болсақ, онда олар ұмытылып, қалтарыста қалып қоймағаны былай тұрсын, ең болмағанда мазаққа душар болмас еді ғой.

Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» атты повестен үзінді.

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:,

«Керемет!» жоба немесе «Күшті» бренд.

Қыркүйек 19, 2008 13 пікір

Бұл жазба Том Питерстің «Жоба» немесе «Кез-келген тапсырманы керемет жобаға айналдырудың 50 тура жолы» атты кітабының негізгі тезистері жайында. Егер де алдыңызда интеграцияланған жарнама кампаниясы немесе маркетингтік концепция, не ең құрымаса бақшада сәбіз отырғызам деган мақсат болса, қаладағы ең тәтті сәбіз Сізде ғана болады деп неге ұмтылмасқа? Өз ісіңізді басқалардан ерекше, мықтырақ, басқалардан өзгеше жасап, жобадан максималды нәтиже шығаруға болады. «Керемет жобаны» қалай жасау керек? Том Питерстің «Керемет жобалары» бұл Сізді ӘСЕРлендіретін жоба, өнім, қызмет және т.б. Белгілі жарнамашы Девид Огилви шынайы, есте қаларлық жарнама демінізді бір мезетке тоқтатуы тиіс,-деп айтатын. Ондай ролик есіңізде бар ма? «Nightline» деген бағдарламаның жүргізушісі Тед Коппел шынайы керемет жаңалықтарды «Қасықты лақтырғыш» деп атайды. Неге десеңіз, ондай жаңалықты асхана бөлмесінде жүріп естіген адам, қасығын лақтырып, теледидар алдына жүгіріп келеді. Бұл сізге таныс па? Мысалы, «Керемет!» дегенде еске түсетін жобалар:

 1.Іздеу жүйесі Google (соның ішінде Gmail)

2. Телефон Apple iPhone

3. Ойын S. T. A.L. K. E.R.: Shadow of Chernobyl

4. Автомобиль Hummer 

5. Кино The Matrix

Бұл жобалардың ішінде соншалықты не құпия бар? «Кереметтілігі» неде? Осыны біліп, брендингте әуел бастан қандай қадамдар жасау қажет?

«Керемет» атты жобаның 8 принципі бар екен. 1) Бұл жоба шаттықа бөлейді(нүкте). 2) Қызметкерлер арасында байланыс туғызып, соңғы тұтынушылар арасында қауесет тудырады…динамикалық, шабыттандыратын, күшті, тартымды…онымен бәрі жұмыс істегісі келеді. 3) Жоба мәселе не проблеманы модификациядан өткізіп, анықтайтыны соншалық, оның қатысушыларын(пираттарын?) әлі 10 жылдай ұмытпайды. 4) Бұл жобаның жылдамдығы зор…бұрын оған менсінбей қарағандар енді оны үлкен жетістік ретінде бағалайды… кез-келген бюрократия көрінісін тәлкектейді. 5) Бұл жоба әдемілік+әсемділік+«КЕРЕМЕТтілік»+революциялық ықпал+табынушылар критериі бойынша «бағаланады». 6) Бұл көпшілік армандайтын мекен. Бұл адам-брендтің мән-мағынасы. 7) «Керемет!» жоба – бұл мінез бен тұлғаның көрінісі. Ол жоғары талаптар қояды. Ол үлкен табыс әкеледі. Ол сужүрек адамдар үшін емес. 8)«Керемет!» жоба С-І-З ден басталады.

ақпарат көзі

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:,

Олар өмірмен қоштасуға асығады.

Қыркүйек 16, 2008 34 пікір

Суицид. Бұл мектептен бері маған таныс сөз, университетте де оқып жүргенде жатақханада бір бала терезеден секіргені есімде. Газетте бұл жайында материал шықты, бірақ білім ордамыз өз атына кір келтірмес үшін журналистерге осы оқиғаны зерттеуге тыйым салды. Адамдарға ең ауыр кінә жасауға не түрткі болады? Осы сұраққа жауап іздеуге бүгін де тырысамын. Әрине, әртүрлі жағдайлар болады, бірақ бұл әлеуметтік проблема мынадай цифрлар арқылы өзінің қатыгездігін көрсетеді. Ресми статистика бойынша, әлемде жыл сайын 1 100 000 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Осыны жазып отырған кезде Дидар Амантайдың «Кітаптар мен гүлдер» атты кітабы есіме түсті. «…Адам өмірдің мағынасыздығын түсіну үшін, әуелі, оның екі қолын бос қою керек, сонда ол өзге жұрт қарбаласып жүріп қана дүниеуи сауалдардан қашатынын байқар еді». Негізі, жалпы шығарманың лейтмотиві осы проблема емес пе? Әдеттегідей, бір тақырыпты көтерер алдында материал іздеп, неден бастау қажет, деп көп ойландым. Интернетте құрғақ сандар, статистика… Кеше ICQ арқылы Гамбургта тұратын Филип деген досыммен біраз сөйлестім. Ол маған: суицид туралы жазсаң, менен баста,- деп күліп жауап берді. Бірнеше жыл бұрын ол өмір мен өлім арасында болған. Бұған себеп – нашақорлық, алкоголь, ал тереңдеп үңілсем, үйдегі ата-анасының баласына деген еш мән бермегендігі. Дәл қазір оның өмірі күрт өзгерді; Филип университеттегі үздік студенттердің қатарында. Экономика факультетінен кейін журналистика мамандығын меңгергісі келеді. Ол бұрынғы өміріне енді ешқашан да оралмайды деген сенімдемін. Бүгін кино дискілерін прокатқа беретін «Фанатикке» кіріп, сіздерде суицид туралы кино бар ма?-деп сұрадым. Үнемі қара киім киетін жігіт маған жалт қарап, киноны қайтесіз, қызық болса менен сұраңыз, менің ондай көп достарым бар, олар өз-өзіне қол жұмсамақшы болды, бірақ ақыры тірі қалды. Демалыс күнімде қажет болса сөйлесейік, -деді. Бірақ, шынымды айтсам, готтармен сөйлескім келген жоқ. Қалада жүрген кішкентай эмо немесе готтардың субмәдениеті интернет беттерінде де жетерлік. Алайда, әлемторда мынадай да http://www.pobedish.ru/ әлеуметтік сайттар бар. Бұл сайт өмірде адасқан жандарға кеңес береді, қайғылы жағдайларды алдын алуға тырысады. Қазақ тілінде осындай сайттар не болмаса сенім телефондары бар ма және бар болса оларды тауып алуға оңай ма? Осыны білмедім, интернетте іздеп көрдім, мардымды ақпарат таппадым, тек ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сияқты ресми мағлұматтар ғана…

P.S. Мүмкін, осы тақырыпты келесі жазбаларда әрі қарай жалғастырамын.

Франчайзинг деген не пәле?

Қыркүйек 12, 2008 16 пікір

Мен интернеттен не ТВ франчайзинг деген сөзді жиі еститінмін. Бірақ мағынасы не екенін білмедім. Түбі француз бірдеңе шығар, әлде басқа ма…әйтеуір кеше тағы осы сөзді оқып, мағынасы не екенін тауып алдым. Егер сіздерге қызық болса, онда міне. Франчайзинг – бұл бизнестің ұйымдастырылуы, ондағы компания(франчайзер) тәуелсіз адамға немесе басқа компанияға (франчайзи) өнімді не қызметті компанияның тауар белгісімен сатуға құқығының берілуін айтады. Франчайзи бұл өнімді не қызметті франчайзер анықтап алған, алдын ала келісілген бизнесті жүргізуге арналған ережелер бойынша  сатуы тиіс. Франчайзи осының орнына франчайзер компаниясының атын, беделін, өнімін, қызметін, маркетингтік технологиясын, экспертизасын және демеу механизмін қолдануға рұқсат алады.

Франшиза – Бұл бизнесстің толық жүйесі (франчайзер франчайзиге сатады).

 Роялти (cервисті төлем) – бұл сауда маркасын пайдаланғаны және бизнесті жүргізуде операциялық жүйелер үшін франчайзидің франчайзерге жасайтын кезеңдік төлемдер. Роялтидің көлемі жалпы сатылымның пайызынан саналады, бірақ жазылған төлем формасында болуы да мүмкін.

Шамам келгенше осылай аудардым.

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:

Мәрсеков-қазақтың тұңғыш адвокаты(жалғасы).

Қыркүйек 10, 2008 3 пікір

басы

Мәрсековтың «Қазақ қайтсе жерге ие болады?» мақаласында: «…Жер біздікі, бізге мужик жіберме деу, жалғыз-ақ біздің айтуымызға сыяды: «Біз дағы патшаға бағынған халық. Біз баяғыда бір жағынан Қытай патшасының, бір жағынан ақ патшадан елшілер келіп, бізге қараңдар деп қол салғанда, біз ақ патшаға қараймыз, әділеті көп, халықты тыныштықпен билейді, кеңшілге мол деп қараған жұрт едік, оқ атып, қылыш суырмай бар жер-суымызбенен. Енді бізді іске алғысыз қылып көз жасымызға қалуға лайық па?» – деген.

1922 ж. Алаш партиясы тапталған кезде Райымжан да Міржақыптардың қатарында өлімге үкім етіліп, Сібірге айдалған. Әйелі мен бала-шағасын ерте алмай, Гүлғасыл қызымен Шәуешектен Қызыр төрені паналайды. 1932 жылы Қазақстанда алаш мүшелері мен туған-туыстарын тұтқындай бастайды. Сол кезде інісі Шериаздан туған ағасына Шәуешекке барады. Кейін ол жерде қалуға қауіпті болғасын, Райымжан жалғыз өзі Құлжаның бай татарларына бойтасалайды. 1938 жылы Райымжан Шериаздан екеуін аяқ астынан Қытай үкіметі тұтқындап, түрмеге қамайды. Алғашқы кезде Шериаздан тамақ тасымалдаушыдан ағасының амандық-саулығын біліп отырды, кейін хабар кілт үзілді. Ату жазасына кесілді ме, әлде басқа жаққа жер аударылды ма-бұл жағы жұмбақ.