Archive

Posts Tagged ‘blogcamp’

Мен де Блогкемп жайында…

Наурыз 25, 2011 24 пікір

Блогшылар құрылтайы жайында Интернетте қаншама жазба орнатылды, қаншама сурет, қаншама ресми ақпарат… Мен Мақпал мен Асхат аға жіберген пресс-релиздардан кейін (бұл қаңтар айынан басталды) шыны керек, бұндай ақпараттан жалықтым. Оған қоса, Блогкемп жайында жаңа ғана бір жазбаны бітірдім (орыс тілінде, Жаңа Еуразия үшін). Сонымен, көп сөздің қажеті не?

Мен үшін блогкемп керемет өтті, ал ұйымдастыру жағы мен хелптим жұмысы жоғары деңгейде болды  деп еш ойланбастан айта аламын 🙂 . Осыншама кісі келеді деп ойлаған да жоқпын, әсіресе шетелден келген блогшыларды көру қызық болды. Бұрыннан бері оқып жүрген Қалды қыз бен 6 градус, Розатай блогтарының иелерімен танысқаныма қуаныштымын, бұрыннан тек онлайнда таныс Сағынды оффлайнда көрудің де сәті түсті. Сонымен қатар, бұрыннан танитын, бірақ жиі көре бермейтін Қуаныш, Салтанат, Зере, Айко, Айкона, Мақпал, Есенгүл апай, Димаш, Тотыларды көрдім-ау. Айтпақшы, туғанынан бері тек интернеттегі фотолардан танитын Әминды енді өзім фотоға түсіре алдым 🙂

Барлық блогшылардың атын атай берсем, жазбам созылып кетер, сол себепті бар суреттерді жариялап, осымен доғарайын.

Read more…

Баркемп Қазақстанда!

Қаңтар 28, 2009 15 пікір

Бұл жазбаны құлақтандыру, әлде блогымдағы алғаш рет Қазақстанда өтетін Баркемп/ BarCamp Central Asia 2009 туралы жазбаларыма Кіріспе деп санауыңызға болады.
3233751516_e8aebb06041
Биылғы жылдың көктемінде Алматы қаласында web 2.0 әлеміне белгілі Шара жоспарлануда. Әзірге дайындалу жұмыстар. Ұйымдастырушылар – Елена Жетпісбаева мен Инесса Шлапак(суретте).
x_ec8e0add1
Осыдан бұрын, бірнеше жазбаларымда баркемп деген не және оның пайдасы қандай екенін айтқан болатынмын(blogcamp пен barcamp деген ілмектері бар жазбаларды қараңыз), бірақ осы сұрақтарға тағы жауап іздеп көрсек,
barcampasia.net сайтында Бангкоктағы Баркемп ұйымдастырушысы Франц Патцих «Баркемптің философиясын» ашады, аудармасы (ағылшыннан орысшаға бұрын аударылған болатын, менікі орысшадан қазақшаға),
Баркемп(barcamp) деген не? by Франц Патцих
Бұл дәстүрлі үлгілерге жатпайтын білім беретін шара. Және де бұл шара тек қана білім берумен шектелмейді, сонымен қатар, адамдарға қызығушылықтарына қарай ой, тәжірибемен бөлісуге зор мүмкіндік туындататын орта.
Ал «баркемп» ЕМЕС нәрселер не? Бұл лекция ЕМЕС. Және де бұл презентация ЕМЕС. Бұл конференция да ЕМЕС. Сондықтан да осыны нақты көрсету үшін, «баркемпті» жиі un-conference (бей-конференция) деп атайды.
«Баркемп» – бұл диалог. Идеясы – ақылды, технологияларды жақсы көретін адамдарды бірге жинап, … әңгімелесу, ал содан соң бұл әңгіме қайда апаратынын көру. Сол үшін нақты тәртіп/жүйе қажет.
«Баркемп» – бұл қатысу. Бұнда көрерменжоқ, тек қатысушылар. Әрбір адам презентация жасап келуге/дайындау жұмыстарына көмектесуге әзір болуы тиіс. Ең құрымаса, пікірлесу кезінде белсенділік таныту қажет.
«Баркемп» – бұл ашық шара. Кез-келген адам оған қатыса алады, тек белсенділік танытса болғаны. Неғұрлым көп адам жиналса, соғұрлым идея, перспектива, қатысу энергиясы көп болады. Неғұрлым қатысушы саны көп болса, соғұрлым «баркемп» те әр қатысушы үшін жақсы өтпек.
«Баркемп» – бұл құрылымдық шара емес. Презентация үшін орын, жабдықтар, инфрақұрылым беріледі, ал нақты кесте құрылмайды. Қатысушылар жиналған кезде презентациялар кестесін өздері жасайды, ал басқалары қызықтырғандарын тандайды. Осы жерде «құрылымдық емес» пен «жоспарламаған» деген екі сөзді шатастырмыған жөн. «Баркемпке» алдын ала дайындалу жұмыстары қажет. Қатысушылар өз презентацияларына алдын ала дайындалса да, диалог кезінде тақырып басқа бағытта өрбитін болса, жоспардан ауытқып кетуге дайын болуы тиіс.
«Баркемп» – бұл жүйелік шара. Әр адам кез-келген уақытта жүйеге қосылып, алған тәжірибесімен бөлісуге дайын болуы қажет. «Баркемп» әлемнің әр бөлігін алып тұрады.
Сонымен, Лена Жетпісбаева айтпақшы, Баркемп біздің қолымызда, оның қалай өтетіні дәл өзімізге байланысты.

Қазақ блогшылар!

Қыркүйек 10, 2008 3 пікір

Баркемп жайлы бұрын да оқыған шығарсыздар, мысалы мына жерде. Жақында Орталық Азия мен Шығыс Европа баркемптер циклдары басталады. 17-19 қазан айында Киев қаласында жаңа мақсаттары бар жаңа Блогкемп басталады. Ақпарат осы сайтта http://blogcampcee.com/  . Биылғы жылдың бейконференциясы Blogcamp CEE 2008 деп аталады. Инвестор күнінде стартаптар сайысы өтіп, қазылар алқасында аймақтық венчурлық бизнесс эксперттері болады. Сайысқа түсу үшін осы сілтеме арқылы өтіп http://blogcampcee.com/en/investors/contest , 28 қыркүйекке дейін тіркелу қажет.  Блогкемптің өзіне қатысам десеңіз, http://blogcampcee.com/user/register
мына сілтеме бойынша өтіп, тіркеліңіз.

Санаттары:блогер, блогинг Кілтсөздері:, ,

Ал сіз барасыз ба?

Мамыр 21, 2008 4 пікір

https://barcamp.pbwiki.com/f/blogcamp-france.png
BarCamp дегеніміз не екені жайлы мына жерде оқыған боларсыз. Мен осыған тек қосымша материал беруге тырысамын. Негізгі концепция ағылшын тілінде мына жерде. Әлемдік кэмптердің уақыты мына жерде жазылған. Көп Кэмптер әртүрлі бағытта болуы мүмкін. Мысалы, Blogcamp – блогшылар мен журналистер үшін, mobilecamp – мобильді технологиялармен айналысатындарға, StartupCamp – интернетте жаңа жобаларды жасайтындар үшін, DemoCamp – ол да сондай, бірақ қысқартылған/жеңілтілген нұсқасы(презентацияларсыз және бірнеше күннің ішінде емес, бірнеше сағат ішінде өткізіледі), iCamp – Кэмптің осы түрінде басқалардан не айырмашылық бар екенін білмедім, әйтеуір биыл жазда Ресейде өтеді. iCamp – бұл интерактивті формальді емес «бей-конференция». Ол интернет әлемінде жұмыс жасайтын, жаңа медиа, блог, web 2.0 жобалар, инновациялық идеялар, азаматтық журналистика, подкасттар, т.б. айналысатын адамдар үшін арналған.
iCamp – бұл жаңа идея, білім, жаңа жобалардың тұсау кесері, шеберлік алмасу алаңы.
Бейресми конференцияның ерекшелігі – жаңа жобалар инкубаторы. Бұл шараның бір бөлігі қатысушылардың жобалары мен идеяға негізделген презентацияларын қаржыландыру үшін жасалынады. Коммерциялық және әлеуметік грандтар алдын ала ұйымдастырылып, жаңа жобаларды қолдап, бұрынғыларын одан әрі жетілдіреді.
BarCamp Baltics 2008 жайлы қыста Асхат ағаның және Жаңа Евразия блогында оқыған шығарсыз, осы Кэмптың алғашқы күні жайлы мына жерден толық көруге болады Сонымен қатар, Нұргелдінің блогында Орталық Азия Barcamp жайлы біраз мағлұмат алуға болады.

Санаттары:блогер, блогинг, медиа Кілтсөздері: