«Алаш»

«Алаш» демократиялық – ағартушылық бағыттағы алғашқы қазақ басылымдардың бірі. 1916 жылы 25 қараша Семей қаласында ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің басшылығымен бірінші саны жарық көрген. Революция қарсанындағы Ресейдің ішкі-сыртқы жағдайларынан хабардар етуді мақсат еткен, Алаш азаматтарын бірлікке шақырған. Оған қазақ зиялылар Құлжанова, Жанайдарова, Ғаббасов, Ақбаев, Әуезов, Торайғыров т.б. белсене ат салысқан. «Алаш жолында» деген ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің мақаласында: «Бүгінгідей екіталай ауыр кезеңде қымбатшылық пен жоқшылыққа қарамай жалғызым деп «Қазаққа» ғана телміреп қалған кезде, соған серік болуды мақсат етіп, «Алашты» шығарып отырмыз»,- дейді. Газетте Ресей Думасына қатысу, ішкі, сыртқы саясат, қазақ шаруасының тіршілігі, оқу-ағарту ісі, қыз-келіншектер тұрмысы тақырыбы қамтылған; әдеби-көркем шығармалар да үнемі жарияланған. 50 шақты санынан кейін қаржы тапшылығына байланысты 1917 жылы мамырда жабылып қалған.

P.S. Бүгінде әлемторда бұл тарихи басылымның аттасы бар – “Алаш” тарихи-этнологиялық ғылыми журнал.

  1. Ақпан 23, 2008, 08:56

    Sol kezdegi karjy tapshylygyna ne sebep boldy eken.. Akshaly, maly bar bailar bizneske ainaldyryp ketpedi me ekn?

  2. Ақпан 23, 2008, 09:04

    ол кезде идеологияға байланысты байлар ондай басылымдарды қаржыландырғысы келмеген шығар…мүмкін сол кезде байлар газеттің қаншалықты пәрменділігі бар екенін түсінбеген шығар…

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру