Негізгі бет > блогер, блогинг > Блог бастаймын

Блог бастаймын

                                                                  Осы сөзді әр блогшы айтқан және де келешекте блог жүргіземін дегендер әлі де айтады. Алғашқы пост жазу үшін не істеу қажет, не жайында ойлану керек? Блог бастау-бұл автокөлік немесе жылжымалы мүлік сатып алу деген емес. Жеке бетті жүргіземін деп шешім қабылдау мен оны бастаудың арасында 10 минут уақыт болуы мүмкін және бұнда еш жамандық жоқ.

Бірақ, бұл сізге күткен/оң нәтиже әкеледі деген сөз емес. Себебі әр блогшының өзіндік тактикасы болған дұрыс. Адам блоггингке келгенде бір мезеттік сезімнің не эмоцияның құлы болуы мүмкін, яғни көкейінде жүрген пікірін не ойын жариялап, кейінде бұл тақырыпқа оралмай, басқа жаққа бұрып әкетіп, блогтың біріңғайлығын, идеялығын бұзады. Стильдерді талғау біраз уақытты алады. Басында блог бірнеше адаммен жүргізілгендей болып, кейін жеке, содан мүлдем жабылып, біраз уақыттан кейін жаңа тақырыппен қайта ашылған блогтардың өмір сүру үрдісі көптеп кездеседі.

Ақыры блог мүлдем жабылып қалған жағдайлар да болады, себебі жазатын тақырып қалған жоқ емес, бір тақырыптан екіншісіне көшу арқылы блогтың негізгі тематикасы байқалмай қалады. Бұны блогшының өзі де, оқырмандары да тез түсінеді.

Байқасаңыз, қазіргі кезде блогсосферадағы танымал блогтардың барлығы жайдан-жай, ойламаған жерден пайда болған жоқ. Олардың әрқайсысында негізгі тақырып, бағыт әуел бастан-ақ анықталған еді.

Өз ойым

Осыны аударған кезде өзімнің біраз қателіктерімді аңғардым. Бұл ақапарт әсіресе станделон блогтар үшін маңызды. Шынымен де өзіндік ережелерді енгізген дұрыс сияқты. Мысалы, мен осыны жазамын, ал мына тақырып блогымның бағытына келінкіремейді деген сияқты… Әр газеттің өзіндік редакциялық саясаты сияқты әр блогшы жеке беті үшін концепциясын құрастырып, бір бағытта блог жазбаларды жазса қандай нәтижелерге қол жеткізеді? Осы сұраққа бізге жаңадан келген блогшылар жауап береді деген үміттемін. Ал әзірге Қазақ блогшылардың көбісі сияқты Word Press-те өмір сүріп жүрміз және мұнда кім не туралы жазатынын да аңғарған секілдіміз. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, блогтарыңыз мәнді де сәнді болсын!  

Advertisements
  1. Қазан 22, 2008, 07:45

    Арсенал журналист екеніңді бірден аңғаруға болады. Журналистер ғана жазатын бағытын анықтап,сыннан өткізіп барып бірақ жазады. Себебі олардың мамандығы, өмір сүру стилі сол. Ал біз сияқты мың қайнаса да сорпасы журналистикаға қосылмайтын адамдар қайтпек. Олар өздерінің көргендерін, ойларын, эмоцияларын жазады емес пе? Егер бәріміз газеттердегідей тек саясатты, не бір бағытта ғана жазсақ онда барлығымыз бір бағыттағы информациялардың артынан қуып жүре берер едік. Онда сенің эмоцияң, әсерің, ойың бәрінің адыра қалғанын көреміз. Сондықтан да әр блог өз жазбасымен ерекше.

  2. Қазан 22, 2008, 08:35

    Әрине, әр блогта өзіндік стиль, өзіндік ерекшелік бар болғаны заңды. Өйткені бұл күнделікке ұқсас жеке парақшаңыз, солай ғой? Мен соны айтып тұрмын емес пе, біз уордпресстегі қазақ блогшылар кімнің блогында не оқуға болатынын білеміз. Сіз блог бастағанда өзімнің жеке ойымды, эмоциямды жазам деп шешкен шығарсыз, ал ертеңнен бастап физика теорияларын жазам десеңіз, яғни бағытыңызды өзгертсеңіз, түсінбеушілік болады дегенім ғой. Сосын мен өзімді әзірге журналист деп санамаймын, тек мамандығым сондай, блогта мақала жазбаймын, тек қана өзіме қызықты ақпаратты аудару, қазақ интернетте жоқ ақпаратты жазу, блоггинг жайлы мағлұмат тарату.
    Сонымен станделон блогқа келетін болсақ, оларда шынымен де бір тақырып таңдалады, мысалы блогосферада ақша табу, маркетинг әдістері, ИТ, әдебиет т.б. Соны айтқым келді.
    Ал сіздің блогыңыз қызықты, сіздің оқырмандарыңыз бар, ең бастысы сол.

  3. dnatic
    Қазан 22, 2008, 09:25

    Салем! мен әлі блог жазып кормеппім. және маған блог жазуды бастауға қиын боп тұр, себепі ойлар көп, ал оларды нақты және дұрыс (тілмен) жазуды білмеймін, себебі мен өзім it мамандығының специалисты болғандықтан, жазуда онша жақсы емеспін. 🙂 егер сіз маған көмектессеңіз жақсы болар еді)
    🙂

  4. Қазан 22, 2008, 09:32

    o_O ойларыңыз көп болса өте жақсы екен, қазіргі кезде сол дефицит боп тұр 🙂 материалдарыңызды редакцияма жіберіңіз, көрейік… 😉

  5. dnatic
    Қазан 22, 2008, 09:34

    бопты онда) кейін хабарласам ғой)

  6. Қазан 22, 2008, 09:36

    Шынымен де блогтың өзінідік бір іштей үйлесімі болғаны жақсы. Блогшының жеке стилі мен богының стилін бөлек алып қарастыру керек тәрізді. Себебі бір саладағы блогты әр блогшы әртүрлі етіп жазады.

  7. Қазан 22, 2008, 09:37

    түсіністік білдіргеніңізе рахмет, Асхат аға 🙂

  8. dnatic
    Қазан 22, 2008, 09:39

    менін ойымша, менің тілімде жазылған блогты сендер оқи алмайсындар, себебі ол тек сол мамандықта жүретін адамдарға арналған, және тек олар оны дұрыс түсіне алады. және оларға дұрыс оқылу және түсіну үшін, кішкене сіздердің стилінен басқаша жазу керек.

  9. Қазан 22, 2008, 09:42

    ммм, әрине оқи алмаймыз. ондай болса анда-санда кіріп, қалыңызды біліп тұрайық, рұқсат болса.

  10. dnatic
    Қазан 22, 2008, 09:43

    алдымен жазып корейінда) мүмкін жаза алмаймын)

  11. Қазан 22, 2008, 09:45

    сіз енді нақты анықтап алыңыз, жазасыз ба, жазбайсыз ба, бастайсыз ба, бастамайсыз ба)))

  12. dnatic
    Қазан 22, 2008, 09:46

    ту би ор нот ту би)))

  13. dnatic
    Қазан 22, 2008, 09:52

    ***@}–>–***

  14. Қазан 22, 2008, 14:23

    Ал білмедім. Ойыма келгенін жаза берейін, сөкпеңіздер. Компотыр болсын, бильярд, ішімдік турі, кыздардын мінезі, корген тусім, саусактардагы мегабайттар… Блог – ммм… Отдушина дегім келеді. Так что, менен маңызды бірдеме күтпеңдер 🙂 Маңызды заттарым вордпресстің сыртында, олар мында келмей-ақ қойсын… )

  15. Қазан 22, 2008, 14:36

    ^ ^ Руслан, қандай тақырып болса да, бір стильділікті байқадым. Жеңіл, ұғыныңқы, қалжынбас, соған қарамастан маңызды-бұл сіздің блогыңызға тән нәрселер(меніңше)

  16. balgyrgan
    Қазан 23, 2008, 03:38

    блог бастағанда не туралы жазарымды да білмегенмін, шынымды айтсам суреттімді өзгертемін деп блог бастап кеттім 🙂 сосын Зереге, сосын Русекеңе «ААААААА құтқара гөр…енді қайттім?! қайда басу керек? не істеу керек?куда я попала?!» деп едім, тілеуіңді бергірлер қолма-қол жауап жазып жібергені, сөйтіп блогтың тұсау кесері де болды 🙂 не туралы жазарымды әлі де білмеймін, ойнап жүріп ашылған блог болғаннан ба, әлі анық бағытым жоқ десем де болады, «келдім-кеттімді» бәрі де жаза алады ғой, ал кәдімгідей мателиал жинап(мысалы Әлия Сембай т.т блогшылар сияқты) жөні дұрыс пост жазу… ҚИЫН 😦 Жаңадан блог бастаушыларға: блогқа жеңіл-желпі қараудың керегі жоқ дегім келеді 🙂
    пысы: блогым әлі жас, әлі де өзгереді :))

  17. balgyrgan
    Қазан 23, 2008, 03:40

    Братцтардың(солай ғой деймін) суреттері жынды екен 😀

  18. Қазан 23, 2008, 08:08

    Рахмет Салтанат 😉 мен де көп қателік жіберем, осыны жазғым келеді деп жаза салам кейде, негізгі тақырыптан ауытқып. Сіздің бллогыныз күнделікті өмірмен байланысты, сонысымен біз үшін қызықты. Ал мына қуыршақтар бір дизайнердің экслклюзивті «балалары» ғой деймін.

  19. akzere
    Қазан 24, 2008, 10:24

    Жалпы егер коммент аз болса ол сенің блогың оқылмай жатыр дегенді білдірмейді екен. Блогымның жазбаларын көп жерден копипастарын көрдім. Сондықтан жаза беріңіздер, оқырмандар бүгін болмаса ертең табылады. Іске сәт!!!

  20. Қазан 26, 2008, 14:38

    «Блог неге газет емес?» деген тақырып па деймін.
    Өз болмысыңнан яки стиліңнен танбауды талап етпей-ақ болуға болады, бәрібір блогты бір адам жазғасын – бірегей болып шығады. Ал тақырып меніңше табыттан бастап, кофе түріне дейін ұласа беруіне болатын сияқты.
    Газет сияқты авторлық ұжым жазса бір жөн – онда әлдебір ресми/бейресми редактор, барлық мақалалардың жалпы бағыттан танбауын қадағалап отырғаны лазым.
    Өз ойым…

  21. Қазан 26, 2008, 14:41

    Сосын, әрине түсінікті де болар психологиялық жағынан, бірақ блог бастаушы – «менен соншама ештеңе күтпеңдер, тек жәй жазып жатқаным ғой!» деп, блогтың тұрақты бетінде алдын-ала болашақ мақалалары үшін қорынып алатыны дұрыс емес сияқты.
    Ол бәрібір көмектеспейді – блогыңа шынымен-ақ бірдеңе күтіп барып тұрмақпыз!!! :):):)

  22. Қазан 26, 2008, 14:45

    20. technosyndrom – Қазан 26, 2008[Edit] үшін
    мәселе былай ғой, қазір блог деген көп, басқаладардан ерекшелену үшін немесе шынымен де пайдалы бірдеңе жазам десеңіз, тақырыпты дұрыс таңдаған жөн!!!
    БҰЛ ПОСТ БЛОГГИНГКЕ ЖАҢАДАН КЕЛГЕН АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН!!! сіздерден көмек/пікір деген сияқтылар болады деп жазылған.
    21. technosyndrom – Қазан 26, 2008[Edit] үшін
    толық келісемін
    пікіріңізге рахмет.

  23. Қазан 28, 2008, 09:24

    Ерақа, 21 нөмірлі пікіріңе қатысты… Неге екенін қайдам, Аршаттың блогы есіме түсе берді ғой… 🙂 🙂 🙂

    Днатиктің блогының шілдеханасын күтетін боламыз!

  24. Қазан 28, 2008, 09:29

    🙂 шынымен де көбісі солай жазады

  25. Қазан 29, 2008, 03:00

    🙂 уот, уот, Ерлан жақсы нұқып көрсетіпті. Туа біткен қазақи тартыншақтық сндромы ғой, Әсия… 🙂

  26. Dnatic
    Қараша 2, 2008, 05:50

    offtop

  27. Қараша 21, 2008, 22:24

    dnatic айтпакшы идея коп, оны кагазга тусiру онай емес. Уакыттын да тапшылыгынан, кейде блог жанарып турсын деген пиғылмен кыска да, окырманга аса мәнi жок бiрдененi жаза салатын да жайлaр болады… 😉

  28. Қараша 22, 2008, 06:46

    Сымбат, дұрыс айтасыз, блог көп уақытты қажет етеді. осындай жағдайда Асхат ағаға таң қаламын 🙂

  1. Қараша 20, 2008, 21:09

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: