Негізгі бет > блогер, блогинг > Бірнеше блогты басқару жайында

Бірнеше блогты басқару жайында

121Бірнеше блогты жүргізетін блогшылар аз емес. Бұл блогшының блогингке арнайтын уақытымен байланысты. Бірнеше блогтарды басқаратын болсаңыз, міндеттер де көбейеді. Оқырманмен байланыс, модерация, алға қадамдар жасау, тақырыптарды іздеу… Осының бәрін қалай бақылауға болады?

1. Жоспар құрыңыз.

Бір аптаға, екі аптаға немесе бір айға келешекте не жасайтыныңыз жайында жоспар құрыңыз. Идеяларыңызды жазып қойып, оларды үнемі көз алдыңызда ұстаңыз. Кейде тамаша идеялар ұйықтар алдында не көшеде серуендеп жүргенде келуі мүмкін, сол себепті қойын дәптеріңіз әрдайым өзіңізбен бірге болсын. Қолыңыз бос болған күндеріңізді пікірлер мен жаңа қызықты блогтарға жұмсаңыз. Әр блогыңызға жазба дайындау кестесін құрастырыңыз. Мысалы, жаңа блог үшін – аптасына 5 жазба, танымал блогыңыз үшін – аптасына үш жазба деген сияқты. Жазбаның дәл қай күні шығатынын анықтаңыз.

2. Уақытты үнемдеу

Өзіңіздің көбірек белсенділік таныту уақытын білсеңіз, яғни шығармашылық пен физикалық күшіңіз артқан кезде, жаңа идеяларыңызды жүзеге асырыңыз, ал басқа уақытты почта мен блогтардағы пікірлерге бөлуге болады.

3. «Әр блог маңызды» ережесі

Бірнеше блог жүргізген кезде кейбір блогтарымызды негізгі еместерге жатқыза бастаймыз. Оларды анда-санда жаңартамыз, қызықсыз, мағынасыз жазбалар жариялаймыз. Сондықтан да мынадай ережені ұмытпау қажет: саны көп, сапасы аздан гөрі, аз болса да, сапалы ақпарат жариялаған дұрыс. Блогшының мәртебесі блогтардың санымен емес, қызықтылығымен, пайдалылығымен өлшенеді.

4. Тайм-менеджмент

Уақытты үнемдеу және оны дұрыс қолдану үшін тайм-менеджмент қажет. Тайм-хактарды анықтап алыңыз, уақытты бағалай біліңіз. Мысалы, әлеуметтік желілер мен ридер/RSS-ке бірдей уақыт бөлесіз бе, ал блогыңызға ше, т.с.с.

Сонымен қатар, бір нәрсеге үйренудің бір тамаша әдісі – осыны басқаларға үйрету. Мүмкін, сіздің келесі блогыңыз тайм-менеджментке арналмақ.

Толығырақ мына немесе мына жерде

  1. Тамыз 16, 2009, 20:25

    **** Мысалы, жаңа блог үшін – аптасына 5 рет, танымал блогыңыз үшін – аптасына үш рет деген сияқты.

    Жақсы кеңес екен.

  2. Тамыз 16, 2009, 21:04

    тайм-менеджменттегі анықтамалардың ішінде уақытты дұрыс пайдалану және аз уақытың ішінде көп нәрсе жасап үлгеру деген мағынада, сосын лайф-хак деген сөз бар. бұрын ИТ саласында ғана қолданатын сөздер, қазір менеджментке көшті.

  3. Бөкен
    Тамыз 17, 2009, 05:14

    Facebook-te блогтар қатарына жата ма? сонда

  1. No trackbacks yet.

Leave a reply to arsenal777 Жауап беруден бас тарту