Негізгі бет > блогер, блогинг > Баркемп Қазақстанда!

Баркемп Қазақстанда!

Бұл жазбаны құлақтандыру, әлде блогымдағы алғаш рет Қазақстанда өтетін Баркемп/ BarCamp Central Asia 2009 туралы жазбаларыма Кіріспе деп санауыңызға болады.
3233751516_e8aebb06041
Биылғы жылдың көктемінде Алматы қаласында web 2.0 әлеміне белгілі Шара жоспарлануда. Әзірге дайындалу жұмыстар. Ұйымдастырушылар – Елена Жетпісбаева мен Инесса Шлапак(суретте).
x_ec8e0add1
Осыдан бұрын, бірнеше жазбаларымда баркемп деген не және оның пайдасы қандай екенін айтқан болатынмын(blogcamp пен barcamp деген ілмектері бар жазбаларды қараңыз), бірақ осы сұрақтарға тағы жауап іздеп көрсек,
barcampasia.net сайтында Бангкоктағы Баркемп ұйымдастырушысы Франц Патцих «Баркемптің философиясын» ашады, аудармасы (ағылшыннан орысшаға бұрын аударылған болатын, менікі орысшадан қазақшаға),
Баркемп(barcamp) деген не? by Франц Патцих
Бұл дәстүрлі үлгілерге жатпайтын білім беретін шара. Және де бұл шара тек қана білім берумен шектелмейді, сонымен қатар, адамдарға қызығушылықтарына қарай ой, тәжірибемен бөлісуге зор мүмкіндік туындататын орта.
Ал «баркемп» ЕМЕС нәрселер не? Бұл лекция ЕМЕС. Және де бұл презентация ЕМЕС. Бұл конференция да ЕМЕС. Сондықтан да осыны нақты көрсету үшін, «баркемпті» жиі un-conference (бей-конференция) деп атайды.
«Баркемп» – бұл диалог. Идеясы – ақылды, технологияларды жақсы көретін адамдарды бірге жинап, … әңгімелесу, ал содан соң бұл әңгіме қайда апаратынын көру. Сол үшін нақты тәртіп/жүйе қажет.
«Баркемп» – бұл қатысу. Бұнда көрерменжоқ, тек қатысушылар. Әрбір адам презентация жасап келуге/дайындау жұмыстарына көмектесуге әзір болуы тиіс. Ең құрымаса, пікірлесу кезінде белсенділік таныту қажет.
«Баркемп» – бұл ашық шара. Кез-келген адам оған қатыса алады, тек белсенділік танытса болғаны. Неғұрлым көп адам жиналса, соғұрлым идея, перспектива, қатысу энергиясы көп болады. Неғұрлым қатысушы саны көп болса, соғұрлым «баркемп» те әр қатысушы үшін жақсы өтпек.
«Баркемп» – бұл құрылымдық шара емес. Презентация үшін орын, жабдықтар, инфрақұрылым беріледі, ал нақты кесте құрылмайды. Қатысушылар жиналған кезде презентациялар кестесін өздері жасайды, ал басқалары қызықтырғандарын тандайды. Осы жерде «құрылымдық емес» пен «жоспарламаған» деген екі сөзді шатастырмыған жөн. «Баркемпке» алдын ала дайындалу жұмыстары қажет. Қатысушылар өз презентацияларына алдын ала дайындалса да, диалог кезінде тақырып басқа бағытта өрбитін болса, жоспардан ауытқып кетуге дайын болуы тиіс.
«Баркемп» – бұл жүйелік шара. Әр адам кез-келген уақытта жүйеге қосылып, алған тәжірибесімен бөлісуге дайын болуы қажет. «Баркемп» әлемнің әр бөлігін алып тұрады.
Сонымен, Лена Жетпісбаева айтпақшы, Баркемп біздің қолымызда, оның қалай өтетіні дәл өзімізге байланысты.

  1. akzere
    Қаңтар 29, 2009, 06:14

    Біз де көмектесе аламыз ба? Біздің қолымыздан не келеді? Және қай қалада өткізілгелі жатыр?

  2. Қаңтар 29, 2009, 07:50

    Ақзере, Алматфыда ғой! Мен кейін сізге хабарласам, міндетті түрде 🙂

  3. Қаңтар 29, 2009, 14:53

    Хабарлағаның жақсы болды. Елена бұл туралы тек блогында айтыпты. Әзірге мәлімет аздау ғой деймін. Қатыссақ қатып кетер еді 🙂

  4. Қаңтар 29, 2009, 14:58

    блогында, сосын yvision – дағы блогта, біраздан сайт іске қосылады, әлі де хабарлаймыз 🙂

  5. Қаңтар 29, 2009, 17:25

    Қай датаға жоспарланып жатыр екен…

  6. Қаңтар 29, 2009, 17:32

    сәуір айна

  7. Қаңтар 29, 2009, 17:39

    дәл күні белгісіз бе? 16-нан кейін болса жақсы болар еді…

  8. Қаңтар 29, 2009, 17:42

    әлі белгісіз, бірақ бұл жазба тек кіріспе, әлі хабарлаймын, міндетті түрде ҚЗ баркемпі жайында әлі біраз ақпарат жарияланады!!!

  9. Қаңтар 30, 2009, 05:17

    пока предварительные даты 17-19, это как раз наши традиционные пятница-суббота-воскресенье.

    мы завтра в Алмате собираемся на минибар, буду рассказывать про баркемп и принимать в команду волонтеров 🙂

    если кто-то хочет прийти, буду только рада!

    13:00, Новая Площадь, кафе Сакраменто

    +7 705 464 39 91 мой телефон

    Лена/Мурся

  10. Қаңтар 30, 2009, 17:54

    Егер тура осы даталарда өтсе менің кестем келеді екен. Көреміз, ендеше…

  11. Қаңтар 31, 2009, 13:41

    Ал әзірге минибарлар өтіп тұрады(Алматыда). оны да алматылық блогшыларға айта жатармыз.

  12. Қаңтар 31, 2009, 19:30

    Минибар десе Алматыдағы Hyatt Regency түседі есіме. Бірде, алғашқы барған іссапар еді, сол қонақүйге қондық. Ұшақта су ішпеп ем, өліп шөлдеп келдім. Бөлмеде тоңазытқыш бар екен, ішінде судың түр-түрі!!! Уааууу!!!! 😉 Қылт-қылт-қылт етіп сіміріп тастадым бірнешеуін… Екі-үш күн бойында осылай болды. Шығарда есеп айырысарда білдім: ол минибар екен, минибардың ішіндегі заттар үшін бөлек төлейді екенсіз, бағасы удай қымбат :)))) Опшым, сол кезде жақсылап түсіп едім… Минибар десе үрки қарайтын рефлексімнің себебі содан шығар :))))

  13. Ақпан 1, 2009, 06:49

    :)))))) Hyatt Regency деген атынан көрініп тұр, қыыымбат екені.
    бірақ бұл минибарлардың оған еш қатысы жоқ 🙂

  14. Ақпан 4, 2009, 09:53

    өте жақсы бастама екен.

  1. Сәуір 6, 2009, 18:01

Пікір қалдыру