«Садақ» басылымдары

1917 жылдың наурызына дейін Верный қаласында айына 2 рет татар тілінде шығып тұрған суретті, күлкі-сықақ журналын «Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы» шығарды. Редакторы-Зариф Баширов. Алғашқы нөміріндегі «Садақ не үшін шығады?» деген бас мақалада ақпан буржуазиялық демократиялық революциясынан кейін Россияда болып жатқан саяси өзгерістерді жұртқа түсіндіріп, ел ішіндегі кем-кетіктерді сынап, оны түзетуді мақсат ететіндігін баяндайды. Журнал «Алматы әңгімелері», «Жетісу әңгімелері», «Сібір әңгімелері», «Телеграф хабарлары», «Саясат дүниеде» айдарларымен түрлі материалдар, ал «Шығар» айдарымен өлеңдер беріп тұрған. «Садақ» прогресшіл-демократиялық бағыт ұстады.

«Садақ»-Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының 1915 жылдың 9 қарашадан 1918 жылдың 10 ақпанына дейін шығарылған әдеби-көркем қолжазба журналы. Журнал «Қазақ» ұйымы атынан шықты. Оның ұйымшысы және іс жүзіндегі редакторы Бейімбет Майлин мен Ж. Тілепбергенов болған. Алдына қойған мақсаты «Ғалия», «Расулия», «Хусаиния» өз халқының ағартушысы болу ниетімен оқып жүрген қазақ семинаристердің оқуына мейлінше көмектесу, қазақ халқы тұрмыстың сол кездегі жақсы-жаман жақтарын қамтып отыру еді. «Садақ» бетінде Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Білімдіден шыққан сөз» өлеңдері Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі басылды. Журнал негізінен мәдени ағартушылық бағыт ұстады.

Advertisements
  1. Маусым 15, 2008, 04:07

    Burzhuazia degen ne magyna beredi?

  2. Маусым 15, 2008, 04:32

    Садақтың бір мақаласын жариялай алсаң жақсы болар еді. Менің ойымша сол кездегі мақалалар әлі де өз өзектілігін жоймады-ау…

  3. Маусым 15, 2008, 05:12

    Ol kezdegi makalalar kazakty agartushylykka, bilimge, gylymga ugittegen, birak Askhat aitkandai olar ali әрігіналный!

    Kazirgi makalalar jemkorlyk, munai, kazak tili, bilik, sheneunik, Astana…

  4. Маусым 15, 2008, 06:13

    Буржуазия (фр. Bourgeoisie)-иеленушілер, жеке меншігі бар адамдардың жоғарғы классы.
    Мақалаларды іздеп көремін.
    қазіргі мақалалар шынымен де тым саясиланған.

  5. Маусым 15, 2008, 15:41

    Ол уақытта мақала жазғанда ұлт қамы үшін, ел үшін, болашақ ұрпақ үшін жазатын. Ал қазір ұлт қамын ойлайтындар аз. әринен бәрі емес. Ол туралы жазса да ұлттық намыс сезілмей тұрады.

    • Мамыр 16, 2009, 09:17

      Jazuga korkady. Olimnen korkyp talai närseler jarykka shykpai jatyr. 😦

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: