Негізгі бет > медиа, публицистика, әлеумет > Жастар басылымы жайында…

Жастар басылымы жайында…

Мен 2ші курста оқып жүргенде осы мақаланы қалалық газетке жібергем. Контекстті өзгертпей, Қарағанды жастары ғана емес, бүкіл қазақ жастарына үндеу ретінде осы мақаламды блогқа жариялаймын.

Жастар басылымы қайда екен?

Қал нешік, Сарыарқа жастары? Сендердің халдерінді сұрайтын қазақша басылымның жоқтығы кімнің кінәсі? Сонау 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін дүниеге келген «Қарағанды жастары», кейін «Замандас» деген атпен шығып тұрған жастар газеті Кеңес одағы құлап, қаржы тапшылығына ұшырап жабылып қалған. Осы басылымның редакторы, танымал журналист Төлеубай Ермекбаев электронды Арқа-ақпарат газетінде шыққан сұхбатында (03.12.2003): «…Қаржылық қолдаудан айнып кетпейтін құрылтайшы болса, жастар газетін шығарып тұруға болады ғой. Тек соны «Қарағанды жастарын» іздегендей тұрақты түрде іздеп жүріп оқитын жастар бола қояр ма екен?…» Шынымен де, сапалы газет шығару үшін қаржы керек, бірақ қазақ басылымдарының тарихына үңілсек, 1916 жылы жарық көрген демократиялық-ағартушылық бағыттағы, Алаш азаматтарын бірлікке шақырған алғаш қазақ басылымдардың бірі «Алаш» газеті қымбатшылық пен жоқшылыққа қарамай 50 шақты санын шығарып үлгерді. Сол кездегі «Айқап», «Садақ», «Жас қазақ» басылымдары қатаң цензураға қарамастан халқымыздың күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерін қамтып отырды. Осыны ескере отырып, құрылтайшы жоқтығынан газет шығара алмадық деген жауаптар өз күшін жояды. Мүмкін біреулер, газетке жарайтын материал жазатын жастар саусақпен санарлық деп айтар, бірақ қаламыздағы поэзия, прозаға қалам тербейтін студенттер мен мектеп оқушылар аз емес және де тағы айта кететін бір жайт – Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасы кәсіби мамандарды дайындап жатқанда, бұл пікір шындыққа жанаспайды. Қарағанды облысы бойынша жастарға арналған қазақша басылымның ролі өте зор. Бұндай газет елшіл, отаншыл азамат қалыптастыруда, ұлт пен тіл, дін мен діл, рух пен намыс сияқты тақырыптарды көтеріп, шығармашылықты дамыту мақсатымен мүшайра, үздік шығарма сайыстарын өткізу, жастар проблемаларын (оның ішінде тұрмыс үй, жұмыспен қамтамасыз ету, психологиялық көмек, т.б.) шешуді міндетке алатын болса,
азаматтық журналистика функциясын атқаратын нағыз басылым болар еді.

Advertisements
  1. massagan
    Қараша 28, 2007, 19:59

    Aliya, Massaganin ozine silteme bermei nege ishindegi bir olenge silteme berdin eken?

    Sosin blogynnyn dizainyn ozgertuine bolady.

    Aitpakshy kommentter ushin rahmet

  2. nurgeldy
    Қараша 29, 2007, 10:39

    Makhala kushti eken!
    Durys zhazazin!

    PS:
    Dizain keremet:))

  3. Arsik777
    Қараша 29, 2007, 13:40

    massagan, сайттын адресiн онсыз да барi бiледi деген ойдамын. Ал бул сiлтеме озiм жаксы коретiн оленге :)дизайнды озгерту керек екенiн бiлем, рахмет. Алдагы уакытта бiредiн комегiмен озгертем деген умiттемiн.

    Нургельды, менi тым мактап тастадын гой! Пiкiрiне рахмет.

  4. massagan
    Қараша 29, 2007, 15:35

    Aa ok. Jaksy koretin olenin ekenin bildim.

    Nurgeldi ras aitady, makala keremet!

  5. Arsik777
    Қараша 29, 2007, 16:59

    massagan, унаса тек кана куаныштымын! 🙂

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: