Негізгі бет > медиа, әлеумет > «Жастарды басқа қырынан көрсеткім келеді»

«Жастарды басқа қырынан көрсеткім келеді»

Жылдың басында төмендегі материал газет пен Жаңа Еуразия сайтының орысша бөлімінде жарияланған еді, интернетте қазақша нұсқасы жоқ болғандықтан, сұхбатты блогыма орнатуға жөн көрдім.

Қаңтар айының бірінші жартысында қазақстандық және ресейлік танымал әлеуметтік желілерінде қызықты қысқа метражды «Скажи» атты кино жарияланды. Кино 7 минутқа жетер-жетпес болса да, аз уақыттың ішінде интернет-пайдаланушылардың арасында тез таратылып, жылы лебіздер мен көптеген жағымды пікірлерге ие болды. Кейін келе бұл киноның авторы қарағандылық Дәулет Тукаев екені анық болды. Дәулет Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің режиссура, кино және ТВ факультетінің бірінші курс студенті екен. Ал интернетте жарияланған видеосы – университетте берілген үй жұмысы болып шықты. Алайда, Дәулет бұл тапсырмаға бей-жай қарамай, киноға бар ынта-жігерін салған. Киноның сюжетіне келер болсақ, бас кейіпкер – стрит-арт өнерімен (яғни көшеде бояуы бар балон мен трафарет көмегімен сурет салады) айналысатын жігіт. Ол көшеге шығып, өз өнері арқылы басқаларды салауатты өмір сүруге, білімге, шындыққа шақырады. Киноның соңғы секундтарында көрермен басты кейіпкердің мылқау екенін түсінеді, алайда стрит-арт арқасында қаншама маңызды нәрсе айтқанын байқай алады. Уақыт ұзамай, демалыста Қарағандыда жүрген Дәулетті тауып алып, арнайы «Қазақстан Іскері» газетінің оқырмандары үшін оған бірнеше сұрағымызды қойған едік.  

  – Дәулет, кино өнеріне соншалықты неге құштарсыз және де режиссура факультетін неге таңдадыңыз?

– Мен 14 жасымда монтажға қатты қызыққан болатынмын, ағамның мобильді телефонына видео түсіретінмін көбінде, ал 16-ға толғанда үйдің іші маған хендикам камерасын сыйлады. Сол кезден бастап мен Астана мен Қарағанды қалаларында өтетін хип-хоп чемпионаттарын түсіре бастадым.

  – Ал «Скажи» фильмінің идеясы қалай туды?
– Университетке түскен кезде мен алғашқы киномды Қарағандыда түсіріп, оны стрит-арт өнерімен байланыстырамын деп шештім, себебі стрит-артпен 16 жасымнан бастап айналысамын. Стрит-арт – бұл киноның мұқабасы іспетті. Ал сюжетке келер болсам, сол кезде жеке өмірімде көп уайым, проблемалар болды. Фильмнің сюжетіне бұл қатты әсер етті, сонымен қатар, телевизияда қазір көбінде өтірік пен жарнамадан басқа ештеңе жоқ екенін тағы айтқым келді. Негізгі идея түсіруге дейін бір күн қалғанда келді, мен киноны демалыс күндері түсіріп, дүйсенбі күні оқытушыма көрсетуім қажет еді. Үлгермей қалам ба деп қорықтым, ақыры бәрін уақытында тапсырдым. Менің оқытушым – елімізге танымал режиссер, сценарист Ася Сулеева – материалымды қарап шығып, жоғары бағасын берді, 3-ші курстың деңгеймін де салыстырды, мен тіпті бірге оқып жүрген курстастарымнан ұялып та қалдым.
– Түсіру жұмыстары мен басты кейіпкер жайында айтып өтсеңіз?
– Басты рөлде менің Асыл Уразбеков деген досым ойнайды. Асыл үш жылдан астам граффити және стрит-арт өнерімен, музыкамен айналысады, electro dance та билейді. Кинодағы аудио жағын айтар болсам, оны қарапайым mp3 плеерге жаздырдық, ал видеоны Canon D550-ге түсірдік.
– Фильмнің негізгі идеясы не, онымен басқаларға не айтқыңыз келді?
– Фильмнің негізгі тақырыбын да, идеясын да екі сөзге сыйдыра аламын – “stay true”. Яғни, қашан болса да, өз-өзіне адал болу керек.

– Срит-арт пен әлеуметтік кино арқасында қоғамды шынымен де өзгертуге болатынына сенімдісіз бе?
– Меніңше, осылайша әлеуметтік проблемаларға басқалардың назарын аудартуға болады. Себебі мен бұл киноны интернетке жариялаған кезде түрлі пікірлерді оқыдым, көрермендердің айтуынша видео оларға қатты әсер етті. Ал қарағандылық андеграунд стиліндегі Danigo есімді орындаушы киноны көре салысымен оған саундтрек те жазды деп айтқан. Шынымды айтсам, мен мұндай резонанс туады деп мүлдем ойлаған жоқпын.
– Ал жастарымыз қандай болуы керек деп ойлайсыз, олардың өміріне не өзгеріс енгізу керек?
– Меніңше, жастарға шаблондардан құтылу керек. Былай қарасаңыз, бүгінде өз талантынды, шығармашылығынды көрсетем десең, мүмкіндіктер жетеді. Мысалы, қазақстандық әлеуметтік желі Yvision.kz-те көптеген жастар өз өнерімен жиі бөлісіп жатады. Жастар уақытын босқа өткізбей, өнер не басқа пайдалы нәрсемен айналысса ғой деймін.
– Әңгімемізде өнерге тоқталғасын, стрит-арт жайында толығырақ айтып берсеңіз…
– Стрит-арт Алматыда жақсы дамыған, ал Қарағандыда граффити өнерінің деңгейі жаман емес деп айта аламын, стрит-арт болса бізде енді-енді алғаш қадамдарын жасап келеді. Әр райтер өз суреті не жазбасы арқылы идеясың, ойын, позициясын көрсеткісі келеді. Стрит-арттың негізгі тақырыптары бүгінде қоғам мен әлеуметтік проблемалардың айналасында. Мысалы, британдық танымал Бэнкси атты райтер антифашизм, анархизм мен нигилизм тақырыбында көптеген сурет салған. Ал стрит-артты қазіргі заман өнері ретінде қабылдайтын болсақ, Франция мен Испания көшелеріндегі көптеген керемет суреттер жайында айтуға болады.
– Келешекте, сіз кәсіби режиссер болып, отандық киноиндустрияның бөлшегіне айналасыз, сонда қандай кино түсірмек ойыңыз бар?
– Коммерциялық кино түсіруді қаламаймын, мысалы, бүгінде жастарды түнгі клуб пен криминал айналасында жиі көрсетіп жатады, ал мен жастарды басқа қырынан көрсеткім келеді. Өз киномда андеграунд-музыкамен айналысатын жастарды түсіргім келеді; өз өнерімен ақшаның арқасында емес, интернет арқылы танымал бола алған құрдастарымды көрсеткім келеді. Әрине, есейе келіп, бұған қатысты ойым өзгеруі де мүмкін, алайда, дәл қазір осылай ойлаймын. Жазда толық метражды фильм түсіремін деген жоспарым бар. Сонымен қатар, 6-7 минуттық кинода махаббат, сатқындық секілді тақырыптарды қозғаймын деген ойым бар.

Әңгімелескен Әлия Сембай

Advertisements
Санаттары:медиа, әлеумет Кілтсөздері:, , ,
  1. Маусым 7, 2011, 10:43

    Әлия өте жақсы сұхбат алыпсыз, Дәулеттің өзіндік пікірі бары әрі көп нәрсеге басқаша қырынан қарайтыны көрініп тұр.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: