Негізгі бет > медиа > Шетел сөздері

Шетел сөздері

Қазіргі қазақ тілімізде шетел сөздері көп қолданылады және олар термин, анықтамалар үшін қажет. Би-би-сидің лингвистикадағы мол тәжірибесі бар болғандықтан мастер-класс немесе журналистерге арналған курстарда бұл мәселені қозғайды. Олардың айтуынша, лингвистикада жоғары білімінді көрcетем десеңіз, шетел сөздерін қолданбаған жөн.

Би-би-сидің журналистері тыңдарман/оқырманға нақты ақпарат жеткізуді көздейді. Эфирде біреуді керемет таң қалдырудан аулақ, бірақ әдемі сөйлеу және өз ойын дұрыс жеткізу-тікелей эфирде жұмыс жасайтын журналистке қойылатын талап екенін тағы ұмытпайды.

Редактор Андрей Остальский шет ел сөздерін қолдану турасында

Шетел сөздерін қолданбау логикасы: сіз шетел немесе термин сөздерінің мағынасын білсеңіз де, кейбір тыңдармандарыңыз оларды білмеуі мүмкін. Егер олар журналисттің сөзін түсінбесе, ондай ақпараттың қажеті де жоқ. Кейбір сөздер, мысалы «катарсис», «процессор» немесе «диггер» сайттың оқырманы үшін таныс немесе «трейдер» сөзін экономикалық жаңалықтарын тыңдайтындар үшін түсіндірудің қажеті жоқ.

Соған қарамастан, репортаж, мақала көпшілікке арналған болса, түсініксіз шетел терминдерін қолданбай, олардың баламасын немесе түсіндірмесін қолданған дұрыс.

Кейбір кезде ана тілімізде баламасы жоқ терминдер де болуы мүмкін. Сол кезде Би-би-си журналистері «кальканы» қолдануы мүмкін, яғни бұрын жоқ сөзді енгізу. Мысалы, «боксер Николай Валуевтың промоутеры, ресейлік спортшы американ боксшысымен күш сынымақ деп мәлімдеді…».

Басқа жағдайларда жаңа термин үшін тілдің ресурстары да қолданады. Мысалы, «Уэйн Руни ойыннан тыс (off-side) жағдайында доп соқты».

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:
  1. dnatic
    Қараша 29, 2008, 09:35

    гуглет) ол да шетел сөзі)

  2. Қараша 29, 2008, 23:01

    Өткенде бір жаңалықтардан құлағымызға таныс «сатисфакция» деген сөзді естіп қалып, сөздіктен іздеп тауып барып, мағынасын түсіндім дачы. Бенассидің клипіне басқаша көзқараспен қарайтын болдым-ау содан кейін.

  3. Қараша 30, 2008, 18:52

    солай, солай 🙂

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: