Archive

Posts Tagged ‘үнхабар’

Блогосфера тынысы

Маусым 17, 2009 7 пікір

blogs-about-blogging

Блогосферадағы соңғы жаңалықтарға назар аударайық:

1.      Linux туралы қазақ тіліндегі алғашқы блог. Қазақша Linux (Линукс), орнату, баптау, қолдану кеңестері. Сонымен қатар, осы блогтан қазақша Mozilla Firefox браузерін жүктеп алуға болады. ИТ саласына қатысты қажет ақпарат осы блогта жоқ емес.

2.       Жаңа подкастшы және жаңа үнхабар пайда болды. Оны Сіздер мүмкін тыңдап үлгерген де шығарсыздар. Естімесеңіз, міне. Ansar-ға тілейтініміз: жаңа үнхабарлар қызықты, әрі жиі болып шықсын.

3.      Микроблогингтің соңғы жаңалықтарын хабарлап отыратын блог бар екенін естіген шығарсыздар. Микроблогинг өміріне қатысты өзгерістер, жаңалықтар, жаңа мүмкіндіктер т.б.

4.      Your vision блог-тұғырнамасы 1 ай бұрын интерфейсін қазақ тіліне аударды. Енді қазақ тілді блогшыларға осы тұғырнамада блог жүргізуге еш кедергі жоқ.  Your vision тек қана блог-тұғырнама емес, сонымен қатар, әлеуметтік желі; Сіз бірлестік құрып, немесе дайын бірлестікке кіріп, тақырыпқа сай жазба жаза аласыз және осы жазбаны(пікірлерді де)  басқалар бағалай алады. Тұғырнамадағы басқалардың блогтарында жаңа жазбалар жайында хабардар болып, достар қатарына ұнаған блогшыны қосуға болады. Жеке блог жүргізесіз бе, әлде анда-санда бірлестікке де жазып тұрасыз ба, бұл сіздің еркіңізде.

Сіз үнхабар(подкаст) тыңдайсыз ба?

Мамыр 7, 2009 12 пікір

nodcastМүмкін біреулеріңіз қазақша үнхабар жоқ дейсіздер, мүмкін қызықпайсыз, бірақ дәл қазіргі уақытта олар Қазнетте дамып жатыр, өзіміздің подкаст терминалымыз да бар. Бүгінгі үнхабарлар тақырыбы – көбінесе ИТ саласында. Мысалы, алғашқылардың бірі, бұрын блогымда айтып өткен AWARD.kz 2008 жүлдесінің жеңімпазы — «PodKAZt» Қазақстандағы Интернет жайындағы үнхабар. Сонымен қатар, seo, мәдениет, ИТ, кино тақырыптары мен биыл пайда болған қазақ тіліндегі  студенттік тақырыпты қамтитын үнхабар — «Самғар ұсыныс». Осы үнхабарлардың бәрін ПодКАЗт терминалында тыңдай аласыздар.

Yvysion.kz – та «танымалдылығы жоқ емес» бір қолданушы өзінің «Алғашкаст» па, әлде «Молдакастын» шығарып, өз-өзін Әлемнің алғаш қазақ тілінде подкаст шығарушы деп жария еткен. Негізінде, бірінші қазақ тілді үнхабардың авторлары Асхат аға, ал кейін Қуаныш екенін бұл мырза білмеген/естімеген, ал хабардар болған соң, бұл «жаңалыққа» мән бермеген. Бірақ әңгіме бұл жайында емес.

eMarketer зерттеу компаниясы американдық үнхабарлар нарығын қарастырып, айына бір рет болса да үнхабарларды жүктеп алатындар 2008 ж. – 2013 жылға дейін екі есе ұлғаятынын айтқан. Ал Pew Internet & American Life Project ұйымының зерттеуі бойынша, 2008 жылдың шілде айында американдық интернет-қолданушылардың 18% үнхабарларды жүктеп алды.

podcastОңтүстік Колифорния Университетіндегі USC Annenberg Strategic Public Relations Center ірі зерттеу орталығы барлық медианың ішінен(тек қана интернет-БАҚ емес) подкастинг соңғылардың алдында тұрғанын мәлімдеді. Интернет-қолданушылардың арасынан 7% адамда сұранысқа ие. 6% — мобильді медиада. Pew Internet зерттеуі боынша, 2006 жылы ай сайын 7% интернет-қолданушы үнхабарды жүктесе, 2008 жылы — 19% болып өсті.

Arbitron and Edison Media Research зерттеуі бойынша, 2008 жылдың қаңтарында 12 жастағы американдықтардың 37% подкастинг жайында естіген, 18% бір рет болса да тыңдады және 9% кемінде айына 1 рет оларды тыңдайды.

Universal McCann компанияның глобальді зерттеулері әлемнің үнхабар тыңдаушыларын санап, Қытай— үнхабар тыңдармандар саны ең көп мемлекет екенін анықтады. Былтыр Қытайда үнхабарларды 74% респондент тыңдаған екен. Екінші орында Филиппины — 61%, содан кейін Ресей (58%), Испания, Оңт. Корея т.б. АҚШ бұл тізімде(әрине, тізімге барлық мемлекеттер алынбаған) соңғы орында.

Үнхабаршылардың белсенділері — 18—29  жаста. Статистика мына жерден алыған.

Жаңа идеялардың 15 қайнар көзі

Мамыр 4, 2009 15 пікір

561453_3

Егер адам шығармашылықпен тікелей байланысты болса (осы орайда, жазушылар, ақындар жайында айтқым келеді), ерте ме кеш шығармашылық дағдарысқа ұшырасады. Ал блогшылар/копирайтерлер ше? Идея немесе шабыт жоқ, не жазарымды білмеймін, жаңа тақырып таба алмадым, – деген сияқты сөздер сізге бөтен болмаса, осы жазбаны әрі қарай оқуға шақырамын.

Dumblittleman сайтында “15 Ways To Break Writer’s Block ” осындай бірнеше кеңес бар:

Сіздің компьютеріңіз

Иә, дәл солай. Компьютеріңіз сіздің оффлайнға шығуыңызды күтуде. Онда неше түрлі  идеяға итермелейтін материалдар бар.

Bookmarks (орысшасы закладки, ал қазақшасын білесіз бе?)

Сізді қызықтырған сайттар, материалдар жоғалып кетпес үшін, оларды сақтайсыз. Осылайша ұзыннан ұзақ ерекшелеп қойған сайтардың тізімі жиналады. Бірақ оларға екінші рет кіретініңіз екі талай. Осылайша, жаңа идеяларыңыз болмаса, браузердегі bookmarks-ты (аудармасын тағы сұраймын) қарап шығыңыз.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ

Сіз интернетте ақпаратты іздейсіз, қазбалап, суырып алуды жақсы көретін болсаңыз, бұрын тауып алған материалды қайта тексеріп шығуға уақыт келді. Материалға үңіліп қараңыз, шын мәнісінде, тереңдеп қарайтын болсаңыз, онда «пайдалы қазбаларды» тауып алуға болады.

RSS оқырмандары

Google оқырманы шабыт қайнар көзіне айналуы мүмкін. RSS – ке жазылып, біраз ақпаратқа ие болуға асығыңыз.

Газет – журналдар

Күнделікті газеттер мен журналдар – идеялардың сарқылмайтын қайнар көзі. Компьютерсіз-ақ ақпарат тауып алуға көріңізші..

Пікірлер

Оқырман пікірлері – шабыттың тағы бір қайнар көзі болуы әбден мүмкін. Кейбір оқырмандар пікірге блогыңыз үшін жаңа идея тастап кеткен де шығар…

Flickr және YouTube

Flickr, YouTube және бақа да сайттар әртүрлі суреттер мен видеоларға бай, олар да жаңа идеяға итермелейді. Кейбір видеороликтар мен суреттер жұмыстағы жаңа материалға шабыттандыруы мүмкін

Кітаптар

Бұл идея үшін ең жеңіл тәсіл. Кітап сөресін шаңнан сүртіп, оқи бастаңыз

Чат және Twitter

Диалог/әңгімелесу – идеяларды әкеледі. Мүмкін, достарыңызбен әңгімелескен кезде олардан кеңес сұрап көрсеңіз? Ақпаратпен алмасудың ең ыңғайлы түрі: чат, Twitter, телефон.

Ескі электронды хаттар

Gmail бізге біраз ақпарат сақтауға мүмкіндік беретіндіктен, ескі хаттарды өшірмейтін шығарсыз. Баяғыда келген хаттарды оқып шығыңыз, ол дәстүрлі емес ақпарат қайнар көзіне айналып, шығармашылық дағдарыс кезінде көмекке келуі мүмкін.

Телевидение

Әлемтор өміріңізге келгеннен кейін, бұрынғы досыңыз – телевидениены ұмытып кеткенге ұқсайсыз. Бірақ бұл да материалдардың зор ресурсы. Сондағы бейне әріқарай материалыңыз ретінде жалғасын тауып алуы ықтимал.

Форумдар

Форумдағы пікірлесулерге қатысыңыз, әсіресе олар қызметіңізбен тікелей байланысты болса. Бұл да идеяларды әкелетін орынға айналуы мүмкін.

Үнхабарлар

Үнхабар тыңдаңыздар. Жұмыстан шаршап, ойлануға мұршаңыз келмесе, үнхабар жаңа идея әкелуі мүмкін.

Қоршаған орта

Қоршаған орта да шабыт сыйлауы мүмкін. Жұмыс үстеліңізді тазалап, бөлмені реттеңіз. Осыны істеп жатқанда да, идея келуі мүмкін.

Миға шабуыл және ойлардың картографиясы

Ұйымдасып, «миға шабуыл»(brain storm) немесе ойлардың картографиясын жасап, жаңа идеяларды тудыра аласыз. Бұрын өзіңіз жазған жазбаларды қарап шығыңыз. Оларды басқа біреумен талқылаңыз, мүмкін жаңа көзқарасқа тап боласыз.

Бұл ерекше Barcamp еді (2)

Сәуір 24, 2009 17 пікір

Баркемп туралы жалғастыратын болсам, …
…журналист, әрі блогшы Әділ Нұрмақов Moblog.kz атты мобильді веблог жайында, оның функциялары мен қолдануы туралы айтып берді. Ресейде осындай моблогтар екеу болса, бізде енді ғана пайда болды. Интернет пен заң тақырыбында қарағандылық студент Шыңғыс Крайбеков BitTorrent-трекерлердің құқықтық реттеу мәселесін, оның ішінде авторлық құқықтар жайында сөз қозғады. Қызмет көрсету сайттарының ішінде астаналық студент Дармен Аманбаев Apartamenty.kz – пен таныстырды және үшінші күні өткен стартаптар сайысында бұл сайт бірнеше рет жүлдегер атанды. Стартаптар ішінде тағы бір қызық жоба – электрондық кітапхана Wormie.kz. Оны Ақтөбелік White Hill дизайн-студияcы жасап жатыр және дәл қазір елімізде оған ұқсас бірде-бір ресурс жоқтың қасы. Осыдан, бұл жобаның болашағы зор деп болжауға болады. Электрондық кітаптарға арналған осы сервис те BarCamp Ideas Market-тің жүлдегері атанды. Фотохостингке байланысты екі ресурс Pics.kz пен Canvas.kz (әлеуметтік фото-сервис) – ті астаналық Алексей Чубыкин мен Рустем Мұсабеков таныстырды. Ал подкастингке арналған қазақстандық терминал PodKAZt.kz – тің презентациясы подкастерлер павлодарлық Иван Богураев пен алматылық Әсет Нұрпейісовпен өткізілді. Терминалмен таныстыру барысында подкастинг деген не және қазақстандық подкастингтің дамуы жайында айтылып өтті. Сонымен қатар, Қазнет қолданушыларына танымал блог тұғырнама, әрі әлеуметтік желі функцияларын бірдей атқарып жүрген Yvision.kz пен видео сервис Kiwi.kz қызметі алдағы жоспарларымен бөлісіп, қолданушылардың сұрақтарына жауап берді.
Тағы мынадай стартаптар таныстырылды:
http://kazpartner.kz/ – франчайзингке арналған платформа.
http://www.kundelik.kz/ – оқушылардың ата-анасына арналған электронды күнделік.
uchi.kz және referaty.kz – білім беру.
http://www.artmachine.kz – өнер/шығармашылық/арт.
http://autoatlas.kz/ – Қазақстан жолдар атласы.
bbkz.kz – Beauty Business Kazakhstan – сәнқой ханымдарға арналған.
http://infox.kz/ – Молдатаев мырза ұсынады 🙂
inkar.info – Интернет-радио(көпшілікке таныс).
listen.kz – мобильді телефоннан сервирге ақпаратты сақтау.
startup.kz – инвесторларды іздеп жүрген стартаптар сайты.
«Xtime» – студенттермен интернетте жарияланатын қызықты тв бағдарлама(оны yvision және kiwi-ден тауып алуға болады).
KomekteZ.kz – қолдау/көмекке арналған әлеуметтік желі.
4d0b1d0bbd0bed0b3
4d0b1d0bbd0bed0b32
4d0b1d0bbd0bed0b331
фотолардың авторы Сергей Сабанов
Шет елден келген қатысушылар, әрі тәжірибесі бар баркемперлер шараға жоғары баға берді және барлығы дерлік Баркемптің ұйымдастырушылары Елена Жетпісбаева мен Инесса Шлапакқа алғыстарын айтудан жалықпады.

енді ресми емес мәліметтерден 🙂
Соңғы күні Салтанат пен Айкомен кездестім. Айко жалғыз емес, Сәкінімен келді. Көшеде Айконы бірден танып қойдым, Сәкінді де 🙂 «Қазақстан» қонақүйінің жанындағы паркте біраз қыдырып, әңгімелесіп қайттық.
p1070032
p1070046
фото Салтанаттікі

Блогыңыз не жайында?

Қараша 20, 2008 11 пікір

Осыдан бір ай бұрын «Блог бастаймын» атты жазбада блогтар көп болғандықтан, оларды басқалардан ерекшелендіретін белгілер: стиль, тақырып, жазу әдісі болуы қажет туралы айтқанмын. Мысалы, тақырыптық (тематикалық) блогтардың белгілі бір оқырман тобы қалыптасады, яғни олардың тұрақты оқырманы болады, және көп жағдайда бұл блогтың оқырманы – бір саланың адамдары.

Блогтарды екі топқа(станделон және тегін хостинг) бөліп, солардың арасынан жақсы идея мен қызықты тақырып таңдаған бірнеше блогты қарастырайық.

Бірінші, тікелей блогшылардың өздеріне арналған станделон блогтар жайында.

«Дмитрий Донченконың блогтар туралы блогы» – блог жүргізу мәселесіне арналған бет. Бұндағы негізгі тақырып: блог дизайны, оның танымалдылығын арттыру жайында және Интернетте ақша табу мәселелері талқыланады. Блог статистикасы, жаңа плагиндер(көбісі Word Press-тікі), бір блог тұғырнамадан басқасына көшу, Уорд Пресстегі блогтың қағазға шығару нұсқасын дайындау, боттардан сақтану, тағы осыған ұқсас ақпаратты осы беттен таба аласыздар.

«Подкастим» мегаподкастер Рахим Дәулетқалиевпен жүргізілетін Болашақ, жаңа бастап жатқан және мегаподкастерлерге арналған блог. Атына сай үнхабар өнеріне/мәселесіне арналған беттен подкастерлер үшін пайдалы кеңестер және басқа да көптеген қызықты ақпарат оқи аласыздар, мысалы, скринкастинг дегеніміз не және оның құралдары қандай, подкаст жасауға арналған дыбыс программалары және арнайы техникалық аппаратура, монтаж, подкаст терминалдар мекені және т.с.с. Үнхабармен шектелмей, Бейнеподкастинг жайында да ақапарат бар. Мысалы, подкастинг жанрлары туралы.

Қазақ блогосферасы жайында айтатын болсақ, Word Pressті жақында мекен еткен екі блогшы туралы айтқым келеді. Әрине, олардың да жеке беттері бір тақырыпқа арналған немесе бір бағытта өрбіген деп айтқан дұрыс. Сонымен, «Арал53-блогы» жантану саласына арналған жеке бет. Практикалық психология, психикаға әсер ететін факторлар және …. тағы көптеген қызықты ақпарат жарияланады деген үміттемін. Екінші қазақ тілді блог бұл «Dnatic’s music blog. All about magic music…». Бұндағы жазбалар музыка әлеміне, оның ішінде транс пен әуендер толқынындағы әсерлерге және осы жанрдағы таспалардың релиздеріне арналған.

Жаңа блогшыларымыздың ісіне сәттілік және барлығымызға қызықты идеялар мен шабыт тілеймін!

START_UP(^_^)

Тамыз 22, 2008 8 пікір

2008 жылдың ішінде рунетте қандай стартаптар пайда болды және олардың болашағы бар ма, пайдасы қандай…осы мәселелерді  Хабрахабр  нақты түсіндіріп, жариялаған болатын. Ал біздің Казнет биыл http://yvision.kz/ атты орыс тілді жобаны(әзірге бета версия) ұсынған болатын. Блог тұғырнама мамыр айында пайда болды. Жобаны жасағандардың айтуынша, бұл Қазақстандық Хабрдың нұсқасы, ал меніңше, дизайны болмаса, контент бойынша Хабрмен салыстыруға болмайды. Әзірге болмайды. Сонымен қатар осы блогтұғырнамада үнхабарлар да бар. Мысалы, ПодКАЗт атты үнхабардың авторлары екібастұздық  Иван және қарағандылық Шыңғыс қазір жаңа доменде PodKAZt.kz  Қазақстандағы Интернет және Интернеттегі Қазақстан туралы хабарды қазақстандық ақпараттық технологиялардағы жаңалықтар мен өзгерістер, ұялы байланыс операторлар мен интернет провайдерлер жайында қызықты мағлұматтар таратады.

Санаттары:блогер Кілтсөздері:,

Канададағы қазақ.

Қаңтар 4, 2008 1 comment

1393658463_0f19dfb69e_o
Рахим Дәулетқалиев Орал қаласының тумасы, қазір 19да. 2007-жылдың жазынан бастап Болашақ бағдарламасымен ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша Оттаваның (Канада астанасы) Карлтон университетінде оқып жүр. Тамыз айынан бастап орыс подкаст дерикториясында «Казах в Канаде» атты подкасттарын жариялауда. Жеке подкаст-лентада Freetonik (Рахимның ник аты) Канададағы өмірі, оқуы, білген-көргені жайында тыңдармандарымен бөліседі. Бұл подкасттың форматы еркін, ал тыңдарманы әртүрлі саланың адамдары, бірақ көбісі ИТ саласынан. Айта кететін бір жайт, Рахимның тыңдарман саны шамамен алғанда 300. Сонымен қатар, Рахим IT мәселелеріне арналған «Radio U» атты радио-бағдарламаларды Ресей подкастерлерімен бірлесіп шығаруда. Бұл подкаст ақпараттық технологиялар, компьютер, софт, ойындар сияқты тақырыптарды қамтиды. Дәл қазір Рахим университеттегі емтихандарын тапсырып, Оралға демалысқа келдi.