Archive

Posts Tagged ‘құжаттарды интернетте сақтау’

Іздегенге табылар

Қазан 2, 2008 10 пікір

Сіздің компьютеріңізде міндетті түрде аса маңызды файлдар бар екені белгілі және осы құжаттардан айырылу қауіпі әрине үрей туғызады. Мүмкін бұл пароль тізімі немесе басқа да құжаттар. Егер сізге керек суреттер, графиктер, офистік қосымшалары бар глобальді папкаға кіру үшін ортақ мүмкіндік қажет болып тұрса немесе белгілі бір жұмыс кезеңін бір компьютерден сақтап қойып, оны басқа компьютерде жалғастырғыңыз келсе, арнайы Қоймалар бар екенін білген жөн. Осындай қоймалардың бірнешеуі төмендегідей:

Box.net

Бұл ең танымалдардың бірі. Тегін тіркелу арқылы 1 гигабайтқа дейін бос кеңістік беріледі, ал қосымша орынды қосымша ақы арқылы алуға болады. Gmail, Zoho (офистік қосымшалар пакеті), Picnik (фотосуреттерді редакциялау), Scribd (құжаттарды жариялау) сияқты сервистердің интеграциялануы нәтижесінде box.net файлдарды сақтай отырып, виртуалды офис ретінде де қызмет атқарады. Сонымен қатар Collaborators (Әріптестер) қажет адамдарды қоссаңыз, осы ақпаратпен әріптестеріңізбен бөлісе аласыздар. Айта кететін бір жайт, әр файлдың көлемі 50 мегабайт қана, оны кеңейту үшін ақылы аккаунт сатып алуға тура келеді. 

 

Getdropbox.com

Бұл қойма да ыңғайлы болып саналады. Жақында ғана жабық бета-тестілеуден шыққан, Windows XP, Vista, MacOS және Linux қолдауы арқылы десктоптық қосымшасы бар.  Қатты дискіде арнайы папка жасалғанда, бұл программа глобальді папкада автоматты түрде синхрондалады, егер де локальді директорияда құжаттарды қосып, өзгертіп не өшіріп жатсаңыз бұл өзгерістер сол мезетте  онлайн-директорияда да болып жатады.  

Getdropbox.com – да да Әріптестерді шақыруға болады, ондай болса бұл папкаңыз ортақ болады. box.net –ке қарағанда бұндағы максимальді файл көлемі 300 мегабайтқа дейін шектелген, ал ортақ көлемі 2 гигабайтты құрайды. Айына 10 $ (немесе жылына 100 $) үшін 50 гигабайт сатып алуға болады. 

Әрі қарай?

Басқа бәсекелестер жоғарыда аталған көшбасшы алдында ұтылып тұр. Мысалы Oosah. Бірақ , фотоларды жүктеу қиынға соғады және ворд файлдарын шырамытпайды. Соған қарамастан жасаушылардың өзі 1 терабайтты тегін ұсынамыз және RAW бейнелерін қолдаймыз деп мәлімдейді. Микрософтың Live Mesh тек АҚШ тұрғындары үшін жасалған. BOXSTr жақсы болғанымен де жарнамаға толы. Ал AOL-дың Xdrive жақында жабылуы мүмкін.

Мына жерден аударылған

Advertisements