Archive

Posts Tagged ‘қарағанды’

Қарағанды облысы үшін Олимпиада-2008 аяқталды

Тамыз 21, 2008 2 пікір

Алғашқы сәтсіздік велогоншы Андрей Мизуровтан басталса, кейін дзюдошы Келбет Нұртазина, грек-рим күресші Андрей Самохин, жүзуден бірнеше спортсмендеріміз де жүлдесіз оралды. Қарағандылық жеңіл атлетшілердің бірі Иоланта Ульева квалификациялық «А» тобында 16-орын алса, спринтші Илья Муравьев 56-орында. Биіктікке секіруден Сергей Засимовичке жеңіске дейін 15 см жетпеген екен. Бірақ ең үлкен жеңіліс-бұл Серік Сәпиевтің әділетсіз төрешілдік нәтижесіндегі жеңілісі деп санайды қарағандының «Новый вестник» газеті. Шынымен де, әділетсіздік. Сәпиевке зор үміт артылған еді… Бүгін Афин-2004 қола жүлдегеріміз Дмиртрий Карпов онсайсқа түсіп жарақат алғандықтан ешқандай нәтиже көрсете алмады. Сонымен, қарағандылықтар осы олимпиадада пьедесталдан көріне алмады.

   

Advertisements