Archive

Posts Tagged ‘қазақ блогшылар’

Вакансия: жас журналистер қажет

Тамыз 12, 2011 10 пікір

Достар, қазақ тілді интернет-жоба үшін жас журналистер қажет. Жұмыс Алматы қаласында болмақ. Бізге белсенді, ширақ, Қазнеттің дамуына ат салысамын дейтін, әдебиет, мәдениет тақырыбында жаза алатын студенттер немесе интернет-журналистика саласында тәжірибе жинаймын дегендер қажет.

Түйіндемені aliya@yvision.kz адресі бойынша жіберіңіз. Түйіндемемен бірге өзіңіздің мақалаларыңызды, блогыңыз бар болса, оған сілтеме, жарияланған және жарияланбаған жазбаларыңызды жіберсеңіздер, тіпті жақсы.

Мен де Блогкемп жайында…

Наурыз 25, 2011 24 пікір

Блогшылар құрылтайы жайында Интернетте қаншама жазба орнатылды, қаншама сурет, қаншама ресми ақпарат… Мен Мақпал мен Асхат аға жіберген пресс-релиздардан кейін (бұл қаңтар айынан басталды) шыны керек, бұндай ақпараттан жалықтым. Оған қоса, Блогкемп жайында жаңа ғана бір жазбаны бітірдім (орыс тілінде, Жаңа Еуразия үшін). Сонымен, көп сөздің қажеті не?

Мен үшін блогкемп керемет өтті, ал ұйымдастыру жағы мен хелптим жұмысы жоғары деңгейде болды  деп еш ойланбастан айта аламын 🙂 . Осыншама кісі келеді деп ойлаған да жоқпын, әсіресе шетелден келген блогшыларды көру қызық болды. Бұрыннан бері оқып жүрген Қалды қыз бен 6 градус, Розатай блогтарының иелерімен танысқаныма қуаныштымын, бұрыннан тек онлайнда таныс Сағынды оффлайнда көрудің де сәті түсті. Сонымен қатар, бұрыннан танитын, бірақ жиі көре бермейтін Қуаныш, Салтанат, Зере, Айко, Айкона, Мақпал, Есенгүл апай, Димаш, Тотыларды көрдім-ау. Айтпақшы, туғанынан бері тек интернеттегі фотолардан танитын Әминды енді өзім фотоға түсіре алдым 🙂

Барлық блогшылардың атын атай берсем, жазбам созылып кетер, сол себепті бар суреттерді жариялап, осымен доғарайын.

Read more…

Талдықорғандағы «Мінбердің» семинары

Қазан 9, 2010 16 пікір

Қазан айының 4-5 күндері Талдықорғанға барып қайтуға мүмкіндік туды, оның себебі жоқ емес. Жергілікті тамаша журналистермен танысып,  қаланың таза ауасын жұтып, демалып қайттік. Төменде семинардың суреттері, барлығы емес әрине.

Read more…

Зерттеу. Қазақ тілді сегмент.

Мамыр 3, 2010 9 пікір

Былтырғы жылдың қараша айында қазақ блогшыларын біраз мазалап, сұрақ қойып, шамам келгенше қазақ тілді интернетті зерттеуге тырысқан едім. Биылғы жылы бұл зерттеуге және «Қазақстандық контент», «Қазақстандық интернет-экономика», «Қазақстандық интернет-құқық» тақырыптарына байланысты жасалған зерттеулер Медианеттің басшылығымен жинақ ретінде шықты. Кітаптың электрондық нұсқасы жоқ болғасын (әзірге шығар), сіздерге бірнеше сурет көрсетуге тура келеді 🙂 дайын болғанда, хабарлаймын дегесін. Зерттеу үш тілде (мен орысша жазғанмын, қазақшасын өздері аударды, ағылшыншасы тағы бар).

Содан кейін мына презентацияның ішінде былтыр жасалған сауалнаманың нәтижелері бар. Осы презентацияға Анара мен Мақпалдың «Әдеби сайттар» тізімін қосып қойдым.

Төртінші баркемпім

Сәуір 21, 2010 3 пікір

Сонымен, Орталық Азия BarCamp 2010 мәресіне жетті. Ол жайында жазылды, әлі де жазылады, жазылып жатыр да. Біреулер бұл тақырыптан шаршаса, басқалар шараның тез өтіп кеткеніне әлі де сенбей жүр. Былтырғыдай басты рахмет/алғыстарды Инесса Шлапак, Елена Джетпіспаева мен кОмпания (^_^) және Сорос-Қазақстанға айту керек.

Қазақ блогшыларына бөлек тоқталайық, Асхат аға, Анар, Салтанат, Айко, Қуаныш, Бақытгүл апай, Мақпал, Жалғас, Тимур және қатарымызға жаңадан қосылған ҚазҰУ-нің журфак студенттерімен кездестік, танысқандарымыз танысып, шамамыз келгенше, презентация жасаған болатынбыз. Менің презентациямды біреу қажет етсе, міне, Жалғастікі осы. Анара, Мақпал, сіздер де қосылыңыздар. Өкінішке орай, тура осы уақытта болып жатқан басқа да көптеген презентацияларға қатыса алмадық, бірақ екеуін көруге мүмкіндік бар:

«Yvision.kz» корпоративті блогтар туралы видео

Партизандық маркетинг видеосы

Интернет коммуникациялар туралы панельді пікір-талас

Баркемпте The Best Blog Award жүлдесінің қорытындысы шықты, жеңімпаздар төмендегідей:

Асхат Еркімбай – urimtal.wordpress.com

Ольга Цепилова – www.bookcase.kz

Дарын Кайпбаев – ragazzo.yvision.kz

Анар мен Салтанат бұл тізімде жоқ >_< бірақ өзіміз олардың блогтары керемет екенін онсыз да білеміз ғой. Ал Асхат ағаны тағы бір рет құттықтаймыз!

Өз фотоларым болмағасын, Нұрайымнан сұрап алуға тура келді.

Инесса мен Лена

The Best Blog Award қорытындысы, солдан оңға: Әділ Нұрмақов, Қазақтелеком қызметкерлері, Инесса, Я. Ажнюк (Украина)

Нурайка

BarCampCA’10-ға қатыс!

Алдында айтылғандай, тревел-гранттарға өтініш қабылдау басталды. Егер де Алматы тұрғыны болмасаңыз, бірақ шараға қатысамын десеңіз, сіздің жолақы шығынын өтейтін грант алу мүмкіндігіңіз бар (Сорос Фондына рахмет!). Тек уақыт шектеулі екенін ұмытпаңыз.

Өтініш жіберу формасымен таныс болған шығарсыздар. Өтініштерді қазақ тілінде жазуға болады!

Хаттарды barcampkz[at]gmail[nukte]com адресіне Тревел грант тақырыбымен жіберіңіз. Егер де сұрақтарыңыз бар болса, тікелей маған хабарласуыңызға болады (alijakj[at]gmail[nukte]com).

Сайтта тіркелу басталды!

Қазақ интернеті мен оның қоғамдағы әсері

Наурыз 28, 2010 3 пікір

Кеше (27/03/2010) КИМЕП-те коммуникацияларға байланысты конференция өткен болатын. Асхат Еркімбай бұл конференцияда интернеттің қазақ тілді сегменті жайында баяндама жасаған еді. Естеріңізде болса, былтырғы жылдың қараша айында қазақ блогшылары арасында сауалнама жүргізген едік, соның нәтижесі алғаш рет айтылды:

Ішкі шектеулер;

Болжамдар;

Қазнеттің қазақ тілді бөлігі:

– күніне қанша қазақ тілді сайт қарайсыз;

– қазнет қолданушысының келбеті;

– қандай ресурстарға зәруміз;

– іздеу торабының қайсысы сұранысқа ие;

– қазнетті қалай дамытамыз.

Баяндаманың видеосын мына жерден көруге болады.