Archive

Posts Tagged ‘қазақ блогосферасы’

Семинардың суреттері

Маусым 1, 2010 8 пікір

Төртінші баркемпім

Сәуір 21, 2010 3 пікір

Сонымен, Орталық Азия BarCamp 2010 мәресіне жетті. Ол жайында жазылды, әлі де жазылады, жазылып жатыр да. Біреулер бұл тақырыптан шаршаса, басқалар шараның тез өтіп кеткеніне әлі де сенбей жүр. Былтырғыдай басты рахмет/алғыстарды Инесса Шлапак, Елена Джетпіспаева мен кОмпания (^_^) және Сорос-Қазақстанға айту керек.

Қазақ блогшыларына бөлек тоқталайық, Асхат аға, Анар, Салтанат, Айко, Қуаныш, Бақытгүл апай, Мақпал, Жалғас, Тимур және қатарымызға жаңадан қосылған ҚазҰУ-нің журфак студенттерімен кездестік, танысқандарымыз танысып, шамамыз келгенше, презентация жасаған болатынбыз. Менің презентациямды біреу қажет етсе, міне, Жалғастікі осы. Анара, Мақпал, сіздер де қосылыңыздар. Өкінішке орай, тура осы уақытта болып жатқан басқа да көптеген презентацияларға қатыса алмадық, бірақ екеуін көруге мүмкіндік бар:

«Yvision.kz» корпоративті блогтар туралы видео

Партизандық маркетинг видеосы

Интернет коммуникациялар туралы панельді пікір-талас

Баркемпте The Best Blog Award жүлдесінің қорытындысы шықты, жеңімпаздар төмендегідей:

Асхат Еркімбай – urimtal.wordpress.com

Ольга Цепилова – www.bookcase.kz

Дарын Кайпбаев – ragazzo.yvision.kz

Анар мен Салтанат бұл тізімде жоқ >_< бірақ өзіміз олардың блогтары керемет екенін онсыз да білеміз ғой. Ал Асхат ағаны тағы бір рет құттықтаймыз!

Өз фотоларым болмағасын, Нұрайымнан сұрап алуға тура келді.

Инесса мен Лена

The Best Blog Award қорытындысы, солдан оңға: Әділ Нұрмақов, Қазақтелеком қызметкерлері, Инесса, Я. Ажнюк (Украина)

Нурайка

Қазақ интернеті мен оның қоғамдағы әсері

Наурыз 28, 2010 3 пікір

Кеше (27/03/2010) КИМЕП-те коммуникацияларға байланысты конференция өткен болатын. Асхат Еркімбай бұл конференцияда интернеттің қазақ тілді сегменті жайында баяндама жасаған еді. Естеріңізде болса, былтырғы жылдың қараша айында қазақ блогшылары арасында сауалнама жүргізген едік, соның нәтижесі алғаш рет айтылды:

Ішкі шектеулер;

Болжамдар;

Қазнеттің қазақ тілді бөлігі:

– күніне қанша қазақ тілді сайт қарайсыз;

– қазнет қолданушысының келбеті;

– қандай ресурстарға зәруміз;

– іздеу торабының қайсысы сұранысқа ие;

– қазнетті қалай дамытамыз.

Баяндаманың видеосын мына жерден көруге болады.

Қытайдан қай жеріміз кем?

Қаңтар 18, 2010 6 пікір

көшірме пастасы

Санаттары:медиа Кілтсөздері:,

Үздік блогтар жүлдесі

Қараша 8, 2009 2 пікір

Қазақ блогшылары арасында арнайы жүлде-сайыстар жоқтың қасы, алайда, оларға көңіл аударылмайды деп тағы айтуға болмайды. 2007 жылы Ұлттық «Мәссаған» порталы мен Қарағандылық үкіметтік емес ұйым өздерінің жеке жүлделерінде қазақ блогшыларына арнайы номинация арнаған-тын. Жеңімпаздар – блогшы Қуаныш Мағзуов пен Асхат Еркімбай болатын. 2008 жылы Award.kz жүлдесінде «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» номинациясында 3-орынды иеленіп, тағы екі номинация бойынша жеңімпаз атанған блогшы – Нұрғиса Асылбеков. Ал биылғы жылы Ansar атты блогшы «Біздің ауыл» үздік блогтар жүлдесі 2009 атты жобаны ұйымдастырмақшы. Осы жоба 01.07.2009 – 20.11.2009 мерзім аралығында өтеді.

Жоба қазақ тіліндегі блогтардың мәртебесін арттыру мен олардың сапасын жоғарылатуға бағытталған. Әрине, әр блогшыға мотивация қажет және осындай жүлделер арқылы әр блогшы Қазнеттегі өз маңыздылығын сезініп қалар деген үміттеміз. Жазбалардың саны мен сапасын арттыру да – жоба мақсаттарының бірі.

Жеңімпаздар мынадай аталымдар (номинация) бойынша анықталады: Read more…

Kazakh Bloggers

Тамыз 4, 2009 2 пікір

box-google-group2007 жылы әлі блогшы аталмай жүріп, Асхат ағаның көмегімен «Қазақ блогшылары» атты Google group-қа кірдім. Осылайша біраз қазақ блогшылармен танысып-білістім. Қазақ тілді блогосфера жайында әлеуметтік сауалнама жүргізген кезде де «Қазақ блогшыларының» көмегі тиді. Бүгінде қазақ блогшылар қатарына жаңадан қосылғандар аз емес, сол себепті, егер де ішкі хат алмасу торабында әлі жоқ болсаңыз, жазылыңыз!

Адресі http://groups.google.com/group/kazakh-bloggers

Электрондық почтаға жаңа хабарлар келіп түсу үшін мына бетті қараңыз http://groups.google.com/group/kazakh-bloggers/subscribe

Бір-бірімізбен танысып, жаңа хабарлармен бөлісейік!

Бұл ерекше Barcamp еді (1)

Сәуір 21, 2009 27 пікір

Жарты жылдай осы шараны күткен едім, ақыры қатыстым. Бұл жазбаны ресми түрде жазғым келмейді, себебі бұл мүмкін емес. Мен үшін осы баркемп ерекше өтті және оның дәл 2009 жылы өтуі өте дұрыс деп ойлаймын. Себеп? Биыл еліміздің Интернет қолданушылары сан жағынан өссе, Қазнеттің өзі сапа жағынан өсті. Жаңа сайттар, блогтар, сервистер көбейді. Barcamp CA 2009 арқылы көзбе-көз Қазнеттің проблемалары, жаңа идеялар талқыланып, жас стартаптарға демеушілік көрсету мүмкіндігі туды.

17 сәуір күні шараға келген қатысушылар тіркелуден өтіп, бір-бірімен танысып, білісті. Қазнеттің блогшылары, twitter мен yvision.kz – тің қолданушылары және Өзбекістан, Қырғызстан, Латвия, Украина, Беларусь т.б. елдерден келген баркемперлер КИМЭПте жиналды. Көбіміз бұрыннан танитын, бірақ өмірде кездеспеген адамдармен танысуға асықтық. Өз басым Твиттер және yvision-дағы таныстарыммен танысып(кейбіреулеріміз ник пен аватар арқылы бір-бірімізді танысақ, көбіміз фотодағы түрімізден танып қойдық; әйтеуір ол да бір қызық еді), бұрыннан танитын Лена мен Инесса (Баркемпті ұйымдастырған қыздар), Adam Kesher, Сардор (Ташкент), Бектұр мен Сымбатпен (Бішкек) кездестім.

18 сәуір күні презентациялар күні болды. Мен және алматылық Елдар микроблогингке байланысты презентация жасауға дайындалған едік. Қабырғаға ілінген кестеге өзіміздің презентациямыздың уақытын жазып қойдық. Бір кезде алдымнан Қуаныш шыға келді, қарасам қасында Ақзере, Салтанат пен Айкона тұр. Барлығымен танысып, әңгімелесіп, суретке түскен едік. Біраздан соң Нұргелді (оны көрмегелі қай заман) Қостанайдан ұшып келді. Бірнеше презентацияға қатыстық, өкінішке орай барлығына қатыса алмадық. Моблог, Yvision, PodKAZt, Opera mini-ді көріп қайттық.

Ақзере, Айконаның бір жұмыстары болып қалғасын, Салтанат екеуміз қалдық. Операның презентациясында Салтанат кімді көріп қалды деп ойлайсыз? Жанарбек аға да КИМЭПтің ішінде жүр екен. Оны көріп, амандасып, біраз сөйлестік.
s6301880

Сол күні Қазақ блогшыларымен кездескеніме қатты қуанған едім. Қыздар блогтары сияқты әдемі, салмақты, ақылды!
Келгендеріне және презентацияма қатысқандарына көп рахмет!

img_2101_resize
img_4906

s6301858

s6301860
s6301877

Жалғасы бар. Келесі жазбада 19 сәуір немесе Idea markets/Startap competition мен Айконың Сәкіні жайында оқи аласыздар